Similar presentations:
Жер планетасына әлемдік антропогендік әсер, озон қабатының бұзылуы және парник/қышқылдық жаңбыр әсерлері
1.
Дәріс 4Әлемдік экология
Жер планетасына әлемдік антропогендік әсер
Озон қабаттарының бұзылуы
«Парник эффектісі»
«Қышқылдық жаңбыр»
2.
Жер планетасына әлемдік антропогендік әсерҚазіргі таңда, «адамның әрекеттері әлемді
өзгертетін геологиялық күшке айналып барады және
ол экологиялық катострофоға әкелуі мүмкін» деген
В.И. Вернадскийдің болжамдары дәлелденіп отыр.
Соңғы жылдары құрлықтағы және судағы
табиғи ресурстар азайып жатыр. Өсімдік және
жануарлар түрлері жоғалуда, заттардың биохимиялық
циклында антропогенды бұзулар жүруде және
экосистема ластанып деградацияға ұшырауда. Міне,
осы факторлардың барлығы әлемдік экология
проблемаларының актуалды мәселелеріне кіреді. Сол
сияқты, экологиялық проблемалар әлемдік және
ұлттық мақсатты түбімен қайта қарауға талап қоюмен
қатар ол халықаралық саясатты және экономикалық
байланыстарды анықтайды.
Белгілі
эколог
Б.Коммонер
(1974ж.)
адамзаттың экологиялық процестерге араласуының
негізгі кезе көрсетті.
3.
Жер планетасына әлемдік антропогендік әсер1. Экосистема құрлысының өзгерісі және
биологиялық циклдардың үзілуі.
2. Шашыраңқы энергия концентрациясының
жылулық энергияға айналуы.
3. Химиялық өндірістен шығатын улы
қалдықтардың деңгейінің жоғарылауы.
4. Экосистемаға жаңа түрлердің кіруі.
5. Өсімдіктер мен жануарлар организмінде
генетикалық өзгерістердің көрінуі.
Негізінде антропогендік әсер адамзаттың өз
мақсатына жету барысында саналы түрде жүзеге
асады. Кейде өте қауіпті экологиялық проблемаларды
мағыналы түрде дәл айту өте қиын. Ауа бассейндеріне
түсетін химиялық ластағыштар алдын ала тазаланып
немесе өңдеуден өтпеген соң адам денсаулығына
зиянды. Қазіргі ғимараттар газ түріндегі химиялық
ластағыштардан қорғай алмайды. Әсіресе, ауа
ластануынан балалар көп зардап шегеді, себебі улы
заттардың қалың концентрациясы 1 метр биіктікте
орын алады.
4.
Озон қабаттарының бұзылуыОзон ( грек. Ozon – аңқығыш ) – оттегінің
аллотропиялық түр өзгерісі. 1785 жылы
нидерланд физигі Мартин ван Марум ашқан.
Түсі қою көк, ал сұйық озон күлгін көк, өзіне
тән өткір иісті газ; балқу t – 192,70С, қайнау t
–
1120С.
Табиғатта
озон
найзағай
жарқылдаған кезде кейбір органикалық
заттар тотыққанда түзіледі. Таза озон – улы,
микроорганизмдерді өлтіреді, сол себепті
суды,
ауаны
дезинфекциялауда,
күшті
тотықтырғыш болғандықтан қағаз ағартуда
т.б.
қолданылады.
Озон қабаты – озон көп мөлшерде болатын
стратосферадағы (10-50 км биіктіктегі)
қалыңдығы 2-4 мм болатын қабат.
5.
Озон қабаттарының бұзылуы1980 жылы Антарктидадағы ғылыми жұмыстарға
негізделген станцияларда жүргізілген зерттеулерден
атмосферадағы
азон
құрамының
төмендегені
байқалған. Осы құбылыс «озон тесігі» деген атау
алған. «Озон тесігін» алғаш рет 1985 жылы ағылшын
зерттеушісі Дж.Фарман байқаған. 1985 жылы озон
қабатын қорғау туралы Вена конвенциясы, 1987 жылы
Монреаль хаттамасы қабылданған. 1987 жылы
көктемде Антарктиданың үстіндегі "озон тесігі"
барынша үлкейіп, оның ауданы шамамен 7 млн. км 2-ді
(ғарыштық түсіру бойынша) құрады. 1992 жылы
Оңтүстік Америка материгі және оған жанасқан
кеңістіктер үстінде озон құрамының айтарлықтай
төмендеуі (50%-ға) тіркелді. 1995 жылы көктемде
Арктиканың озонды қабаты шамамен 40%-ға дейін
азайған. Сонымен бірге Канаданың солтүстік
аудандарында
және
Скандинавия
түбегінің
,
Шотландия аралдарының, Қазақстанның, Якутияның
6.
Озон қабаттарының бұзылуыүстінде «мини-тесіктер» қалыптасқаны тіркелген.
Соңғы кездері озон қабатының бұзылуы, яғни
«озон тесігінің» пайда болуы биосферада елеулі
өзгерістер туғызуы мүмкін. Сондықтан бұл
жағдай күрделі экологиялық мәселенің бір бөлігі.
Озон қабаты Жерді Күннің бетіндегі жарылыстар
нәтижесінде
пайда
болатын
ультракүлгін
сәулелерден сақтайды. Егер ол сәл жұқа болса,
оның қорғаныс қабілеті нашарлап, ультракүлгін
сәулелер жердегі тіршілікті жойып жіберер еді. Ал,
қалың болған жағдайда жерге өтетін жылу
мөлшері азайып жер бетіндегі температура
балансы бұзылар еді. Озоносфераның бұзылуы
орны толмас жағдайларға – тері ісік ауруының
көбеюіне, көз катарактасына, жүйке жүйесінің
әлсіреуіне мұхиттағы планктонның жоғалуына,
өсімдіктер мен жануарлар әлемінің мутациясына
алып келеді.
7.
Озон қабаттарының бұзылуыОзон қабатының бұзылу процесіне ғарыштық
аппараттар, дыбыстан да жылдам ұшатын
ұшақтар және толық жанып бітпеген отын
өнімдері және ядроондағы лық жарылыстардан
бөлінген заттар әсер етеді.
Сол сияқты, космосқа ұшу аппараттарын шығару
(«Шаттлдың» бір ұшуы 10млн. тонна озонды
ыдыратқан), атмосферадағы ядролық
жарылыс, атмосфераның жоғарғы қабаттарына
азот оксидтері мен кейбір көмірсулардың
шығарылуына әкелетін ірі өрттердің озон
қабатын бұзатыны тіркелген. Сондай-ақ озон
қабатының бұзылуын Галлей кометасымен де
байланыстырады.
Ғалымдардың
болжамы
бойынша оның өтіп кетуіне байланысты, озонның
концентрациясы әдетте қалпына келеді. Озон
қабатының бұзылуының тағы бір себебі ретінде
атмосфераға оттегін бөліп шығаратын негізгі
фактор ретінде ормандардың жойылуы аталады.
8.
Озон қабаттарының бұзылуыОзон қабаты бұзылуына үй тұрмысы мен
өнеркәсіпте пайдаланатын мұздатқыштар
мен аэрозольді баллондарда пайдаланатын
фреондар өте. 1 атом фреон 100000 молекула
озондқауіптіы ыдыратады. Осы заттар
атмосфераның
жоғарғы
қабаттарына
көтерілгенде немесе қарқынды түрде озонды
бұзатын хлор басқа галогендердің атомын
түзетін фотохимиялық ыдырауға ұшырайды,
ал олар әрі қарай озонның оттегіне айналу
процесін жылдамдатады.
Сонымен, адамзаттың шаруашылық қызметі жер шарындағы экологиялық
жағдайдың ушығуына әкеліп соқтыруда. Адамзат экологиялық қауіптің алдыналудың маңызын түпкілікті түсініп, оны болдырмау үшін белсенді шаралар
жүргізуі тиіс. Қоршаған ортаны қорғау мақсатында жүргізілген осындай
шаралардың бірі 1987 жылдың 16-шы қыркүйегінде озон қабатының жойылуы
жөніндегі Халықаралық Монреаль хаттамасына қол қою еді. 1994 жылы БҰҰның Бас Ассамблеясы 16 қыркүйекті Халықаралық озон қабатын қорғау күні
деп жариялады. Озон қабаты – Жерді ультракүлгін сәулелерден қорғап тұратын
қалқан.
9.
“Парник эффектісі”Парниктік
газдардың
әсерінен
жылулық
байланыстын өзгеруі нәтижесінде мүмкін болатын жер
щарының темпуратурасының ғаламдық артуын –
парниктик эффект деп атайды. Негізгі парниктік газ
көмірқышқыл газы болып табылады. Көмірқышқыл
газының парниктік эффектіге қосатын үлесі әр түрлі
мәліметтер бойынша 50 %-дан 65%-ға дейін жетеді.
Басқа парниктік гездарға метан шамамен 20%, азот
оксидтері шамамен 5%, озон парниктік эффектінің
шамамен 10-25% жатады. Барлығы 30-ға жуық парниктік газдар, олардың
атмосферадағы мөлшеріне ғана емес, сонымен қатар бір молекулаға әсерінің
салыстырмалы белсенділігіне де байланысты болады. Аталған көрсеткіш
бойынша көмірқышқыл газын бірге теңеп алсақ, онда метан үшін ол 25, азот
оксидтері үшін – 165, фреондар үшін – 11000-ға тең. XIX ғасырдың ортасынан
бастап атмосферадағы CO2 мөлшерінің өзгерісі ( ауаның миллион мөлшері немесе
миллионға шаққандағы бөлігі). 1859 жылы – 265 – 290; 1958 – 313; 1978 –330; 1990 –
350, яғни 12 - 15% артқан
Жер бетіне негізінен жылулық емес, көрінетін сәулелер ағыны түседі. Бұл
сәулелер парниктік газдар арқылы өзгермей өтеді. Жер маңы кеңістігінде бұл
сәулелердің басым бөлігі әр түрлі денелермен кездескенде ұзын толқын (
инфрақызыл) жылулық сәулелерге айналады.
10.
“Парник эффектісі”Күн
энергиясы
Күн сәулесінің бір бөлігі
атмосферада және Жер
бетінде
шағылысып
қайта кетеді
Инфрақызыл сәуленің
бірбөлігі атмосфераны
тесіп
өтеді
және
космоста жоғалады
342 Ват/м2
Инфрақызыл сәуленің бір бөлігі
жұтылады және парник газдары
молекулаларымен қайта
сәулеленеді. Осының
нәтижесінде жер беті және
атмосфераның төменгі қабаты
жылынады.
Күн энергиясы Жер бетіне сіңіп жылынады да
ұзын толқынды инфрақызыл сәулелерге
айналады.
Антропогендік қалдықтан
туындаған парник газдары
әлемдік
жылынуды
күшейтеді.
11.
“Парник эффектісі”Бұл жылу энергиясы атмосферада шашырамай
жоғарыда айтылған газдардың молекулаларымен
сіңіріліп жылу энергиясының, молекулалардың
қарқынды қозғалысына және температураның
көтерілуіне алып келді, яғни парниктик газдар жылу
сәулелерінің космос кеңістігіне кетуіне қарсы әсер
етеді. Олар қақпанға түскендей болып жиналады да
ауа температурасының артуына, яғни парниктік
эффектіге алып келеді. Мәліметтер бойыншы
парниктік газдардың әсерінен соңғы жүз жылдықта
Жердің орташа жылдық температурасы 0,3 – 0,60 – ға
дейін артқан.
Көмірқышқыл
газының
атмосфераға
түсуінің негізгі техногенді көзі – органикалық отынды
жандыру болып табылады. Қазір тек жылу
энергетикасынан атмосфераға шамамен жылына бір
адамға 1 тонна көміртегі немесе Жер шарында
жылына 6 млрд. тонна бөлініп шығады. XXI
ғасырдың бірінші жартысында оның мөлшері
жылына 10 млрд. тоннаға жетеді деп болжуда.
12.
“Парник эффектісі”Сонымен, атмосфералық газдар (азот, оттегі, су
парлары) сәулелерін сіңірмей, керісінше оларды
шашыратады. Бұл өз кезегінде климаттың ғаламдық
жылуына, яғни Антарктидадағы мұздықтардың
жаппайеруіне, Әлемдік мұхиттың орташа деңгейінің
көтерілуіне, көптеген жердің суастында қалуына және
басқа дажағымсыз жағдайларға алып келеді. Қазіргі
таңда “парник эффектісі” мәселелерімен әлемдік
көлемде үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр. 2025 ж. көміртегі қалдығының шығуы
25% қысқарту туралы жоспарлар енгізілді. Бұл үшін әлемдік энергетикаға ірі
өзгерістер енгізілу керек:
1. Тас көмір қлдануды қысқартып, оны табиғи газға ауыстыру қажет.
2. Атом энегетикасын дамыту.
3. Энегияның альтернативті түрлерін кіргізу (жел, күн т.б.)
4. Бүкіл әлемдік энергияны үнемдеу.
Қазақстан 1995 жылы климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ Үлгілік
конвенциясын бекітті, ал 1999 жылы осы Конвенцияда Киото хаттамасына қол
қойды. Аталған
хаттаманы бекіткен және ол күшіне енген жағдайда Қазақстан қызған газдардың
шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелерді жүктейді.
13.
«Қышқылдық жаңбыр»«Қышқылдық жаңбыр» терминін ең алғаш 1872
жылы ағылшын инженері Роберт Смит өзінің
«Ауа және жаңбыр химиялық климатологияның
басталуы» атты кітабында енгізді. Күкірт және
азот қышқылдарынан тұратын қышқылдық
жаңбыр табиғатқа үлкен зардабын тигізеді. Жер,
су, өсімдіктер мен жануарлар, құрылыстар
олардың құрбандарына айналады. тең.Алғашқы
қышқылдық
жаувндар
1907-1908
жылы
Англияда байқалған.Қазіргі уақытқа дейін pH
2,2-2,3 болатын жауын-шашындар тіркелген.
“Қышқылдық
жаңбырды”
зерттеу
жолында, оның пайда болу жолдарын және
қоршаған ортаға әсерін білу қажет.
Жыл сайын Жер атмосферасына 255
млн. тонна күкірттің қос тотығы және азот
тотықтары бөлінеді (1994 г.). Өте үлкен көлемдегі
табиғи
ортаның
қышқылдануы
бүкіл
экосистемаға кесірін тигізуде. Қауіптілігі тек
қана жаңбырдың қышқылдылығы ғана емес,
14.
Газдардың бұлттарменараласуы
«Қышқылдық жаңбыр»
Орман айналасындағы
қышқылдық жауын
Қышқылдық жауын
Табиғи отыннан бөлінетін
күкірттің қос тотығы
Зардап шеккен орман
Өлген балықтар
Қышқылданған
топырақтағы
алюминий
Қышқылданған
топырақ және су
Қозғалған машинадан
шығатын азот тотықтары
15.
«Қышқылдық жаңбыр»оның әсерінен туындайтын әр қилы процестердің өтуі. Мысалы:
Топыраққа келіп түскен қышқыл жауын-шашындар катиондардың
қозғалыштығы
мен шайылып кетуін арттырады, редуценттердің, азотфиксаторлардың
және басқа да топырақ ортасының ағзаларының белсенділігін төмендетеді.
рН 5-ке және одан төмен болғанда топырақтағы минерералдардың
ерігіштігі артады да, олардан бос күйде улы болып табылатын, алюминий
бөлініп шығады. Қышқыл судағы алюминий құрамының 1 литрде 0,2 мг
артуы балықтардың өліміне әкеледі. Фитопланктондардың өсімімін
көтеретін
фосфаттар
судағы
алюминиймен
әрекеттесіп,
фитопланктондардің
сіңіруіне
кедергі
келтіріп
оның
өсімін
тоқтадады.Алюминий ағаштардың да өсуін төмендетеді. Қышқылдық
жауын-шашын ауыр металдардың (кадмий, қорғасын, сынап) да
қозғалыштығын арттырады. Кейбір жерлерде қышқылдық жауын-шашын
мен олардың әсер ету өнімдері грунт суларына , одан су қоймаларына және
су құбырына түсіп, құбырлардан алюминий мен басқа да зиянды заттардың
бөлініп шығуына әкеледі. Бұл құбылыстың нәтижесінде ауыз судың сапасы
төмендейді.
Қышқылдық жауын мен оның компоненттері әсіресе ормандарға
орасан зор зиян келтіреді. Ол өсімдіктерден биогенді (әсіресе кльций,
16.
«Қышқылдық жаңбыр»магний,
калий)
қанттар,
ақуыздар,
аминқышқылдардан
ығыстырып
зақымдайды.
Оларға
қорғанышсыз
ұлпаларды зақымдап, ағзаға патогенді
бактериялар мен саңырауқұлақтардың ену
мүмкіндігін арттырады. Мұндай әсердің
нәтижесіндее фитоциноздардың өнімділігі
төмендеп, кейде толық жойылып кетуіне
әкеліп соқтыруы мүмкін.
Әсіресе қылқан жапырақты ормандар күшті
зақымданады. Бұл ең алдымен олардың
қылқанының ұзақ (4-6 жыл) өмір сүруіне,
ондағы
улы
заттардың
жиналуына
байланысты өзгереді. Сонымен қатар,
атмосфераның ластануына жоғары дәрежеде
сезімталдығымен қыналар сипатталлады.
Олар әдетте ең бірінші болып, экожжүйеден
жойылады және қоршаған ортаның қолайсыз
әсерінің индикаторы болып табылады.
Қышқыл жаңбырлар топырақ
17.
«Қышқылдық жаңбыр»қышқылдығын
тудырады.
Нәтижесінде
минералды
тыңайтқыштардың пайдасы азаяды. Бұл құбылысты шымды күлгін
топырақтардан қатты байқауға болады. Қышқылдық
жауыншашындардың кері әсерін табиғи экосистеманың бірі өзеннің
қышқылдануынан көруге болады. Әсіресе, қышқылдану Канада,
Шведция, Норвегия және Финляндяның оңтүстігінде жедел жүруде.
Себебі, өнеркәсібі жақсы дамыған АҚШ,
Германия, Великобритания елдерінен күкірт тотықтары түсіп жатыр.
АҚШ-тың
солтүстік
аймақтарында
өте
жоғары
деңгейде
қышқылданған көлдер көп.
Сонымен қатар, қышқылдық жауын-шашындар жайлап
мромормен, әк тастан жасалған құрылстарды да бұзып датыр.
Мыңдан
жылдар
тұрған
әлемдік
цивилизациның
тарихи
ескерткіштері көз алдымызда бүлінуде. Қазіргі заманда атмосфера
ауасын
ластағыштардан
қорғау
21
ғасырдың
әлемдік
проблемаларының бірі.
18.
Жоба тақырыптары:( презентация Power point, Canva, тек ссылкамен емес)1.Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі, 2023 жыл.
2.Қалдықсыз технологиялар, шикізатты қайта өңдеу (рециклинг) - артықшылықтары.
3.Қазақстандағы радиоэкологиялық жағдай.
4.Қазақстанның биоәртүрлілігінің экологиялық мәселелері.
5.Экологиялық білім беру және тәрбие.
6.Қазақстан Республикасының экологиялық құқық жүйесі: құрылымы мен принциптері.
7.Қазақстан Республикасының тұрақты даму тұжырымдамасы.
8.Қазақстанда 2024-2029 жылдарға арналған экологиялық мәдениетті дамыту
тұжырымдамасы.
9.Жердің озон қабатын қорғау бойынша Вена конвенциясы.
10.Киот хаттамасы.
11.Париж келісімі, 2015 ж.
12.Дубайдағы климаттық саммит, 2023 ж.
13.Монреаль хаттамасы.
14.Биосфераның ноосфералық тұжырымдамасы.
15.Жер планетасының жаһандық экологиялық мәселелері (себептері, салдары, шешу
жолдары)
16.Жер планетасына антропогендік әсердің жаһандық экологиялық салдары
17.Антропогендік факторлардың биосфера тұрақтылығына ықпалын зерттеу
18.Қазіргі кезеңдегі адам әрекетінің табиғи ортаға әсерін ғылыми талдау
19.Әлемдік антропогендік жүктеме және экологиялық қауіпсіздік мәселелері
20.Табиғатты пайдаланудағы антропогендік әсер және тұрақты даму аспектіле
Презентация талаптары:
1.Презентация жоспары, мақсаты, міндеттері.
2.Тақырыптың мазмұнын схемалар мен кестелерде ашу.
3.Негізгі терминдердің анықтамаларын көрсету.
4.15 слайдтан кем емес.
5.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі, сілтемелер
ecology