Similar presentations:
Қадыр Ғинаятұлы Мырза
1.
Қадыр Ғинаятұлы МырзаӘли
Өмірбаяны
2.
Қадыр Ғинаятұлы Мырзалиев —Қазақстанның халық жазушысы, ақын,
Қазақстанның алғашқы гимнінің тең авторы.
Оның авторлығымен 50-ден астам
поэзиялық жинақ, әдеби-сыни және
балаларға арналған кітаптар жарық көрген.
Туған күні мен жері: 1935 жылғы 5 қаңтар,
Қазақстан
Қайтыс болған күні мен жері: 2011 жылғы
24 қаңтар, Алматы
Шығармашылық жылдары: 1954—2010
Жанры: поэзия, проза, драматургия, публицистика
Бағыты: өлең, поэма, мемуар, драма, мақала
3.
ӨмірбаяныҚадыр Мырза Әли Батыс Қазақстан облысының Жымпиты ауылында дүниеге
келген. Кіші жүздің Байбақты руынан шыққан. Балалық шағында кітапқа қызығып,
аудандық кітапхананың тұрақты оқырманы болды. 11 жасында алғаш өлең жазды.
Әкесі қайтыс болған соң интернатта тәрбиеленіп, поэзияға деген ықыласын
жалғастырды. 1954 жылы «Пионер» журналында өлеңдері жарық көре бастады.
1958 жылы С. М. Киров атындағы ҚазМУ-дің филология факультетін, 1960 жылы
аспирантураны тәмамдады.
Ол ұзақ жылдар журналистикамен айналысты. «Балдырған», «Жұлдыз»
журналдарында, «Жазушы» баспасында және Жазушылар одағында қызмет етті.
1992 жылы Жоғарғы Кеңестің
Ұлттық саясат, мәдениет және
тіл дамыту комитеті
төрағасының орынбасары
болды, ал 1994 жылы Қазақстан
Республикасының халық
депутаты болып сайланды.
Қадыр Мырза Әли 2011 жылдың 23-інен 24-іне қараған түні жүрек
талмасынан қайтыс болды. Бұған дейін ол екі инфаркт өткізген еді.
25 қаңтарда Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ драма театрында қоштасу
рәсімі өтті. Оған Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, ақынның
туыстары, достары, әріптестері және шығармашылығын бағалаушылар
қатысты.
4.
ӨлеңдерҚадыр Мырза Әлидің алғашқы өлеңдер жинағы –
«Көктем» 1959 жылы жарық көрді. Одан кейін
«Жаңғалақтар», «Данышпан», «Кішкене
қожанасыр», «Ноян қоян», «Алуан палуан», «Ой
орманы» (1965, Ленин комсомолы сыйлығы –
1966), «Дала дидары», «Бұлбұл бағы», «Ақ
отау», екі томдық «Домбыра», «Жерұйық» (1976,
Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы – 1980), сондайақ «Ғибратнама», «Жазмыш», «Еңіреп өткен
ерлер-ай», «Иірім», «Шырғалаң», «Алмас жерде
қалмас», екі томдық «Афоризмдер жинағы» және
басқа да еңбектері жарық көрді.
Кейбір өлеңдері қазақ ақындарының ұжымдық
жинақтарына енген. Оның шығармалары қазақ
мектептерінің әдебиет пәнінде оқытылады, ал
республикамыздың театрларында оның пьесалары
сахналанады.
Оның 13 кітабы орыс тіліне аударылған, олардың
ішінде «Инабат виноват» (1962), «Твой дом» (1976),
«Бессонница» (1967), «Белая юрта» (1968),
«Соловьиный сад» (1971), «Степные пути» (1968,
1973), «Прапамять» (1975), «Верхняя струна
домбры» (1976), «Ладони» (1979, 1984), «Круг»
(1979), «Нижняя струна домбры» (1985), «Красная
книга» (1987), «Колчан» (1990) бар.
2010 жылы ақынның 75 жылдығына орай «Қазығұрт»
баспасынан 20 томдық шығармалар жинағы жарық
көрді.
biography