Similar presentations:
Психологиялық-педагогикалық диагностикаға кіріспе
1.
1. Тақырып: Психологиялық-педагогикалықдиагностикаға кіріспе
Қарастырылатын мәселелер:
1.Балалардың психикалық денсаулығы мәселесінің
өзектілігі.
2.Диагностиканың
мақсаттары,
міндеттері және гипотезалары. 3.Баланың жеке
(дара) ерекшеліктерін ескеру
Мақсаты:
Психологиялық-педагогикалық
диагностиканың мәні, өзектілігі және негізгі
қағидаттары туралы тұтас түсінік қалыптастыру, оны
кәсіби қызметтің іргелі негізі ретінде қарастыру.
2.
«Психологиялық диагностика» терминін алғаш ретХХғ. 20 жылдарында пайда болып алғашқыда
медициналық ғылымда (психатрияда: Г. Роршах
«Психологиялық диагностика», 1921ж), содан кейінен
индивидтің немесе кіші топтың психологиялық күйін
анықтауды сипаттайтын психологиялық түсінік ретінде
қолданыла бастады.
Дәлірек айтқанда, Психодиагностика (психо... және
diagnostikos - айырып тануға қабілетті) - адамның
психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер
арқылы сандық сипатта бағалайтын және нақты сапалық
тұрғыдан талдайтын, сөйтіп адам психологиясының
көрінісі туралы дұрыс болжамдық мәлімет беретін ізденіс
аумағы
3.
Психологиялық-педагогикалықдиагностика
оқу-тәрбие
процесін ұйымдастырудың нәтижелігін анықтауға бағытталған
эмпирикалық зерттеу тәсілі.
Психологиялық диагностика - жеке адамның психикалық
дамуының»диагнозын» қою үшін, ғылыми білімдерді
қолдануға негізделген ғылыми-практикалық іс-әрекетті қажет
етеді. Психодиагностика - диагнозды қоюдың теориясы мен
практикасы болып табылады.
«Диагноз» термині грек тілінен (diagnosis) аударғанда «тану»
дегенді білдіреді. Психологиялық диагноз - жеке адамның
даралық - психологиялық ерекшеліктерінің мәнін сипаттап,
анықтауға бағытталған қаракетінің түпкілікті нәтижесі; бұл
ерекшеліктердің белгілі бір уақыт үшін мәнді жай-күйін
бағамдау, одан әрі дамуын болжау, психодиагностикалық
қараудың міндеттеріне, орайлап нұсқамалар белгілеу
мақсатымен жүргізіледі.
4.
Педагогикалық диагноз - оқушының қабілетін,мінезіндегі ауытқуларды, оқу барысында кездесуі
мүмкін қиындықтарын анықтау. Педагогикалық
диагноз оқушының мектеп бағдарламасын игеруі
туралы мәліметтер негізінде, оның оқу ісәрекеттерін бақылау және нәтижелерін талдау
және т.б. арқылы қойылады.
5.
1. Қазіргі білім беру кеңістігінде балалардыңпсихикалық денсаулығы мәселесінің өзектілігі
Баланың психикалық денсаулығы – бұл тек
аурулардың болмауы ғана емес, сонымен қатар
оның
табысты
дамуына,
білім
алуына,
құрдастарымен және ересектермен қарымқатынас
орнатуына,
сондай-ақ
өмірлік
қиындықтарды еңсере алуына мүмкіндік беретін
психологиялық және әлеуметтік әл-ауқат күйі.
6.
Мәселенің өзектілігін айқындайтын факторларЦифрландыру, ақпараттық ағымның қарқындылығы, қарым-қатынастың
гибридті түрлері баланың дамуы үшін жаңа, көбінесе стресс тудыратын орта
қалыптастырады.
Жүйелі оқытудың ерте басталуы, білім берудің академиялық бағыттылығы
бастауыш сыныптың өзінде мектептік мазасыздыққа, созылмалы шаршауға,
эмоционалдық күйзеліске (выгорание) әкелуі мүмкін.
Инклюзивті сыныптарға әртүрлі ерекшеліктері бар балалар (аутизм спектрінің
бұзылыстары, зейін тапшылығы және гиперактивтілік синдромы,
эмоционалдық-ерік саласындағы бұзылыстар) келеді. Уақытылы диагностика
жүргізілмесе, олардың қажеттіліктері ескерусіз қалып, бұл бейімделудің
бұзылуына әкелуі ықтимал.
Қолайсыз отбасылық жағдай, буллинг, әлеуметтік оқшаулану психикалық
денсаулыққа және оқу жетістіктеріне тікелей әсер етеді.
Қазіргі білім беру стандарты (ҚР МЖМБС) тұлғалық нәтижелерге
бағдарланған. Бастауыш сынып мұғалімі – қолайсыздықтың алғашқы
белгілерін (агрессия, енжарлық, тұрақты үлгермеушілік, қарым-қатынас
қиындықтары) байқап, бала, психолог және ата-ана арасындағы
байланыстырушы буын бола алатын әрі болуы тиіс алғашқы маман.
7.
Психикалық денсаулықты диагностикалау – тек медицинақызметкерлерінің немесе тар бейінді мамандардың міндеті емес, ол
бақылау, талдау және «зиян келтірме» қағидатына негізделген
мұғалімнің күнделікті кәсіби міндеті.
Бастауыш сынып мұғалімінің жұмысындағы диагностика
міндеттері:
Дидактикалық: Оқу дағдыларының (оқу, жазу, есептеу) қалыптасу
деңгейін анықтау, оқу материалын меңгерудегі қиындықтардың
себептерін айқындау.
Дамытушылық: Танымдық процестердің (зейін, есте сақтау, ойлау,
сөйлеу), эмоционалдық-ерік саласының және мотивацияның
ерекшеліктерін анықтау.
Тәрбиелік:
Әлеуметтік-коммуникативтік дағдыларды, ұжымдағы
өзара қарым-қатынас ерекшеліктерін, құндылықтар жүйесін бағалау.
Алдын
алу
(профилактикалық):
Әлеуметтік-психологиялық
бейімделмеудің белгілерін, психикалық денсаулықтың бұзылу қаупін
дер кезінде анықтау.
Кеңес берушілік: Мектеп психологымен, логопедпен және атааналармен талқылау үшін объективті деректер жинақтау.
8.
Баланың жеке (дара) ерекшеліктерін ескеру дегеніміз – әрбаланың өзгеше екенін түсініп, оны «орташа оқушы» ретінде емес,
өзіне тән мінезі, қабілеті, қарқыны, қызығушылығы бар тұлға
ретінде қабылдап, соған сай оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру.
Қарапайым тілмен айтсақ: Барлық балаға бірдей талап қою емес,
әрқайсысына лайық жол табу.
Мысал
Екі бала есеп шығара алмай отыр.
«Сендер түсінбейсіңдер!» деу – жеке ерекшелікті ескермеу.
Біріне: «Сен асықпай шартын қайта оқы»,
Екіншісіне: «Сен қадам бойынша ойлан, мен көмектесейін» – бұл
жеке ерекшелікті ескеру.
Баланың жеке (дара) ерекшеліктерін ескеру – білім беру
процесінде
оқушының
темпераменті,
қабілеті,
танымдық
процестерінің даму деңгейі, мотивациялық саласы, эмоциялық
жағдайы мен әлеуметтік ортасының ерекшеліктерін жүйелі түрде
талдау негізінде жүзеге асырылатын дифференциалды және тұлғаға
бағдарланған педагогикалық ықпал ету қағидасы
pedagogy