Философияның пәні, мақсаты және қызметтері
ЖОСПАР:
Дүниегекөзқарас (дүниетаным) – объективтік дүниеге, болмысқа, адамға және тіршілікке деген неғұрлым жинақталған, қорытылған
Дүниегекөзқарастың тарихи түрлері:
Мифология (грекше мифос, аңыз, шежіре; логос – сөз, ілім) – алғашқы қауымдық қоғамға тән дүние туралы қияли-ғажайып, танымдық
Мифология түрлері: Анимизм – (лат. anima – жан, рух) – рух, жан барлық тірі жандыларға тән деген ұғым. Фетишизм - заттарға
Дін – жаратылыстан, адам мен адамзаттан тыс, құдіретті күшке сенуге негізделген рухани қоғамдық сана формасы.
Діни ұғымдар, ілімдер Деизм – (лат. Deus - Құдай) – Құдай дүниені жаратады, бірақ қоғам өміріне араласпайды деген ағартушылық
Политеизм (грек сөзінен poli-көп, theos-Құдай) – көп құдайға табынушылық. Монотеизм (грек сөзінен monos-жалғыз, theos-Құдай) –
Догма (грек сөзінен dogma-пікір) – шындықтан алыс, зерттеусіз, тексерусіз, соқыр сенімге ғана сүйенген қағида. Фидеизм (латын
Философия мәселелері, әдістері және қызметтері
Философия ілімінің негізгі әдістері:
Назарларыңызға рахмет!
1.04M
Category: philosophyphilosophy

Философияның пәні, мақсаты және қызметтері

1. Философияның пәні, мақсаты және қызметтері

2. ЖОСПАР:

1. Философиялық білімнің негізгі
сипаттары
2. Дүниегекөзқарастың тарихи типтері
3. Философияның функциялары мен
әдістері
4. Философияның негізгі құрылымдары

3. Дүниегекөзқарас (дүниетаным) – объективтік дүниеге, болмысқа, адамға және тіршілікке деген неғұрлым жинақталған, қорытылған

біртұтас
көзқарастар мен қағидалар.
Дүниегекөзқарас түрлері:
- әдеттегі, қарапайым, күнделікті
өмірлік көзқарас;
- діни көзқарас;
- философиялық дүниегекөзқарас.

4.

5.

6. Дүниегекөзқарастың тарихи түрлері:

Мифология (аңыз)
Философия
Дін

7. Мифология (грекше мифос, аңыз, шежіре; логос – сөз, ілім) – алғашқы қауымдық қоғамға тән дүние туралы қияли-ғажайып, танымдық

қоғами сана формасы.

8. Мифология түрлері: Анимизм – (лат. anima – жан, рух) – рух, жан барлық тірі жандыларға тән деген ұғым. Фетишизм - заттарға

табыну
Тотемизм –жан-жануардың шығу тегі мен
адам баласының шығу тегін
байланыстыру
Магия – құпия тылсым күшке табыну

9. Дін – жаратылыстан, адам мен адамзаттан тыс, құдіретті күшке сенуге негізделген рухани қоғамдық сана формасы.

10. Діни ұғымдар, ілімдер Деизм – (лат. Deus - Құдай) – Құдай дүниені жаратады, бірақ қоғам өміріне араласпайды деген ағартушылық

ілім

11. Политеизм (грек сөзінен poli-көп, theos-Құдай) – көп құдайға табынушылық. Монотеизм (грек сөзінен monos-жалғыз, theos-Құдай) –

Политеизм (грек сөзінен poliкөп, theos-Құдай) – көп
құдайға табынушылық.
Монотеизм (грек сөзінен
monos-жалғыз, theos-Құдай) –
бір құдайға табынушылық.

12. Догма (грек сөзінен dogma-пікір) – шындықтан алыс, зерттеусіз, тексерусіз, соқыр сенімге ғана сүйенген қағида. Фидеизм (латын

Догма (грек сөзінен dogmaпікір) – шындықтан алыс,
зерттеусіз, тексерусіз, соқыр
сенімге ғана сүйенген қағида.
Фидеизм (латын сөзінен fidesсенім) – ғылымды дінге
бағындыруға әрекет жасайтын
көзқарас.

13. Философия мәселелері, әдістері және қызметтері

Философия (грекше phileo –махаббат,
құштарлық, sophia - даналық)
даналыққа құштарлық, даналықты
сүю мағынасын береді.
Философия - адам және оның айналасы
туралы тәжірибелік және практикалық
білімдер жиынтығы

14.

Философия – қоғамдық сананың ерекше
формасы, дүниегекөзқарастың ғылымитеориялық түрі, болмыс пен сананың
жалпы принциптері, адамның адамға,
дүниеге
қатынасы
туралы
ойлауды
қарастыратын әмбебап ілім.
Тұңғыш рет “философия”
терминін б.з.б. VI ғ.
Пифагор қолданған.

15.

16.

Философияның ежелгi грек ойшылдарының
дәуiрiнен берi “даналыққа құштарлық” деп
анықталып келгендiгi белгiлi.
Пифогор “даналыққа құштарлық” деп анықтаған,
себебі әлемде бәрі үйлесімділікпен дейді.
Сократ
“философия”
терминiн
даналыққа
құштарлықты, ақиқатқа жетуге деген құмарлықты
белгiлеу ретiнде пайдаланған.
Платон философия ұғымын “ғылым” сөзiнiң
мағынасына жақын қолданады.
Аристотель философия бұл өзін өзі іздеген ғылым
деп анықтаған

17.

Аристотель болса, болмыстың iргелi негiздерiн
айқындауға мүмкiндiк беретiн жалпылама ғылым,
“бастапқы философияны” метафизика деп атады.
“Физика”, әдетте, жаратылысты, натуралды табиғатты,
оның заттар мен процестердегi сыртқы көрiнiсiн
зерттейдi. Демек “метафизиканың” үлесiне бұл
құбылыстардан “кейiн” тиесiлi. Аристотель заттардың,
жағдайлардың, құбылыстардың, процестердiң сыртқы
көрiнiсiнiң арғы жағында мәндiлiк бар. Метафизика осы
мәндiлiктi, болмыстың универсалдық заңдылығын,
сезiмдiк таным деңгейiнен тыс, тiкелей және жанама
қабылдаудан жасырын жатқан нақтылықты зерттейдi.
Бұл “арғы жаққа үңiлу” жасырын нақты мәндiлiктi
ашуға бағытталған белсендi танымдық ойлаудың
қозғалысы, пайымдаушы күш.

18.

Фәлсафа мен философияның негізгі бір, сенім мен таным
ортақ болғанымен өзіндік көзкарастары ерекшеленеді.
Орта ғасыр дүниетанымынан жаңа заманға дейін
философия тарихында өзіндік орны бар ілімді ғылымда
фалсафа деп атау дәстүрі қалыптасқан. Өкілдері мұсылман елдерінен шыққан ойшылдар еңбектерін араб
тілінде жазған. Сол себепті де ғылыми болсын, жалпы
әдеби салада «араб тілінде жазылған философия» яки
«араб жерінің философтары» деген сөз тіркестері бар.
Түрлі ұлт өкілдері болғандықтан өз діліне байланысты
ойлау ерекшелігі калыптасатындығы шынайы көрініс.

19.

Философ Ғ.Есім «фәлсафа» философия дегеннің
арабшаланған түрі деп танытқан. Орта ғасыр
мәдениетінде жеткші рөлде араб тілі болған,
рухани өмірі басында да, осы тіл халыкаралық
тілдің рөлін атқарған. «Фалсафа ілімінің өкілі
мұсылмандыққа қарсы шықпаған, керісінше,
әлемдік мәдениет үлгілерін, философтарды
мұсылмандық
дүниетаныммен
бейімделген.
Фалсафаның бұл табиғи-тарихи қажеттілігі, Араб
халифтері және елдің зиялы қауымы мұсылман
мәдениетінің, өнерінің деңгейін жоғары түсінуінде
болса керек.

20.

Ертеректе ислам дінін қылыштың жүзімен, білектің күшімен
жер-жерге зорлап енгізсе, бүл тәсілдің өміршең еместігін
халифтер, кеңесшілері түсініп, әлемді меңгерудің жолы
ғылым, өнер, білім, философия салалардың өрбіп-өсуіне бар
мүмкіндіктерді жасайды. Осындай саясаттың негізінде араб
тіліндегі философия пайда болды, ол тарихта «Фәлсафа»
деген атпен қалды... фалсафа антикалық философияны араб
тілінде, мұсылмандык дүниетаным негізінде кайта
жандандырған»

21.

22.

23.

Дүниетанымдык - өмір өрісінің ақикаттылығын ашу
«философиялык мәнде нағыз өмірмен өзектесіп жаткан дүние
шындығының астарлы ақиқаты. Ұлттық болмыстың кадіркасиет, дарын-кабілеті өрісін ашып, сөз өнерінің мән-мазмүнын
«нұрландырып», дүниетаным тіршілігінің өзіндік ерекшелігін
айқындаған. Дүние сырын қисынына қарай тереңінен зерделей
отырып, ақыл таразысымен саралайтын, ой. Дүниетанымдық
түсінігінің маңызы туған жердің үлан-ғайыр уақыт пен кеңістік
әлемінде жалпы дүниенің тіршілік-тынысын сезіну, жаратылыс
әлемінің тылсым сырын жете танып-түйсіну.
Гносеологиялық- философияның механизмдерін, тәсілдері мен
әдістерін анықтау мақсатында адамның танымдық іс-әрекетін
теориялық зерттеуді жүзеге асырудың танымдық қабілеті
Методологиялық
функция
философияның
қоршаған
шындықты танудың негізгі әдістерін дамытатындығында

24.

Ой-теориялық функция философияның концептуалды
ойлауға және теориялауға — қоршаған болмысты барынша
жалпылауға, қоршаған дүниенің ойлау-логикалық сұлбаларын,
жүйелерін құруға үйрететіндігінде көрінеді.
Аксиологиялық функция мақсаты-"елеуіш" болу, ол
арқылы барлық қажетті, құнды және пайдалы заттарды өткізіп,
тежегіш пен ескіргенді тастау. Аксиологиялық функция әсіресе
тарихтың бетбұрыс кезеңдерінде (орта ғасырлардың басы Рим
құлағаннан кейін жаңа (теологиялық) құндылықтарды іздеу;
Қайта өрлеу дәуірі; Реформация; ХІХ ғасырдың аяғы — ХХ
ғасырдың басындағы капитализм дағдарысы. т.б.). Әлеуметтік
функция-қоғамды, оның пайда болу себептерін, эволюциясын,
қазіргі жағдайын, құрылымын, элементтерін, қозғаушы
күштерін түсіндіру; қайшылықтарды ашу, оларды жою немесе
жұмсарту, қоғамды жетілдіру жолдарын көрсету.

25.

Сындарлы функцияның рөлі - қоршаған әлемге және бар
білімге күмән келтіру, олардың жаңа ерекшеліктерін,
қасиеттерін іздеу, қайшылықтарды ашу. Бұл функцияның
түпкі міндеті — білімнің шекарасын кеңейту, догмаларды
жою, білімнің сүйектенуі, оны модернизациялау, білімнің
сенімділігін арттыру.
Тәрбиелік-философияның гуманитарлық қызметі гуманистік құндылықтар мен мұраттарды тәрбиелеу, оларды
адам мен қоғамға сіңіру, адамгершілікті нығайтуға ықпал ету,
адамның қоршаған әлемге бейімделуіне және өмірдің мәнін
табуына көмектесу.
Болжамдық функция ол қоршаған әлем мен адам туралы
қолда бар философиялық білімге, таным жетістіктеріне сүйене
отырып, материяның, сананың, таным процестерінің,
адамның, табиғаттың және қоғамның даму тенденцияларын,
болашағын болжаудан тұрады

26. Философия ілімінің негізгі әдістері:

ФИЛОСОФИЯ ІЛІМІНІҢ НЕГІЗГІ ӘДІСТЕРІ:
Диалектика – заттар мен құбылыстардың ішкі қайшылыктарын,
олардың өзгеру, даму ерекшеліктерін, себеп-салдарлық байланыстарын,
карама- карсылықтардың бірлігі мен күресін ескере отырып
карастыратын әдісі.
Метафизика – диалектикаға карама-қарсы метафизика әдісі байланыста
емес, жеке-дара, әрі статистикалық сипатта. Өзгерістер, даму мүлде
ескерілмейді, біржақты көзкарас ұстанумен байланысты.
Софистика – пікірталаста қарсылысын жеңу үшін қарама-қарсы ойды
белсенді ұстана отырып, өзгенің тұжырымын жан-жақты саралау әдісі,
бұл әдіс жаңадан пайда болатын ойға ықпал етеді. «Дүниеге жаңа ой келу
не ойдың туылуы»- деп қарастырады Сократ.
Герменевтика – философиялық мәтіндерді түсіндіріп анализдеуде және
адамның немесе әлеуметтік топтың харекетін талдауда қолданылатын
әдіс. Ойдың астарлы жұмыс жасауы осы әдіске байланысты.
Эвристика- теоретикалық зерттеу мен ақиқатты іздеудің логикалық
тәсілдер
мен
әдіснамалық
ережелерінің
жиынтық
ретінде
қарастырылады.

27.

Философия пәні келесідей негізгі құрылымнан тұрады:
Онтология дегеніміз - болмыс мәні, болмыстың шығуы,
жалпы болмыс туралы ілімді зерделейтін бөлім.
Гносеология - таным ерекшеліктерін, танушы субъектің
таным үрдісіне ыкпалы және оның нәтижелерін, таным
шектілігі мен шексіздігі, дүниені танып-білу мүмкіншілігі,
адам дүниені қалай таниды, акиқат дегеніміз не, таным
түрлері, жалпы таным туралы ілім болып табылады. Ақиқат гносеологиядағы негізгі категория.
Антропология - адам туралы ілім, ягни адам, оның тіршілігі,
тіршілік мәні, адамның рухани өмірін карастыратын бөлім:
адамның өмірі мен табиғаты, антропогенез, адам санасы, мәні,
адамның рухани дамуы, адам өмірінің мәні, жоғарғы
моральдық құндылықтар, философиядағы адам туралы ілім.

28.

Құндылық (аксиология) туралы жалпы түсінік XIX
ғасырдың ортасында пайда болған. Бүл адамның өзін
коршаған материалдык және рухани дүниесін осы
күндылыктар аркылы бағалауымен астасып жаткан,
өмірді және қоғамдағы карым- қатынасты бағалай
білушілік, адам баласының өмірге деген 8
құштарлығының жағымды жактары, яғни мәдениеттің
құрамдас бір бөлігі.
Этика - мораль туралы ілім, яғни қоғамда
қабылданған ереже-тәртіп нормаларын ұстану.
Қалыптасу, даму тарихы ежелгі грек ойшылы
Аристотель
шығармашылығымен
байланысты:
әсемдікке,
сұлулыққа,
ізгілік,
мейірімділік
ұғымдарымен байланысты болған.

29.

Логика - дұрыс ойлаудың заңдары және ережелері туралы
ғылым. Логика адам баласының рухани болмысының ең
жоғары формасы. Гректің «ойлау, түсіндіру», «ақыл, ой»
сөздерінен шыккан.
Эстетика гректің «сезіну, сезімдік» сөзінен шыққан. Адамның
дүниені талғампаздыкпен ұғынуы, қабылдауы, сұлулыктың
заңдары мен ережелері туралы ілім.
Әлеуметтік философия - қоғамды ерекше құбылыс ретінде ала
отырып, оның мән-мазмүнын саралайтын бөлім. Қоғамды
тереңінен зерттеп, зандылыктарына сүйеніп, жоғарыда аталып
өткен бөлімдермен тығыз байланыста адамның дүниеге деген
қарым-катынасының мәнін ашу.
Саяси философия- философияның бұл бөлімі саясат мәселесін
зерттеуде оның теориялык әдіснамалык, дүниетанымдык және
құндылықтық негіздеріне сүйенеді.

30. Назарларыңызға рахмет!

English     Русский Rules