5.36M

Терроризм

1.

Талибан
Ауғанстандағы исламистік,
ұлтшыл, көптеген елдерде террористік деп
танылған діни-саяси қозғалыс. 1990
жылдардың екінші жартысында пайда
болған, 1996 жылдан 2001 жылға дейін
елдің төрттен үш бөлігін басқарды,
американдық басқыншылықтан кейін
құлатылды

2.

Жаһандық мәселеге айналу себебi
Терроризм XX–XXI ғасырлар тоғысында кең етек жайды;
Ақпараттық және технологиялық дамумен бірге таралуы жеңілдеді (интернет,
әлеуметтік желілер арқылы насихат);
Кейбір елдердегі саяси тұрақсыздық, кедейшілік, діни және этникалық
қақтығыстар негізгі себептер;
БҰҰ терроризмді бүкіл әлемдік
бейбітшілікке, адам құқықтарына және
мемлекеттердің егемендігіне қауіп
төндіретін фактор ретінде ресми түрде
жаһандық проблема деп атап көрсетті.

3.

ЖАҺАНДЫҚ ПРОБЛЕМАЛАР АРАСЫНДАҒЫ
құбылыс емес; ол көптеген әлемдік мәселелермен өзара
байланыс: Терроризм оқшау
ықпалдасып, әрқайсысының ауқымын тереңдетеді:
Миграция: террорлық қақтығыстардан қашқан миллиондаған адам босқынға
айналып, көші-қон дағдарысын күшейтеді.
Экономикалық тұрақсыздық: ұзаққа созылған террорлық әрекеттер
инвестициялық климатты нашарлатады, өндіріс пен сауданы әлсіретеді,
жұмыссыздықты арттырады.
Әлеуметтік теңсіздік: қоғамдағы әділетсіздік сезімі радикал топтарға
адамдарды тартуға мүмкіндік береді.
Ақпараттық қауіпсіздік: интернеттегі жалған ақпарат, фейк жаңалықтар,
экстремистік контенттің таралуы ақпараттық кеңістікті ластап, қоғамдық пікірді
бұрмалайды.
Экологиялық мәселелер: ресурстар үшін күрес, аумақтық даулар жанама түрде
террорлық топтардың күшеюіне әсер етеді.

4.

Қамту аймақтары (жекелеген елдер, құрлықтар бойынша)
Азия
Африка
Еуропа
Сирия
Нигерия
Франция
Ирак
Сомали
Ұлыбритан
ия
Ауғанстан
Судан
Пәкістан
Ливия
Германия
Италия
Солтүстік
Америка
ТМД
елдері
АҚШ
Ресей
Мексика
Тәжікстан
Канада
Өзбекстан
Гаити
Әзербайжан

5.

Мәселенің салдары
Терроризмнің зияны тек құрбандар санымен шектелмейді;
оның жаһандық деңгейде ұзақ мерзімді салдары бар
• Адам шығыны және жарақаттар – бейбіт халық зардап шегеді,
қоғамда қорқыныш пен психологиялық күйзеліс көбейеді.
• Экономикалық шығындар – инфрақұрылымның бұзылуы,
туризмнің төмендеуі, инвесторлардың кетуі мемлекеттердің
экономикалық дамуын тежейді.
• Қоғамдық тұрақсыздық – халық арасында сенім дағдарысы
туындайды, этносаралық және дінаралық шиеленістер күшеюі
мүмкін.
• Халықаралық қатынастардың шиеленісуі – мемлекеттер арасында
санкциялар, әскери операциялар, бақылау шаралары күшейеді.
• Босқындар мәселесі – қақтығыс аймақтарынан миллиондаған
адам басқа елдерге қоныс аударады, бұл жаңа әлеуметтік
қиындықтарға әкеледі.

6.

Шешу жолында жасалып жатқан жұмыстар
Халықаралық ұйымдар деңгейінде:
1. БҰҰ – Терроризмге қарсы жаһандық стратегия қабылдап, мемлекеттердің өзара іс-қимылын үйлестіреді.
2. ЕҚЫҰ – Еуропадағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, терроризмнің алдын алу және
шекаралық қауіпсіздікті күшейту бағытында шаралар жүргізеді.
3. ШЫҰ – Аймақтық қауіпсіздікті нығайтып, терроризмге қарсы бірлескен іс-шаралар ұйымдастырады. РАТС
құрылымы арқылы ақпарат алмасу мен оқу-жаттығулар өткізіледі.
4. Интерпол: халықаралық деңгейде терроризммен айналысатын тұлғаларды іздестіреді.
Жеке елдер деңгейінде:
1. АҚШ, Ресей, Қытай, Түркия және т.б. елдер ұлттық қауіпсіздік стратегиясын күшейтті;
2. Барлау қызметтері, киберқауіпсіздік орталықтары құрылды.

7.

Халықаралық саммиттер мен кездесулер
БҰҰ Бас Ассамблеясы – терроризмге қарсы
резолюциялар мен халықаралық келісімдер
қабылдайды.
G20 саммиттері – әлемдік мемлекет басшылары
терроризммен күрестің экономикалық және
ақпараттық аспектілерін талқылайды.
ШЫҰ және ТМД саммиттері – аймақтық қауіпсіздік,
бірлескен операциялар, ақпарат алмасу мәселелерін
қарастырады.
Астана процесі – Сириядағы қақтығысты бейбіт жолмен
шешуге бағытталған маңызды дипломатиялық алаң.

8.

Терроризмге қарсы қабылданған құжаттар
БҰҰ-ның “Global Counter-Terrorism Strategy” (2006)
– халықаралық ынтымақтастықтың негізгі құжаты.
Еуропалық терроризмге қарсы конвенция (1977) –
террорлық қылмыстарға қарсы құқықтық негіз қалайды.
ШЫҰ-ның аймақтық терроризмге қарсы құрылым
ережесі (2004) –бірлескен операциялар мен ақпарат
алмасу тәртібін бекітеді.
Қазақстанның “Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы” заңы – ұлттық деңгейдегі құқықтық және алдын
алу тетіктерін анықтайды.

9.

Қазақстанның әлемдік проблемаларды шешудегі үлесі
Қазақстан халықаралық қауіпсіздік жүйесіне белсенді қатысып, бірнеше маңызды бастамалар ұсынады:
Терроризмге қарсы 12 халықаралық конвенцияға қосылған
Астана процесі Сирия келіссөзінің ең тиімді дипломатиялық алаңдарының бірі болды
БҰҰ-дағы бейбітшілік миссияларын қолдайды, ядролық қарусыздануға қатысты жаһандық бастамаларды алға шығарады
Діндер арасындағы үнқатысу съезін өткізу арқылы
экстремизммен мәдени және гуманитарлық деңгейде
күреседі
ҚР ҰҚК, ІІМ және арнайы бөлімшелер терроризмнің алдын
алу, киберқауіпсіздік және шекаралық бақылауды күшейту
бойынша жүйелі шаралар жүргізеді.

10.

Қорытыңды
Терроризм – мемлекеттердің аумақтық шекарасынан тыс, бүкіл адамзатқа ортақ қауіп.
Онымен күрес тек әскери немесе құқықтық шаралармен шектелмейді; білім беру,
мәдениет, әлеуметтік әділеттілік, халықаралық ынтымақтастық – ұзақ мерзімді және
тұрақты шешімнің негізгі элементтері.
Қазақстан да жаһандық бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған
бастамаларымен халықаралық қауымдастыққа айтарлықтай үлес қосып келеді.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАҚМЕТ!
English     Русский Rules