Similar presentations:
Өсімдіктерде тұқымның пайда болуы
1.
Пән:«Жоғарғы сатыдағыөсімдіктер систематикасы”
пәні бойыншы БӨЖ
тапсырмасы
Тақырып:
Өсімдіктерде
тұқымның пайда
болуы»
Орындаған: ЖБЛ-111 Балдәурен Кенжебекова
Қабылдаған: Phd Баян Тойжигитова
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық
Қазақ-Түрік университеті
Жаратылыстану факультеті
Биология кафедрасы
2.
Жоспар:1. Тұқым дегеніміз не
2. Тұқым құрылысы
3. Спора мен тұқымның айырмашылығы
4. Тұқымды өсімдіктер
5. Тұқымның өнуі
6. Спора мен тұқымның айырмашылығы
05.03.2023
3.
Тұқым деген• Тұқым – жатынның тұқымбүршігінен дамиды.
• Тұқым қабығы (қауызы) қалың,
тығыз, сырты тегіс жылтыр, түрлі
түсті. Қабығы тұқымды кеуіп
кетуден, мезгілсіз өнуден,
зақымданудан, шіруден сақтайды.
05.03.2023
4.
Қабығын сылып алса (суға жібіген тұқымда тез сылынады),ішінен екі тұқым жарнағы көрінеді. Тұқымда екі тұқым жарнағы
бар өсімдіктер қосжарнақтылар деп аталады. Қосжарнақтыларда
(күнбағыс, қауын, қарбыз, асқабақ, қияр және т. б.) ұрыққа қорек
болатын заттар жарнақта жиналады. Жарнақты ұзынынан екіге
жарса, бір ұшында жабысып тұрған ұрығы болады.
Ұрық – алғашқы тамырша, алғашқы сабақша және бүршікшеден
тұрады.
05.03.2023
5.
• Даражарнақты тұқымның құрылысы. Даражарнақты тұқымға алдын аласуға жібітілген бидай дәнегін аламыз. Дәнектің сырты тығыз қабықпен
(қауыз) қапталған. Бидайдың жемісі бір тұқымды. Піскенде қабығы
ажырамай, тұқымға тығыз жанасып бірігіп кетеді. Қанша жібітсе де
қабығын ажырату қиын. Бидай тұқымы әрі жеміс, әрі тұқым болып
есептелетіндіктен дәнек дейді. Бидай қабығы (қауызы) тез
сылынбайтындықтан, өткір ұстарамен ұзынынан тең екіге жарады (2сурет). Дәнектің едәуір бөлігін – эндосперм алып жатады. Эндосперм
жасушаларында крахмал, нәруыз, май заттары жиналады. Дәнектің
төменгі ұшында эндоспермге тығыз жанасып бекінген ұрық бар
(құрылысы үрмебұршақтікіндей). Ұрық пен эндоспермнің арасында жұқа
бір жарнақ орналасады (бітеу бидайдың сыртынан сәл білеуленіп белдік
тәрізді білінеді). Коректік заттар қоры эндоспермде жиналады,
жарнағында болмайды. Даражарнақтылардың тұқым жарнағы, тұқым
өнген кезде эндоспермдегі қоректік заттарды ерітетін зат бөледі. Ерітетін
зат органикалық заттарды сұйылтады. Сұйылтылған қоректі жасушалары
арқылы сорып, бастама тамырша мен бүршікшеге өткізеді. Ұрықтағы май
қоры да өнуге жұмсалады.
• Даражарнақты өсімдіктерге лалагүл, жуа, бидай, құртқашаш,
банан, қияқөлең, пальма, жүгері, күріш, тары жатады.
Тұқымда бір тұқым жарнағы бар өсімдіктердара жарнақтылар
деп аталады.
05.03.2023
6.
05.03.20237.
Спора мен тұқымныңайырмашылығы:
Спора мен тұқымның
айырмашылығы: спора – біржасушалы
түзіліс, ал тұқым көпжасушадан
тұрады. Тұқымда қоректік заттар қоры
көп болады. Тұқым түзіліп,
өсімдіктердің түрлері жер бетіне
тұқым арқылы таралады.
8.
Тұқымды өсімдіктерСпоралы өсімдіктерден тұқымды өсімдіктің айырмашылығы
тұқыммен көбеюінде.Тұқымның түзілуінің шығу тарихы жөнінен
айтарлықтай құбылыс болып табылады.Тұқымдағы ұрықта
өскіннің өнуі үшін қажетті қоректік заттары болады.Тұқымды
өсімдіктердің ұрықтануы суға байланысты емес, мұның өзі
шаңжапырақтәрізділерге қарағанда тұқымды өсімдектердің күрделі
екенін дәлелдейді.
Тұқыммен көбею өсімдектердің екі бөлімге бөлінеді:
жалаңаштұқымдылар және жабықтұқымдылар.
05.03.2023
9.
• Ашық тұқымдылар – өсімдіктердің ең ежелгі тобы. Бұлардың тұқымдарықорғанышсыз, қабыршақта, бүрде ашық орналасатындықтан, ашық тұқымды
өсімдіктер деп аталады.
• Ашық тұқымдылар бөліміне (голосеменные) жататын өсімдіктер
құрылысының ерекшеліктері. Ашық тұқымды өсімдіктер тұқымнан көбейеді.
Бұл ашық тұқымдылардың споралы өсімдіктерден негізгі ерекшелігі болып
табылады. Ашық тұқымдылар бөліміне жататын өсімдіктердің барлығы –
сүректі өсімдіктер, яғни ағаштар, бұталар. «Сүрек» деген – ағаш діңінің
(сабағының) су өткізгіш бөлігі. Ашық тұқымдылардың бөлімінде шөптектес
өсімдіктер болмайды. Ашық тұқымдылардың басым бөлігі мәңгі жасыл түсті
болады. Кейбір түрлері (мысалы, балқарағай) жылда күзде сарғайып,
қылқандарын түсіреді. Сөйтіп ағаш қыста қылқан жапырақтарынан айырылып,
сидиып тұрады. Ашық тұқымды өсімдіктердің гүлі жоқ, сондықтан жеміс
түзбейді. Бұл бөлімдегі ең көп таралған қылқан жапырақты өсімдіктер:
қарағай, шырша, самырсын, арша. Бұлар қылқан жапырақтылар класына
жатады. «Қылқан жапырақты» дейтін себебі жапырақтары ине тәрізді жіңішке,
кей түрінде ұшы үшкір болады. Жер ғаламшарында 600-ге тарта қылқан
жапырақты өсімдіктер бар.
05.03.2023
10.
• Жабық тұқымдылар бөлімі (покрытосеменные) – осы кездегіөсімдіктер дүниесінің ішіндегі ең кең таралғандарының бірі.
Жабық тұқымды өсімдіктер өміршең келеді. Бұл қасиет
олардың өзгергіштігі мен бейімделушілігінің нәтижесінде
қалыптасқан. Соған байланысты жабық тұқымдылар әлемнің
барлық құрлықтарында кеңінен таралған. Олардың 250 000-дай
түр бар.
• Гүлді өсімдіктердің тұқымы жемістің ішінде жетіледі.
Сондықтан бұл өсімдіктерді жабық тұқымдылар деп атайды.
• Жабық тұқымды өсімдіктерде гүл көбею мүшесі болып
табылады. Тек жабық тұқымды өсімдіктерде ғана гүлдер
түзілген. Осы гүлдерде аталықтар мен аналықтар жетіледі.
Аналықтың жатынында (гүл түйіндерінде) тұқым бүршіктері
орналасады.
05.03.2023
11.
Тұқымдарпайда болатын
процесс
8
05.03.2023
• Репродуктивті бірлік ретінде тұқым күрделі. Оның пайда
болуын түсіну үшін гүлдерде болатын өсімдіктердің
тіршілік циклі белгілі болуы керек.
• Бұлардың ішінде жыныс құрылымдары стамен және
аналық без сияқты жұмыс істейді. Ол үшін алдымен
тозаңдану пайда болуы керек. Тозаң дәндері, аталық
жыныс жасушалары, ауа, су арқылы немесе жәндіктердің
көмегімен өсімдіктердің аналық безіне өтуі керек.
• Тозаң аналық мүше болып табылатын пистилаға
жеткенде, сол сияқты ұрық жасушасына қарай түседі.
Жануарлардағы сияқты, ұрықтану немесе ұрықтану деп
аталатын бұл одақ зигота түзеді.
• Осы сәттен бастап гүл өзінің құрылымының бір бөлігін
жоғалта бастайды, ал екінші бөлігі өзгереді. Бұл өзгеріс
ұрықтандырумен бірге жүреді, ол тұқымдарды
орналастыратын жемістерге айналады.
12.
05.03.202313.
Жемістер мен тұқымдар• Жемістердің жеуге жарамды өнімі жеміс деп аталады, бұл мезокарп деп аталатын
тұқымды қорғайтын етті жабудан басқа ештеңе жоқ.
• Табиғатта жемістердің құрылымына және тұқымдардың дисперсиялық механизмдеріне
қатысты шексіз ауытқулар бар. Сондықтан барлық гүлдер бірдей емес.
• Осы себептен, гүлдері жоқ өсімдіктерде қарапайым және көрнекті гүлдер сияқты
өндіріс күрделі болып көрінуі мүмкін. Алайда, бейімделу көбею формаларын өздерінің
жағдайларына сәйкес көбейтуге мүмкіндік берді.
• Тұқымдар көптеген зерттеулердің нәтижесі болды және олардың негізінде ауыл
шаруашылығында олардың өндірісі бақыланды.
05.03.2023
14.
05.03.202315.
Тұқым өну үшін су, жылу, ауа қажет.• Су – тұқымның өнуіне, шығымдылығын сақтауға, бөртуіне қажет. Тұқымның жасушасында суды
сіңіретін крахмалды, нәруызды заттар көп. Судың сіңірілу мөлшері тұқымның сыртындағы қабығына
байланысты. Қабығы неғұрлым тығыз, қатты болса, соғұрлым су баяу сіңеді. Тұқымның ісініп
жарылуына, қоректік заттарын сұйылтып, ерітіндіге айналуына су керек.
• Жылу – тұқымның өнуі үшін қажет. Бидай, қарабидай, арпа, сұлы, зығыр, беде, жоңышқа, асбұршақтар
үшін ең төменгі температура 1-5°С. Жүгері, күнбағыс тұқымдарына + 10°С. Асқабақ, қауын, қияр, күріш,
мақта, темекі +15°С-та өнеді.
• Тұқымның өнуі дегеніміз ұрықтан өскіннің дамуы. Суға салынған тұқымның тыныс алуы
жылдамдайды. Ұрықтың қоректенуіне оңай болу үшін қоректік қор заттары ерітіндіге айналады.
Сыртындағы қабығы жарылып, ең алдымен ұрықтың алғашқы тамыршасы төмен қарай бағытталады.
Топыраққа бекініп, су мен еріген минералды заттарды өзіне сіңіріп сора бастайды. Қос жарнақты
тұқымда ұрық тамыршасынан алдымен негізгі тамыр өседі. Тамырдан соң бүршікшесі жер бетіне
шығып, алғашқы жапырақтың қызметін атқарады. Дара жарнақты өскінде қосалқы тамырлар шығады
• Топырақта қалатын тұқым жарнақтары жаңа дамып келе жатқан өскіндерді қорекпен қамтамасыз етеді.
Дара жарнақты тұқымдардың өскіндерінде (жүгері, құмай, тары) бір немесе бірнеше (бидай мен сұлыда –
3, қарабидайда – 4, арпада – 5, 6) ұрық тамыршасы болады. Жер бетіне шыққан өскін біз тәрізді үшкір
келеді. Алғашында сыртын жұқа жарғақ қаптап тұрады. Кейін жарғағы жыртылып, нағыз жасыл
жапырақ дамиды. Топырақ бетіне шыққан сабағы мен жапырағы бар жас өсімдікті – өскін дейді.
05.03.2023
16.
Нұр-Сұлтанда 2022 жылғы 21 қаңтарда "Тұқым-2022" тұқымкүні" бірінші қазақстандық контрактациялық конференциясын
өткізу жоспарлануда. Ұйымдастырушысы DAN АгроМаракетин
Групп консорциумы болып табылады.
"Бұл іс-шара Қазақстанда алғаш рет өткізіліп отыр және
фермерлер, агробизнес өкілдері, ауыл шаруашылығы
дақылдарының тұқымдарын, минералдық тыңайтқыштар мен
өсімдіктерді қорғау құралдарын, агротехнологияларды отандық
және шетелдік жеткізушілері, АӨК-дегі құрылымдарды
қаржыландырушылар үшін пікірталас және диалог алаңы болуға
арналған. Іс-шара аясында іскерлік келіссөздер мен бизнескездесулер "Талқылау-Көрме-Контракция" форматында өтеді", деп хабарлады ұйымдастырушылар.
05.03.2023
17.
Пайдаланылған әдебиеттер:• Ө 68 Өсімдіктер физиологиясы: Оқулық/ Р.М Әлжанова, А.Қ Жақсылықова,
М.Ә Ысқақов., 2007-380бет.
• Өсімдіктер систематикасы: Жоғарғы оқу орнына арналған оқу құралы.
Дарбаева Т.Е.,2007-121б.
• М80 Өсімдіктер морфологиясы: Оқулық Өңд.,толықт.,екінші бас. /Н. М.
Мұхитдинова, Ә. Б. Бегенов, С. С. Айдосова. - Алматы,279бет
• Веб сайттар:
• https://kk.warbletoncouncil.org/donde-originan-semillas-15141
• https://stud.kz/referat/show/57269
• https://elib.kaznu.kz/app/voyager/books/1392/1528883773044.pdf
05.03.2023
biology