Similar presentations:
Жасушалық цикл
1.
ӨмірбекДилда
Өмірбекқызы
Білімге құштарлық табысқа
апаратын жол
2.
Жасушалық цикл3.
• Жасушаның бөліну арқылы пайда болуынан бастап өзіндің бөлінуіне немесежойылуына (өліміне) дейінгі аралық – жасушалық цикл деп аталады.
• Бұл кезең екіге бөлінеді: интерфаза, яғни бөлінуге даярлық, және митоз,
яғни бөліну үдерісі. Интерфаза кезеңінде жасуша өсіп, келесі бөлінуге
дайындалады. Бұл кезең жасушалық циклдің шамамен 80% -ын құрайды және
репликация, яғни ДНҚ молекуласының екі еселенуі, осы кезеңде орын алады.
Репликация болмаса, жасушалар бірнеше ұрпақтан кейін көбейе алмайтын еді,
себебі хромосома саны жеткіліксіз болады. Сонымен қатар, репликация арқылы
хромосомалар екі еселеніп, жасуша бөлінуге қажетті қорлар жинақтайды.
4.
5.
1.G1-кезең – бұл жасушаның өсу кезеңі. Жаңа жасуша өскен кезде органоидтерқалыпты санына келіп, өсу үдерісі жалғасады.
2.S-кезең – бұл синтетикалық кезең, мұнда ДНҚ синтезі жүреді, яғни хромосомалар
екі еселенеді. Әрбір хромосома екі хроматидадан тұрады, олар центромера арқылы
қосылған. Сонымен қатар, ферменттер, АТФ және басқа маңызды заттар
синтезделеді.
3.G2-кезең – жасушаның бөлінуге дайындалу кезеңі. Бұл кезеңде бөлінуге қажетті
құрылымдар қалыптасады (бөліну ұршығы түзілетін жиырылғыш нәруыздар
жинақталады), жасуша көлемі ұлғайып, жетілу процесі жалғасады.
6.
• G0-кезең жасушалық циклде кейде пайда болатын кезең болып табылады. Бұлкезеңде жасуша бөлінуді уақытша тоқтатады және ұзақ уақыт бойы тыныштық
күйде болуы мүмкін. Мұндай жағдайлар өсімдіктердің тұқымдары мен анабиоз
күйіндегі жануарлар жасушаларында кездеседі. Жасушалар осы кезеңде
белсенділік көрсетпейді, бірақ қажет болған жағдайда қайтадан белсенді бола
алады.
7.
Жасуша бөлінуіМитоз
Мейоз
Амитоз
Дене
жасушаларының
бөлінуі
Жыныс
жасушаларының
бөлінуі
Қарапайымдарды
ң тікелей бөлінуі
8.
Митоз• Митоз – жасушалардың көбеюінің
ең негізгі әдісі, оның нәтижесінде бір
бастапқы жасушадан екі жас жасуша
түзіледі, және олардағы хромосома
жиынтығы өзгеріссіз қалады. Яғни,
митоз кезінде жасуша өзіне ұқсас екі
жасуша түзу арқылы хромосома
жиынтығын сақтап қалады. Бұл
үдеріс сомалық, яғни дене
жасушаларында жүзеге асады, ал
біржасушалы ағзалар үшін бұл
негізгі көбею әдісі болып табылады.
9.
Митоз мәні• Митоз есебінен көпжасушалы ағзалар өседі және зақымдалған тіндер
қалпына келеді. Мысалы, адам терісі, бидай өскіндері және кесірткенің
құйрық жасушалары митоз арқылы көбейеді. Бұл жасушалардың бөлінуі
арқылы ағзаның регенерациясы, өсуі жүзеге асады. Сонымен қатар,
біржасушалы эукариоттарда, мысалы, балдырлар мен қарапайым
жануарларда, митоз негізгі көбею әдісі болып табылады.
10.
Митоз фазалары:• Профаза. Профазада ядро көлемі
үлкейіп, хромосомалар ширатылып
бастайды. Бұл кезде хромосома
жіпшелерінің өз осінде шиыршықталып
бұратылуының салдарынан хромосомалар
қысқарып, жуандайды. Әрбір хромосома
екі жіпшеден (хроматидтен) тұрады,
ядрошык жойылады. Жасуша
орталығының центриольдері жасуша
полюсіне тартылады, олардың арасында
бөліну ұршығы түзіледі. Бұл кезде ядро
қабығы бұзылады да, цитоплазма мен
кариоплазманың сұйық заттары
қосылады. Хромосомалар осы сұйықтықта
еркін әрі ретсіз таралып, жасуша
экваторына қарай қозғала бастайды.
11.
• Метафаза. Метафазада хромосомалардыңширатылуы күшейіп, полюстерден бірдей
қашықтықта орналасқан қысқарған
хромосомалар жасуша экваторына
бағытталады. Бөліну ұршығының түзілуі
аяқталады. Хромосомалардың центромерлі
бөліктері белгілі тәртіппен бір жазықтық
бойына орналасады. Әр хромосома екі
хроматидтен тұрады. Метафазада екі
хроматидтен тұратын хромосомалар анық
көрінеді. Экватор жазықтығына
жинақталған хромосомалардың әрқайсысы
ахроматин (бөліну жіпшесі) жіпшелеріне
жабысады. Осыдан кейін ахроматин
жіпшесіне бекінген хроматидтер
жасушаның екі жақ полюсіне жылжиды.
12.
• Анафаза. Анафазада ахроматин жіпшелерінебекінген хроматидтер бір-бірінен ажырап,
жеке хромосомаларға айналады. Пайда
болған жас хромосомалар жасушаның
полюстеріне қарай ығысады. Сонымен
интерфаза кезеңінде екі еселенген
хромосомалар анафазада хроматидтерге
ажырап, жасушаның полюстеріне тартылады.
Жасушаның әр полюсінде бір хроматидтен
тұратын хромосома, яғни диплоидты
хромосома жиынтығы пайда болады.
Хромосоманың шиыршығы жазылады,
біртіндеп жіңішкеріп ұзарады.
13.
• Телофаза. Телофаза – митоздың соңғысатысы. Телофаза кезінде хромосомалардың
қозғалуы аяқталады, ядрошықтар пайда
болады. Жасушаның қарама-қарсы
полюсінде жаңа пайда болған
хромосомалардың сыртынан ядролық қабық
түзіледі. Кариокинез аяқталады. Жаңа
ядролардың қайта құрылуымен қатар,
цитоплазма жасуша денешіктеріне
тартылып, бөліну арқылы цитокинез
процесі жүзеге асады. Бұл процесс
нәтижесінде хромосомалар екі жас
жасушаға тең бөлінеді. Ядрошық түзіледі,
және аналық жасуша екі жаңа ұрпақ
жасушаларына бөлінеді.
14.
1.Митоз процесі – жасушаның өсуі және дамуы барысындағы маңызды кезең.2.Аналық жасушадағы генетикалық материал жаңа жас жасушаларға тең бөлінеді.
Жаңа жас жасушалардағы генетикалық ақпарат аналық жасушадағы
генетикалық ақпараттың дәл көшірмесі болып табылады.
3.Жаңа жас жасушалардағы хромосомалар саны аналық жасушадағы
хромосомалар санына сәйкес келеді.
4.Егер митоз процесі бұзылса, хромосомалар санының ауытқуы мүмкін: саны
артуы немесе кемуі ықтимал. Хромосомалар санының ауытқуына байланысты
жасуша үлкен өзгеріске ұшырайды: тіршілігін жояды немесе мутацияға
ұшырайды. Митоздың ұзақтығы әртүрлі болуы мүмкін.
15.
• Митоздың нәтижесінде екі жас жасуша пайда болады, олардың әрқайсысыбастапқы жасушаға толықтай ұқсас, яғни хромосома жиынтығы мен
органоидтер саны бойынша тең болады. Егер митоз кезінде мутация болмаса, екі
жасушада да хромосома саны бірдей болып қалады. Бұл жасушалардың
құрамындағы органоидтер саны мен цитоплазма мөлшері де шамамен тең
болады.
• Кейбір жасушаларда цитокинез үдерісі жүрмейді, нәтижесінде көпядролы
жасушалар түзіледі. Мұндай көпядролы жасушалар, мысалы, көлденең жолақты
бұлшықет жасушалары мен астық (нан) зеңдерінің жасушаларына тән.
16.
Мейоз• Мейоз – бұл жасушалардың бөліну әдісі,
нәтижесінде бастапқы диплоидты
жасушалардан хромосома саны екі есеге
азайған гаплоидты жасушалар пайда
болады. Бұл процесс жыныс жасушалары
– гаметалардың түзілуіне алып келеді.
Гаметалар, мысалы, сперматозоидтар
мен жұмыртқа жасушалары, мейоз
арқылы түзіледі. Сондықтан мейозды
жиі редукциялық бөліну деп атайды,
себебі редукция дегеніміз – азаю немесе
қысқару үдерісі.
17.
• Мейоз - нәтижесінде хромосома саны азаятын және жасушаныңдиплоидты күйден гаплоидты күйге өтетін бөліну әдісі. Мейоз
арқылы дара (гаплоидты) хромосома жиынтығы бар жасушалар гаметалар түзіледі
• Мейоз - гаплоидты жасушалардың, көбінесе гаметалардың түзілу
әдісі. Оны редукциялық бөліну деп атайды. Себебі редукция - бір
нәрсенің кему үдерісі. Мейоз кезінде жас жасушалардағы хромосома
саны 2 есе кемиді. Бастапқы жасуша бірден 4 жас жасушаға
бөлінбейді. 2 бөліну қатар жүреді: I мейоз және II мейоз. Интерфаза
кезінде бірінші және екінші бөліну арасында ДНҚ репликациясы
жүрмейді - хромосомалар екі еселенбейді.
• Адамның жасуша ядросында 46 хромосома (диплоидты жиынтық)
болады. Мейоздың алдындағы интерфазада репликация жүреді де,
жасушада 92 хроматида түзіледі. ДНҚ молекуласы – 92, бірақ
хромосомалар бұрынғыша 46, себебі әрбір хромосома 2 ДНҚ
молекуласынан – хроматидалардан тұрады.
18.
19.
• Конъюгация дегеніміз – бұл гомологты хромосомалардың жақындау жәнеөрілу үдерісі. Конъюгация кезінде көптеген гомологты хромосомалар
арасында кроссинговер – гомологты хромосомалардың бөліктерінің
алмасуы жүреді. Осылайша, ұрпақ генетикалық жағынан алуан түрлі
болады. Тіпті көп ұрпақты ағзаларда екі мүлдем бірдей дара тумайды. Тек
біржұмыртқалы егіздер ғана ұқсас болып келеді.
• Конъюгация мен кроссинговер – өте маңызды үдерістер, оларсыз жыныс
жасушалары түзілмейді. Табиғатта әртүрлі түрлердің араласуынан будандар
түзілуі мүмкін. Мысалы, хайуанаттар бағында кездесетін лигр – арыстан
мен жолбарыстың буданы немесе мул – есек пен жылқының буданы.
Мұндай түраралық будандар көбінесе ұрпақ бере алмайды, өйткені есек пен
жылқының хромосомалары гомологты емес.
20.
21.
22.
• Мейоздың биологиялық рөлі – бастапқы жасушамен салыстырғандаеншілес жасушаларда хромосомалар санының азаюы. Көбінесе, мейоз
арқылы гаметалар қалыптасады (ұрықтануға қабілетті гаплоидты
жасушалар).
23.
ҰлпаҚандай жасушаға тән
Бөліну
және
фаза
саны
Бастапқы
жасушалармен
салыстырғанда жас
жасушалардағы
хромосома
жиынтығы
Конъюга
ция және
кроссинг
овер
Биологиялық
рөлі
Жас
жасушалардағ
ы хромосома
жиындығы
Митоз
Дене (сомалық)
(гаплоидты гаметовиттегі
гаметалар )
1 бөліну,
4 фаза
Бастапқы
жасушалардағы
сияқты
Жоқ
Көпжасушалы
ағзалардың өсу
және
регенерация
негізі .
Жыныссыз
көбею негізі
Диплоидты
Мейоз
Жыныс гаплоидты
жасушалар – ересек
ағзаның диплоидты
гаметалары (диплоидты
спорофиттегі гаплоидты
споралар)
2 бөліну,
8 фаза
Бастапқы жасушаларға
қарағанда екі есе аз
Бар
Жынысты көбею
негізі (гамета
ДНҚсының
қосылуы есебіен
өзгергіштіктің
артуы)
Гаплоидты
biology