Similar presentations:
9.2.5,
1.
жерауа
су
от
2.
Табиғаттың төрт элементінің (жер, от, су,ауа) бейнелеріменшығармашылық жұмыс.Идеяларды іске асыру
Оқу мақсаты: А9.2.5.2 Шығармашылық жұмыстарды/бұйымдарды/
объектілерді жасау барысында қазақ ұлттық мәдениетінің элементтерін қолдану.
Сабақтың мақсаты: өздерінің шығармашылық жұмыстарын жасау барысында қазақтың
ұлттық мәдениетінің элементтерін (ою-өрнек) қолдану.
Күтілетін нәтиже: Қоршаған ортадағы табиғи төрт элементті бейнелеу барысында этностиль
бағытында өз туындыларының нобайын орындайды.
3.
Бағалау критерййлері:Ою-өрнекті таңдау дәлдігі – эскиз тақырыбына сай ұлттық ою-өрнекті дұрыс таңдауы.
Композициялық орналасуы – ою-өрнектің эскиз бетінде үйлесімді, тепе-тең орналасуы.
Пішін мен пропорцияның дұрыстығы – ою-өрнек элементтері нақты, пропорция сақталған.
Сызықтардың тазалығы – штрих, сызық, контурлар анық және ұқыпты орындалған.
Шығармашылық шешім – ою-өрнекті жаңаша интерпретациялауы, өзіндік идеяның көрінуі.
4.
Жаңа сөздер мен тың идеялар(оқулықпен жұмыс)
Суретшілер өз шығармашылықтарында табиғат
образдарын (тыныштық пен буырқану, бейберекеттік пен
жайбарақаттық) ашу үшін бейнелеу өнерінің түрлі
әдістерін қолданады.
Шығармашылық
Дәстүрден тыс
Картиналарға жан бітіріп,
нағыз өнер туындыларына
айналдыратын алуан түрлі
әдістер.
Әр суретші өз әдіс-тәсілін,
оның ішінде дәстүрден тыс
түрлі көркемдік әдістерді де
пайдаланады.
Идеяны жүзеге асыру
Жаңа әдістермен танысып, олардың қайсысы жоба идеясын
жүзеге асыруға сәйкес келетінін анықтау.
5.
Ойлан және сұрақтарға жауап берҰсынылған суреттердің негізгі
идеясын жеткізуде қандай көркемдік
құралдар мен материалдар
қолданылған?
Бұл композицияда ауа кеңістігіне,
сабын көпіршіктеріне, жаңбыр
астында кетіп бара жатқан сұлбаға
қаншалықты орын берілген?
Ауа мен жауын қозғалысын көрсету
үшін бейнелеу өнеріндегі қандай
әдіс-тәсілдер қолданылған?
6.
Эбру – суға сурет салу өнеріЭбру – сурет салудың ерекше әдісі. Мұнда алдымен
суда өрнек салып алып, сосын оны басқа затқа (матаға,
қағазға) көшіреді. Ол қолөнер түрі ретінде XVI
ғасырда Осман империясының (қазіргі Түркия)
гүлденген шағында қалыптасты.
Эбру әдісінде суда ерімейтін бояуларды біртіндеп су
бетіне салады, олар су бетінде жұқа кілегей қабық
сияқты қалқып тұрады. Сурет салмай тұрып, алдымен
суды дайындап алу қажет. Салынған сурет сумен
араласып кетпей, қалпын сақтау үшін сұйықтық қой
малжың болуы тиіс. Ол үшін суға арнайы қойылтқыш
қосады.
7.
Энкаустика: балауыз өнеріЭнкаустика – балауыз қосылған бояуды еріту арқылы
сурет салу және бекіту әдісі. Энкаустика әдісімен
жұмыс кезінде түстерінің ашықтығымен әрі
қанықтығымен ерекшеленетін темпера (балауызбен
араластырылып жасалатын бояу) қолданылады.
Энкаустиканың кең таралған түріне марқұмдардың
өмірден өткеннен кейін салынатын портреттері –
«фаюмдік портреттер» жатады.
Технология:
• Қағаз, үтік, балауыз қарындаштарды дайындау.
• Белгілі бір түсті немесе әр түсті балауыз
қарындаштарды алып, жылы үтіктің табанына
жағу немесе нүктелер, өрнектер түсіру керек.
• Қыздырылған үтіктің табанын қағаз бетіне
жалпағымен немесе қырымен жүргізу.
Жұмыс барысында үтікпен жұмыс істеудің үтіктің табанымен
жүргізу (үтіктеу), қырымен жүргізу, басып алу (баспа-таңба),
тұмсығымен жүргізу тәсілдерін қолдануға болады.
8.
Балауыз қарындаштармен суретсалудың қызықты әдісі
Балауыз қарындаштарды қолданатын тағы бір креативті әдіс.
01
02
Материалдарды дайындау
Қарындаштарды бекіту
Балауыз қарындаштар, қатты
ақ картон қағаз, желім, фен.
Қағаздың жоғарғы жағына
желім жағып, балауыз
қарындаштардың ұштарын
төмен қаратып, бір-біріне тақап
бекіту.
03
Балауызды еріту
Желім кепкен кезде фенді ең жоғары қуатына қосып,
қарындаштардың ұштарына жақындату. Қарындаштар еріп,
балауыз ақырындап төмен қарай аға бастайды.
9.
Сәндік-қолданбалы өнер әдістеріТабиғат стихияларын тек көркемдік құралдармен ғана емес, сонымен қатар сәндік-қолданбалы
өнер әдістері арқылы да жеткізуге болады.
Квиллинг
Түрлі түсті қағаз жолақтарын
шиыршықтау арқылы сәндік
композициялар жасау.
Стринг-арт
Пирография
Жіп пен шегелерді қолданып,
сәндік картиналар салу өнері,
асқан ыждағаттылық пен есепқисапты қажет етеді.
Отпен сурет салу, яғни
қыздырылған металл ине арқылы
табиғи материалдың бетіне сурет
салу.
10.
Питер Уокер – пирография шеберіАғашты күйдіріп сурет салу өнері Питер Уокерді
пирография саласында әлемдік деңгейдегі
жұлдызға айналдырды. Питер Уокер – серфинг
тақташасына күйдіріп сурет салатын әйгілі
аустралиялық пирографист. Ол ағаштан
жасалған әр серфбордты қолмен өңдейді, кейде
басқа дизайнерлермен бірге жасайды.
11.
Джузеппе Арчимбольдо және стихияларСальвадор Дали Джузеппе Арчимбольдоның «Жыл мезгілдері»
және «Стихиялар» суреттер сериясын көріп, таңғалған екен.
Суретші төрт стихияны морфологиялық образдар түрінде
бейнелейді.
1
2
3
4
Жер
Жерді мекендейтін жануарлар (өгіз, бұғы, түйе, жолбарыс,
арыстан, ит, маймыл, мүйізтұмсық, аю, піл, қабан, т.б.) кейпінде.
Ауа
Құстар (бүркіт, тауыс, қаз, үйрек, күркетауық, әтеш, т.б.) кейпінде.
От
Оттың түрлі элементтері (балауыз шам, сіріңке шиі, керосин шам,
т.б.) кейпінде бейнеленген.
Су
Әртүрлі теңіз жануарлары мен теңізасты дүниелері (тұтасқанат,
теңіз шаяны, сегізаяқ, тасбақа, інжу тастары) түрінде көрсетілген.
12.
НиткографияНиткография – бұл жіп пен желімді пайдаланып сурет
салу немесе бейне құрастыру өнері.
Бұл техникада жіптер әртүрлі бағытта, әртүрлі пішінде
орналастырылып, қағазға немесе
басқа негізге жапсырылады. Нәтижесінде ерекше, рельефті,
әдемі көріністер пайда болады.
Ниткография техникасының негізгі ерекшеліктері:
•Жіппен сурет жасау – түрлі-түсті жіптерді пайдалану
арқылы сурет, өрнек немесе композиция құрастырылады.
•Рельефті фактура – жіптің көлемі жұмысқа ерекше сән
береді.
•Қарапайым құралдар – тек жіп, желім, қағаз немесе
қатырма қағаз қажет.
•Қауіпсіз техника – барлық жас деңгейіне қолайлы,
балаларға шығармашылықты дамытуға тиімді.
Жасалу барысы қысқаша:
1.Алдымен суреттің контуры қағазға сызылады.
2.Контур бойымен немесе ішкі бөліктеріне желім
жағылады.
3.Түрлі түсті жіптер желімнің үстіне ретімен
жабыстырылады.
4.Әр бөлікті жіппен толтыру арқылы толық композиция
жасалады.
13. ТОПҚА БӨЛУ:
14. Топтық тапсырма:
• Алдыңғы білімдеріне (қазақтың ұлттық ою-өрнектеріне) сүйенеТоптық
отырып, табиғи стихиялардың бейнелерін белгілі бір техникада
(КВИЛЛИНГ, СТРИНГ-АРТ, ПИРОГРАФИЯ, ЭБРУ, ЭНКАУСТИКА)
тапсырма: орындауға қажетті нобай салыңыздар.
15. Бағалау критерийлері:
Ою-өрнекті таңдау дәлдігі – эскиз тақырыбына сай ұлттық ою-өрнекті дұрыс таңдауы.Композициялық орналасуы – ою-өрнектің эскиз бетінде үйлесімді, тепе-тең орналасуы.
Пішін мен пропорцияның дұрыстығы – ою-өрнек элементтері нақты, пропорция сақталған.
Сызықтардың тазалығы – штрих, сызық, контурлар анық және ұқыпты орындалған.
Шығармашылық шешім – ою-өрнекті жаңаша интерпретациялауы, өзіндік идеяның көрінуі.
ДЕСКРИПТОРЛАР:
1. Ою-өрнекті таңдау дәлдігі– Тақырыпқа сай ою-өрнек таңдайды.– Мағынасын дұрыс қолданады.
2. Композициялық орналасуы– Ою-өрнек үйлесімді орналасады.– Симметрия, тепе-теңдік сақталған.
3. Пішін мен пропорция дұрыстығы– Пішіндері нақты.– Пропорциясы сақталған.
4. Сызықтардың тазалығы– Контурлар анық.– Сызықтар таза, ұқыпты.
5. Шығармашылық шешім– Жаңаша идея қолданады.– Өзіндік стиль байқалады.
16. Кері байланыс: Векторина. Worldwall
• https://wordwall.net/resource/103019065/copyof%D0%BA%D0%B5%D1%8
0%D1%96%D0%B1%D0%B0%D0%B
9%D0%BB%D0%B0%D0%
BD%D1%8B%D1%81