Similar presentations:
Қазақстандағы туризм: бүгіні мен болашағы
1.
Мамыр айының он тоғызы.Сабақтың тақырыбы:
Қазақстандағы туризм: бүгіні
мен болашағы.
1
2.
Сабақтың мақсаты8.3.4.1 эссе құрылымы мен даму желісін сақтап,
мәселе бойынша ұсынылған шешімнің
артықшылығы мен кемшілік тұстарын
салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу
(аргументативті эссе)
Бағалау критерийі
- эссе құрылымы мен даму желісін сақтап,
мәселе бойынша ұсынылған шешімнің
артықшылығы мен кемшілік тұстарын
салыстырады;
- өз ойын дәлелдеп жазады;
2
3.
Миға шабуылҚандай туристік
жерлерде
болдыңыздар ?
4.
1-топ: Мәтінмен жұмысМәтінді оқу барысында маңызды деп ойлаған сөз тіркестерінің астын сызыңыз.
Қазақстанда 400-ден астам туристік фирмалар қызмет етеді, 80 елдің туристік
фирмаларымен келісім жасалған. Туризмнің дамыған аймақтары – Алматы, Шығыс
Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары, сондай-ақ Алматы және
Астана қалалары. Осы облыстардың және қалалардың туристік фирмалары қызмет
көрсетудің 88%-ін құрайды. Біздің елге Ресей, Қытай, Германия, Пәкістан, Польша және
Туркия туристері жиі келеді. Туристерді тасымалдауда авиакомпаниялардың ролі зор.
Дүниежүзі бойынша туризм саласынан ел бюджетіне түсетін қаржы мұнайдан түсетін
табыстан кейінгі екінші орында тұрғанын ескерсек, бұл саланы дамыту бүгінгі күннің
талабы екені даусыз. Қазіргі таңда елімізде аймақтық туризмді дамытудың бастамалары
байқалады. «Ақтау-Сити», «Кендірлі», «Жаңа Іле», «Бурабай» сынды мемлекеттік әрі
экономикалық маңызы жоғары жобалар – соның айғағы. Республикамыздың аймақтары
мен жекелеген өңірлерін дамытудың, соның ішінде ауылды көтерудің бір жолы ретінде
аймақтағы туризмді дамыту жобасына арқа сүйеген абзал. Себебі аймақтағы туризм
дамуының жолға қойылуы қосымша жұмыс орындарының пайда болуына, туризммен
сабақтас өзге де инфрақұрылымдардың жетіліп, бірқатар әлеуметтік мәселелердің өз
шешімін табуына септігін тигізеді. Көрнекті жерлерді ірі туристік өңірге айналдырсақ,
туризм саласында бәсекелестік пайда болып, сапалық көрсеткіштер де арта түседі.
Дескрипторы:
Мәтін мазмұнын түсінеді;
Маңызды сөз тіркестерін іріктеп, астын сызады;
4
5.
2-топ:Мәтін бойынша кесте толтырыңыз.
Мәтіннен
үзінді
Тілдік ерекшелігі.
/Мәтіндегі термин
сөздер/
Комментарий
1
2
Дескрипторы:
• Тілдік ерекшелігін жазады
• Мәтіндегі жеке үзінділерді сипаттай алады
• Әр бөлік бойынша пікір білдіріп, комментарий жазады.
6.
3-топ:Мәтін бойынша «дұрыс, бұрыс» кестесін
толтырыңыз.
Қазақстанда 400-ден астам
туристік фирмалар қызмет етеді
Туризмнің дамыған аймақтары –
Шығыс Қазақстан, Қарағанды,
Павлодар, Арқалық, Алматы
Туризм саласынан ел
бюджетіне түсетін қаржы
мұнайдан түсетін табыстан
кейінгі үшінші орында тұр
Туризм саласында бәсекелестік
пайда болса, сапалық
көрсеткіштер де арта түседі.
Дұрыс
Бұрыс
Дұрыс
Бұрыс
Бұрыс
Дұрыс
Бұрыс
Дескрипторы:
• Оқылым мәтінін түсінеді ;
• Мәтін бойынша дұрыс,
бұрысын ажыратады ;
7.
4-топ:Берілген үзіндіні оқып, эссенің қай түріне жататынын ажыратыңыз. Көтерілген
даулы мәселені анықтаңыз.
Еліміздегі туризмнің дамуы үшін баға мен сапа үйлесуі қажет. Расында, кез келген
демалушы қызмет көрсету сапасы жоғары жерде ғана емін-еркін демалады ғой.
Кәсіпкерлер бағаны белгілегенде, қандай талаптарға сүйенеді екен деп таңғаласың.
Бұдан кейін инфрақұрылым мәселесі алдымыздан шығады.
Мәселен, Алакөл не Марқакөл сынды інжу-маржандарымызға жеткенше,
демалысыңыздың берекесі қашады. Себебі жолдың алыс болуы өз алдына, бұған қоса
оның сапасы сын көтермейді. Қалай десек те, көзтартар табиғатымен елді тамсандырып
жүрген жерлерімізді таныту үшін жеке кәсіпкерлер Үкімет тарапынан қолдауға мұқтаж.
Айталық, мемлекет кейбір алыс аймақтардағы демалыс орындарына жаз айлары кезінде
шағын ұшақтар ұйымдастырса, бұл да келушілердің санын көбейтетіні анық.
Екіншіден, қазақстандық туризмді дамытудың басты қозғаушы күші ретінде жарнама
мәселесін айта кеткен жөн. Ешқандай қазба байлығы жоқ, тек туризм арқылы байлыққа
белшесінен батып отырған елдер жарнама мәселесіне немқұрайлы қарамайтыны
байқалады. Әлемнің алты құрлығындағы жерлерді біле тұра, елімізде інжу-маржан
саналатын жерлерді көпшілік біле бермейтіні рас. Себебі теледидарды болсын, радионы
болсын қоссаңыз да, қай басылымды ашсаңыз да шетелдік курорттардың жарнамасы
көздің жауын алады. Сондықтан жарнамалау мәселесі назардан тыс қалмауы тиіс.
7
8.
А) Мәтін ... эссе түрінде жазылған.А) шығармашылық
Ә) анықтамалық
Б) аргументативті
В) сипаттамалық
2. Мәтінде қандай даулы мәселе көтерілген?
А) әлемдік туризмнің жағдайы
Ә) қазақстандық туризмді дамыту
Б) мемлекеттегі саяси жағдайдың тұрақсыздығы
В) еліміздегі жарнама бағытының төмендігі
Дескриптор:
•Мәтінді мұқият түсініп оқиды.
•Үзіндінің қай эссе түріне жататынын ажыратады;
•Көтерілген даулы мәселені анықтайды.
8
9.
Ә) Берілген үзінді бойынша тапсырманы орындаңыз.Дескриптор:
•Аудиториясын анықтайды;
•Аргументтерді жазады;
•Аргументті қолдана отырып, өз пікірін білдіреді.
Аудиториясы
Аргумент
Пікірі
9
10.
1-топ:Қазақстандағы туризм.
(Жарнама жаса).
10
11.
2-топ: Мәтіннен алынған үзіндіні оқыңыз, қарамен берілген сөздердіңперифразасын қолданып, сөйлемді қайта өңдеп жазыңыз.
Туризм қазіргі таңда әлемдік экономиканың маңызды саласы болып табылады.
Ол табыстылығы жөнінен әлемде мұнай мен автомобиль экспортынан кейін
үшінші орын алады. Туризм – ел мен елді табыстырып, салт-дәстүрі мен
мәдениетін насихаттаудың бірден бір жолы. Сондай-ақ туризм бірқатар елдер
экономикасының басты табыс көзі болып табылады. Осы тұрғыда табиғи
байлығы, тарихи қазынасы мен мәдени мұрасы жағынан ешбір елден кем
түспейтін Қазақстанның туризмі қаншалықты дамыған деген сұрақ туындайды.
2010 жылы әлем бойынша 800 млн адам саяхат жасап олар әлемдік
экономикаға 500 млрд доллар қаражат тастаған. Дүниежүзілік Туристік
Ұйымның деректері бойынша туризм жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін,
халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын және әлемдік өндірістің
әрбір тоғызыншы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.
Міне осындай әлемнің озық тәжірибелері мен тың идеяларды пайдалана
отырып отандық туризмды болашақта айтарлықтай дамытуға болады. Әрине ең
бастысы мемлекеттің көмегі және отандық туризмды көтере алатын жас
мамандар керек. Сонда ғана біз болашақта әлемнің озық елдері секілді
туризмнен жыл сайын 30 млрд доллар тауып, Қазақстанды гүлдендіріп,
11
халқымыздың сапалы демалуына және жағдайының жақсаруына септігімізді
тигізетінімізге сенімдімін.
12.
3-топ:Мәтінде көтерілген мәселелер бойынша тұжырым
жасаңыз.
Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ...»
Екінші сөйлем «Себебі мен оны былай түсіндіремін ...»
Үшінші сөйлем «Оны мен мына факт, мысалдармен
дәлелдей аламын ...»
Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мынадай
қорытындыға
келдім ...»
Дескриптор:
Мәтінде көтерілген мәселелер бойынша тұжырым
жасайды.
12
13.
Қосымшатапсырма«Қазақстандағы туризмнің
болашағы – жастардың
қолында» деген тақырыпқа эссе
жаз.
(Автор орындығы)
13
14.
Үйге тапсырма:«Қазақстандағы туризм:
бүгіні мен болашағы»
тақырыбына эссе жаз.
14