Similar presentations:
Лекция 13
1. Тақырып 12.Балансталған бюджеттер. Мемлекеттің сыртқы және ішкі қарыздары, пайда болу себептері
1.Балансталған бюджет түсінігі және оны рөлі2. Мемлекеттік қарыз ұғымы
3. Мемлекеттік қарыздың пайда болу
себептері,салдары
4. Мемлекеттік қарыздың негізгі көрсеткіштері
2. Балансталған бюджет түсінігі
• Балансталған бюджет – бұл белгілі бір кезеңде(әдетте 1 жылда) мемлекеттік кірістердің
(салықтар, алымдар, дивидендтер және т.б.)
жалпы сомасының, мемлекеттің шығыстарына тең
болатын жағдай:
• Кіріс=Шығыс
• Яғни бюджетте артықшылық (профицит) те,
тапшылық (дефицит) те жоқ.
3. Бюджеттің үш негізгі жағдайы
• Балансталған бюджет - (кіріс = шығыс);• Бюджет тапшылығы (дефицит)- (шығыс > кіріс);
-айырмашылықты мемлекет қарыз алу, резервтерді
пайдалану арқылы жабады;
• Бюджет профициті – (кіріс > шығыс);
-артық қаражат қарызды өтеуге, резерв қорларын (Ұлттық
қор, тұрақтандыру қорлары) толықтыруға жұмсалады.
4. Балансталған бюджеттің рөлі
• Оң көрсеткіштері:• Қарызға тәуелділікті төмендетеді;
• Қарыздық жүктеме мен пайыздық төлемдердің өсуін
шектейді;
• Ұзақ
мерзімде
макроэкономикалық
тұрақтылықты
қолдайды;
• Инвесторларға тұрақты фискалдық саясатың ұстанымын
көрсету.
• Минустары:
• Экономикалық құлдырау кезеңінде шығыстарды қысқарту
қажет болуы мүмкін → әлеуметтік бағдарламалар қысқарады;
• Салықтарды көтеруге итермелеуі мүмкін → бизнестің
жүктемесі өседі;
• Антициклдық фискалдық саясатты жүргізуді қиындатады
(дағдарыс кезінде көбірек шығын жасау керек, ал кіріс
азаяды).
5. Циклді түзетілген (құрылымдық) баланс
Көп елдер циклдік тербелістерді ескеретін бюджеттіксаясатты қолданады:
• Фактілік баланс- нақты кіріс пен шығыс;
• Құрылымдық баланс-«экономика қалыпты, толық
жұмыспен қамтылған жағдайда» бюджет қандай
болады?
• Мақсат: дағдарыста – тапшылықтың болуы,
өсу кезінде – профицит арқылы қарызды азайту.
6. Мемлекеттік қарыз ұғымы
• Мемлекеттік қарыз – бұл мемлекет өзінің бюджеттапшылығын
қаржыландыру
және
ірі
бағдарламаларды іске асыру үшін алған, бірақ әлі
өтелмеген барлық міндеттемелерінің жиынтығы
атаймыз:(негізгі қарыз + үстеме мөлшері);
Қарызды, әдетте, мына жолдармен алады:
• облигациялар (мемлекеттік бағалы қағаздар)
шығару;
• халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз алу (ХВҚ,
Дүниежүзілік банк, ЕҚҚДБ және т.б.);
• басқа
мемлекеттердің үкіметтерінен
немесе
банктерінен;
• ішкі нарықта банктер мен зейнетақы қорларына
бағалы қағаз сату арқылы.
7. Сыртқы және ішкі қарыздар
• Ішкі мемлекеттік қарыз:• мемлекеттің өз елінің резиденттеріне (азаматтар, отандық
банктер, зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары
және т.б.) берешегі;
• ұлттық валютада (тенге) немесе кейде резиденттерге шетел
валютасында да берілуі мүмкін, бірақ көбіне ұлттық
валютада;
• құралдары: ішкі мемлекеттік облигациялар, қысқа мерзімді
қазынашылық вексельдер, ұлттық банктен алынған белгілі
бір қарыз түрлері (заңға сәйкес).
8. Сыртқы мемлекеттік қарыз
• мемлекеттің шетел резиденттеріне (шетелдікүкіметтер, халықаралық ұйымдар, шетел банктері,
инвесторлар) берешегі;
• көбіне шетел валютасында (USD, EUR, SDR және
т.б.);
• құралдары:
еурооблигациялар,
халықаралық
қаржы ұйымдарының несиелері, экспорттық
кредиттік агенттіктердің қарыздары.
9. Жіктелу белгілері
Мемлекеттік қарызды бірнеше өлшем бойынша бөлуге болады:• Мерзімі бойынша:
• қысқа мерзімді- (1 жылға дейін);
• орта мерзімді -(1–5 жыл);
• ұзақ мерзімді- (5 жылдан жоғары).
Валюта түрі бойынша:
• ұлттық валютадағы қарыз;
• шетел валютасындағы қарыз (валюталық тәуекелі жоғары).
Қарыз берушілердің түрі бойынша:
• ресми кредиторлар (басқа мемлекеттер, халықаралық ұйымдар);
• жеке кредиторлар (банктер, қорлар, жеке тұлғалар).
Деңгейі бойынша:
• орталық (республикалық) үкімет қарызы;
• жергілікті басқару органдарының қарызы (егер заңмен рұқсат
етілсе);
• квазимемлекеттік сектор қарызы (ұлттық компаниялар,
мемлекеттік холдингтер) – кейде «жанама мемлекеттік қарыз»
ретінде қаралады.
10. Мемлекеттік қарыздың негізгі көрсеткіштері
Қарыздың ЖІӨ-ге қатынасы:• Қарыз деңгейі=(Мемлекеттік қарыз/ЖІӨ)×100%
- Елдің қарыз жүктемесін халықаралық стандарт пен
салыстыруға мүмкіндік береді.
Бюджет кірістеріне қатысты, қарыз:
- қарызды қайтару үшін жылдық кірістің қанша пайызы
әлеуетті жұмсалуы мүмкін.
Қарызға қызмет көрсету шығыстары:
-пайыздық төлемдер,қосымша негізгі борышты өтеу;
-бюджеттің қандай бөлігі тек қарызды төлеуге кететінін
көрсетеді;
Қарыздың орташа өтеу мерзімі мен пайыздық
мөлшерлемесі:
• Қысқа мерзімді, қымбат қарыз – тәуекелі жоғары;
• ұзақ мерзімді ,арзан қарыз – тұрақтырақ.
11. Мемлекеттік қарыздың пайда болу себептері
- Бюджет тапшылығы• Негізгі себеп-бюджет тапшылығының жүйелі түрде
пайда болуы:
• шығыстарды
тез
өсіру
(жалақы,
зейнетақы,
субсидиялар, инвестициялық жобалар);
• кірістердің жеткіліксіздігі (салық базасының аз болуы,
салықтық жеңілдіктер көптігі, «көлеңкелі экономика»);
Тапшылықты жабу үшін мемлекет жыл сайын қарыз
алады. Егер қарыз алу бұрынғы қарыздарды өтеумен
қатар жүрсе, қарыздың ауыртпалығы туындауы мүмкін.
12. Экономикалық цикл мен дағдарыстар
Дағдарыс жылдары: өндіріс төмендейді, жұмыссыздық
өседі → салық түсімдері азаяды;
• Сол уақытта мемлекеттің әлеуметтік шығыстары артады
(жәрдемақы, қолдау бағдарламалары) → шығындар өседі;
• Осылайша тапшылық көбейеді, қарыз алу қажеттілігі
пайда болады.
• Бұл ретте балансталған бюджет қағидасын қатаң ұстану да
қиын, өйткені дағдарыста мемлекет экономикаға қолдау
көрсетуі тиіс.
13. Инвестициялық және инфрақұрылымдық жобалар
Мемлекет ұзақ мерзімді инфрақұрылымға инвестициясалу үшін қарыз ала алады:
• автожолдар, теміржол, порттар, әуежайлар;
• энергетика (электр станциялары, желілер);
• сумен жабдықтау, канализация;
• цифрландыру және байланыс.
Мәні:
• бүгін қарыз аламыз → халық пен бизнес қазірден бастап
инфрақұрылымды пайдаланады;
• болашақта экономикалық өсім салықтардың артуына
әкеледі → қарызды өтеуге мүмкіндік береді.Егер мұндай
жобалар тиімді таңдалса, қарыз «өзі-өзі өтейді», яғни
ЖІӨ мен салықтық база өседі.
14. Салықтық-бюджет саясатының (фискалдық саясат) қателіктері
• Популистік шешімдер: сайлау алдында жалақы,зейнетақы, жәрдемақыны күрт өсіру;
• Шығыстар құрылымын тиімсіз жоспарлау (тиімсіз
субсидия,
мемлекеттік
кәсіпорындардың
шығындарын ұзақ уақыт дотациялау);
• «Жасырын»
бюджет
шығындары
–
квазимемлекеттік
сектор
арқылы
жасырын
субсидиялар жасау.
15. Қаржы секторындағы және төлем балансының мәселелері
• Валюталық дағдарыстар кезінде, қарызды ұлттықвалюта құнсызданғанда өтеу қиындайды;
• Банктерді қолдау үшін мемлекет қосымша қарыз алып,
қайта капиталдандыру жүргізуі мүмкін;
• Төлем балансындағы тапшылық та кейде сыртқы
қарыз алуды күшейтеді.
Табиғи және техногендік апаттар, форс-мажор
• Жер сілкінісі, су тасқыны, пандемия сияқты жағдайлар;
• Қосымша
әлеуметтік
және
инфрақұрылымдық
шығындар қажет;
• Шұғыл түрде халықаралық қаржы ұйымдарынан қарыз
тартылуы мүмкін.
16. Сыртқы және ішкі қарыздың артықшылықтары мен тәуекелдері
Ішкі қарызға қатысты:Артықшылықтары:
• Әдетте мемлекеттік валютада → валюталық тәуекел аз;
• Өтеу кезінде ақша ел ішінде айналады, ішкі қаржы нарығын
дамытуға көмектеседі;
• Резиденттер үшін қауіпсіз, тұрақты инвестиция құралы
(зейнетақы қорлары, банктер).
Кемшіліктері:
• Ішкі нарық сыйымдылығы шектеулі – шамадан тыс қарыз
алу пайыздық мөлшерлемені көтеріп, жеке секторды
«ығыстырып» шығарады (crowding out effect);
• Инфляция өсуі мүмкін;
• Ұлттық валютада көп қарыз → қажет болғанда оны
«монетизациялау» қаупі бар (ақша шығару арқылы жабу).
17. Сыртқы қарыз
Артықшылықтары:• Ірі көлемде арзан қаржы тарту мүмкіндігі;
• Ұзақ мерзімге берілуі мүмкін;
• Халықаралық ұйымдардан келетін қарыздар көбіне
реформаларды, құрылымдық өзгерістерді қолдайды (техника,
консалтинг, білім беру).
Кемшіліктері:
• Валюталық тәуекел- ұлттық валюта әлсіресе, қарыз
жүктемесі күрт өседі;
• Сыртқы кредиторларға тәуелділік- саяси және экономикалық
әсер ету тетігіне айналуы мүмкін;
• Қарызды қайта қаржыландыру тәуекелі (жаңарту мүмкіндігі
шектелсе, дефолт қаупі өседі).
18. Балансталған бюджет және мемлекеттік қарыз арасындағы байланыс
Егер мемлекетте ұзақ уақыт бойы тапшылықсақталып тұрса, онда қарыз өсе береді:
• Қарыз өскен сайын пайыздық төлемдер де артады,ал
бюджет шығындарының елеулі бөлігі «өзгермейтін
шығындарды» (interest payments) құрайды.
Осыны тоқтату үшін мемлекет:
• балансталған немесе профицитті бюджетке ұмтылады;
• шығындарды оңтайландырады;
• кірісті
ұлғайтады
(салықтық
әкімшілендіруді
жақсартады, көлеңкелі экономиканы азайтады).
Мақсат: қарыздың ЖІӨ-ге қатынасының тұрақты,
қауіпсіз деңгейін ұстап тұру.
19. Қазақстанның мемлекеттік қарызының құрылымы
Әдетте Қазақстанда:• Ішкі қарыздың үлесі – отандық нарықта тенгемен
шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздар күйінде;
• Сыртқы қарыздың үлесі – халықаралық ұйымдар
мен еурооблигациялар арқылы алынған қарыздар
күйінде;
• Сонымен
қатар
квазимемлекеттік
сектор
қарыздарынан (ұлттық компаниялар, холдингтер)
тұрады.
20. Қарыздың пайда болу себептері (Қазақстан контексті)
• Инфрақұрылымдық және индустриялық жобалардықаржыландыру (жол, ТЭЦ, өндіріс жобалары);
• Әлеуметтік міндеттемелерді орындау (жалақы, жәрдемақы,
субсидиялар);
• Әлемдік мұнай
бағасының
құбылуыэкспорттық
операцияларлың түсімдерінің төмендеуіне байланысты
тапшылықты жабу қажеттілігі;
• Дағдарыс жылдарында: (2008–2009, 2014–2015, 2020
пандемия, 2023-2024 табиғи төтенше жағдай ) экономиканы
қолдау шаралары жүргізілген.
21. Фискалдық тәртіп және Ұлттық қор
• Қазақстанда Ұлттық қоры-мұнай-газ бойыншакірістерді
жинақтауға
мақсатталған.
Теориялық түрде:
• Тұрақты даму жылдары-Ұлттық қорды көбейту,
қарызды азайту;
• Дағдарыс
туындағандаҰлттық
қордан
трансферттер арқылы бюджет шығыстарын қолдау.
• Бұл тәсіл - орта мерзімдік перспективада
балансталған және тұрақты бюджетті қамтамасыз
етуге бағытталған.
22. Мемлекеттік қарызды басқару қағидаттары
Орта мерзімді қарыз алу стратегиясы:-валюталық құрамын, өтелу кестесін, пайыз
мөлшерлемелерін оптимизациялау.
Қарыздың қауіпсіз деңгейін сақтау:
-қарыз/ЖІӨ;
қарыз/кіріс;
қызмет
көрсету
шығыстары/бюджет-көрсеткіштеріне
лимиттер
белгілеу:
Қарыз қаражатын тиімді пайдалану:
-тек экономикалық және әлеуметтік қайтарымы
жоғары жобаларға бағыттау.
23. Қорытынды
Демек, Балансталған бюджет – ұзақ мерзімді қаржылықтұрақтылықтың маңызды шарты, бірақ оны қатаң түрде жыл
сайын сақтау әрқашан тиімді емес;
Мемлекеттік қарыздың болуы қауіпті құбылыс емес; ол
инфрақұрылым, білім, денсаулық сақтау сияқты стратегиялық
салаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді;
Негізгі талап – қалыптасқан қарызды басқару, оның тиімділігін
және қайтарымын қамтамасыз ету.
Сыртқы
және
ішкі
қарыздардың
әрқайсысының
артықшылықтары мен тәуекелдері бар, сондықтан мемлекет
қарыз портфелін әр-тараптандырып, валюталық және пайыздық
тәуекелдерді шектеуі тиіс.
24. 2023 және 2024 жж. мемлекеттік қарыздың құрылымы (бағалау) Теңгемен (трлн тг)
Жыл(есеп күні)
Көрсеткіш
Жалпы
мемлекеттік
қарыз,
трлн тг
Оның ішінде
ішкі қарыз,
трлн тг
(бағалау)
Сыртқы
қарыз,
трлн тг
(бағалау)
ЖІӨ-ге үлесі
2023 соңы
(01.01.2024)
Барлық
мемлекеттік
қарыз
27,0
≈ 19,3
≈ 7,7
22,8%
2024 есеп
жылы
Оның ішінде
Үкімет
қарызы:
24,9
–
–
20,9%
2024 соңы
(01.01.2025)
Барлық
ұлттық қарыз
(national debt)
31,8
≈ 23,9
≈ 7,9
≈ 23–24%
(бағалау)
25. 2022–2024 жж. Қазақстанның мемлекеттік қарызы
Мемлекеттік
қарыз,
Жыл
жалпы
(млрд
тг)
Үкіметті
ң
қарызы
(млрд тг)
Ішкі
үкіметтік
қарыз
(млрд тг)
Сыртқы
үкіметті
ЖІӨ
к қарыз
(млрд тг)
(млрд
тг)
Қарыз
дың
ЖІӨге
қатын
асы
(%)
2022
25317.7
22008.8
14165.0
7843.7
103570.4
24.4
2023
27165.7
24914.7
17834.0
7080.7
119123.7
2024
31838.1
30074.9
21765.2
8309.7
134252.9
23.7
26. 2022–2024 жж. Қазақстанның мемлекеттік қарызы диаграммасы
27. үкіметтің ішкі және сыртқы қарызының (млрд тг) 2022–2024 жж. динамикасы:
Жыл2022
(01.01.2023 ж.
күйі)
2023
(01.01.2024 ж.
күйі)
2024
(01.01.2025 ж.
күйі)
Мемлекеттік қарыз,
трлн тг
ЖІӨ-ге үлесі
25,3 трлн тг
24,9%
27,0 трлн тг
22,8%
31,8 трлн тг
23,7%