Similar presentations:
Ұңғыларды екінші рет ашу (перфорация) процестері. Лекция 27
1.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлікуниверситеті
Техникалық факультет
“Мұнай - газ ісі” кафедрасы
«Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау »
пәні
Лекция № 27
Ұңғыларды екінші рет ашу
(перфорация) процестері
Ақтөбе,2025ж
2. Ұңғы перфорациясы дегеніміз өнімді қабаттан ұңғыға мұнай, газ,су қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында қабатты ұңғы түбімен
байланыстыратын жасандыканалдар қалыптастыру процесі.
3. Перфорациялау процесінің негізгі кезеңдері: 1.Перфорациялау құралдарын дайындау: Перфорациялау үшін арнайы құралдар, соның
ішінде перфораторлар (құрылғылар) пайдаланылады. Бұлқұралдар механикалық, гидравликалық немесе жарылғыш жүйелерді қолдана
отырып, ұңғы қабырғасында каналдар жасайды.
2.Перфорациялау аймағын таңдау: Перфорациялау жүргізілетін аймақты
анықтау үшін геологиялық және геофизикалық зерттеулер жүргізіледі.
Ұңғының қандай тереңдікте және қай қабатта мұнай немесе газ бар екенін
анықтау маңызды, себебі перфорациялау тек өнімді қабаттарда ғана жүзеге
асырылады.
3.Перфорация әдісін таңдау: Перфорациялау әдісі ұңғының тереңдігіне,
қабаттың сипатына және басқа да факторларға байланысты таңдалады.
4.Перфорациялау жұмыстарын жүргізу: Перфоратор ұңғыға түсіріліп,
қабаттың қажетті бөлігін ашу үшін құрылғыны іске қосады.Перфорациялық
каналдар арқылы мұнай немесе газ ұңғыға ағуға мүмкіндік береді.
5. Перфорациядан кейінгі тексеру: Перфорацияланған ұңғы қабатының
жағдайы тексеріледі, қандай да бір ақаулар немесе сұйықтықтың ағып кетуі
болмауын қамтамасыз ету үшін арнайы сынақтар жүргізіледі.
4. Ұңғыны перфорациялауға қажетті техника мен технологиялар әсер ету принципіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді: -жарылғыш;
-гидродинамикалық;-механикалық;
-химиялық.
Жарылғыш әдісін оқтық, торпедалық және
кумулятивтік перфорациялар процестері
құрайды.
5. Перфорация процесі
ЖарылғышГидродинамикалық
Оқты
Торпедалық
Кумулятивті
Құмағынды
перфорация
Механикалық
Химиялық
Электрлі
дрель
Mg мен HCl
хим.реакциясы
6. Өндірістік геофизикада ұңғымалардың перфорациясы жақсы нәтиже беру үшін және де перфорациялық интервалдарды дәл анықтау
Өндірістік геофизикада ұңғымалардың перфорациясы жақсынәтиже беру үшін және де перфорациялық интервалдарды дәл
анықтау үшін: перфорациялық интервалдардың байланысы
мен бақылануы қажет. Перфорация интервалдарын ұңғының
қимасына дәл байланыстыру үшін локатор муфт пен гамма
каротаж әдістері қолданылады.
Муфталық байланыстар локаторы ЛМ
Шегендеу құбырда муфталық байланыстардың орналасу
орнын анықтау үшін локатор муфт әдісінде индукция
принципі қолданылады. Пассивті локатор екі тұрақты
магниттерден тұрады. Ортасынан өзекке оралған өлшегіш
катушкамен бөлінеді. Екі магнит бір-біріне қарама-қарсы
аттас полюстермен орналастырылады.
7.
8.
9. Ашылған қабаттың қамтылуын қамтамасыз етеді: 1 м қашықтықта – торпедалық (перфорациялық канал диаметрі 22мм); 2,5м қашықтықта –
оқпен(перфорациялық канал диаметрі
12мм);
30м қашықтықта – кумулятивтік
10. Торпедалық перфорация
11.
12. Перфорацияның механикалық және химиялық әдістері
13. Перфорацияның механикалық әдісі. Бұл әдіс электрдрельмен шегендеу тізбегін, цемент тасын, жыныстарды тесу процесіне
негізделген. Тесу диаметрі 14- 16мм. Тескіш(сверло) ұзындығы перфоратор диаметріне
байланысты.
Қолдану ерекшелігі:
- терең емес ұңғыларда;
- сумұнай жиегіне жақын орналасқан өнімді
қабаттарды ашу. Жару перфорация процесінде
ұңғының сулану қаупі орын алады.
.
14. Артықшылығы: - шегендеу тізбегі мен цемент тасы тұтастығын сақтайды. Кемшілігі: - тескіш ұзындығы шектеулі болуына байланысты
қажеттіұзындыққа қабатты ашу мүмкін
болмайды.
15. Перфорацияның химиялық әдісі. Бұл әдіс металл мен қышқыл ерітіндісінің химиялық әрекеттесуіне негізделген. Шегендеу тізбегі
ұңғығатүсіру алдында өнімді қабат қалыңдығына тең
ұзындығымен тесіледі. Тесіктер магний тығынымен
жабылады. Магний тығынының қалыңдығы шегендеу
тізбегінің және цемент тасының қалыңдығына тең
болады. Шегендеу
тізбегі ұңғыға
түсіріліп,
цементтеледі. Цемент ерітіндісі қатқаннан кейін, тұз
қышқылы ерітіндісі айдалып, басу сұйықтығымен
қабатқа енгізіледі.
16. Тұз қышқылы ерітіндісімен металл химиялық реакцияға түсу барысында жылу бөлінеді (1 кг магний қышқыл ерітіндісімен
әрекеттескенде 18,6 МДж жылу бөлінеді).Нәтижесінде ұңғы мен қабат аралығында
гидродинамикалық байланыс пайда болады.
Қолдану ерекшелігі:
- өнімді қабат карбонатты жыныстармен
құралған жағдайда тиімді.
- тереңдік ұңғыларда қолданылады.
17. Артықшылығы: -шегендеу тізбегі мен цемент тасы тұтастығын сақтайды; -ұңғының түп аймағын бұрғылау ерітіндісінен тазалайды.
Кемшілігі:- қажетті концентрациялы ерітінді
дайындау белгілі уақыт алады;
- процесстің күрделігі.
chemistry