Similar presentations:
13 апта (1)
1. МОДУЛЬ 5. Қазақстан әлемдіқ қауымдастықта Д 14. Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы және ҚР мемлекеттік құрылысы.
1. Экономикалықдамудың
қазақстандық
үлгісін
талдап,
ұлттық
бағдарламалар мен жобалардың іске асырылуын сипаттаңыз (1991-2023
жж.).
2. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен республиканың
халықаралық бастамаларын анықтаңыз
3. 2023 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі
сайлауының қорытындыларына сипаттама жасаңыз.
4. Қазақстан Республикасының 2022 жылғы саяси және конституциялық
реформаларының негізгі ережелерін анықтаңыз
2. Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісін талдап, ұлттық бағдарламалар мен жобалардың іске асырылуын сипаттаңыз (1991-2023
жж.).Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшу
жолына түсті. Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда бағаны ырықтандыруға,
мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып жекешелендіруге кірісті.
Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді.
Бірінші кезең - 1991-1992 жылдар, екінші кезең - 1993-1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде
жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақұлданып, Президенттің Жарлығымен
бекіді. Ал үшінші кезең - 1996-1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа
заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу
мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі,
Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден және т.б. Сондай-ақ
нарықтық экономикаға тән инфрақұрылымның кейбір түрлері: биржалар, коммерциялық банктер, сауда
үйлері, жеке меншіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі
корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді. Сөйтіп, нарықтық
экономикаға қарай, меншіктің түрін өзгертуде, аралас экономика құруда біршама жұмыстар атқарылды.
3.
Қазақстанда ырықтандыру 1992 ж. мұнайдың,мұнайдан шығатын өнімдердің, басқа да энергия
көздерінің бағасы әлемдік бағаға дейін жоғарылауы
керек деген ұранмен жүргізілді.
Осының нәтижесінде әр кәсіпкер, әр кәсіпорын ең
жоғарғы таза пайда алғысы келді. Сөйтіп баға
шарықтап өсті, елдің экономикасы бағаның
шарықтап өсу кесірінен төмен түсіп кетті.
Бағаны ырықтандырудан кейінгі екінші атқарылған
іс – жекешелендіру.
Мемлекеттік меншікті жекешелендірусіз нарыққа нақты көшу
мүмкін емес еді. Бұл қадам нарық субъектілерін құру тұрғысынан
ғана емес, сонымен бірге халықтың бойында меншік иесі
психологиясын қалыптастыру тұрғысынан да маңызды. Сондықтан
да республикада ауқымды жекешелендіру жүргізілді. Бүгінде оны
өткізудің 4 кезеңін даралап айтуға болады. Алғашқы үшеуі
мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ерекшелігімен
байланысты болса, төртінші кезең мемлекеттік меншікті басқаруды
жетілдіруге екпін түсуімен сипатталады.
4.
Жекешелендірудің алғашқы кезеңнің барысында 1991-1992 жылдары 5000-ға жуық нысандаржекешелендірілді, олардың қатарында ұжымдық меншікке берілген 470-тен астам кеңшар болды.
Екінші кезең “Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті
жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған Ұлттық бағдарламасы” негізінде жүргізілді.
Бұл кезеңнің аса маңызды қадамы мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендірудің біртұтас
жүйесі болды. Сол кезде шағын және орта бизнесті дамытуға белгі берілді. Көтерме-сауда буынын
қоса алғанда бұрынғы кеңестік сауда жүйесін өзгерту басталды. Қызмет көрсету саласында
бәсекелестік орта пайда болды. Үшінші кезең 1995 жылғы желтоқсанда заң күші бар
“Жекешелендіру туралы” Жарлықпен басталып, 1999 жылға дейін жалғасты. Осы сәттен
бастап ол тек ақша қаражатына жүзеге асырылды. 1999 жылдан кейін бірінші кезекке мемлекеттік
мүлікті басқаруды жетілдіру мәселелері шықты. Төртінші кезеңде мемлекеттік меншікті басқару
және онымен айналысу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар арасындағы өкілеттіктерді бөлуге
жаңа көзқарас қолданыла бастады. Республикалық мемлекеттік және коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорындарды оңтайландыру басталды. Елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайтын
экономиканың стратегиялық маңызды секторларына мемлекеттің ықпалы мен ондағы үлесі ұлттық
компаниялар арқылы сақталды. Мұнай-газ секторында – бұл “ҚазМұнайГаз”, энергетикада –
“КЕГОК”, телекоммуникацияда – “Қазақтелеком”, темір жолда – “Қазақстан темір жолы”.
5.
Бірақ жекешелендіру барысында да кемшіліктер орын алды.Мемлекеттік меншікті жекешелендіру жарияланған екі кезеңінде
де (1991-92 жж. және 1993-95 жж.) мүліктің көпшілік бөлігінің
талан-таражға түсуіне жол берілді. Бұл халық шаруашылығы үшін
берекесіздік
тудырып,
экономиканың
терең
дағдарысқа
ұшырауының басты себебінің біріне айналды. Сондай-ақ, елдің
экспортқа өнім шығаратын кәсіпорындары ескі әдетіне басып,
өздерінің тауарларын эшелон-эшелонмен сыртқа жөнелте беруді
ғана білді. Соның салдарынан республикадан 250 млрд. сомның
өнімі сыртқа, негізінен алғанда Ресей Федерациясы мен ТМД
елдеріне су тегін кеткен болып шықты.
6.
Қоғам айқын мақсаттар мен оларға қол жеткізу жолдары баяндалғанстратегиялық бағдарламалық құжатқа мұқтаж болатын. Олар “Қазақстан
–2030” ел дамуының Стратегиясында тұжырымдалды. 1997 жылдың
қазан айында Президент Н.Ә.Назарбаев республика халқына “Қазақстан
– 2030” деген атпен жолдау қабылдап, онда еліміздегі дағдарыстан
шығудың және жүріп жатқан реформаларды аяқтаудың, сондай-ақ
алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына қосылудың, немесе
“Қазақстан барысын” қалыптастырудың жаңа бағдарламасын ұсынды.
Бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының
жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары мен
мүмкіндіктері жан-жақты көрсетілді.
Онда елдің ішкі бекем тұстарын және сыртқы саясатындағы мүмкіндіктерді
барынша пайдалана отырып, мемлекеттің дамуындағы ұзақ мерзімді жеті
басымдықты іске асыру көзделген. Олар: 1) ұлттық қауіпсіздікті сақтау; 2)
ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту; 3) нарықтық
қатынастар негізінде экономикалық өсу; 4) Қазақстан азаматтарының
денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын көтеру; 5) энергетика ресурстарын жете
пайдалану; 6) инфрақұрылым, көлік және байланысты дамыту; 7)
демократиялық кәсіби мемлекетті құру.
7.
8.
Тұтастай алғанда, 1997 жылдан 2007 жылдың аяғына дейінгі кезеңдееңбекақының ең төменгі өлшемі 4,5 еседен астамға өсті, орташа айлық
номиналды еңбекақы 8,5 мың теңгеден 50 мың 800 теңгеге дейін – 6 есеге
жуық артты. Барлық соңғы жылдар бойында орташа еңбекақы деңгейі
жөнінен Қазақстан ТМД-да көшбасшы елдердің бірі болып табылады. 2002
жылдан бастап реформалау жүзеге асырылып, бюджет саласы
қызметкерлерінің еңбекақысын өсіру үрдісі қалыптасып келеді. Оның
деңгейін жүйелі арттырудың арқасында 2007 жылы бюджетшілердің
еңбекақысы 2,5 еседен астамға артты. Мемлекеттік әлеуметтік
жәрдемақының орташа көлемі 1998 жылдан бері 3 есеге жуық өсті Бүгінде
630 мыңдай адам мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алады.
Жалпы алғанда, ел экономикасы 2001 жылдан бастап жылына орта есеппен
10 пайызға өсіп отырды. Бұл өте үлкен де жедел өсу болып саналады (ҚР
Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2008 жылғы 6 ақпандағы Қазақстан халқына
Жолдауынан. – Егемен Қазақстан, 7.02.2008).
9.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына
Жолдауында Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы таныстырылды.
Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің
негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.
Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді
басымдықтарды іске асыруды қарастырады:
1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен
қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм
2. Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау
3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік
4. Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың
негізгі бағдары
5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту
6. Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және
жаһандық қауіпсіздікті нығайту
7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз
табысының негізі
10.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ӘділеттіҚазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан
халқына Жолдауы
ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ
ҚОҒАМ
БІРІНШІ БАҒДАР. ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ.
Біз экономикамызда қордаланған мәселелерді жақсы білеміз. Мысалы, шикізатқа әлі де тәуелдіміз. Еңбек
өнімділігі төмен, инновация жеткіліксіз. Ұлттық табыстың игілігін жұрттың бәрі бірдей көріп отырған жоқ.
Әрине, мұның барлығы – күрделі мәселелер. Бірақ, оны шешудің нақты жолдары бар.
Атап айтсақ, бұл – макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру және
цифрландыру. Сондай-ақ, шағын және орта бизнес пен адам капиталын дамыту, заң үстемдігін орнықтыру.
Сондықтан, тың тәсілдер қажет екені сөзсіз.
Экономикалық саясатымыздың негізгі мақсаты еш өзгермейді. Оның мәні – сапалық және инклюзивтік
тұрғыдан халықтың әл-ауқатын арттыру.
Жаңа экономикалық бағдарымыздың басты басымдықтары мыналар:
– жеке кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыру, яғни, мемлекеттік капитализмнен және мемлекеттің
экономикаға шектен тыс араласуынан бас тарту;
– бәсекелестікті дамыту, яғни бәріне бірдей мүмкіндік беру;
– сондай-ақ, ұлттық табысты әділ бөлу.
11.
Екінші. Экономиканы одан ары монополиясыздандыру үшін нақты институционалдық шешімдер қабылдауқажет.
«Конгломерат» ұғымын заң жүзінде айқындап алған жөн.
Нарықтың өзара байланысты субъектілері экономикалық әлеуетін бір жерге шоғырландыру үшін рұқсат
алуға міндетті. Олардың барлық мәмілесін, соның ішінде нарыққа тән емес бағаларды қолдану белгілері
бойынша жасалған келісімдерін де мұқият тексеру керек.
Бірыңғай операторлардың қызметі нарықтық экономиканы дамытуға кері әсер етеді. Сондықтан, бұл
институтты ретке келтірген жөн. Қазір жұмыс істеп тұрған операторларды бәсекелі ортаға беру қажет немесе
монополист деп танып, қызметін монополияға қарсы арнаулы құқық аясында реттеу керек.
Үшінші. Экономиканың тұрақты өсуі салық саясатының түсінікті және болжауға болатындай етіп
жүргізілуіне тікелей байланысты.
Фискалды реттеу ісін қайта жаңғырту үшін 2023 жылы жаңа Салық кодексі әзірленеді. Оның ең түйткілді
тұсы саналатын салықтық әкімшілендіру мәселесі түгел қайта жазылуға тиіс.
Сондай-ақ, жұмыс барысында бетпе-бет кездесу мүлдем болмайтындай етіп, салықтық бақылау қызметін
толық цифрландыру керек.
Тағы бір басымдық – салықтық ынталандыру шараларының тиімділігін арттыру. Ол үшін экономиканың
түрлі саласында дифференциалды салық мөлшерлемесіне көшкен жөн. Пайданың технологиялық жаңғыруға
және ғылыми әзірлемелерге жұмсалған бөлігіне салынатын корпоративті табыс салығын төмендету немесе
одан босату тәсілін енгізу керек.
Салық төлеушілердің салықтан жалтаруға құмарлығын азайту үшін арнайы салық режімдерін жеңілдету
керек. Салық жүктемесін төмендету мақсатында ұйымдарды әдейі бөлшектеуге жол бермеу мәселесі жаңа
кодексте қарастырылуы қажет. Сауда-саттық заман талабына сай дамуы үшін мөлшерлемесі ойға қонымды
әрі рәсімдері қарапайым бөлшек сауда салығын қолдану аясын кеңейту керек.
12. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен республиканың халықаралық бастамаларын анықтаңыз
Қазақстан Республикасы аймақтық және халықаралықдеңгейде ұлттық мүддесін қорғау мақсатында сыртқы саяси
тұжырымдамасынан
туындаған
стратегиялық
басымдықтарын жүйелі түрде іске асырып келеді. Осы
мақсатта еліміз әлемнің барша елдерімен көпжақты,
көпдеңгейлі сыртқы саяси қатынас орнатты. 2023 жылдың
мамыр-маусым айларындағы Қ.Тоқаевтың қатысуымен өткен
бірқатар маңызды халықаралық іс-шаралар соның айғағы.
Осы аралықта Қазақстанға келген мемлекет басшылары қатарында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон,
Сингапур президенті Халима Якоб бар. Президент 26 мамыр мен 19 маусым аралығында Абу Даби Әмірлігін
билеуші әулеттің өкілі шейх Сурур бен Мұхаммед Әл Нахаян, Корея Республикасының Сыртқы істер министрі
Пак Чжин, Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни, Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер
Штайнмайермен кездесті. Кездесулер нәтижесінде ел экономикасы үшін әлеуеті маңызды сауда-экономика,
инвестиция, ғылым салаларындағы біріккен жобаларды іске асыру жөніндегі маңызды құжаттарға қол
қойылды.
13.
Мемлекет басшысының сапарлары мен кездесулерініңдинамикасына қарап, Қазақстанның сыртқы саясаттағы
және экономикалық байланыс орнатудағы белсенді
позициясын аңғаруға болады. Қазақстан алыс-жақын
шет елдермен өзара тиімді қарым-қатынастарды
дамытуға ашық екенін көрсетуде. Мамыр-маусым
айында Президент ҚХР, РФ, Түркия мен Қырғызстанға
мемлекеттік сапар жасады. ҚХР-ға сапарында
Президент бірінші «Орталық Азия – Қытай» саммитіне
қатысты.
Қытайға жасалған сапар барысында құны 22
миллиард доллар 47 құжатқа қол қойылды. 3
маусымда
ҚР
Президенті
Р.Ердоғанның
шақыруымен
Түркия
Республикасының
Президентін ұлықтау рәсіміне қатысып, кейін
Орталық Азия мемлекеттері мен Еуропалық одақ
басшыларының екінші кездесуіне қатысу үшін
Қырғызстанға жұмыс сапарымен барды. Аталған
кездесулер өзге мемлекеттермен экономикалықәлеуметтік байланыстардың нығаюына оң ықпал
етіп, жаңа сапалы деңгейге шығарды.
Қазіргі кезеңдегі геосаяси тұрақсыздық жағдайында
Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясаты белгілі бір
қиыншылықтармен бетпе-бет келуіне қарамастан,
өзінің тиімділігін және сенімділігін көрсетуде.
Біріншіден, мемлекетаралық қол қойылған маңызды
құжаттар өзара серіктестіктен бөлек, елдердің
экономикалық
потенциалын
көтеріп,
саясидипломатиялық қатынас пен өзара сенімді нығайтады.
Екіншіден, жаһандық басымдықтармен үндесетін
тақырыптардағы
форумдар
мемлекетіміздің
экономикалық артықшылықтарын, сауда әлеуетін
көрсету және болашақ перспективалар үшін
инвесторларды ынталандыруға күш салуда.
14.
2023 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан РеспубликасыПарламенті Мәжілісі сайлауының қорытындыларына
сипаттама жасаңыз.
2023 жылғы 19 наурызда Қазақстанда
Парламент
Мәжілісі
мен
барлық
деңгейдегі мәслихат депутаттарының
кезектен тыс сайлауы өтті. Бұл — елдегі
саяси реформалардың жаңа кезеңімен
байланысты аса маңызды саяси науқан
болды.
Сайлау
Президент
Қасым-Жомарт
Тоқаев
бастамасымен жүргізілген саяси жаңғырту аясында
ұйымдастырылды. Оның мақсаты —:
•парламенттік-мәслихаттық жүйені жаңарту,
•партиялық жүйені бәсекелі ету,
•халықтың саяси өмірге қатысу деңгейін арттыру.
15.
Бұл сайлау бұрынғылардан ерекше болды. Себебіалғаш рет аралас сайлау жүйесі қолданылды:
1) Партиялық тізім бойынша — 70% депутат
2) Бірмандаттық округтер бойынша — 30%
депутат
Яғни, азаматтар екі бюллетеньмен дауыс берді:
•бірі — партияға,
•екіншісі — өз округіндегі кандидатқа.
Бұл тәсіл жеке кандидаттардың халық алдындағы
жауапкершілігін күшейтті.
Сайлаудың маңызы
2023 жылғы 19 наурыздағы сайлау:
•Қазақстандағы
саяси
реформалардың
практикалық нәтижесі,
•Парламентті жаңарту кезеңі,
•Көппартиялы бәсекенің күшеюі,
•Жаңа саяси күштердің пайда болуына жол
ашты.
Осылайша, бұл сайлау жаңа саяси дәуірдің
бастауы ретінде бағаланады.
Мәжіліс құрамына бірнеше саяси партия өтті:
•«Amanat»
•«Ақ жол»
•«Aul»
•«Respublica»
•«ЖСДП»
•«Байтақ»
•Сонымен қатар бірмандаттық округтерден тәуелсіз
кандидаттар да өтті.
Бұл партиялық палитраның және саяси бәсекенің
кеңейгенін көрсетті.
16.
Қазақстан Республикасының 2022 жылғы саяси жәнеконституциялық реформаларының негізгі ережелерін анықтаңыз
Бұл конституциялық реформа 2022
жылғы
қаңтардағы
оқиғалардан
кейінгі кезеңде жүргізілді.
1998-2017
жылдардағы
көптеген
конституциялық
түзетулер
мен
реформалардың нәтижесінде елдің
Ата Заңы биліктің бір қолда
шоғырланғанын
заңдастырды.
Мұндай
конфигурация
саяси
дағдарысқа әкелді және қаңтар
оқиғасының
нәтижесінде
мемлекеттілікке қауіп төндірді.
2022 жылғы 5 маусымда ел тарихында екінші рет Конституцияға
қатысты референдум өткізілді. Осылайша суперпрезиденттік
басқарудан президенттік басқаруға көшу, билікті монополиядан
арылту және қоғамдық-саяси және құқықтық институттарды одан
әрі дамыту бағыты белгіленді. 2022 жылғы 17 қыркүйекте
Парламент Конституцияға президент өкілеттігін бір мерзімге
шектеу, ал ұзақтығын 5 жылдан 7 жылға дейін ұзартуға
байланысты түзетулер пакетін қабылдады. Сондай-ақ, өзгерістер
Конституциялық Соттың мәртебесіне әсер етіп, оның
судьяларының өкілеттік мерзімі қайта сайлау құқығынсыз 6
жылдан 8 жылға дейін ұзартылды. Сонымен қатар, тарихи
әділдікті қалпына келтіру мақсатында Қазақстан астанасына
бұрынғы
«Астана»
атауы
қайтарылды.
Саясаттанушы
Д.А.Сәтпаев атап өткендей, «халық қаңтарда және қаңтар
оқиғаларынан кейін өзгерістерді талап етеді. Бұл – биліктің осы
сұранысты қандай да бір жолмен көрсетуге тырысу әрекеті.
Сондықтан, әрине, бұл жоқтан жақсы»
17.
Парламент пен сайлау жүйесіне қатысты өзгерістерМәжіліс пен Сенат-тің өкілеттері мен құрамы қайта
қаралды. Мәжілістің рөлі күшейтілді — заң
қабылдау негізгі өкілетті Мәжіліске берілді; ал
Сенат заңдарды мақұлдау/бас тарту функциясын
алды.
Мәжілістегі депутаттар саны 107-ден 98-ге дейін
азайды. Президентке тағайындалатын Сенат
депутаттарының саны 15-тен 10-ға қысқартылды.
Сайлау жүйесіне өзгеріс енгізілді — Мәжіліс
депутаттарының 70% партиялық тізім бойынша,
30%
—
мажоритарлық
(жеке
мандатты
округтерден) жолмен сайланады. Бұл партиялық,
сондай-ақ тәуелсіз кандидаттардың қатысуына жол
ашады.
Жергілікті өзін-өзі басқару органдары (маслихаттар,
әкімі орындары) мен кейбір жергілікті әкімдер
(әкімдер/қала, аудан басшылары) бұрын президент
не әкім тағайындаған болса — енді олардың
сайлану немесе бекітілу тәртібі өзгертілді.
Конституцияға енгізілген түзетулердің бастапқы
нұсқасында Елбасын Ата Заңнан алып тастау туралы
нормалар болмағанын айта кеткен жөн. Н.Ә.
Назарбаевтың жеке басына қатысты баптарды жою
және
Конституциядан
Елбасына
белгіленген
артықшылықтарды алып тастау жөніндегі бастаманы
Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу
туралы ұсыныстар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының
мүшелері
ұсынды,
оның
құрамында
заң
ғылымдарының
докторлары,
профессорлар
Е.Б.Әбдірасұлов, И.О.Әубәкірова, М.С.Башимов,
Е.А. Оңғарбаев болды.