Қазақ хандығы
1. Қазақ хандығының құрылуы
Керей мен Жәнібек сұлтандар Батыс Жетісуда, Қозыбасы деген жерде қазақхандығының туын тігіп, 1465 (1466) жылы Қазақ хандығын құрды.
2015 ж Ұлы Далада құрылған Қазақ хандығының 550 жылдығы атап өтілді.
1468 ж Әбілхайыр өлімінен кейін Көшпелі өзбектер мемлекетіндегі саяси дағдарыс
күшейді. «Өзбек хандарының иеліктерінде берекесіздік пайда болды»,-деп жазды ИБН
РУЗБИХАН.
Батыс Жетісуға осы жылдары келгенін тарихшы М.Х Дулати «Тарих-и Рашиди»
атты еңбегінде «Қазақ сұлтандары хижраның 870 жылдары (1465-1466 жылдар) билей
бастады Керей мен Жәнібектің маңына жиналғандар 200 мыңға жетті» деп жазды.
Жаңа құрылған Қазақ хандығының тағына жасы үлкен Керей отырды.
Жәнібек- Барақ ханның баласы. Керей- Барақ ханның ағасы Болат сұлтанның баласы.
Үшқоңыр жайлауында Керей хан тұрса, Жәнібек хан Шу жеріндегі Хантауды
жайлаған.
Қазақ хандығыүшін саяси-экономикалық және әскери-стратегиялық жағынан СЫР
бойындағы қалалардың маңызы зор болды.
2. Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы
Қазақ хандығы өз алдына мынадай міндеттер қойды:1 Көшпелі шаруалардың жайылымдарды пайдаланудағы Дешті
Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан тәртібін қалпына келтіру.
2 Сырдария бойындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Йасы (Түркістан) т.б
қалаларды Қазақ хандығына қарату.
3 Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық аумағын
біріктіру. ХV ғ 70-ж қазақ хандары Сырдария бойы мен Қаратау өңірін
басып алды.
Сыр бойындағы қалалар үшін Әбілхайырдың немересі Мұхаммед
Шайбани ханмен соғысы 30 жылдан астам уақытқа созылды.
1470 ж Керей хан әскерімен ТҮРКІСТАНҒА, Жәнібек хан СОЗАҚҚА
шабуыл жасады.
Сауран түбінде Мұхаммед Шайбани жеңіліп БҰХАРАҒА қашты.
3. - ХV ғ 80-жылдары Мұхаммед Шайбани Моғолстан ханының қолдауымен Қазақ хандығына қарсы шабуылға шығып, Сауран мен Сығанақты,
Созақты қайтып басып алды.- Қазақ хандары Әмір Темір ұрпақтарымен бірлесе отырып, СОЗАҚ
түбіндегі шайқаста Шайбани жеңіліп, келісімге келді.
- Қазақ хандығы мен Шайбани хан арасындағы келісім:
1. Отырар, Йасы, Аркөк, Бозкент қалалары мен Түркістан аймағының
бір бөлігі Шайбаниға қарады.
2. Сығанақ, Сауран, Созақ қалалары мен Түркістан аймағының
солтүстік бөлігі Қазақ хандығы құрамында қалды.
3. Ташкент, Сайрам қалалары Моғолстан хандығының құрамына
кірді.
4. Қасым хан (1511-1518 (1523 жж).
Бұрындық хан (1474 (1480)-1511 жж.). Керейдің баласы Бұрындық Сырдария бойындағықалаларды Қазақ хандығына қаратуға күш салды. Бұрындық пен Қасым арасындағы
шиеленіскен күресте Бұрындық жеңіліп, Самарқанға көшіп кетті.
ҚАСЫМ хан хан хандықтың нығаюы мен кеңеюіне белсене араласты,ол бүкіл ДЕШТІ
ҚЫПШАҚТЫҢ ханына айналды.
Ортағасырлық атақты Бабыр: «жұрттың айтуына қарағанда қазақ сұлтандары мен
хандарының бірде біреуі бұл халықты дәл Қасым хан сияқты бағындыра алмаған.
Оның қарамағында әскер саны 300 мыңға жуық еді» деп айтқан.
М.Х Дулати « Қасымның бүкіл Дешті Қыпшақ даласына билік жүргізгенін, оның халқы
санының 1 миллионнан астам болғандығын айтады. Жошыдан кейін бұл жұртта одан
ұлы хан болған емес» дейді.
Қадырғали Жалайыр: « Жәнібек ханның ұлдарының арасында аса белгілі болған
Қасым еді. Ұзақ уақыт бойы атасының ұлысына билік етті» деп жазды.
5. Аумағы: Оңтүстікте-Түркістан, Сырдария аймағы, Шығыс Жетісудың бөлігі Жайықтан Балқашқа дейінгі жерлерді алып жатты. Батысы-
Жайық өзеніне жетті.Астанасы- Сығанақ қаласы болды.
Қасым өмірінің соңғы кезінде Сарайшықта отырып билік жүргізді.
6.
7. Қасым ханның сыртқы саясаты:
• Қазақ хандығын біріктіріп,, бір орталыққа бағындырды.1
2
• ХVI ғ Қазақ хандығының дәуірлеу кезеңі болды. Жер көлемі ұлғайды, халық саны өсті.
• Талас-тартыс азайды, ел бірлігін сақтай білді.
• Орта Азиямен, Еділ бойындағы елдермен, Батыс Сібір хандығымен , Ресеймен сауда,
дипломатиялық байланыс жасады. Моғолстанмен қарым-қатынасы достық негізде болды.
• 1514 ж Моғолстан билеушісі Саид хан Қасым ханнан шайбандықтарға қарсы күреске көмек
беруін сұрады. Қасым хан қыстауға көшетінін айтып, көмек беруден бас тартты. Саид хан
Шығыс Түркістанға көшіп кетеді.
• Қасым ханның Жетісудағы беделі нығайды.
• Қасым ханның билігі қырғыздарға жүрген жоқ.
• Қасым ханның басты мақсаты- Сырдария бойындағы қалаларды қайтару.
3
• Басты қарсыласы- Мұхаммед Шайбани болды.
• 1510 ж Шайбани « Түркістан халқы қазақ саудагерлерімен ешқандай сауда келісімдерін
жасамайтын болсын, олармен қарым-қатынас болмасын» деген жарлық шығарды.
8.
1510 ж• М Шайбани Қасым ханның Ұлытау маңындағы Ордасын
шабуылдауға інісі Ұбайдаллах пен Темір сұлтанды жібереді,
бірақ жеңіледі.
• Түркістан қалаларының көпшілігі Қасым ханға өтеді.
1510 ж
•М. Шайбани МЕРВ түбінде Иран шахы І Исмаилмен
шайқаста қаза табады.
• М. Х Дулати дерегі бойынша 1518 ж Қасым хан қайтыс
болады.
• Орыс деректерінде Қасым хан 1523 ж қыста САРАЙШЫҚ
қаласында қаза болған дейді.
15221532 жж
• Қасым хан кезінде қазақтар дербес мемлекет ретінде Орта Азия
мен Шығыс Еуропаға белгілі болды.
• Қасым ханның қайтыс болуымен 1520-1523 жж ауыр
жеңілістерге ұшырады.
• Қазақ хандығында саяси дағдарыс басталды.
• 1532 ж ТАХИР хан бауыры ТОҒЫМ ханмен бірге Орта Азия
әміршісі Абдар-Рашид ханмен шайқаста қаза болады.
• 1522-1523 жж. МАМАШ хан елді басқарды.
• 1523-1532 жж. ТАХИР хан ел басқарды.
9. Қасым ханның заңдары: Академик Ә. Х Марғұланның айтуына қарағанда заң елдегі саяси жағдайдың шиеленіскен кезінде пайда болған
дейді1. Мүлік заңы:
Жер, мал-мүлік дауы
5. Жұртшылық
заңы:
ас, той, мереке, ат
жарыс
4. Елшілік
жоралары заңы:
Майталман шешендік,
ибаттылық
2.Қылмыс заңы:
Кісі өлтіру, талау,
ұрлық
3. Әскери заңы:
Аламан міндеті,
қара қазан, ердің
құны.