Жақсы мен жаман
Сұрақтар
«Жақсы» мен «жаман» концептісі қандай ақпарат негізінде ұсынылған?
«Жақсы-жаман» концептісі
«Жақсы-жаман» концептісі
Жақсы-жаман концептілік аясы
Жақсы-жаман концептілік аясы
Жақсы-жаман концептісі
Жақсы-жаман концептісі
88.40K

Жақсы-жаман

1. Жақсы мен жаман

(«Тіл және мәдениет» курсы )

2. Сұрақтар

Жақсы адам деп кімді айтамыз? Оған қандай
қасиеттер тән?
Жаман адам деп кімді айтамыз? Оған қандай
ерекшеліктер тән?
«Жақсы» мен «жаман» туралы Сіздің ойыңыз.
Өмірде кездестірдіңіз бе?

3. «Жақсы» мен «жаман» концептісі қандай ақпарат негізінде ұсынылған?

І
Жақсы тауып сөйлейді, Жаман қауып сөйлейді;
Жақсының жақсылығын айт – нұры тассын,
Жаманның жамандығын айт – құты қашсын;
Жақсы сөз – жарым ырыс; Жаман сөз – жанға
кірген тікен;
Жаманның тілі – ащы, Көк мияның гүлі ащы;
Жаман айтпай, жақсы жоқ.

4. «Жақсы-жаман» концептісі

ІІ
Жаман атқа жал бітсе, жанына торсық
байлатпас, Жаман адамға мал бітсе, жанына
қоңсы қондырмас;
Жаман адам төршіл келеді, Жаман қой өршіл
келеді;
Жақсы ит өлімтігін көрсетпейді.

5. «Жақсы-жаман» концептісі

ІІІ
Жаман дос – көлеңке: басыңды күн шалса, қашып
құтыла алмайсың; басыңды бұлт шалса, іздеп
таба алмайсың (Абай);
Жақсы адам жолдасынан белгілі;
Жақсы әке – жаман балаға қырық жыл азық;
Жақсы әйел – ырыс, жаман әйел – ұрыс;
Жаман үйдің қонағы билейді.

6. Жақсы-жаман концептілік аясы

жақсыжаман

7. Жақсы-жаман концептілік аясы

адам
сөз
жақсыжаман
мал
табиғат

8. Жақсы-жаман концептісі

Жақсы-жаман концептілік аясы – сөз, адам, табиғат,
мал, дерексіз ұғымдар арқылы ассоциацияланып,
когнитивтік құрылым ретінде көрініс табады.
«Жақсы - жаман» концептісі қазақ халқының
танымында ең бір өрісі мол концептілік
құрылымдардың бірі.
«Жақсы – жаман» концептісі қазақ лингвомәдени
қауымдастығының тарихи, әдеби, әлеуметтік және
мәдени фонын құрайтын тілдік бірліктермен тығыз
байланысты. Аталған концептілік аяны құрайтын
фразеологиялық және паремиологиялық сөздік қор
қазақ тілінің лексикасындағы ең бір бай да құнарлы
сала болып табылады.

9. Жақсы-жаман концептісі

«Жақсы

жаман»
концептісінің
ұғымдық
құрастырушыларына мыналар енеді:
дерексіз этникалық категория екендігі;
адамның мінез-құлқын, жүріс-тұрысын және іс-әрекетін,
психологиялық ішкі жан-дүниесін сипаттайтын тұрақты
сапалық белгі;
адамның сезімін білдіруі. Адамның тұрақты сапалық белгісі
ретіндегі ұғымдық компонент қазақ тіліндегі жақсы,
жаман, жақсылық, жамандық тәрізді есім сөздер арқылы
беріледі. Осы орайда сын есімдер заттанған қалыпта адамға
теліну арқылы беріледі. Мысалы: Жақсы тауып сөйлейді,
Жаман қауып сөйлейді; Жақсының жақсылығын айт – нұры
тассын, Жаманның жамандығын айт – құты қашсын т.б.
English     Русский Rules