Similar presentations:
Акселерация туралы түсінік. Баланың нерв-психикалық дамуына қоршаған ортаның, режимі мен тәрбиесінің әсер етуі
1.
«АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚБалалар аурулары кафедрасы
ТАҚЫРЫБЫ: АКСЕЛЕРАЦИЯ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.
БАЛАНЫҢ НЕРВ-ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНА
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ, РЕЖИМІ МЕН ТӘРБИЕСІНІҢ
ӘСЕР ЕТУІ
Орындаған: Серіков Қ.Д.
Тексерген: Ахметова У.А.
Астана, 2024
2.
Жоспары:КІРІСПЕ
Акселерация туралы түсінік
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Акселерация түрлері
Акселерация себептері мен көріністері
Баланың нерв-психикалық дамуына әсер ететін
факторлар
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
3.
АкселерацияАкселерация - жасөспірімдердің денесінің дамуының уақыттан бұрын, тез
қарқынмен үдеп жүруі; балалармен жасөспірімдердің жыныстың жетілуінің
өсуі мен дамуының күрт жылдамдануы.
Ю.К. Бабанский акселерацияны балалардың денесі мен психикасының аса
ерте дамуы деп анықтады.
«Акселерация» 1935 жылы неміс дәрігері Е.М. Кох ұсынған болатын. Латын
тілінен «жылдамдату» дегенді білдіреді. Бұл сөзбен балалар мен
жасөспірімдердің құрдастарымен салыстырғанда бойының, салмағының және
кейбір басқа өлшемдерінің ұлғаюы аталған болатын.
4.
Акселерация түрлеріҚазіргі уақытта "акселерация" термині негізінен екі мағынада қолданылады:
акселерация дәуірлік (эпохальная) және топішілік
Дәуірлік
Алдыңғы ұрпақтармен салыстырғанда қазіргі балалар
мен жасөспірімдердің физикалық дамуын жеделдетуді
білдіреді. Дәуірлік акселерация жатырішілік даму
сатысында көрінеді. Қазіргі жаңа туған нәрестелерде
алдыңғы ұрпақтармен салыстырғанда дене ұзындығы
0,7-1 см-ге, ал салмағы 60-100 г-ға артқан. Қазіргі
балаларда репродуктивті функциялардың қалыптасуы
да ертерек жүреді.
5.
Акселерация түрлеріТопішілік
Белгілі бір жастағы балалар мен жасөспірімдердің физикалық дамуын білдіреді. Топ
ішіндегі акселераттар бойының ұзындығымен, бұлшықет күшімен және тыныс алу
жүйесінің мүмкіндіктерімен сипатталады. Олардың жыныстық жетілуі едәуір тез және
өсу процестері ертерек аяқталады.
6.
Акселерация түрлеріАкселерацияның дамуына байланысты гармониялық және дисгармониялық
болып екіге бөлінеді.
Гармониялық акселерацияға антропометриялық көрсеткіштер мен
биологиялық жетілуі параллельді түрде жыныстық-жастық топ үшін орташа
көрсеткіштерден артық балалар жатады.
Дисгармониялық түріне құрдастарына қарағанда бойының ұзындығы артық,
ал жыныстық дамуының жетілуі қалыпты немесе төмен балалар жатады,
немесе керісінше жыныстық жетілуі жасынан артық, ал дене дамуының
қарқынды дамуы байқалмайтын балалар жатады.
7.
Акселерация себептеріФизико-химиялық
1. Гелиогенді
2. Радиотолқынды магнитті
3. Өнеркәсіптің дамуына
байланысты көмірқышқыл
мөлшерінің артуы
Өмір жағдайларының әртүрлі
факторлары туралы теориялар
1. Тамақтану
2. Нутритивті
3. Ақпаратты мәліметтердің артуы
Генетикалық
1. Циклдық биологиялық
өзгерістер
2. Гетерозистік өзгерістер
Өмір жағдайының факторлар
кешенінің теориялары
1. Урбанизацияның әсері
2. Әлеуметтік-биологиялық
факторлар кешені
8.
Акселерация себептеріӨмір сүру жағдайының жақсаруы: жақсы тамақтану, медициналық көмектің
қол жетімді болуы, санитарлық-гигиеналық жағдайларды жақсарту
балалардың тез физикалық дамуына ықпал етеді.
Экологиялық жағдайдың өзгеруі: кейбір зерттеушілер акселерацияны
қоршаған ортадағы әртүрлі химиялық заттардың әсерінен балалардың
гормоналды фонының өзгеруімен байланыстырады.
Генетикалық факторлар: тұқым қуалаушылық баланың өсуі мен даму
қарқынында да маңызды рөл атқарады.
9.
Акселерацияның көріністеріАкселерация келесі өзгерістермен көрінеді:
Ерте жыныстық жетілу: қыздарда етеккір ерте басталады, ұлдарда жыныстық
жетілу басталады.
Бой мен салмақтың өсуі: қазіргі балалар орта есеппен өткен ұрпақтардағы
құрдастарынан бойы ұзын және салмағы артық.
Қаңқаның ертерек оссификациясы: акселерацияланған балалардағы сүйектер
тезірек дамиды.
Екіншілік жыныстық белгілердің ертерек дамуы.
10.
Акселерацияның салдарыКейбір аурулардың даму
қаупінің жоғарылауы (мысалы,
қант диабеті, жүрек-қан
тамырлары аурулары).
Ерте жыныстық жетілуге
байланысты психологиялық
мәселелер.
Физикалық және
психологиялық дамудың сәйкес
келмеуі.
11.
Баланың нерв-психикалық дамуына әсер ететін факторларДаму- жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және
диалектикалық процесі. Балада анадан туа біткен белгілі
идеялар мен түсініктер және өжет, жұмсақ немесе
байсалды мінез болмайды. Баланың адамгершілік,
әуестік, белсенділік және батылдық сияқты қасиеттері
даму процесінде қалыптасады. Өйткені, оның өсіп
жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие мен орта әсер етеді.
Адаманың дамуы және оның дүниені тануы түрлі
әлеуметтік жағдайларға байланысты. Сондықтан оның
мінезінде әр түрлі ерекшеліктер пайда болады. Баланың
дамуына ықпал ететін факторларға тұқым
қуалаушылығын, әлеуметтік орта, тәрбие, т.б. жатады.
12.
Баланың нерв-психикалық дамуына әсер ететін факторларЖеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі тәрбие. Тәрбие балалардың жеке және дербес
ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне лайық іске
асырылып, тәрбие адамдардың іс-әрекеттерін
ұйымдастырады.
Әрбір жас шағы психикалық дамудың ерекше сапалы
кезеңі болып табылады және бала дамуының осы
кезеңдегі жеке басының өзіндік құрылымының,
жиынтығын құрастыратын көптеген өзгерістермен
сипатталады. Дұрыс тамақтану, таза ауада жиі болу, көп
қозғалу (ойын, дене жаттығулары, спортен айналысу)
дене тәрбиесіне көмектеседі.
13.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР1.
Түсіпқалиев Б. Балалар аурулары. Оқулық. Ақтөбе 2011ж 927 бет.
2.
Детские болезни: Учебник для вузов. 6-е изд. В двух томах. Т. 1. — СПб.:
Питер,2011. — 928 с.: ил. — (Серия «Учебник для вузов»).
3.
https://kk.wikipedia.org/wiki/
4.
https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%BA%D1%81%D0%B5%D0%BB%D0%
B5%D1%80%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F
medicine