Similar presentations:
Орта мектепте “жылу құбылыстары” тарауын оқыту әдістемесі
1.
Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары Білім МинистрлігіАбай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
ОРТА МЕКТЕПТЕ “ЖЫЛУ
ҚҰБЫЛЫСТАРЫ” ТАРАУЫН ОҚЫТУ
ӘДІСТЕМЕСІ
6В01504-Физика
Студенттер: Жубанышова А, Сулейменова Б, Сайлаубек К, Жарылхан А
Ғылыми жетекші: Жанбекова Г.И.
Алматы 2025
2.
Жоба мазмұны:КІРІСПЕ
1 «ЖЫЛУ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ» ТАРАУЫН ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ -ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Мектепте «Жылу құбылыстары» тарауын оқыту әдістемелеріне шолу
1.2 Орта мектепте «Жылу құбылыстары» тарауын оқыту бойынша кейбір әдістемелік
ұсыныстар
2 «ЖЫЛУ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ» ТАРАУЫН ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР
2.1 Орта мектепте «Жылу құбылыстары» тарауын оқыту әдістемесі
2.2 «Жылу құбылыстары» тарауы бойынша практикалық және зертханалық жұмыстарды
ұйымдастыру және өткізу
ҚОРЫТЫНДЫ
3.
Жобаның мақсаты:Орта мектеп физика курсындағы “Жылу құбылыстары” тарауын оқытуда тиімді әдістемелерді қолдану
арқылы оқушылардың теориялық білімін тереңдету, тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру және пәнге
деген қызығушылығын арттыру.
Жобаның өзектілігі:
Қазіргі білім беру жүйесінде оқытудың сапасын арттыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту
маңызды міндеттердің бірі болып табылады. “Жылу құбылыстары” тарауы — табиғатта жиі кездесетін әрі
өмірмен тығыз байланысты физикалық процестерді түсіндіретін маңызды бөлім. Бұл тарауды тиімді оқыту
оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыруда үлкен рөл атқарады. Сондықтан осы тақырыпты
заманауи әдістермен, тәжірибеге негіздей отырып оқыту – білім берудің өзекті мәселелерінің бірі.
Зерттеу нысаны:
Орта мектептегі физика пәнін оқыту процесі.
Зерттеу пәні:
“Жылу құбылыстары” тарауын оқытуда қолданылатын әдістемелік тәсілдер мен технологиялар.
4.
Жобаның міндеттері:“Жылу құбылыстары” тарауының мазмұнын оқу бағдарламасына сай талдау.
Бұл тарауды оқытуда қолданылатын дәстүрлі және инновациялық әдістерді зерттеу.
Зертханалық жұмыстар мен тәжірибелер арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту
жолдарын ұсыну.
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған тапсырмалар мен
жаттығулар жүйесін жасау.
Жылу құбылыстары тақырыбын оқытуда цифрлық ресурстарды (видео, симуляциялар,
интерактивті платформа) қолданудың тиімділігін бағалау.
Мұғалімге әдістемелік көмек ретінде сабақ жоспарлары мен көрнекіліктер түрлерін ұсыну.
5.
«Кім өткенді қайталап, әріжаңаны білсе, ол көсем бола
алады»
Конфуций
Жылу құбылыстары — Жер мен
Күн арасындағы үнсіз байланыс,
осы байланыс болмаса, тіршілік
те болмас еді
6.
«Физика» пәнінен 8сыныптың күнтізбеліктақырыптық жоспары(11 сағат, аптасына 2
рет)
7.
8-сынып (1-тоқсан) “Жылу құбылыстары” тарауыТақырып және тақырып бойынша қысқаша ақпарат
1.
Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия.
-МКТ-ның негізгі қағидалары
-Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия
түсіндірулері
-Құбылыстардың тұрмыстағы қолданылысы
2. Температура, оны өлшеу тәсілдері, температураның
шкалалары
-Термометр аспабы
-Абсолют температуралық шкала
-шкалалардың өзара байланысы
3. Ішкі энергия, ішкі энергияның өзгерту тәсілдері
-Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері
-Жылу алмасу түрлері: жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару
Қалыптасатын физикалық түсініктер
-Жылулық қозғалыс-молекулалардың бейберекет ретсіз
қозғалысы.
-Броундық қозғалыс-сұйықтың немесе газдың ішіндегі бөгде
бөлшектердің ретсіз бейберекет қозғалысы.
-Диффузия-бір зат бөлшектерінің екінші заттың
бөлшектерінің араларына өтіп, бір-бірімен өзара араласуы.
-Температура – заттың жылулық күйін сипаттайтын
физикалық шама.
-Цельсий және Кельвин шкалалары арасындағы
байланыс формуласы:
Т = (t + 273)K немесе t = (Т – 273).
-Ішкі энергия – заттарды құрайтын барлық бөлшектердің
кине- тикалық энергиялары мен олардың өзара
әрекеттесулерінің потенциалдық энергияларының
қосындысы.
-Жылу алмасу – температурасы жоғары денеден
температурасы төмен денеге энергияның берілу процесі.
8.
4. Жылуөткізгіштік, конвекция сәуле шығару-Жылу алмасу түрлерін талдау
- Қоршаған ортамен байланысты мысалдары
-Жылуөткізгіштік – дене бөлшектерінің жылулық
қозғалыстары барысында өзара әрекеттесулері нәтижесінде
энергияның дененің қызған бөлігінен салқын бөлігіне қарай
берілуі.
-Конвекция – сұйықтар мен газ қабаттарының ағыны арқылы
жылу энергиясының берілуі.
-Сәулелік жылу алмасу – энергияның бір денеден екінші
денеге электрмагниттік толқындар арқылы берілуі.
5. Табиғаттағы және техникадағы жылу берілу
-Жылу алмасудың 3-түрі табиғатта
-Орталықтандырылған жылу жүйесі
-Табиғи апаттар (цунами, торнадо, жер сілкінісі)
-Жылыжай
6. Жылу құбылыстарының тірі ағзалардың өмірлеріндегі
рөлі
-Ғалам тіршілігі
-Эволюциялық даму
-Ғалам тіршілігендегі жылу алмасудың рөлі
7. Жылу мөлшері. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы
-Жылу мөлшері, формуласы, өлшем бірлігі
-Меншікті жылусыйымдылығы шамасы, формуласы
Жылу мөлшері – жылу алмасу процесінде туындайтын ішкі
энергия өзгерісінің өлшемі. Жылу мөлшері заттың ∆t
температура өзгерісіне, m массасына және с
жылусыйымдылығына тура пропорционал:
Q = с m ∆t = с m (t2 – t1).
9.
8. Практикалық сабақ-денені қыздыру үшін қажетті немесе оны суытқанда
бөлінетін жылу мөлшерін есептеу
-тақырыпқа байланысты берілген формуланы есептер
шығаруда қолдану
9. Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы
-отынның меншікті жану жылуы, формуласы
-сәулелік энергия
-Отынның меншікті жану жылуы 1 кг отын толық жанғанда
одан бөлініп шығатын жылудың мөлшері немесе отын толық
жанғанда бөлініп шыққан жылудың бір өлшем массаға
келетін мөлшері:
q = Q/m
10 . 1 зертханалық жұмыс. “Температуралары әртүрлі суды
араластырғандағы жылу мөлшерлерін салыстыру”
-Жұмыстың мақсаты: температуралары әртүрлі суды
араластырғандағы энергияның сақталу заңын тексеру.
Жабдықтар: мензурка, термометр, зертханалық калориметр
немесе термос, ыстық суы бар шәйнек (бүкіл сынып үшін),
тостаған.
11. Жылу үдерісіндегі энергияның айналу және сақталу
заңы
-Энергияның сақталу заңы
-Энергияның айналу заңы
-Энергияның сақталу және айналу заңы табиғаттың әмбебап
іргелі заңы болып табылады. Бұл заң жалпы түрде былайша
тұжырымдалады: Табиғатта орын алатын барлық
құбылыстарда энергия жойылмай сақталады және бір түрден екінші түрге айнала алады.
10.
1.2 Орта мектепте «Жылу құбылыстары» тарауыноқыту бойынша кейбір әдістемелік ұсыныстар
Оқыту ойындары — оқушы мен мұғалімді ерекше әрі тығыз байланыста ұстайтын, оқыту
формасы. Оқыту ойындары арқылы оқушының танымдық әрекеттерін, пәнге деген
қызығушылығын оята аламыз. Ойын технологиясы оқушының белсенділігін арттырып, пән
бойынша жақсы сапа көрсетуіне жол ашады.
Сіздерге төменде оқушылармен жұмыс жасау барысында қолданған түрлі оқыту ойындарын
ұсынамыз:
1. Мылтық
2. teztap
3. Гүл күлтелері
4. Қолтырауын
5. Сыңарын тап
6. Керісінше
7. Тарсия пазл
8. Қытырлақ чипсы
9. Есептер автоматы
10. Шахмат
11.
2.1 Орта мектепте «Жылу құбылыстары»тарауын оқыту әдістемесі.
1– тапсырма
2-тапсырма
3-тапсырма
«Температура, оны өлшеу
тәсілдері, температураның
шкалалары» тақырыбына
арналған бомба жарылма
тапсырмасы.
«Жылуөткізгіштік, конвекция,
сәуле шығару» тақырыбына
арналған поездбен берілген шын,
жалған тапсырмасы
«Отынның энергиясы. Отынның
меншікті жану жылуы»
тақырыбына арналған wordwall
платформасында фортуна
доңғалақтары
12.
“Жылу құбылыстары” тарауындағытақырыптар бойынша сабақ
ұйымдастыру
Сабақ тақырыбы
Жылулық қозғалыс, броундық қозғалыс, диффузия
Оқу бағдарламасына
сәйкес оқу мақсаты
.8.3.1.1 – молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын
дәлелдейтін мысалдар келтіру және тәжірибені сипаттау
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар істей алады: Оқулықта берілген және
қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды.
Сұраққа жауап береді. Физикалық құбылыстарға
мысалдаркелтіре алады, оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс
жасайды.
Сабақта қолданатын оқытудың
инновациялық әдіс-тәсілдері
«Cуреттер сөйлейді» әдісі, «Тарсия» әдісі, «Білім шамы» әдісі.
Сабақта пайдаланатын цифрлық құралдар
«Flippity» платформасы, phet.colorado.com, Wordwall
платформасы
13.
1- «Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы қатар отырған жұптар суреттегідиффузияны талдайды
- табиғаттағы диффузия
-тұрмыстағы диффузия
-техникадағы диффузия
14.
2 -«Тарсия» әдісіСабақты жинақтап, қорытындылауға береді.
15.
3 - «Білім шамы» әдісі.Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген
көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды
16.
phet.colorado.comWordwall
платформасы
17.
2.2 Орта мектепте «Жылу құбылыстары» тарауыноқыту бойынша зертханалық жұмыстар
Физикада қолданылатын зертханалық жұмыстар — оқушылардың теориялық
білімін эксперимент арқылы бекітуге арналған аса маңызды оқу құралы. Бұл
жұмыстар оқушының ғылыми-зерттеу қабілетін дамыта отырып, физикалық
құбылыстарды тереңірек түсінуіне көмектеседі.
Зертханалық жұмыстардың маңызы:
Теорияны практикамен ұштастырады.
Шығармашылық ойлауды дамытады.
Нақтылық пен дәлдікке баулиды.
18.
2.2 Орта мектепте «Жылу құбылыстары» тарауын оқытубойынша зертханалық жұмыстар
1-зертханалық жұмыс. Температуралары әртүрлі суды араластырғандағы
жылу мөлшерлерін салыстыру
Жұмыстың мақсаты: температуралары әртүрлі суды араластырғандағы энергияның сақталу заңын тексеру
Құрал-жабдықтар: мензурка, термометр, зертханалық калориметр немесе термос, ыстық суы бар шәйнек
(бүкіл сынып үшін), тостаған
Жұмыс барысы:
1. Тостағанға белгілі көлемде суық су құйып, t1 температурасын өлшеңдер.
2. Калориметрге ыстық су құйып, t2 температурасын өлшеңдер.
3. Калориметрге тостағандағы суды құйыңдар да, қоспаның t температурасын өлшеңдер.
4. Қоспаның көлемін өлшеп, ыстық судың көлемін есептеңдер.
5. Ыстық судың суық суға берген жылу мөлшерін формула бойынша анықтаңдар.
6. Суық судың ыстық судан алған жылу мөлшерін формула бойынша анықтаңдар.
7. Өлшеулер мен есептеулердің нәтижелерін кестеге жазыңдар:
8. Ыстық судың берген, суық судың алған жылу мөлшерлерін салыстырыңдар да, қорытынды жасаңдар.
9. Эксперименттегі салыстырмалы қатені мына қатынас бойынша есептеңдер: ε= (Q2 – Q1)/ Q2.
10. Эксперимент зерттеулерін қорытындылау.
19.
20.
“Жылу құбылыстары” тарауы бойынша педагогикалық экспериментЭксперимент нәтижесі бойынша, 2
мектептен алынған 22 оқушының
45%-ы орташа баллды құрады.
55%-ы жоғары көрсеткіш көрсетті.
Демек,
оқушылар
“жылу
құбылыстары”
тарауын
жақсы
деңгейде игерді.
21.
ҚорытындыФизика пәнінің мазмұнын оқушыларға түсінікті, қызықты әрі өмірмен байланыстыра отырып
жеткізу – қазіргі білім беру жүйесінің басты талаптарының бірі. Зерттеу барысында “Жылу
құбылыстары” тарауын оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері қарастырылып, мектеп
бағдарламасына сай мазмұны сарапталды.
Тарауды оқыту барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін белсенді
оқыту әдістері, зертханалық тәжірибелер, интерактивті технологиялар мен көрнекіліктердің
маңызы зор екендігі дәлелденді. Сонымен қатар, жылу алмасу түрлерін (жылуөткізгіштік,
конвекция, сәуле шығару) оқушылардың күнделікті өмірмен байланыстыра түсінуі олардың
танымдық қабілеттерінің дамуына ықпал етеді.
Жүргізілген зерттеу нәтижесінде оқытушыға көмек ретінде сабақ жоспары, тапсырмалар жүйесі
және тиімді әдістемелік ұсыныстар жасалды. Бұл ұсыныстарды қолдану оқушылардың
теориялық білімін бекітіп, тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Осылайша, “Жылу құбылыстары” тарауын оқытудың тиімді әдістемесі – физика пәнін сапалы
меңгертудің және оқушының ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың маңызды құралы
болып табылады.
22.
ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒАРАХМЕТ!
pedagogy