Similar presentations:
Тыныс алу жүйесі
1. Тақырып: Тыныс алу жүйесі
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрікуниверситеті
Жаратылыстану ғылымдары факультеті
Биология кафедрасы
z
ОБӨЖ
Тақырып: Тыныс алу жүйесі
Орындаған: Кенжебекова Б.Қ.
Қабылдаған: Бабаева Г.А.
Курс: 3
Топ: ЖБЛ-111
2. Жоспар:
zЖоспар:
▪ Тыныс алу жүйесі
▪ Тыныс алу бөлімдері
▪ Тыныс алу мүшелері аурулары
▪ Тыныс алу формуласы
▪ Тест
▪ Сәйкестендіру
▪ Глосарий
▪ Видеоматериал
▪ Кроссворд
▪ Биологиялық диктант
▪ Кесте
3. Тынысалу деп мүшелер мен қоршаған ортаның арасындағы газ алмасуды айтады. Жер бетіндегі тіршілік ететін тірі ағзалардың барлығы
z4.
5. Мұрын қуысы қызметі Ауа мұрын арқылы екі бөлікті-қалқалы мұрын қуысына түседі. Әрбір бөлікті-қалқада мұрын қуысының ішкі бетін
zМұрын қуысы қызметі
Ауа мұрын арқылы екі бөлікті-қалқалы мұрын қуысына
түседі. Әрбір бөлікті-қалқада мұрын қуысының ішкі бетін
ұлғайтатын үш мұрын қалқаны орналасқан. Ол эпителийлі
қабықпен және көп қан тамырларымен жабылған. Тамырлармен
аққан қан түскен ауаны дене температурасына дейін жылытады,
ал сілемейлі қабық ауаны ылғалдайды және шаң-тозаңдар мен
микроорганизмдерді тұтып қалады. Тұтылған
микроорганизмдерді лейкоциттер қорытады (фагоцитоз),
қорытудан артылған шаң-тозаңдар эпителий түктері
(кірпікшелер) арқылы сыртқа шығарылады. Мұрын қуысында
жылытылған, ылғалданған және тазартылған ауа жұтқыншақ
арқылы көмейге түседі.
6.
7. Көмекей — тыныс жолының ғана бөлімі емес, сонымен бірге сөйлеу аппаратының да бір бөлігі болып табылады. Ол жоғарғы жағынан тіл
Көмекей — тыныс жолының ғана бөлімі емес,z
сонымен бірге сөйлеу аппаратының да бір бөлігі болып
табылады. Ол жоғарғы жағынан тіл асты сүйекке,
төменгі жағынан кеңірдекке жалғасып жатады. Көмекей
мойыннық алдыңғы жағында жатып алдынан және екі
бүйірінен бұлшық еттермен жабылған. Көмекейдің
қалқандық қыры тері астында білініп жатады. Оның
шеміршектері өзара бұлшық еттермен байламдар
арқылы қозғалмалы түрде косылысқан. Құрамында
бірнеше гиалин және серпімді шеміршектер бар. Оның
тақ шеміршектеріне: қалқан шеміршегі, жүзік тәрізді
шеміршек және көмекей қақпақшасы, ал жүп
шеміршектеріне: қалақша тәрізді және мүйізше
шеміршектері жатады.
8.
z9. Кеңірдек - өңештің алдында орналасқан ұзындығы 9-13 см, диаметрі 15 мм. түтік. Ол кеңірдек қабырғасының қабысып қалуына кедергі
z10.
z11. Өкпе – кеуде (көкірек) қуысының қабырғасына жанаса орналасқан серпінді, борпылдақ (губчатый) мүше. Өкпеде қантамырлары көп
zӨкпе – кеуде (көкірек) қуысының қабырғасына жанаса
орналасқан серпінді, борпылдақ (губчатый) мүше. Өкпеде
қантамырлары көп болғандықтан, түсі қызғылт. Адамда 2 өкпе
(оң жақ және сол жақ өкпе) болады. Оң жақ өкпені сайшалар
(борозды) 3 бөлікке, сол жақ өкпені 2 бөлікке бөледі. Өкпенің
сыртынан сайшалар сызығы анық білінеді. Екі өкпенің бірбіріне қараған ішкі бетінде өкпе қақпасы орналасқан. Ол
арқылы өкпе артерия қантамырлары, бронхылар, жүйкелер
өкпеге енеді, өкпе вена қантамырлары шығады. Өкпе толып
жатқан өкпе көпіршіктері мен жиі тарамдалған ұсақ
бронхиолалардан түзілген. Бұлар өкпенің ішінде болады. Екі
өкпенің арасындағы кеңістікте жүрек сол жаққа таман
орналасқандықтан, сол жақ өкпе сәл кішілеу болады. Әр өкпенің
сыртын дәнекер ұлпасынан түзілген қабықша – өкпе плеврасы
(грекше «pleura» – бүйірі, маңы) қаптайды. Кеуде қуысының
ішкі қабырғасы да плеврамен қапталған. Плевра қабаттарының
арасында плевра қуысы болады, онда ауа болмайды. Плевра
қуысында үйкелісті азайтатын сұйықтық болады.
12.
z13. Ересек адам қалыпты күйінде дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа кіреді және бір минутта 16-18 тыныс алу қозғалыстарын жасап,
z• Ересек адам қалыпты күйінде дем алғанда өкпеге 300-500 мл ауа
кіреді және бір минутта 16-18 тыныс алу қозғалыстарын жасап,
өкпесінен 6-7 литр ауа өткізеді. Ауаның мөлшері адамның
салмағына және бойына байланысты, бойы ұзын және салмақты
болса, соғұрлым көп ауа өтеді. Ересек адамға қарағанда балаға ауа
көбірек қажет. 2-3 жастағы баланың өкпесі арқылы 5-6 л., кейде 7 л.
ауа өтеді, бұл баланың дем алу ерекшелігіне жатады, сондықтан
баланың денесінен бу ретінде су көптеп шығып, тершең болады.
Кеуде қуысын кеңейту тәсіліне қарай дем алудің екі түрі бар:
қабырғаларды көтеріп кеуде қуысын кеңейту арқылы дему алу кеудемен дем алу (жас сәби мен әйел адамдар дем алысы) деп
аталады;
диафрагманың көмегімен кеуде қуысын кеңейту арқылы дем алу ішпен дем алу (ер адамдардың тыныс алуы) деп аталады.
14. Тыныс алу мүшелері ауруларының барлығы дерлік ауа арқылы таралатын, жұғатын аурулар. Ол аурулар пайда болған мүшеге қатысты 3
zТыныс алу мүшелері ауруларының
барлығы дерлік ауа арқылы
таралатын, жұғатын аурулар. Ол
аурулар пайда болған мүшеге
қатысты 3 түрге топтастырылған:
1) Мұрын аурулары: сасық тұмау,
гайморит, ринит, полип, кеңсірік
аурулары, т.б.
2) Көмей, кеңірдек және бронх
аурулары: бронхит, тонзилит,
ларингит, т.б.
3) Өкпе аурулары – плеврит, өкпе
рагы, туберкулез, т.б.
15. Тыныс жолы ауруларының басты белгілері: — Тыныс алу қиындайды, мұрын бітеледі; — Дене қызуы көтеріліп, әлсіздік пайда болып,
zТыныс жолы ауруларының басты
белгілері:
— Тыныс алу қиындайды, мұрын бітеледі;
— Дене қызуы көтеріліп, әлсіздік пайда
болып, дел-сал күйде болады;
— Кейбір ауруларда жөтел, құрғақ жөтел
пайда болады;
— Тамағы құрғап, сөйлегенде қиналады;
— Қатты тер басады;
— Ұйқысынан шошып оянады;
— Ұрт жәе бет сүйек тұсы қысылып, кернеп,
сыздап ауырады.
16. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы
zӨкпенің тіршілік сыйымдылығы
17. Тынысалу жүйке гуморальды жолмен реттеледі. Тынысалу орталыгы сопақша мида орналасады. Ол тыныс алу және тыныс шығарудың
Тынысалужүйке гуморальды жолмен реттеледі. Тынысалу орталыгы
z
сопақша мида орналасады. Ол тыныс алу және тыныс шығарудың
рефлекторлық алмасуын реттейді. Тынысалу рефлексінің коздырғышы
қандағы көмір қышқыл газының артуы болып табылады. Артериялардағы
химиялық рецепторлар қозады да қимыл нейрондарының бойымен жұмыс
мүшелеріне: қабырғааралық бұлшықеттерге және көк етке сигнал түседі.
Олар жиырылып, кеуде және өкпе көлемін ұлғайту арқылы тыныс алып, оған
жауап кайтарады. Симпатикалық жүйке жүйесі, адреналин және тироксин
тыныс алуды тереңдетіп, жиілете түседі. Ал парасимпатикалық жүйке жүйесі
тыныс алуды баяулатады. Жөтел және түшкіру тынысалудың қорғаныш
рефлексі болып табылады. Оларды мұрын немесе көмейдің сілемейлі
қабырғасына иіс немесе еріксіз әсер тітіркендіреді. Оған мұрын арқылы
(түшкіру) немесе ауыз арқылы (жөтел) кенет тыныс шығару жолымен жауап
қайтарылады.
Тыныс алу формуласы
Майлар(нәруыздар, көмірсулар)+оттек=көмірқышқыл газы+су+энергия
Аэробты: C6H12O6+O2->H2O+CO2+36АТФ
Анаэробты: C6H12O6->C3H6O3(2АТФ)
18. 1. Ауа қапшықтары газ алмасуға қалай бейімделген? А. Олар шар тәріздес Ә. Олар гемоглобинге бай Б. Олардың қабырғалары жұқа
z1. Ауа қапшықтары газ алмасуға қалай бейімделген?
А. Олар шар тәріздес
Ә. Олар гемоглобинге бай
Б. Олардың қабырғалары жұқа және қанға бай
В. Олар кеуде жасушасының маңында орналасқан
2. Кеңірдектің ғылыми атауы?
А. Трахея
Ә. Бронх
Б. Өңеш
В. Альвеола
3. Өкпедегі ең кішкентай түтікшелер қалай аталады?
А. Трахея
Ә. Бронх
Б. Капилляр
В. Бронхиола
4. Альвеолада қандай газдар алмасады?
А. Оттегі ме азот
Ә. Көмірқышқыл газы мен оттегі
Б. Көмірқышқыл газы менсу буы
В. Көмірқышқыл газы мен азот
19. 5. Адам тыныс алу кезінде қанша % оттек жұтады? А. 21 Ә. 34 Б. 11 В. 78 6. Адам тыныс алу мүшесі А. Жүрек Ә. Өкпе Б. Қарын В.
z5. Адам тыныс алу кезінде қанша % оттек жұтады?
А. 21
Ә. 34
Б. 11
В. 78
6. Адам тыныс алу мүшесі
А. Жүрек
Ә. Өкпе
Б. Қарын
В. Бауыр
7. Адам минутына қанша литр ауа жұтады?
А. 2-3
Ә. 2-5
Б. 6-10
В. 5-9
8. Мұрын қуысы неше бөлікке бөлінеді?
А. 3
Ә. 2
Б. 5
В. 4
20. Тест жауаптары: 1. Б 2. А 3. В 4. Ә 5. А 6. Ә 7. В 8. А
zТест жауаптары:
1. Б
2. А
3. В
4. Ә
5. А
6. Ә
7. В
8. А
21.
Сәйкестендіруz
22.
z23. Глосарий
zГлосарий
Лейкоциттер - ядросы бар және белсенді амёба тәрізді қозғалатын түссіз қан жасушалары. Қанның 1
мм3 көлемінде 6-8 мың лейкоциттердің алуан түрлі (лимфоциттер, моноциттер, базофилдер,
эозинофилдер және нейтрофилдер) болады. Олар қызыл сүйек майында, лимфа түйіндерінде және
көкбауырда пайда болады.
Фагоцитоз –бір жасушалы организмдердің немесе кейбір көп жасушалы жануарлар жасушасының
микроскопиялық бөтен тірі нысандар (бактериялар, т.б.) мен қатты бөлшектерді жұтып алып, қорытып
жіберуі. Фагоцитоз процесі организмдердің қарапайым қоректенуінің негізінде жүзеге асады.
Хоаналар – Хоана тесігі таңдай сүйегінің тік және горизонтальды тақташаларынан түзілгенфІшкі құлақ
(внутреннее ухо); (auris interna, лат. auris — құлақ, interna — ішкі) — есту және тепе-тендік сақтау
рецепторлары орналасқан құлақ бөлігі. Ол самай сүйектің тастық (қайыршық) бөлігінде орналасады,
сыртқы сүйектік және оның ішіндегі жарғақтық шытырмандардан құралған.
Плевра – тіндердің екі үлкен қабатынан тұратын қабық. Бір қабат өкпенің сыртқы бетін жабады. Екінші
қабат кеуде қуысының ішкі бетін жабады. Өкпеқаптың құрамында эластин талшықтары және
жекеленген бірыңғай салалы ет жасушалары — миоциттер болады.
Нейрон — жүйке ұлпасының негізгі морфологиялық және қызметтік құрылымдық бөлігі. Жүйке
жасушалары — өсінділі жасушалар. Олар нейролеммадан (плазмолемма), нейроплазмадан
(цитоплазма), ядродан және жасуша денесінен (перикарион) таралатын өсінділерден құралған.
24. Тақырып бойынша видеоматериал: https://youtu.be/yeNrWT-ku6M?si=AbzaLP68RYep8i6j
zТақырып бойынша видеоматериал:
https://youtu.be/yeNrWT-ku6M?si=AbzaLP68RYep8i6j
25.
Кроссвордz
26. Биологиялық диктант Тынысалу деп мүшелер мен қоршаған ортаның арасындағы ...............айтады. Жер бетіндегі тіршілік ететін
zБиологиялық диктант
Тынысалу деп мүшелер мен қоршаған ортаның арасындағы ...............айтады. Жер
бетіндегі тіршілік ететін тірі ағзалардың барлығы тынысалу кезінде оттекті
қабылдап, ...................бөледі. Мұрын қуысының (кеңсіріктің) құрылысы. Ауа танау
тесіктері арқылы кеңсірікке барады. Кеңсірікті сүйекті-шеміршекті перде
................жақ жартыға бөліп тұрады. Кеңсіріктің қабырғаларын эпителий
ұлпасынан түзілген кірпікшелері мен түктері бар кілегейлі қабықша қаптайды.
....................- іші қуыс түтік, қабырғалары сіңір, буын және бұлшық еттермен
қосылған бірнеше шеміршек тұрады. Көмей ауаны ................... арқылы кеңірдекке
өткізеді. Кеңірдек - өңештің алдында орналасқан ұзындығы ............, диаметрі 15
мм. түтік. Ол кеңірдек қабырғасының қабысып қалуына кедергі келтіретін
шеміршекті жартылай сақиналардан тұрады. Сақиналар мойынның қандай
қозғалысы болмасын ауаны ұстап қалмайды. Өңешке кеңірдектің артқы жұмсақ
қабырғасы жанасып, астың өңешпен еркін жылжуына мүмкіндік береді. V кеуде
омыртқасы түсында кеңірдек ..................бөлінеді. Бронхылар өкпенің оң жақ және
сол жақ бөліктеріне кіріп, тармақталып, .........................түзеді. Ұштарындағы
жіңішке тармақтары - бронхиолалар өкпе көпіршіктері - альвеолалармен
аяқталады.
27. Биологиялық диктант жауабы: 1. газ алмасу. 2.көмірқышқыл газын. 3.оң және сол. 4.көмей. 5.жұтқыншақ. 6. 9-13см. 7.екі бронхыға.
zБиологиялық диктант жауабы:
1. газ алмасу.
2.көмірқышқыл газын.
3.оң және сол.
4.көмей.
5.жұтқыншақ.
6. 9-13см.
7.екі бронхыға.
8.бронхы ағашы
28.
29.
z30. 1. Рақышев А.Р., Адам анатомиясы. Медициналық жоғарғы оқу орындарына, сонымен бірге биология пәні оқытылатын институт
zПайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Рақышев А.Р., Адам анатомиясы. Медициналық жоғарғы оқу орындарына, сонымен
бірге биология пәні оқытылатын институт студенттеріне арналған оқулық, Алматы,
2005ж. - 432б.
2. Жандар Керімбектің Ермаханы. Тәнтану(адам анатомиясы). Оқулық. 2-басылымы. Алматы, “Білім” , 2004ж. - 464б.
3. Адам анатомиясы Оқу құралы. Б.2 / Ә. О. Кузенбаева. - Алматы : TechSmith, 2022.
4. Адам анатомиясының Атласы. Оқу-әдістемелік құралы. / З. Б. Есимсиитова. Алматы : Қазақ ун-ті, 2015.
5. Адам анатомиясы: иллюстр.оқулық: 3 томдық. Жүйке жүйесі. Сезім мүшелері. Т.3 /
Ред.бас. Колесников Л.Л. ; Гайворонский И.В., Ничипорук Г.И., Филимонов В.И.;
Аударм. Аубакиров А.Б. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2017.
6. Адам және жануарлар физиологиясы атты оқу-әдістемелік құрал. З.С. Ажибаева, А.
М. Бостанова, А. Е. Сержанова . - Түркістан : Тұран, 2015
31. Назарларыңызға рахмет!
zНазарларыңызға рахмет!
biology