158.75K
Category: geographygeography

Антропогендік ландшафттар

1.

Тақырыбы: Антропогендік
ландшафттар
Доцент
«Жаратылыстану ғылымдары»
Бисенова Л.Е:

2.

Табиғи-антропогендік ландшафт анықтамасы
Табиғи-антропогендік ландшафттар-бұл адамның
экономикалық және басқа да әрекеттерінің әсерінен
өзгерген табиғи ландшафттар
Табиғаттың жаратылыстық қалпын сақтай отырып және
табиғи заңдылықтарға бағына отырып
жекелеген
морфологиялық
бөліктері
жекелеген
компоненттер
антропогендік мазмұнға ие
болады/ өзгереді

3.

Антропогендік ландшафт анықтамасы
Тарихи уақытта Жер бетінде қалыптаса
бастаған географиялық кешеннің ерекше түрі
Антропогендік кешендер табиғи
ландшафттардың құрылымынан өзгеше
құрылымы бар тәуелсіз табиғи жүйелер
Ф.Н.Мильков, А. М. Рябчиков
Өзгермейтін құрылыммен генетикалық
байланысты табиғи ландшафттардың
модификациясы/ өзгертілген кешендер
В.Б.Сочава, А.Г.Исаченко
Ландшафттардағы түбегейлі өзгерістердің мүмкіндігі
жоққа шығарылады, антропогендік әсерлердің
уақытша екендігі баса айтылады.

4.

Антропогендік ландшафт анықтамасы
Ф.Н. Мильковтың пікірінше,
«антропогендік ландшафттарға
адамның әрекеті әсерінен
жаңадан пайда болған
ландшафттарды да, сондай-ақ,
құрамдас бөліктері, соның ішінде
өсімдіктері мен жануарлар әлемі
адам әрекетінен түбегейлі
өзгеріске ұшыраған табиғи
кешендерді жатқызу керек»
В.Н. Солнцевтің көзқарасы
бойынша, антропогендік
ландшафттанудың зерттеу
пәні «түбегейлі немесе
жартылай өзгеруге
ұшырағанына қарамастан
қайта құрылымдауға тап
болған кез-келген табиғи
кешен болуы керек.
Сонымен, антропогендік ландшафттарға «адам белгілі бір әлеуметтікэкономикалық функцияларды жүзеге асыру үшін әдейі, мақсатты түрде
жасаған, сонымен қатар табиғи ландшафттардың кездейсоқ өзгеруі
нәтижесінде пайда болған кешендер де» жатқызылуы шарт
(Ландшафтарды қорғау. Түсіндірме сөздік. 1982).

5.

Антропогендік ландшафт классификациясы
Антропогендік ландшафттардың барлығына тән ортақ
ерекшелігі - олардың бәріне үнемі күтім пен бақылау қажет,
қолдау көрсетпесе олар жабайыланады.
Ф.Н.Мильков олардың дамуының 2 кезеңін бөледі
ерте (тұрақсыз)
жетілген (тұрақты).

6.

Антропогендік ландшафт классификациясы
Өзгеріске ұшыраған ландшафттардың осындай классификациясының
бірінің авторы В.Л. Котельников, аумақтың жыртылу деңгейіне
байланысты ландшафттарды бөліп көрсетеді
Өзгеріссіз топырақөсімдік
қауымдастығы
өзгерусіз
қалады
Аздап өзгерген
– жерді жырту
және табиғи
өсімдіктерді
жою 20% -дан
аспайды.
Күшті өзгерген
– жерді игеру
80%
Түрлендірілген
Орташа модификацияланған – жерді жырту және табиғи
өсімдіктерді жою шамасы 20-дан 80% дейін.

7.

А.Г.Исаченко бойынша классификация
Г. Исаченко адамның экономикалық қызметінің әсер ету дәрежесі бойынша
ландшафттардың барынша дәл және ғылыми негізделген
классификацияларының бірін ұсынды:
1
2
3
4
• Адам аяғы баспаған табиғи ландшафт
• Адам әрекетінен көп өзгермеген ландшафт
• Адам әрекетінен бұзылған (дигрессияланған) ландшафт
• Адам әрекетінен түлеп, қайта түзілген мәдени ландшафт

8.

Антропогендік ландшафт классификациясы
Ф.Н. Мильков ұсынған тағы бір тәсіл бар. Ол антропогендік
ландшафттану ғылымына антропогендік ландшафттардың
сапалы жаңа классификациясын енгізеді. Мұнда зерттеліп
отырған ТТК-ның пайда болуы мен функциясының
ерекшеліктеріне, оларға ықпал ететін әр түрлі табиғи және
әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсеріне, сонымен
қатар осы ландшафттардың өзіндік сапалық
сипаттамаларына байланысты әр түрлі классификациялық
ерекшеліктерді ескереді.

9.

Ф.Н.Мильков бойынша
ландшафт классификациясы
I
II
III
IV
V
• Мазмұны бойынша: ауылшаруашылық, өндірістік, жол, су, орман, тұрғын үй.
• Генезисі бойынша: техногендік, жыртылған, жыртылған бұрынғы орман, пирогендік,
жайылымдық-дигрессиялық
• Адамның табиғатқа әсер ету тереңдігі тұрғысынан:антропогендік неоландшафтар , өзгертілген
(түрлендірілген) антропогендік ландшафттар
• Пайда болу мақсаттылығы бойынша: мақсатты, кездейсоқ
• Өмір сүру ұзақтығы мен өзін-өзі реттеу дәрежесі бойынша антропогендік ландшафттар: өзінөзі реттеуші ұзақ жасайтын, ішінара реттелетін көпжылдық,қысқа мерзімді реттелетін

10.

Антропогендік ландшафт түрлері
1
2
3
4
5
• Ауыл шаруашылық ландшафттары (агроландшафттар)
• Антропогендік орман ландшафттары
• Өнеркәсіп кәсіпорындарымен байланысты ландшафттар
• Қала ландшафттары
• Рекреациялық ландшафттар

11.

Мәдени ландшафт
Адамзат қоғамының экономикалық қызметімен өзгертілген және оның
жұмысының нәтижелерімен қаныққан табиғи ландшафт. «Мәдени
ландшафт» ұғымы «антропогендік ландшафт» ұғымының синонимі емес.
Мәдени ландшафт табиғи ландшафттың жақсартылған модификациясы
деп саналады
Мәдени ландшафттың негізгі қасиеттері
Жоғары өнімділік және экономикалық тиімділік
Адам өмірі үшін оңтайлы экологиялық орта
English     Русский Rules