Similar presentations:
Витаминдердің адам өміріндегі маңызы
1.
Витаминдердің адам өміріндегі маңызы2.
• Дәрумендерді 1880 жылы орыс дәрігері Н.И. Лунин(1854–1937) ашты. Ол эксперименттік жолмен
жануарлардың қорегінің құрамында нәруыздар,
майлар, көмірсулар және су мен минералды
тұздармен қатар, дәрумендер болуы керек екенін
дәлелдеді. «Витамин» деген терминнің өзі 1912
жылы пайда болды
3. Витаминдер
Суда еритіндерН
С
В
Майда еритіндер
В
12
В
1
В
D
А
2
6
Е
К
4.
• Ағза үшін қажетті дәрумендердің тәуліктік мөлшері –шамамен 180–200 мг. Олардың ағзадағы жетіспеушілігі
гиповитаминоз деп аталады.
• Күнделікті пайдаланатын тағамдардың құрамында қандай
да бір дәруменнің ұзақ уақыт болмауынан авитаминоз
орын алады. Бұл кезде адамда зат алмасудың барлық түрі
бұзылады. Тіршілік үшін қажет кез келген маңызды
дәруменнің тамақ құрамында ұзақ уақыт болмауы зат
алмасудың бұзылуына, соңында тіпті өлімге апарып соғуы
мүмкін.
• Дәрумендерді шамадан көп пайдалану да ағза үшін зиян.
Бұл кезде гипервитаминоз орын алады.
Гипервитаминоздың белгісі: құсу, іштің өтуі, теріде ұзақ
уақыт жойылмайтын ақшыл дақтардың пайда болуы және
т.б. Әдетте гипервитаминоз дәрумендерді бақылаусыз
ішуге байланысты туындайды
5.
• Суда еритін дәрумендер, негізінен, өсімдіктекті өнімдерде(немесе сыра ашытқысында) кездеседі. Майда еритін
дәрумендер көбінесе жануартекті өнімдерде болады.
• А дәрумені тамақ пісіру кезінде бұзылмайды, бірақ
көгөністер мен жидектерді ұзақ уақыт сақтау не кептіру
кезінде ол жойылып кетеді. С дәрумені ауамен жанасқан
кезде оңай бұзылады. Сондықтан көгөністерді пісіру алдында
ғана тазалап, турау керек. Қайнаған суға салып, қақпағы
жабық ыдыста шамалы уақыт пісіру қажет. Эмаль
жалатылған ыдыста пісірген дұрыс, себебі металмен
жанасқан кезде де С дәрумені жойылып кетеді.
• Авитаминоздың алдын алу үшін фармацевтикада
поливитаминдер(грек. поли – көп) шығарады
6. А витамині немесе өсу витамині (Ретинол)
7.
• А дәрумені (ретинол) ағзаның өсуі және дамуы, эпителийұлпасы жасушаларының: тері, шаш, шырышты қабықтың
жаңаруы, қалыпты көру үшін қажет. Ол ымыртта және түнде
жақсы көруге әсер етеді.
• А дәрумені жетіспесе тері құрғақ болады, жарылады,
қабыршақтанады. Тыныс алу жолдарының сілемейлі қабығы
мен көздің қасаң қабағы қалпына келмейді. А дәруменінің
авитаминозы кезінде ақшам соқыр ауруы пайда болады.
Адамның қас қарайғанда көруі нашарлайды. Жалпы көруі
төмендейді.
8.
• А дәруменінің ізашарлары өсімдіктердің қызыл, сарыпигменттері – каротин. Біз оларды өсімдіктекті тамақ
арқылы аламыз. Шырғанақ, сәбіз, өрік, итмұрын, асқабақ,
асжапырақ және т.б. құрамында А дәрумені көп мөлшерде
болады. Каротинді ағзамыз жақсы сіңіру үшін аталған
өсімдіктекті өнімдерді жануар немесе өсімдік майын, қаймақ
қосып жеу керек. Каротин бауыр жасушаларында және
ішектің қабырғаларында А дәруменіне айналады.
• A дәрумені көп мөлшерде жануартекті өнімдерде – бауыр,
сарымай, сүт, жұмыртқа сарыуызында, уылдырықта, балық
майында болады.
• Бір тәуліктегі қажет мөлшері – 1–2 мг
9. Ағзада А витамині жетіспеген кезде:
• көздің қасаң қабаты қатты зақымданады, соныңсалдарынан соқыр болып қалады.
• алғашқы белгісі ақшамсоқыр ( түнгі суқараңғы)
болады. Ымыртта немесе түнде көру мүлдем
нашарлайды.
10. D витамині (Кальциферол)
11.
• D дәрумені (кальциферол) ішек бүрлерінің тамақтан кальциймен фосфорды сіңіру үдерісін қамтамасыз етеді. D дәрумені
болмаса, кальций фосфаттары тамақтан қанға түспейді де,
сүйек ұлпасында жетіспейді.
• D дәруменін ультракүлгін сәуленің әсерінен тері жасушалары
синтездейді. Сондықтан D дәруменін «Күн дәрумені» деп те
атайды. Мешел ауруының алдын алу үшін кішкентай балалар
Күн ваннасын қабылдау керек. Ағзаны D дәруменімен толық
қамтамасыз ету үшін ол тамақпен бірге түсуі керек. D
дәрумені көп мөлшерде балық майында, бауырында, атлант
майшабағында, жұмыртқада, сүтте, майда және т.б. болады.
Өсімдіктекті өнімдерде D дәрумені жоқ десе болады. Бір
тәуліктегі қажет мөлшері: ересек адам үшін –2,5 мг, балаларда
– 12,5 мг
12. Сүйек әлсіз болады. D дәруменінің гиповитаминозы балаларда Мешел (рахит) ауруы болады
Дене салмағының ауырлығынан аяқтары қисаяды,кеуде қуысы көкетке, ол ішекке қысым
түсіретіндіктен, қарны шығып
тұрады.
бойының өсуі баяулайды,
басы үлкен болады,
ұйқысы бұзылады.
Бұл балалар жұқпалы аурулармен көп ауырады
13. Витамин Е (Токоферол)
14.
• E дәрумені (токоферол). Бұл дәруменнің жетіспеуібедеулікке, бұлшықет дистрофиясына, анемияға,
балаларда көру қабілетінің бұзылуына, кейде
семіздікке себеп болады. Е дәрумені көгөністерде,
өнген дақылдарда, өсімдік майында, жұмыртқада
болады. Бір тәуліктегі қажет мөлшері – 10–20 мг
15. К витамині (Филлохинон)
16.
• К дәрумені (филлохинон). Бұл дәруменнің жетіспеуіқан ұюының бұзылуына, соның салдарынан қан
жоғалтуға апарып соғады. К дәрумені саумалдық
(шпинат), қалақай, түсті қырыққабат, асқабақ,
сәбізде және т.б. көп. Сонымен қатар оны ішек
микрофлорасы синтездейді. Бір тәуліктегі қажет
мөлшері – 0,2–0,3 мг
17. Витамин B1 (Тиамин)
18.
• В1 дәрумені (тиамин), В тобына жататын басқадәрумендер сияқты жүйке жүйесінің қызметінде маңызды
рөл атқарады. В1 дәруменінің жетіспеуі көмірсулардың
алмасуының бұзылуына апарып соғады. Соның
салдарынан жүйке және жүрек-қан тамырлары жүйесінің
жұмысы бұзылады. В1 дәруменінің авитаминозы кезінде
адам бери-бери ауруымен ауырады. Ауру белгілері:
• Адамның денесі қалтырайды,
• қимыл-қозғалысы бұзылады,
• ұйқышыл және селқостық пайда болады,
• миы қалыпты жұмыс істемейді.
19.
• Бірақ қазіргі уақытта бери-бери сияқты ауруменауыру сирек кездеседі. Бұл ауру тек күрішпен
тамақтанған Оңтүстік-Шығыс Азиядағы түрмеде
жатқан адамдар арасында пайда болды.
• Күріш, бидай, арпа, сұлы кебектері, жасыл
асжапырақ, салат жапырағы, сүт өнімдері,
жұмыртқа, жидектер В1 дәруменіне бай.
• Тиамин гиповитаминозының белгісі: адамның
басы ауырады, жүрегі жиі соғады, аяқ-қолы
дірілдейді.
• Бір тәуліктегі қажет мөлшері – 1,5–2,5 мг
20.
В1 витамині жетіспеген жағдайда :адамда бери-бери ауруы пайда болады.
21. В2 Витамині (Рибофлавин )
22.
• В2 дәруменінің (рибофлавин) орталық жүйке жүйесінің қалыптыжұмыс істеуі, сондай-ақ зат алмасу және қан түзілу үшін маңызы
зор.
• Рибофлавиннің жетіспеуі:
• терінің, шырышты қабықтың зақымдануына, көрудің бұзылуына
себеп болады.
• Бала ағзасына В2 дәрумені жеткілікті түспесе бойының өсуі
тоқтайды, ішкі мүшелерінің шырышты қабығы мен терісі
қабынады. Көздің мөлдір қабығы қабынып, көзден жас ағады.
• В2 дәрумені көп мөлшерде ашытқы, бидай кебегі, бұршақ, ет, сүт
және жұмыртқа сарыуызында болады. Бір тәуліктегі қажет
мөлшері – 2–2,5 мг
23. РР витамині (В5, никотин қышқылы)
24.
• РР дәрумені (никотин қышқылы немесе ниацин)асқазан, ішек жұмысына әсер етеді. Бұл дәруменнің
жетіспеуінен жалпы әлсіздік байқалады, адамның
көңіл күйі өзгереді, пеллагра (итальян тілінен сөзбе
сөз аударғанда – қатпарланған, тері ауруы дамиды.
Теріде көпіршіктер мен дақтар пайда болады.
Ниацинге жануартекті өнімдер мен ашытқы бай. Ол
ет, жұмыртқа, қара нан, жержаңғақ құрамында
болады. Бір тәуліктегі қажет мөлшері – 15–20 мг
25. Пеллагра ауруының белгілері
26. В6 витамині (пиридоксин)
27.
• В6 дәрумені (пиридоксин) негізінен нәруыздардың алмасуынреттейді. Ағзаның темірді пайдалануына, эритроциттердің
жетілуіне әсер етеді. Ол майлардың алмасуын, бауыр мен
терідегі дұрыс зат алмасуын қамтамасыз етеді. В6 дәруменін
ішек микрофлорасы синтездейді. В6 дәруменінің жетіспеуі
анемия, дерматит және тырыспа ауруын тудырады. Бір
тәуліктегі қажет мөлшері – 1,5–2 мг
28. В12 витамині (цианкобаламин)
29.
• В12 дәрумені (цианкобаламин) қан түзілу үшін қажет. Олбауырдың қызметін реттейді, жүйке ұлпасы
жасушаларының жаңаруына қатысады. В12 дәрумені
жетіспесе қатерлі анемия ауруын тудырады. Бауыр, бүйрек,
балық, жұмыртқа В12 дәруменіне бай. Оны ішек
микрофлорасы шамалы мөлшерде синтездейді. Сондықтан
B12 дәрумені үнемі тамақпен бірге түсіп тұруы керек. Бір
тәуліктегі қажет мөлшері – 2–3 мг
30. С витамині (Аскорбин қышқылы)
31.
• С дәрумені (аскорбин қышқылы) – алуан түрлі қызметатқарады және тәуліктік мөлшері ең көп дәрумен.
• 1. Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұруын арттырады. Ол
антидене синтездейтін ферменттердің құрамына кіреді.
• 2. Сүйек пен тістің берік болуына әсер етеді.
• 3. Эпителий ұлпасының қалпына келу жылдамдығын
арттырады. Соның нәтижесінде қан тамырларының
серпімділігі (эластикалығы) жоғарылап, оның зақымдануына
және тозуына кедергі келтіреді.
• 4. Биологиялық тотығу кезінде бөлінетін зиянды заттардың
(бос радикал деп аталатын) бұзылуына қатысады.
32.
• С дәруменінің жетіспеуінен адам тез шаршайды,сілемейлі қабықшасы қабынады, қызылиегі
қанайды. Бұл дәруменнің авитаминозы кезінде
құрқұлақ (цинга) ауруы дамиды. Адам әлсізденіп,
қызылиегі қабынады әрі қанайды, тістері түсіп
қалады, буындары ісіп кетеді. Егер ағзаны С
дәруменімен қамтамасыз етпесе адам өміріне
қауіп төнуі мүмкін.
• С дәрумені көгөністер мен жеміс-жидек
құрамында болады. Ол итмұрын, қара қарақат,
лимон және басқа цитрус дақылдарында,
қырыққабатта (әсіресе ашыған қырыққабатта)
көп мөлшерде бар.
• Бір тәуліктегі қажет мөлшері – 60–100 мг.
medicine