Саркомастигофоралар типі
Қарапайымдылар
Саркомастигофоралар типі
Тамыраяқты класс тармағы - Rhizopoda
СӘУЛЕТӘРІЗДІЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ – RADIOLARIA
КҮНТӘРІЗДІЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ – HELIOZOA
ТАЛШЫҚТЫЛАР КЛАСЫ - MASTIGOPHORA НЕМЕСЕ FLAGELLATA
Талшықтылар класы қоректену тәсіліне қарай екі класс тармағына бөлінеді:
ӨСІМДІКТЕКТЕС ТАЛШЫҚТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ:
Phytomastigina
ЖАНУАРТЕКТЕС ТАЛШЫҚТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ -ZOOMASTIGINA
ZOOMASTIGINA
ZOOMASTIGINA
ZOOMASTIGINA
2.78M
Category: medicinemedicine

Саркомастигофоралар типі

1. Саркомастигофоралар типі

Дайындаған:ЖБЛ-113
http://presentation-creation.ru/

2. Қарапайымдылар

Қарапайымдылар - бір клеткалы, өте ұсақ, микроскоп арқылы
көрінетін жәндіктер. Морфологиялық жағынан қарағанда
қарапайымдылар бір клеткалы формалар, ал тіршілік
қасиеттері жағынан алғанда дербес өмір сүретін жеке
организм, тірі организмге тән зат алмасу, қозғалу, тітіркену,
ортаға бейімделу, ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу, даму т. б.
қызметтерін атқарады.
Споралылар типі
Книдоспоридияла
р типі
Саркосмастигоф
оралар типі
Қарапайымдылар
Микроспоридияла
р типі
Инфузориялар
типі
http://presentation-creation.ru/

3. Саркомастигофоралар типі

• Саркомастигофоралар еркін өмір сүретін және паразитті тіршілік
ететін қарапайымдылар. Жалған аяқтары (псевдоподиялары) немесе
талшықтарының көмегімен қозғалады. Қозғалу органойдтарының
құрылысына байланысты саркомастигофора типі екі класқа бөлінеді:
саркодиналар - Sarcodina және талшықтьшар -Mastigophora.
Саркодиналылар класы:
Талшықтылар класы;
• тамыраяқтылар - Rhizopoda,
• сәулетәрізділер - Radiolaria,
• күнтәрізділер - Heliozoa
• Өсімдіктектес талшықтылар
• Жануартектем талшықтылар
http://presentation-creation.ru/

4. Тамыраяқты класс тармағы - Rhizopoda

Тамыраяқты класс тармағы Rhizopoda
Амебалардың негізгі белгілері:
денесінің тұрақты пішіні, қалың
қабыршағы, қаңқасының
болмайтындығы. Денесінің кез келген
жерінен уақытша цитоплазма
өсінділерін - жалған аяқтарын
шығаратын қасиеттері болады,
өкілдерінің жалған аяқтары
(псевдоподиялары) әр түрлі пішінді
болып келеді: саусақ тәрізді, мысалы,
Amoeba proteus, жебе тәрізді - A.
cristalica және басқалары. Амебалардың
мөлшері әр түрлі - 10-15 мкм-нан 2-3
мм-ге дейін. Ядролары біреу немесе көп
болуы мұмкін
Тамыраяқты класс тармағы - Rhizopoda
үш отрядқа бөлінеді: амебалар Amoebina, қабыршақты амебалар Testacea және фораминифералар Foraminifera
Қабыршақты амебалардың
құрылысы кәдімгі
амебалардың құрылысына өте
ұқсас, негізгі айырмашылығы
олардың денесі бір камералы
қабыршақпен немесе сауытпен
қапталынған. Қабыршақтары
органикалық заттан не
қоймалжың заттан құралған,
бұған майда қиыршық құм,
тағы басқа бөгде заттар
жабысып тұрақты формасын
жасайды
Фораминифералар ертеде пайда
болған жәндіктер, бұлардың
қабыршақтары кембрий
дәуірінен кездеседі. Жасыл
қиыршық құм, әк, кәдімгі бор,
негізінде фораминифералардың
қабыршақтарынан құралған.
Фораминифералар теңізде
тіршілік ететін жәндіктер, ал
Miliolina oblonga, Spiroloculina
turco түрлері Қарақұм мен Орта
Азия далаларының құдық
суларынан табылған.
http://presentation-creation.ru/

5. СӘУЛЕТӘРІЗДІЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ – RADIOLARIA

Стихолонхеа
отряды
Сәулелілер тек теңізде ғана тірш
ететін қарапайымдылар, 7000-на
түрлері белгілі, көпшілігі жылы
теңіздерде кездеседі. Олар өзінің
сыртқы пішінімен (формасымен
сәулетәрізді минеральды ішкі
қаңқасының құрылысымен жән
цитоплазмада айырықша қабық
орталық капсуланың болуымен
ерекшеленеді.
http://presentation-creation.ru/

6. КҮНТӘРІЗДІЛЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ – HELIOZOA


Күнтәрізділер негізінде тұщы суларда
тіршілік етеді. Кейбіреулері теңізде де
кездеседі. Денелері шар тәрізді .
Цитоплазма екіге бөлінген: тығыз ұсақ
түйіршікті ішкі эндоплазмаға және
вакуольді сыртқы эктоплазмаға. Орталық
капсуласы және минеральды қаңқасы
болмайды, тек кейбір теңізде тіршілік
ететін түрлерінде кремнеземнен құралған
тор тәрізді қаңқалары болады. Жыныссыз
жолмен көбейеді, кейбіреулері ғана
жынысты жолмен көбейеді. Түрлері өте аз.
Негізгі өкілдері - Actinosphaerium
eichhorni, Actinophrys sol.
http://presentation-creation.ru/

7. ТАЛШЫҚТЫЛАР КЛАСЫ - MASTIGOPHORA НЕМЕСЕ FLAGELLATA

ТАЛШЫҚТЫЛАР КЛАСЫ MASTIGOPHORA НЕМЕСЕ FLAGELLATA
Талшықтылар класына 6000-нан аса қарапайымдылардың түрлері
жатады. Олар тұщы суларда, теңіздерде, ылғалды топырақтарда және
адамның, жануарлардың денесінде паразиттік тіршілік етіп, қауіпті
ауруларды туғызады.
Талшықтылардың негізгі белгісі - бір, екі
немесе бірнеше талшықтың болуында,
бұлар дененің алдыңғы жағында
орналасқан, қозғалу қызметін атқарады.
Барлық өкілдерінің талшықтарының
құрылысы бірдей болып келеді. Талшық
клетка бетінен сыртқа карай шығып
тұратын ұзынша келген бос бөлігінен
және эктоплазманың қоюлығына батып
тұратын базальды денешік немесе
кинетосомадан құралған. Талшықтың
қозғалу жылдамдығы бір секундта 10-нан
40-қа дейін айналымды жасайды.
http://presentation-creation.ru/

8. Талшықтылар класы қоректену тәсіліне қарай екі класс тармағына бөлінеді:

Өсімдіктектес талшықтылар
– Phytomastigina
эвгленалар - Euglenoidea;
хризомонадалар Chrysomonadina;
сауыттылар - Dinoflagellata;
фитомонадалар Phytomonadina.
Жануартектес талшықтылар Zoomastigina.
жағалы талшықтылар Choanoflagellata;
тамыр талшықтылар Rhizomastigina;
кинетопластидалар Kinetoplastida;
көпталшықтылар Polymastigina;
гипермастигиналар Hypermastigina;
опалининалар - Opalinina
http://presentation-creation.ru/

9. ӨСІМДІКТЕКТЕС ТАЛШЫҚТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ:

Сауыттылар отряды –
Хризомонадалар отряды –
Dinoflagellata
Chrysomonadina
Өкілдерінің басым көпшілігінде
Бір-үш талшығы бар, ұсақ талшықтылар,
тұщы суларда және теңіздерде тіршілік
етеді. Хроматофоралары диск тәрізді
сарғыш қоңыр түсті болып келеді.
Ассимиляция нәтижесінде - полисахаридлейкозин пайда болады. Бірнеше
колониальды түрлері бар, соның ішінде
тұщы суларда кездесетін бұтақ тәрізді
колония Dinobryon және шар тәрізді Synura туыстары.
клетчаткадан құралған сыртқы сауыты
болады. Талшықтары екеу: біреуі еркін
орналасқан, екіншісі денесін орап
жатады. Хроматофоралары қоңыр-сары,
кейде жасыл түсті болып келеді. Кейбір
түрлері хлорофилл дәндерін жойып
гетеротрофты жолымен қоректенуге
көшкен (Noctiluca туысы). Ассимиляция
нәтижесінде крахмал пайда болады.
Тұщы суларда, теңіздерде, судың жоғары
бетінде қалқып жүріп тіршілік етеді, сол
себептен денесінде көп өсінділер
жетілген. Негізгі туыстары: Peridinium,
Ceratium, Noctiluca
http://presentation-creation.ru/

10. Phytomastigina

• Эвгленалар отряды –
Euglenoidea
Эвгленалар жасыл түсті, бір
талшықты, автотрофты және
гетеротрофты жолымен
қоректенетін талшықтылар.
Бұлар көбінесе органикалық
заттары мол таза, тұщы және
ластанған таяз суларда,
ылғалды топырақтарда
тіршілік етеді. Денесі ұршық
тәрізді, екі ұшы сүйірлеу
болып келеді. Денесінің
алдыңғы жағында ұзын
талшығы орналасқан, осының
көмегімен эвглена бұранда
тәрізді козғалыс жасайды
Фитомонадалар отряды –
Phytomonadina
Жасыл түсті, екі талшықты,
автотрофты, не миксотрофты, тұщы
суларда және теңіздерде тіршілік ететін
қарапайымдылар. Хроматофоралары
тостағанша, ассимиляция нәтижесінде
крахмал пайда болады. Кейбір түрлері
Chlamydomonas braunii, Ch. steinii бір
клетка құрылысты, ал басым көпшілігі
клетка жиынтығынан құралған колония
түзейді. Клеткаларының құрылысы
эвгленаға өте ұқсас, айырмашылығы екі талшықтың болуында.
http://presentation-creation.ru/

11.

http://presentation-creation.ru/

12. ЖАНУАРТЕКТЕС ТАЛШЫҚТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ -ZOOMASTIGINA

• Жағалы талшықтылар
отряды – Choanoflagellata
Тамыраяқты талшықтылар
отряды – Rhizomastigina
Жеке (Codosiga) және колония
(Sphaeroeca) түзіп тіршілік етеді.
Талшығы біреу, оның түбін
цитоплазмадан құралған жұқа жаға
қоршап жатады. Талшыктың қозғалу
әсерінен ұсақ органикалық қоректік
заттар (бактериялар, көк-жасыл
балдырлар т.б.) жағаға жабысып,
бірте-бірте цитоплазмаға және ас
қорыту вакуоліне өтеді.
Бір немесе бірнеше талшықтары болады.
Олар талшықтарымен қатар жалған
аяқтарын да (псевдоподияларын) шығара
алады, сондықтан да екі кластың Sarcodina және Mastigophora-ның аралық иесі
болып саналады. Бактериялармен, көкжасыл балдырлармен, ұсақ
қарапайымдылармен қоректенеді.
Жыныссыз жолмен ғана көбейеді. Тұщы
суларда жиі кездесетін өкілдері:
Mastigamoeba aspera, Actinomonas
mirabilis және басқалары.
http://presentation-creation.ru/

13. ZOOMASTIGINA

• Кинетопластидалар отряды –
Kinetoplastida
Бұл отрядтың ерекшелігі - талшықтың
түбінде, яғни кинетосоманың жанында
кинетопласт деп аталатын арнайы
органоидтың болуында. Кинетопласт ұсақ
денелік, митохондрияға ұқсас, іші ДНК-ға
толы. Бір немесе екі талшығы болады. Өз
еркінше қозғалатын Bodo туысының
өкілдері тұщы суларда көп кездеседі.
Басым көпшілігі жануарларда және
адамдарда паразиттік тіршілік етіп (Costia,
Trypanosoma, Leischmania туыстарының
өкілдері) қауіпті ауруларды туғызады
http://presentation-creation.ru/

14. ZOOMASTIGINA

• Көпталшықтылар отряды – Polymastigina
Өкілдерінің 4-6, одан да көп талшықтары, кейде
толқын тәрізді жарғақ мембранасы және бүкіл
денесін бойлап өтетін тығыз тірек таяқша аксостильдері болады. Ядроның қасында ірілі - ұсақ
түйіршіктерден құралған парабазальды денешіктер
орналасқан. Көпталшықтылардың бәрі де паразиттік
тіршілік етуге бейімделген. Адамда трихомонас
(Trichomonas) және лямблия (Lamblia) туысының
өкілдері кездеседі. Денесінің алдыңғы жағында төрт
талшығы болады, олардың үшеуі бос күйінде алға
қарап шығып тұрады, ал төртінші талшығы артқа
қарай бағытталып толқын тәрізді жарғақтың шетіне
бекініп, толқынды (ундуляция) мембранасын түзейді
http://presentation-creation.ru/

15. ZOOMASTIGINA

• Гипермастигиналар отряды –
Hypermastigina
Көп талшықты, көп ядролы
қарапайымдылар. Күрделіленген
базаль түйіршіктері, аксостильдері,
парабазаль денешіктері және тірек
жіпшелері болады. Trichonympha,
Lophomonas туыстарының өкілдері
термиттердің және тарақандардың
ішегінде тіршілік етеді. Көп жағдайда
гипермастигиналар мен термитгер
селбесіп тіршілік етеді. Термиттер
клетчатканы қорек етеді, бірақ өздері
оны қорытып бойына сіңіре
алмайды, ал ішегінде тіршілік ететін
гипермастигиналар сол клетчатканы
тез ыдыратып көмірсуларға
айналдырады.
Опалинина отряды –
Opalinina
Өкілдерінің негізгі ерекшелігі - көп
ядролы, денесі түгел кірпікшелермен
қапталынған, осыған байланысты біраз
уақыт бойы опалининаларды
кірпікшелілер класына, яғни Protociliata
класс тармағына жатқызған. Олардың
кірпікшелі инфузориялардан басты
айырмашылығы - ядролары бірдей болып
келеді, жынысты жолымен көбею кезінде
ұсақ бір ядролы гаметалар пайда болып,
копуляция процесі жүреді
(инфузорияларда - конъюгация).
Қосмекенділердің артқы ішегінде
паразиттік тіршілік етеді, сапрофитті
жолымен қоректенеді. Басты өкілі http://presentation-creation.ru/

16.

http://presentation-creation.ru/
English     Русский Rules