Similar presentations:
Математиканы оқыту әдістемесі
1.
Тарих• Математиканы оқыту әдістемесі өз алдына дербес ғылым ретінде XIX ғасырдың
екінші жартысында пайда бола бастады. Орта және жоғарғы сынып оқушыларына
математиканы оқыту мәселелері XIX ғасырдың соңғы жылдарында ғана қарастырыла
бастап, математиканы оқытудың әдістемелік зерттеу нысанына айналды.
• Математиканы оқыту әдістемесі – математиканы тиімді оқыту туралы ілім. Оның өз
теориясы, оқыту бағдарламалары, оқу жоспары мен құралдары, өз тарихы бар.
Алғаш рет «Математиканы оқыту» деген сөзді 1836 жылы неміс педагог математигі
Адольф Дистервег пайдаланды. Гректің «метод» деген сөзінен туындаған
• «Математиканы оқыту методикасы» тіркесі қазақша «Математикаға апаратын жол»
деген мағынаны білдіреді.
2.
Математиканы оқыту әдістемесіматематиканы оқыту пәні ретінде қарастыратын, әртүрлі жастағы оқушы
топтары үшін математиканы оқыту процесі заңдылықтарын зерттейтін
ғылым. Өзінің зерттеулерінде және жасайтын қорытындыларында, ол,
философия, педагогика, психология және математикамен, оны зерттейтін
ғалымдар мен оқытушылардың жалпыланған іс-тәжірибесімен тығыз
байланысты болады.
3.
Математиканы оқыту әдістемесіматематика пәнінің ерекшеліктеріне
негізделген оқу-тәрбие жүйесі жайындағы
ғылым .
Мұғалімнің оқу материалдарын беру,
оқушылардың математикалық білімді саналы
меңгеру және алған білімін практикада қолдану
іскерліктерін шыңдау әдістері мен құралдарын
тағайындайды.
4.
Математиканыоқыту
әдістемесі
салалары
МОӘ жалпы әдістемесі
МОӘ арнайы әдістемесі
МОӘ нақты әдістемесі
5.
МОӘ жалпы әдістемесіМектеп математикасының бүкіл курсын
қарастырады және оқытдың идеология
бағытын оқыту мазмұны мен әдістерінің
бірлігін , оқыту түрлерінің арасындағы
байланыстарды , әр түрлі курстардың
арасындағы сабақтастықтарды оқу
процесіндегі тәрбие жұмысы
элементтерінің тұтастығын қамтиды.
МОӘ арнайы әдістемесі
Оқушылардың жасына оқу матералы
мазмұнының ерекшеліктеріне сәйкес курсты
оқытудың дербес мәселелерін қарастырады
МОӘ нақты әдістемесі
1) Жалпы әдістеменің жеке мәселелері
2) Арнайы әдістеменің жеке мәселелері
6.
Математиканы оқытудың әдістемесін мақсаттарыбілім беру
тәрбиелеу
жеке түлғаны дамыту
алған білімді практикада нәтижелі іске асыру
нәтижеге бағытталған құзырлылықты қалыптастыру
Математиканы оқытудың әдістемесін міндеттері
• математиканы үйренудің нақты мақсаттарын және орта мектептегі оқу
пәнінің мазмұнын анықтау;
• алға қойылған мақсатқа жетуге бағытталған барынша тиімді әдістер мен
оқытудың ұйымдастыру формаларын жетілдіру;
• мұғалімнің іс-тәжірибелік жұмысына қажетті ұсыныстарды, керекті оқу
жабдықтарды жетілдіру