804.83K
Category: geographygeography

Жер байлығына аяулы көзқарас. Бөлім 10

1.

Бөлім 10. Жер байлығына аяулы көзқарас
Қазақстан картасы бойынша елімізді аралайық!
6. 1. 2. 1 тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну,
негізгі және қосымша ақпараттарды анықтау;
6. 4. 5. 1 жазба жұмыстарында сөзге қосымша
жалғауда үндестік заңын ескеріп, орфографиялық
нормаға сай дұрыс жазу;

2.

«Ой қозғау» сұрақтары
Бағалау критерийі :
- сұрақтарға дұрыс жауап береді.

3.

ЖАҢА СӨЗДЕР:
Шикізат- тұтынуға қолайлы өнделмеген зат
Қазба – жер қойнауынан қазып алынатын заттар
Кен – жердің қойнауынан қазып алынатын пайдалы зат.
Кенші - кенде істеуші
Мәрмәр – әк тастың түріне жататын қатты тас
Қорғасын – көкшіл-сұр түсті, жұмсақ, өте ауыр металл
Мұнай - май тәрізді минералды сұйық зат
Құбыр – жер астымен ылғалды я газды бір орыннан екінші орынға жеткізетін
түтік.

4.

Негізгі бөлім
1-тапсырма. Тыңдалым мәтінін мұқият тыңда, сұрақтарға жауап
бер.

5.

Тыңдалым мәтіні бойынша тапсырма
Тыңдалым бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Сен қандай мемлекетте тұрасың?
2. Сенің елің қандай мемлекеттермен шектеседі?
3. Сен тұратын жерде қандай қазба байлықтары бар?
-
Бағалау критерийі :
- мәтінді мұқият тыңдайды;
- сұрақтарға дұрыс жауап береді.

6.

Өзіңді тексер!
1.Мен алып, ұлан-ғайыр мемлекетте тұрамың.
2.Менің елім Ресей, Қытай, Қырғыстан, Өзбекістан, Түркменістан
мемлекеттермен шектеседі.
3.Мен тұратын жерде шикізат пен қазба байлықтары бар.
Дескриптор :
-мәтінді тыңдайды;
- берілген сұрақтарға жауап береді

7.

Тілдік бағдар
Сын-қимыл үстеуі қимылдың түрлі сапасын, тәсілін, бейнесін білдіреді. Ол
қалай? Қайтіп? Қалайша? Деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: тез,
осылайша, іштей, орысша.
2-тапсырма. Мәтіннен сын-қимыл үстеулерді тауып, сұрақ
қой.
Қазақстан – ежелгі ел.Қазақстан Еуразия құрлығының тура ортасында орналасқан.
Қазақстанның шегарасын тез аралап шығу мүмкін емес. Батысы мен солтүстігі
Ресеймен шектеседі.Оңтүстік Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғыстанмен шектеседі.
Шығыс Қытаймен шектеседі. Осылайша, біздің еліміз бес мемлекетпен шектеседі.
Бағалау критерийі :
- мәтін ішінен үстеуді табады;
- сұрақ қояды

8.

Өзіңді тексер!
тез – сын-қимыл үстеу, сұрақ - қалай?
Осылайша - сын-қимыл үстеу, сұрақ - қалайша?
Дескриптор :
- сын-қимыл үстеуді біледі;
- мәтін ішінен табады;
- сұрақ қояды.

9.

3-тапсырма. Мәтінді түсініп оқы. Негізгі және қосымша
ақпаратты анықта.
Бағалау критерийі :
-
- мәтінді түсінеді;
-
- негізгі, қосымша ақпаратты анықтайды

10.

Өзіңді тексер!
Негізгі ақпарат – Қазақ жері ұлан-ғайыр, бай жер. Қазақстан
аумағы 2724,9 мың шарша километрге тең. Қазақстан
шегарасының ұзындығы – 15000 километр. Қазақстан шикізат пен
қазба байлығы жағынан ең бай елдің қатарына кіреді.
Қосымша ақпарат – Каспий жағасында, Арал айналасында
миллион, миллиард тонна мұнай бар. Орталық Қазақстанда көмір,
жез, қорғасын, мырыш, құмтас өндіріледі.
Дескриптор :
- мәтінді түсініп оқиды;
- негізгі, қосымша ақпаратты анықтайды

11.

4-тапсырма. Үстеулерді және берілген сөздерді
пайдаланып, мәтінге байланысты сөйлем құраңыз.
Кен байлықтары,
қорғасын, мырыш, емін-еркін,
шикізат түрлері, өндіру, тез.
Бағалау критерийі:
- сөйлем құрастырады;
- үстеулерді пайдаланады.

12.

Өзіңді тексер
Орталық Қазақстанда бидай, арпа тез өседі. Осылайша шикізаттан мырыш, қорғасын
өндірілуде. Елімізде мұнай өндірісі тез дамуда. Солтүстікте алтын, темір емін-еркін
кездеседі. Қазақстан кен байлықтары жағынан Жер шарындағы бай аймақтардың
бірі
Дескрипторы:
-үстеулерді және сөздерді пайдаланады;
-сөйлем құрай алады
English     Русский Rules