4.55M

Күй екінші сабақ 7Қ

1.

Ақпанның оны
Сынып жұмысы
Күй – қазақтың жан серігі,
сырласы

2.

Ережені қысқаша
дәптерге жазып ал!
Эпитет пен теңеу (сравнение) —
көркем әдебиетте бейнені әсерлі
етіп көрсету үшін қолданылатын
тәсілдер. Мысалы:
Отты күй төгілді,
Күмбірлеген қоңыр үн тарады.
Эпитеттер: отты күй — күйдің
күшті, жалынды екенін көрсетеді;
күмбірлеген қоңыр үн —
дыбысты әсерлі сипаттап тұр.
Егер эпитетті алып тастасақ:
күй төгілді, үн тарады — әсері
әлсірейді.

3.

Теңеу (сравнение) — бір затты не
құбылысты екінші затқа –дай / –
дей / –тай / –тей / сияқты / секілді
жұрнақтары мен шылаулары
арқылы салыстырып көрсету.
Күй тас бұлақтай сарқырады,
Әуен құстай қалықтады.
Теңеулер: тас бұлақтай сарқырады
— күйдің тоқтаусыз, екпінді екенін
көрсетеді;
құстай қалықтады — әуеннің жеңіл,
еркін таралуын білдіреді.

4.

Жылдам ажырату тәсілі:
Егер сөз әсерлі сипаттап
тұрса (қоңыр үн) →
эпитет. Эпитет көбінесе
сын есімнен болады
(прилагательное)
Егер сөз бір нәрсені
екіншісіне ұқсатып тұрса
(-дай, -дей, тай, -тей
жұрнағы) (құстай) → теңеу

5.

1-тапсырма. Үзіндіден теңеу мен эпитетті тауып,
әрқайсысының қызметін 1 сөйлеммен түсіндір.
Перне басқан саусақтарда от бардай,
Әуен ұшты қалықтаған құс таңдай.
Бір сәт мұңды, бір сәт жігер оятты,
Көңіл күйді алмастырды қысқаңдай.
Күйдің үні — жүрекке жол табады,
Сөз жетпеген жерді әуен ашады.

6.

2-тапсырма. Берілген тіркестерді 2 топқа бөліп
жаз:
қоңыр әуен, күй дауылдай соқты, күмбір күй,
нәзік саз, әуен құстай қалықтады, терең үн, саз
бұлақтай ақты, үн жібектей жұмсақ, жалынды
күй, мұңды әуен, күй оттай жанды, әуен самалдай
еседі.
Эпитет
Теңеу

7.

Үйге тапсырма: «Күйші» поэмасының авторы
І.Жансүгіров туралы мазмұндап келу.
English     Русский Rules