6-сынып Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аязбекова Бақтыгүл Сайлауқызы
1.14M
Category: psychologypsychology

Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ Бақтыгүл

1. 6-сынып Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аязбекова Бақтыгүл Сайлауқызы

2.

3.

Оқушыларды өз ана тіліміздің қадірқасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін
сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның
өміріндегі маңызын ұғуға үйрету;
Тіл мәдениетін сақтай білуге тіл тазалығы
үшін күресуге ,сөз өнеріне баулу;
Ата-баба мұрасын жалғастырушы болуға
дәріптеу.

4.

Барысы:
Армысыздар көрермендер, оқушылар!Бүгін біздің осылай
жиналып отырғанымыз-Алланың бізге берген ұлы бақытының
арқасы. Ол бақыт-бейбітшілік, ол бақыт –тәуелсіздік.
Тәуелсіздігімізді, еркіндігімізді баянды етер қаруымыз - туған тіл.
Ананың бал сүтімен бойға сіңіріп, асыл әлдиімен жанға дарыған
тілімізді қадірлейік, мәртебесін асырайық,-деп “Мың бір мақал, жүз
бір жұмбақ” тақырыбындағы сайысымызды бастауға
рұқсат етіңіздер!
Оқушылар, ұлы Абай атамыз:
“Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі,
Өрнегін сендей сала алмас”-деп нені айтқан?
-Тілімізді айтқан.
-Олай, болса, тіл дегеніміз не? Тіл деген ұғымды кім қалай түсінеді
екен?
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.

5.

Тіл- халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті.
Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата
дәстүрі. Біздің осындай қасиетті мұрамыз, ана
тіліміз-қазақ тілі. Қазақ тілі-Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тілі. Нұрсұлтан Әбішұлы:
«Тіл тағдыры-өзін Қазақстан азаматымын деп санайтын
баршаның ортақ ісі» -деп атап көрсеткен. Ер қазынасы –
ескі сөз, ел қазынасы-ескі сөз» -деп бұрынғылар
айтқандай, сөзге сән беретін, сөздің болаты- мақал.
Бүгінгі сайысқа қатысатын сайыскерлерді таныстырып
өтейік. (Әр топ өздерін таныстырады. Топтың аты, ұраны)

6.

Ойын 5 кезеңнен тұрады:
І. Мақал - мәтел сайысы (Үйтапсырмасы)
ІІ. Жалғасын тап
ІІІ. Ойлы болсаң, озып көр
IV. Білекті бірді, білімді мыңды
жығар
V. Кім тапқыр?

7.

І кезең
«Сөзден сөз шығады,
сөйлемесе неден шығады»
- демекші әр сайыскер
дайындаған
мақал-мәтелдерін айтады.
(Үй тапсырмасын орындау)

8.

ІІ кезең
Енді құрметті сайыскерлер, мен
мақалдың алғашқы жолын
айтамын, ал сендер жалғасын
табуларың керек. Бұрын тапқан
оқушыға ұпай қосылады.

9.

1.Сөзден асқан байлық жоқ,..
2.Тіл дегенің- ақыл гүлі,..
3.Тіліңмен жүгірме,..
4.Жыланның уы тісінде,...
5. Сөздің тілінен...
6.Ат жүйрігі айырады,..
7.Шебердің қолы ортақ.
8.Зекетсіздің малы арам,...
9.Тіл-...
10. Піл көтермегенді...

10.

ІІІ кезең
«Жақсы бала ойлағыш,
жаман бала тойлағыш» демекші,
сайыскерлер, сендерге бір сөз
айтылады, сол сөзі бар қандай да
бір мақал тауып айтуларыңыз
керек.
Сөздер: кітап, еңбек, тіл,
ер, жолдас, Отан, ат, сөз,
жаман, ине

11.

IV кезең
«Білекті бірді жығады, білімді
мыңды жығады» дегендей,
сайыскерлеріміздің білімдері
қандай екенін байқайық.
Мен жұмбақ жасырамын,соның
шешуін тауып, сол сөзге
байланысты үш мақал айтады.

12.

1. Тілден ұшып, құлаққа қонады.
2. Көреді бәрін өзгенің.
Көрмейді бірақ өздерін.
3. Көп әңгімем, өлеңім,
Күнде ақыл беремін.
Жақсы көрсе мені кім,
Соған тиер көмегім.
4.Өзім арық, Ізім әріп.
5.Ақ дуалдың ар жағында қызыл ат байлауынан
бір бозамыс қызық ат
6. Бірде төмен, бірде кейін, жоғары
Сөз сөйлесең қозғалыста болады

13.

10
20
30
10
20
30
10
20
30
19
с

14.

“Қараңғыда тапқаныңды ханға берме,
Жарықта тапқаныңды жанға берме.
Мағынасы:
Еңбекпен тапқаныңды орынсыз шашпа!

15.

Кісі болар баланың кісіменен ісі бар,
Кісі болмас баланың болып келер іші тар.
Мағынасы:
Болашақта жақсы азамат болатын бала кішкентайынан көпшіл, кеңпейіл болып келеді.

16.

Өзін - өзі сыйлаған ер бақытты,
Өзін-өзі билеген ел бақытты.
Мағынасы:
Адам әуелі өз қадірін білсе ғана
ел мен жер қадірін де біле алады.

17.

“Аяз би” ертегісінен
Уәлі байдың Меңді дейтін қызы: “Өзімнен ақылы асқан кісіге барам”,-деп, дәмелі болып келген жігіттердің
барлығына пышақ, қайрақ, тәрелке, гауһар тас беріп жібереді. Айттыра келген бай балалары мұны түсінбейді. Ал Жаман деген кедей жігіт болса, осы заттарды
және құралды сұратып алады. Қайрақты төске қойып балғамен ортасынан бөледі, тәрелкені уатады, пышақты жетесінен сындырып, гауһар тасты қақ жарады.
Жаман қыз жұмбағын қалай шешеді?

18.

“Қарт пен тапқыр жігіт”
ертегісінен
Баяғыда бір қарт адам болыпты. Бір күні шаһарға барып,
үйіне қайтып келе жатқанда, оған бір жігіт жолығады. Жігіт жөн сұрасады, барар жолы бір болғаннан кейін:
- Ата, жолды қысқартайық,- дейді.
Қарт: Жол қалай қысқарады?- деп сұрайды.
Жігіт: Жолдың қысқаруы оңай, екеуміз бірімізді-біріміз
кезек арқаласақ болғаны,- деп жауап берді.
Қарт ішінен: “Япырм-ай, ат – матымен мені бұл қалай
арқалайды, мен қалай арқалаймын?”-деп ойлап, жігіт сөзін түсінбейді.
Сонда жол қысқарту деген не? Оны қалай қысқартуға
болады?

19.

Мұнан кейін қарт пен жігіт орылмаған, бірақ пісіп тұрған
егінді көреді. Сонда жігіт:
Ата, мына егін сіздің елдікі ме, иесін білесіз бе?-дейді.
-Иә, біздің елдікі, иесін де білемін.
-Олай болғанда, бұл өзі желініп қойған егін бе, әлде желінбеген егін бе?-дейді.
Қарт жігіттің бұл сұрағына тағы түсінбейді.

20.

Қарт пен жігіт жолшыбай бір елге кездеседі. Бұл елде бір адам дүниеден өтіп, оны жерлегелі жатыр екен. Жігіт қарттан:
Бұл өзі мүлде өлген кісі ме, жоқ өлмеген кісі ме?–деп сұрайды.
Сонда қарт шыдай алмай:
Өлмесе жерлеуге апармайды ғой! – деп жігіттің бетін қайырып
тастайды.

21.

Жұмбақпен айтылатын шешендік сөз.
а) Бір күні Нұралы хан Сырымды сынағысы кеп одан:
“Өтірік деген не? Шындық деген не? Өтірік пен шындықтың арасы қанша?”-деп сұрапты.
Ханның сұрағын естіген Сырым езу тартып, күліпті де,
қолының 4 саусағын тегіс жазып, көзі мен құлағының
аралығына қойыпты. Бұдан кейін оң құлағын ұстап, оң
көзін нұсқапты. Не айтқаны?

22.

Жұмбақпен айтылатын шешендік сөз.
а) Бір күні Нұралы хан Сырымды сынағысы кеп одан:
“Өтірік деген не? Шындық деген не? Өтірік пен шындықтың арасы қанша?”-деп сұрапты.
Ханның сұрағын естіген Сырым езу тартып, күліпті де,
қолының 4 саусағын тегіс жазып, көзі мен құлағының
аралығына қойыпты. Бұдан кейін оң құлағын ұстап, оң
көзін нұсқапты. Не айтқаны?

23.

Жұмбақпен айтылатын шешендік сөз.
а) Бір күні Нұралы хан Сырымды сынағысы кеп одан:
“Өтірік деген не? Шындық деген не? Өтірік пен шындықтың арасы қанша?”-деп сұрапты.
Ханның сұрағын естіген Сырым езу тартып, күліпті де,
қолының 4 саусағын тегіс жазып, көзі мен құлағының
аралығына қойыпты. Бұдан кейін оң құлағын ұстап, оң
көзін нұсқапты. Не айтқаны?

24.

ә) Малайсары қария Сырымға былай деп бата беріпті:
Кеудең тола бауыр болсын,
Арқаң тола жауыр болсын.
Үйіңнің сыртынан дүбір кетпесін,
Құлағыңның сыртынан сыбыр кетпесін.
Батаның мәнін терең түсінбейтін адам бұл батаның
Мәнін түсінбеуі де мүмкін. Бірақ өзі батыр, ақылы асқан
Сырым бұны жақсы түсінген. Ал, сендер қалай түсінесіңдер?

25.

Қорытындылау сәті
Мұғалім: Көңіл бөлген көрермендер, сау болыңдар қадірлі,
Анықталды жеңімпаз боп нағыз білгір кәдімгі.
Қазақ жанды туған адам баласын,
Ислам дінін қуған қазақ данасын.
Үкіметі кеңестің сөндірді ғой,
Ел боп құрған қазақтардың санасын.
Қазақ жүрді көніп соған жетпіс жыл,
Өз тілінде сөйлей алмай, болып тұл.
Аллаға да сыйына алмай жүрді ғой,
Ата-бабам кезіндегі қыз да, ұл.
Көтерейік ұлтымыздың мәртебесін!
Жетелейік тілімізді нәр себетін.
Үлгі болар келесі ұрпағыма,
Мәпелейік тілімізді жыр төгетін!
Құрметті көрермендер, уақыттарыңызды бөліп келіп,
сайысымызды тамашалағаныңыз үшін рақмет айта
отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.
Қош, сау болыңыздар!

26.

Арқа сүйер елің болсын,
Аунап жатар жерің болсын

27.

Назарларыңызға рақмет!
English     Русский Rules