16.73M
Category: policypolicy

SAYaSATTANU-ZhAENE-AELEUMETTANU-AKADEMIYaLYKH-ShOLU

1.

САЯСАТТАНУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТАНУ:
АКАДЕМИЯЛЫҚ ШОЛУ
Бұл құжат С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің (КазАТУ) «Саясаттану
және әлеуметтану» пәні бойынша дайындалған. Ол саясаттану мен әлеуметтанудың негізгі ұғымдарын,
теорияларын және даму кезеңдерін қамтиды. Мақсаты – студенттерге саяси және әлеуметтік
құбылыстарды терең түсінуге көмектесу және олардың сыни ойлау қабілетін дамыту.
Лектор: Абдильдина Хорлан Садуакасовна
Студент: Мурзағали Таир
Курс: 1 курс, 08-063-25-33 группа, Электр техникасы және автоматтандыру

2.

ҚАЗАТУ-ДЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ: ӘЛЕМДІК
ИНТЕГРАЦИЯ
Кең ауқымды ынтымақтастық
ҚазАТУ әлемнің 30 елінен: Германия, АҚШ, ҚХР, Ресей, Франция, Австралия, Малайзия, Чехия, Болгария, Беларусь республикасы,
Италия, Финляндия, Түркия, Польша, Моңғолия және т.б. 70-тен астам ұйымдармен ынтымақтасады.
Халықаралық орталықтар
Университет базасында екі халықаралық орталық құрылды: Қазақстан-Қытай ғылым және білім орталығы, сондай-ақ ҚазақстанБеларусь инженерлік кадрларды даярлау және қайта даярлау оқу-өндірістік орталығы. Орталықтарды жарақтандыру үшін 300 млн.
теңгеден астам сомаға мүлік пен жабдық алынды.
Академиялық мобильділік және Үштілді білім беру
2012-2015 жылдары әлемнің 22 елінен 105 шетелдік оқытушы жекелеген курстарды оқытуға қатысты. ҚазАТУ-дың 235 оқытушысы
шетелдік тағылымдамадан өтті (43-і "Болашақ" бағдарламасы шеңберінде). 167 пән бойынша оқыту ағылшын тіліне, 48 мамандық
бойынша үш тілде оқыту (қазақ, орыс және ағылшын) енгізілді. Ағылшын тіліндегі пәндерді 99 оқытушы жүргізеді.

3.

ТАҚЫРЫП №1: САЯСАТТАНУ ОҚУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ПӘН РЕТІНДЕ
Адам – саяси жануар.
Аристотель
Пәннің мақсаты
Саясаттанудың қалыптасу кезеңдері
Саяси мәдениеті сапалы қалыптасқан, сыни ойлай алатын, өзіндік азаматтық
позициясы нық, жоғары патриоттық сезімде тәрбиеленген, саяси-әлеуметтік өмірдің
даму заңдылықтарын меңгерген және ғылыми зерттеулердің базасын үйренген
ХІХ ғасырдың аяғында Лондон университетінде экономика және саясат
ғылымдарының мектебі ашылды.
жастарды тәрбиелеп шығару.
1857 жылы Колумбия университетінде Америка тарихында алғаш саяси
ғылымдар кафедрасы (Ф. Либер) ашылды.
1948 жылы Парижде ЮНЕСКО басшылығымен өткен саяси ғылымның сұрақтары
жөніндегі халықаралық коллоквиумда саясаттанудың негізгі мәселелерін ашатын
құжаттар қабылданды.
Саясаттану зерттейтін ғылым
Саяси теория (саяси идеялар тарихы);
Саяси институттар (орталық және жергілікті өкіметтік органдар, мемлекет билік тармақтары, саяси және қоғамдық ұйымдар);
Саяси мәдениет және сана;
Саяси даму және модернизация;
Саясат субъектілері; Халықаралық қатынастар.

4.

САЯСАТТАНУДЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
Саясаттанудың қызметі
Саясаттану әдістері
Танымдық қызмет
Саяси өмір және биліктік қатынастар туралы жүйелі түсінік қалыптастыру және дамудың
тенденциялары мен заңдылықтарын анықтау.
Практикалық қызмет
Саяси теориялар мен тұжырымдар негізінде, мақсатқа жетуге байланысты нақты әдіс-тәсілдерді
ұсынады.
Рационализация қызметі
Мемлекеттің шешімдері мен жүргізіп жатқан реформаларын қарапайым халыққа түсіндіру.
Әлеуметтендіру қызметі
Азаматтық, патриоттық сезімді қалыптастыру және саяси мәдениетті көтеруге байланысты қызмет.
Болжам жасау қызметі
Саяси үрдістің даму тенденциялары мен жетістіктерін анықтау.
Құндылықты (аксиологиялық) қызмет
Адамдардың бойында саяси құбылыстарға қатысты құндылықты бағдарды қалыптастыру. Саяси
Саяси құбылыстар мен үрдістерді тану үшін көптеген әдістер қолданылады. Бұл әдістер – теорияға баға беру
құндылықтар: демократия, адамның құқығы мен бостандығы, Отанға қызмет жасау, келісім,
және тексерудің тәсілдері, сараптау құралы.
ұлтаралық достастық және т.б.
Институционалды әдіс: Конституция, мемлекеттік заңдар, қоғамның нормалары мен тәртібін зерттеу
арқылы дамудың мәнін ашады.
Салыстырмалы әдіс: Саяси объектілерді салыстыра отырып, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын
анықтау.
Әлеуметтанулық әдіс: Нақты саяси құбылысқа әлеуметтанулық зерттеу жүргізу арқылы қоғамның
саясатқа қатынасын білу.
Антропологиялық әдіс: Адам табиғатының ерекшелігінен туындайды, адам типі мен саясат байланысын,
ұлттық сипаттың саяси дамуға әсерін зерттейді.

5.

САЯСАТТАНУДЫҢ НЕГІЗГІ ПАРАДИГМАЛАРЫ
Парадигма – үлгі деген мағына береді. Бұл гуманитарлық ғылымдарға тән сипат. Яғни, бір проблеманы алып зерттегенде бірнеше жолмен, үлгімен зерттеу қажет. Әлеуметтік,
психологиялық, биосаяси, теологиялық және натуралистік парадигмалар бар.
Психологиялық парадигма
Әлеуметтік парадигма
Саясаттағы әлеуметтік қатынастардың әсеріне екпін
жасайды. Қарапайым адами байланыстар (достық,
Адамның саяси іс-әрекетіне психикалық ерекшеліктер
(мотив, ықпал, мәжбүрлік, билікқұмарлық және т.б.)
әсер етеді.
жолдастық, жерлестік т.б.) адамның саяси іс-әрекетіне
ықпал ете алады.
Биосаяси парадигма
Саясаттың биологиялық негізін бақылайды.
Натуралистік парадигма
Саясатқа географиялық факторлар әсер етеді деп
дәлелдейді.
Теологиялық парадигма
Саясатты жаратқан құдай. Бұл парадигманы ғылыми деп
санамасақ та, діни сенімге байланысты жоққа шығара
алмаймыз.
ҚОРЫТЫНДЫ
Саясаттану — адам мен қоғамның саяси өмірін, билік пен басқару қатынастарын зерттейтін оқу және ғылыми пән. Ежелгі грек ойшылы Аристотель «Адам саяси жануар» деп бекер
айтпаған. Бұл тұжырым адамның қоғамнан тыс өмір сүре алмайтынын, оның табиғатында бірігіп өмір сүруге және басқару жүйесін құруға ұмтылыс бар екенін көрсетеді. Сондықтан
саясаттану ғылымы адамның қоғамдық болмысын, билік пен мемлекет құрылымын терең түсінуге мүмкіндік береді. Саясаттануды оқу – саналы азаматтық ұстаным қалыптастырудың,

6.

ТАҚЫРЫП №2: САЯСИ ҒЫЛЫМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ
КЕЗЕҢДЕРІ
Саяси-әлеуметтік ілімдер тарихының төрт ірі кезеңі бар, олар адамзат өркениетінің әрбір даму сатысындағы саяси ойлардың эволюциясын көрсетеді.
Ежелгі дәуір
Философиялық негіздер, патша мен қала мемлекеті
Орта ғасырлар мен Ренессанс
Діннің рөлі және қайта тірілген гуманизм
Заманауи дәуір
Ұлт, құқық және әлеуметтік келісім идеялары
XX-XXI ғғ.
Идеологиялар, демократия және глобализация
Ежелгі дәуір: Философиялық негіздер

7.

ОРТА ҒАСЫРЛАР МЕН ЖАҢА ЗАМАНДАҒЫ САЯСИ ІЛІМДЕР
Орта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәуірі
Орта ғасырлардағы әлеуметтік-саяси ілімнің негізінде діни идеялар жатты. Ал Қайта өрлеу дәуірінде керісінше діни идеяларды теріске шығарып, ежелгі өркениет орталықтарындағы ілімге назар аудара бастады.
Орта ғасырлар. Шығыс: Әл-Фараби
Орта ғасырлар. Батыс: Фома Аквинский
Әл-Фараби «Қарапайым қала тұрғындарының көзқарастары туралы» трактатында қала тұрғындарын бес
Христиандық Батыстағы саяси-әлеуметтік ілімді дамытқан өкілдердің бірі – Фома Аквинский (1225-1274).
топқа бөледі: ең құрметті адамдар, шешендер, өлшеушілер, жауынгерлер және байлар. Оның ойынша,
Оның еңбектері: «Теологияның жиынтығы», «Жаратқан құдайдың абыройы үшін».
байлар – қалада байлық табатындар, егіншілер, мал өсірушілер, саудагерлер, қолөнершілер. Әл-Фараби
қайырымды билеушіде алты түрлі қасиет болу керек деп есептеген: даналық, асқан пайымдылық, сенімділік,
ойлау қабілетінің жоғары болуы, соғыс өнерін жетік білуі, денсаулығының мықты болуы.
Қайта өрлеу кезеңі: Н.Макиавелли

8.

ХХ ҒАСЫРДАҒЫ САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК ІЛІМДЕР
ХХ ғасыр саяси-әлеуметтік ойлардың қарқынды даму кезеңі болды. Бұл дәуірде жаңа теориялар мен концепциялар пайда болып, қоғамдық құбылыстарға терең
талдау жасалды.
Гаэтано Моска (1853-1941)
Ханна Арендт (1906-1975)
Морис Дюверже (1917 ж. туған)
Итальян саясаттанушысы «Басқарушы тап» атты
Австриялық саясаттанушы «Тоталитаризм тамыры»
Француз саясаттанушысы «Саясат идеясы»
еңбегінде қоғамның басқарушыларға және
атты еңбегінде тоталитаризмнің пайда болуын және
еңбегінде саясатқа: «Саясат, бір жағынан алып
бағынушыларға бөлінетінін көрсетеді. Ол алғаш рет
мәнін зерттеген. Тоталитаризмді үшке бөледі:
қарағанда әділдікті орнатушы күш, ал екінші
элита теориясының негізін қалады. Халықты ұлттық
коммунизм, национал-социализм, фашизм.
жағынан идеялар мен принциптер арасындағы
және діни сезімдерге негізделген идеяларды
Тоталитаризмнің тек ХХ ғасырға тән құбылыс екенін
келіспеушілік» деп анықтама береді. Дау-
пайдалана отырып басқаруға болады, ол халықты
дәлелдейді.
жанжалдың екі түрін көрсетеді: горизонтальды және
алдау деп элитаның негізгі қызметін сынайды.
вертикальды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуы – адамзаттың қоғамды басқару, билік қатынастарын түсіну және реттеу тәжірибесімен тығыз байланысты ұзақ тарихи
үдеріс. Ежелгі дәуірде Платон мен Аристотельдің еңбектерінде саясаттың философиялық негіздері қаланды. Орта ғасырларда саясат діни түсініктермен ұштасып,
теологиялық сипат алды. Қайта өрлеу мен Жаңа заман кезеңдерінде Н. Макиавелли, Т. Гоббс, Дж. Локк сияқты ойшылдар саяси биліктің зайырлы және ғылыми
негіздерін қалыптастырды. XIX–XX ғасырларда саясаттану дербес ғылым ретінде орнығып, демократия, идеология, мемлекет және халықаралық қатынастар
мәселелерін кешенді зерттейтін пәнге айналды. Бүгінгі таңда саяси ғылым қоғам дамуының бағыттарын түсінуге және тиімді басқару тетіктерін қалыптастыруға
қызмет етеді.

9.

ТАҚЫРЫП №3: САЯСИ БИЛІК
Саяси билік – қоғамды басқарудың негізгі тетігі және мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуының шешуші факторы. Ол билік субъектісі мен объектісі арасындағы қатынастарды реттеп, қоғамдық тәртіп пен
саяси тұрақтылықты қамтамасыз етеді.
Саясат деген не?
«Адам саяси жануар» Аристотель
Саясат басқару өнері.
Әр адамның саясаты, мемлекеттің саясаты.
Саясат мақсатқа жетудің амал-тәсілі.
«Мақсат әдіс-тәсілді ақтайды» Макиавелли
Саясат бір жағынан алғанда әділеттілікті орнатушы күш, екінші жағынан – келіспеушілік.
«Саясат» термині (грекше politica – мемлекеттік және қоғамдық істер, polis – қала-мемлекет)
Саяси билік дегеніміз – билік ресурстары арқылы субъектінің объектіге сапалы ықпал етуі.
М. Вебер: «Саясат мемлекет ішілік немесе мемлекет
Д. Истон: «Саясат қоғам ішіндегі құндылықтарды билік
А. Бирс: «Саясат принциптер күресін жамылған мүдделер
аралық билікті үлестіруге ықпал ету немесе билікке
арқылы реттеу».
күресі. Жеке бастың пайдасы үшін қоғамдық істерді
қатысуға ұмтылысты білдіреді».
басқару».
Саясат пен билік деңгейлері
Төменгі деңгей: жергілікті мәселелерді шешуді қарастырады. Жекелеген индивидтер немесе жергілікті ассоциациялар арқылы шешіледі.
Аймақтық деңгей: мемлекеттің араласуын талап етеді. Экономикалық дамуға мүдделі топтар мен ассоциациялар саясатты белсене жүргізеді.
Ұлттық деңгей: саясат теориясында орталық орынға ие. Мемлекет ресурстарды үлестірудегі негізгі институт болып табылады.
Халықаралық деңгей: саяси іс-қимылдың негізгі субъектілері ретінде егемен мемлекеттер қатысады.

10.

САЯСАТТЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ БИЛІК ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ
Саясаттың қызметі
Қоғам тұтастығы мен тұрақтылығы
Болашақты болжау, әлеуметтік бағдарды және даму бағыттарын анықтау, оларды ресурстармен қамтамасыз ету.
Ортақ іс-қимылды мобильді және тиімді ету
Индивидке өз әлеуметтік мәртебесін өзгерте отырып, әлеуметтік қажетін қанағаттандыру мүмкіндігін береді.
Басқару және реттеушілік қызметі
Биліктің маңызды мүддесін, қоғамның қажеттіліктерін көрсетеді, олардың өзара байланысын қамтамасыз етеді.
Рационализация қызметі
Топтық және тұлғалық мүдделерді ұсынып, оларды жүзеге асыру үшін ортақ ережелер мен механизмдерді жасайды.
Саяси әлеуметтендіру қызметі
Тұлғаны саяси іс-әрекетке ұйымдастырады, оған саяси рөлдер мен статустар береді.
Құндылықты қызметі
Тұлғаның құқығы мен бостандығына кепілдік береді, қоғамдық тәртіпті сақтайды, азаматтық әлемді қалыптастырады.
Саяси билік ресурстары
Экономикалық қор: Ұлттық валюта, алтын қор, материалдық құндылықтар, пайдалы қазба байлықтары және т.б.
Әлеуметтік қор: Үстемдік етіп отырған билік өзін қолдайтын, сол билікке мүдделі адамдарды іздейді.
Билік тұжырымдамалары
English     Русский Rules