Similar presentations:
Өнегелі өмір өткелдері
1.
№203 орта мектепҒылыми жоба
Тақырыбы: “Өнегелі өмір өткелдері”
Сыныбы:10
Орындаған: Бейбітқызы Гүлдана
Жетекшісі: Тұрғанов Қанат
Жалағаш, 2024 жыл
2.
Лауазым парағы1. Қызылорда облысы
Жалағаш ауданы
Жаңадария ауылы
№203 орта мектеп
2. Авторы: Бейбітқызы Гүлдана
10- сынып оқушысы
3. Тақырыбы: “Өнегелі өмір өткелдері”
4. Жетекшісі:Тұрғанов Қанат Жақсыбайұлы
5. Орындалған жылы: 2024 оқу жылы
3.
АннотацияМақсаты:
Ғылыми зерттеу жұмысы бойынша Қасым ағайдың мектепте оқушыларға сапалы
білім ,саналы тәрбие,іскер басшы бар еңбегін ұстаздыққа арнаған жолында аянбай
еңбек еткеннің, ұйымдастыру қабілеті жоғары екенін жастарға үлгі ету.
Өзектілігі:
-Ғылыми ізденістерге өмір бойы білім алуға құштарлағын арттыру.
- Қасым ағай ауылға қадірлі,сыйлы азаматтардың бірегейі,егеменді еліміздің
өсіп,өркендеуіне қосқан үлесін оқушыларға жеткізу,тарату.
- Қасым ағай бүкіл саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиелеуге арнаған ұстаздың
қалдырған ізі мәңгілік екенін оқушыларға насихаттау.
- Қасым ағай өмірлік ұстанымы жас ұрпаққа саналы білім берумен бірге олардың
жүректеріне ізгілік нұрын сеуіп адамгершілікке имандылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Өтегенов Қасым ағай №203 орта мектептегі ұстаздық және басшылық қызметі
барысында шәкірттерімен,қызметтестерімен өзінің бойындағы білім-ақпаратын сол
білімді-даналыққа айналдыра білген ұстаз
Мектепішілік тәрбиелік,оқу сауаттылығын арттыруда аудандық,облыстық
конференцияларындағы шығармашылық жұмыстары,олимпиада жүлдегерлері дәлел.
4.
АннотацияЦель: По научно-исследовательской работе примером для молодежи является то
,что дядя Касым неустанно трудился в школе,посвящая весь свой труд
воспитанию, сознательному воспитанию учащихся, деловому руководителю,
обладает высокой организаторской способностью.
Актуальность: - Повышение мотивации к научному поиску на протяжении всей
жизни.
Дядя Касым является одним из самых уважаемых и уважаемых граждан
села,вклад в рост и процветание нашей суверенной страны.
Пропаганда ученикам того, что путь, оставленный учителем, который всю
свою сознательную жизнь посвятил воспитанию поколений, вечен.
Жизненная позиция дяди Касым вместе с сознательным воспитанием
подрастающего поколения воспитывать нравственность, посеяв в их сердцах
свет добра.
Ожидаемый результат: Дядя Отегенов Касым-учитель,который за время своей
преподавательской и руководящей деятельности в средней школе №203 своими
учениками, сослуживцами сумел превратить свои знания в мудрость
Творческие работы на районных, областных конференциях, призеры олимпиад
свидетельствуют о повышении внутришкольной воспитательной, читательской
грамотности
5.
AnnotationPurpose:According to the scientific research work ,uncle Kasym is an example for
young people who have a high organizational ability,who have worked hard to teach
students at school, a conscious upbringing, and a business leader.
Relevance: To increase the desire for Lifelong Learning for scientific research.
Kasym Agay to convey to students the contribution of respected and respected citizens
to the growth and prosperity of our unique,sovereign country.
To promote to students that the trail left by the teacher, who devoted his entire
conscious life to educating generations, is eternal.
Kasim Agay's life position is to educate the younger generation with a conscious
education, as well as to instill morality and morality, sprinkling the light of virtue in
their hearts
Expected result: Utegenov Kasym Agay is a teacher who,during his teaching and
leadership activities in secondary school No. 203, was able to transform his knowledgeinformation into knowledge-wisdom with his students and colleagues
Creative work at district and regional conferences in improving intra-school
educational,educational literacy,as evidenced by the winners of the Olympiad
6.
КүнделікР\с
Атқарылатын жұмыстар
Мерзімі
Жауапты
1
Оқушыларды ғылыми жобаның ережесімен
таныстыру
15.12.2023ж
Қ.Тұрғанов
2
3
Оқушыны таңдап іріктеу
Ғылыми жоба тақырыбын таңдау
19.12.2023ж
20.12.2023ж
Қ.Тұрғанов
Қ.Тұрғанов
4
Мектеп кітапханамен жұмыс
23.12.2023ж
5
Ауылдық кітапханасымен жұмыс
25.12.2023ж
6
Интернет арқылы тың мәліметтер алу
27.12.2023ж
7
Ғылыми жобаға слайдтар енгізу
1.01.2024ж
8
Мектепішілік 5-10 сыныптар арасында талқылау
3.01.2024ж
Қ.Тұрғанов
Г.Бейбітқызы
Қ.Тұрғанов
Г.Бейбітқызы
Қ.Тұрғанов
Г.Бейбітқызы
Қ.Тұрғанов
Г.Бейбітқызы
Қ.Тұрғанов
9
Аудандық ғылыми жобаға оқушының ұсынысын
жіберу
6.01.2024ж
Қ.Тұрғанов
7.
МазмұныІ. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қасым ағай іскер басшы
2. Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиелеуге арнаған ұстаз
3. Білімді – даналыққа айналдыра білген ұстаз
ІІІ.Зерттеу бөлім
ІҮ. Қорытынды бөлім
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
8.
І КіріспеҰстаз… жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете
түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін
жадында жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын…
алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі…, мейлінше шешен, өнербілімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және арнамысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына
да әділ…, жұрттың бәріне… жақсылық пен ізгілік
\
көрсетіп…қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл,
ержүрек болуы керек.
Әл-Фараби
9. Өмірбаяны
Өтегенов Қасым(1947-2000)
Ұстаз, физик-математик
Қызылорда облысы Теренөзек ауданы,Жаңадария ауылында дүниеге
келген. Ақарық ауылында №124 жалпы білім беретін мектепті бітірген.
1971 жылы сол кезде Гоголь атындағы Қызылорда Педагогикалық
институтының физика-математика факультетін тәмамдады.
Мұғалімдік еңбек жолын Жалағаш ауданы,Жаңадария совхозында №203
орта мектептен бастады.
1973 жылдан мектепте оқу ісі меңгерушісі, 1981 жылдан бастап мектеп
директоры болып қызмет атқарды.
1990 жылы білім саласының ең жоғары мәртебесі “Қазақ ССР Халық
ағарту ісінің үздігі” атанды.
Білім саласынан ауылдық,аудандық кеңестерге сайланды. Болашағы
зор,берері мол ұлағатты ұстаз Қасым Өтегенов 2000 жылы мезгілсіз
қайтыс болды
10.
Қай заманда болсын, ұстаздарға құрмет жоғары болған. Бүгіннен немесе кешеденғана ұлы мамандық иелеріне құрмет көрсетіліп келе жатқан жоқ, ықылым
заманнан бері ұстаздықтың шоқтығы биік тұр. Ұстазға құрмет көрсету – білімге
құрмет көрсету. Білімді құрметтемеген, ұстазын қадір тұтпаған шәкірттің
ғылымда нәтижеге қол жеткізе алмайтындығы, қол жеткізсе де, тиісінше кәдеге
асыра алмайтындығы қасиетті Құранда да жазылған. Тарихта ақыл-парасаты мол
тұлғалардың көпшілігі ұстазына ерекше құрметпен қарап, әрдайым бір ізетпен
еске алғаны мәлім. Айталық, Ескендір Зұлқарнайын – Аристотельді, Абылай хан
– Төле биді, Шәкәрім – Абайды, Жамбыл – Сүйінбайды өзіне ақылшы әрі ұстаз
тұтқан. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей, олар өздерінің өмірде
бағындырған зор асуларына ұстаздарының сіңірген еңбегі көп екенін жақсы
түсінген. Мәселен, Ескендір Зұлқарнайын өз ұстазын «Мен ұстазыма әкемнен кем
қарыздар емеспін. Әкемнен өмірді алсам, Аристотельден сол өмірге керектінің
бәрін алдым» деп еске алатын болған екен.
11.
Бүгінгі еңбегіміз Өтегенов Қасым ағайға арналады.«Ұстаздардыңұстазы » Еліміз егемендік алған 1991 жылдардағы қиын кезеңде ауыл
тұрғындарына барлық әлеуметтік,саяси,рухани және экономикалық
жағынан қолдау жасауда басшылық қызметті ойдағыдай
ұйымдастыруда үлкен еңбек ете білді.Ауылға қадірлі,сыйлы
азаматтардың бірегейі.
1981 -1986 жылдары мектеп директоры қызметін атқарса,1984 жылы
ауылдық кеңестің депутаты болып сайланды.
1999жылы жоғары дәрежелі «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық
қызметкері»деген атақ алған .Өтегенов Қасым ағай өзінің қызмет
барысында адалдығымен,еңбекқорлығымен абырой биігінен көрінген
тау тұлғалы азамат.
12.
13.
Негізгі бөлімІІ.1 Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Әсілі,
мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейірімді
абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» демекші,
ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ.
Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ секілді.Ғылым
иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған
ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да,
мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрібәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам
баласы құрметпен бас иеді.Өтегенов Қасым ағай өз физика пәнінің білгірі,мықты
маман, іскер басшы,белсенді ұйымдастырушы бола білді.
Қасым ағай өз өмірін қиындығы мен қызығы қатар жүретін ұстаздыққа
арнады.1981-1986 жылдар аралығында мектеп директор қызметін үлкен абыроймен
атқарды.Жұмыс істеген жылдар аралығында балаларға білім мен тәрбие беруде өз
білім-білігін,күш-жігерін,қажыр-қайратын аямады.Ұстаз еңбегі өз жемісін ұзақ
жылдардан кейін ғана береді емес пе? Оның шәкірттері қазір түрлі салаларда еңбек
етіп жүр.Ұстаз сонымен мақтанады.Еңбек оның жаңа өмірге талпынысын,білімге
құштарлығын арттырды,алдына қойған мақсатын орындауға деген ұмтылысын
биікке жетелеген еді.Ұстаздық қызмет Қасым ағайды өмірге
14.
шыңдай түсті.Жаңадария ауылындағы мектепке мұғалім тарту,оқу ісін жүргізуоңайға соқпады.Мұғалімдердің күнделікті қол жоспарын көріп дайындығын
тексерді.Ашық сабақтарына қатысу арқылы ұстаздардың қарым-қабілетін
қадағалап білім сапасын жақсартуға күш салды.Ата-аналармен байланыс
жасап,талап қойып тәртіпті жөндеді,оқу-тәрбие, басшылық қызмет
жасап,директор қызметін қатар атқарды.
Өзі де оқушыларға дәріс берді.
Шәкірттеріне сапалы білім берумен бірге совхоздың қой-қырқым,мал азығын
дайындау,бақша дақылдарын өсіру секілді маусымдық жұмыстарына жіберіп
еңбекке тәрбиеледі.
Қабілетті,талантты жастарды танып,қолдау көрсетті.Ағарту саласында көптеген
жыл еңбек етіп сол уақытта қаншама түлектерді тәрбиелеп
қанаттандырды.Қадамдарына сүйсініп,ақ жол тіледі.
Бүгінде барлық шәкірттері азамат болып,егеменді еліміздің өсіп-қркендеуіне өз
үлесін қосып жүр..Әрқайсысы әр саланың мамандары.соларды көргенде үмітің
ақталып,еңбегінің қайтқанына қуанады,марқайып мақтанады.
15.
ІІ.2 1984 жылы облыс басшысы Еркін Әуелбеков жұмыс сапарыменЖаңадария совхозына келіп,әртүрлі шаруашылықтармен танысып,арнайы
мектепке соғып,шалғай ауылындағы №203 орта мектепке келіп биік
ағаштар,жасыл желек гүлдер,оқушылар ойын алаңы,аяқ су ағып
жатқандығын көріп мектепті мынадай ұстау дұрыс екендігін мақтан
етті.Сол кездегі мектеп директоры Өтегенов Қасым ағай болатын.Ол да
мектеп үшін мақтаныш,әрі қарай жұмыс істеуге демеу болатын.Оқутәрбие жұмысын жақсы жолға қойған парасаты биік,білікті маманның
жас ұрпақ тәрбиелеу жолындағы еңбегі бағаланып,ел арасында беделге
ие болып,1999 жылы жоғары дәрежелі «Қазақ ССР халық ағарту ісінің
озық қызметкері»деген атақты иеленді. Ұстaз таудaн арқырaй аққaн тау
өзені секiлді, айналасына қуат беріп, жолында кездескендерді суымен
нәрлендіріп, таудай қиындықтарды тастай домалатып, білімнің сар
даласында тыныштық тауып, дамылдайды. Ұстаз – Жер деген әлемнің бетін
көркейткен, шәкірттеріне шуақ төккен Күн-ана тәрізді. Ұстаз – ақылдың
тозбaйтұғын асылы. Жылда жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Ұстаздар
күні де күздің үлесіне тиеді. Елімізде қазан айының бірінші жексенбісі
ұстаздар күні ретінде мерекеленіп келеді. Жас ұрпақтың санасына сыналай
енгізетін тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге өлшеусіз.
16. Балалары туралы мәлімет
. 1968 жылы отбасын құрып жолдасы Ильясова Қалдыгүл (Қалтай) екеуі7 бала тәрбиелеп өсірді.Ұл-қыздарын оқытып,қызын ұзатып,келін
түсірді.Үлкен ұлы Ғалымжан жоғары білімді маман Қызылорда
қаласында қызмет атқарады.Ортаншы баласы Әлімжан Алматы
қаласында мәдениет саласында қызмет жасайды.Рақымжан баласы
Құмкөлде мұнай саласында қызмет жасаса,кенжесі Әміржанда жоғары
білімді маман.Үлкен қызы Күләш Қазалы ауданы,Сарыбұлақ ауылында
бастауыш пәнінің мұғалімі.Ал Роза қызы Қызылорда қаласында №235
мектепте бастауыш пәнінің жоғарғы санаттағы мұғалімі.Қасым ағайды
еске алу мақсатында балалары жиналып 2017 жылы «Қалдырған ізің
мәңгілік» атты ақындар сайысын өткізді.Балалары ұйымдасып Қасым
ағайға арнап №203 орта мектептен арнайы қазіргі заман талабына сай
физика кабинетін жабдықтады.Балалары ата-анасының көзі
кетседе,үнемі туған ауылы Жаңадария ауылына келіп, мешітке құран
бағыштап отырады.
17.
Сырттай қарапайым болғанымен, тарихтағы ұлы істі атқарып жүргенжұмыс – ұстаздыкі. Біліммен баулып, биікке ұшыратын оқушыларының
оқуда озат, өмірде патриот болуы ұстаздың ұстанымына байланысты.
Мамандық көп. Бірақ мамандықтың түрлі болғаны маңызды емес, қанша
мамандық болса да сізді маман қылатын тағы да ұстаз. Мейлі сіз ғалым
болыңыз, жұлдыз, тіпті беделді азамат, президент болып кетсеңіз де сізді
осы өмірге жетелеген, осы шыңға жетуге себепші болған ұстазды ұмытуға
қақыңыз жоқ. Оның еңбегін сыйлау, оған құрмет көрсету – сол адамға
деген сый-сияпат емес, сіздің тәрбиелі, тәлімді тұлға болғаныңыз.
«Адамның адамшылдығы жақсы ұстаздан» деп Абай хакім айтпақшы,
әрбір ісіңіз жеңіске жетіп жатса, оның артында ұстаздың бір тамшы болса
да еңбегі барын есте сақтаңыз.
Ұрпаққа тәрбие беру, білім нәрімен сусындату – екінің бірінің қолынан да
келе бермейді. Сондықтан, ұстаз болу – жүректің батырлығы деп
бағалауға болады.
18.
Мектептің жаны — мұғалім. Мұғалім қандайболса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім
білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім
алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі
мектепке керегі — білімді, педагогика,
методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін
мұғалім.
Ахмет Байтұрсынов
19.
ІІ.3 Ұстaз таудaн арқырaй аққaн тау өзені секiлді, айналасына қуат беріп, жолындакездескендерді суымен нәрлендіріп, таудай қиындықтарды тастай домалатып, білімнің
сар даласында тыныштық тауып, дамылдайды. Ұстаз – Жер деген әлемнің бетін
көркейткен, шәкірттеріне шуақ төккен Күн-ана тәрізді. Ұстаз – ақылдың тозбaйтұғын
асылы. Жылда жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Ұстаздар күні де күздің үлесіне
тиеді. Елімізде қазан айының бірінші жексенбісі ұстаздар күні ретінде мерекеленіп
келеді. Жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге өлшеусіз.
Сырттай қарапайым болғанымен, тарихтағы ұлы істі атқарып жүрген жұмыс –
ұстаздыкі. Біліммен баулып, биікке ұшыратын оқушыларының оқуда озат, өмірде
патриот болуы ұстаздың ұстанымына байланысты. Мамандық көп. Бірақ мамандықтың
түрлі болғаны маңызды емес, қанша мамандық болса да сізді маман қылатын тағы да
ұстаз. Мейлі сіз ғалым болыңыз, жұлдыз, тіпті беделді азамат, президент болып кетсеңіз
де сізді осы өмірге жетелеген, осы шыңға жетуге себепші болған ұстазды ұмытуға
қақыңыз жоқ. Оның еңбегін сыйлау, оған құрмет көрсету – сол адамға деген сый-сияпат
емес, сіздің тәрбиелі, тәлімді тұлға болғаныңыз. «Адамның адамшылдығы жақсы
ұстаздан» деп Абай хакім айтпақшы, әрбір ісіңіз жеңіске жетіп жатса, оның артында
ұстаздың бір тамшы болса да еңбегі барын есте сақтаңыз
20.
Жұмыс орнындаӘріптестермен бірге
21.
1982-1983жж мұғалімдер құрамы22.
ҚорытындыӨтегенов Қасым ағай мамандығының қыры мен сырын жете
меңгерген ұстаз жас ұрпаққа саналы білім берумен бірге олардың
жүректеріне ізгілік нұрын сеуіп,адамгершілікке имандылыққа
тәрбиеледі.
Елу жылдық тарихы бар Жаңадария ауылында ұстаз,іскер басшы
Қасым Өтегенов есімі құрметпен аталады.Өйткені ол кісі ұстазға
лайық адал қызмет етті.бүкіл саналы ғұмырын ұрпақ тәрбелеуге
арнаған ұстаздық қалдырған ізі мәңгілік екені даусыз.
Қай заманда да қоғам ұстаз мәртебесіне селқос қарамаған. Өйткені, ұстаз
ұлды ғана емес, тұтастай ұлтты тәрбиелеуші. Бір айта кетерлігі, соңғы
уақытта бала оқытып, педагог болудан, кейінгі жас буын басын алып
қашады. Өзі ұстаздан тәлім алса да, келешегін білім-ғылым саласымен
байланыстырып елестете алмайтындар қатары көбейгені сөзсіз.
23.
Неге? Әр мұғалім өз ізбасарын дайындап шығарғысы келеді. Бірақжастар арасында осы жолға бет бұратындар саны жылдан жылға азайып
барады. Олар өз ойын «болашақта қажетсіз мамандық» дегенмен
түсіндіргісі келеді. Уақыт дәлелдегендей, денсаулық пен білім мәселесі
қай заманда да қажеттілігін жойған емес. Бәлкім, заманауи технологиялар
дамып, жер бетіндегі адамдар денсаулығы реттеліп, дәрігерлер қажетсіз
болып қалуы мүмкін. Бірақ ұстаз орнын ешкім баса алмайды. Қай
заманда болсын, әріп үйретіп, қолға қалам ұстататын жанның қажеттілігі
жойылмақ емес. «Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ‒ ұстаз тұл» деген
осыны аңғартады. Қорытындылай келе айтатыным « Шәкірттің жүрегіне
жол таба білген Ұлағатты ұстаздар» көп болғай !!!
24. Ұсыныс
Ауылымызда Қасым ағай тұрған көшеге атын беріп, мұғаліммәртебесін көтеруге ат салысу
25.
Пайдаланылған әдебиеттер:1. Шежіре Жалағаш. Алматы баспасы 2009ж, 1990 ж
2. “Қызылқұмды түлеткендер” С.Бертаев ,2015ж,беті:245
3. Жаңадария газетінде жарияланған материалдар
4. “Мектеп тарихы” 2011 жыл
5. Аудандық мұражай материалдары
6. Мерзімді баспасөз материалдар
7. Мектеп мұғалімдерінен алынған мәліметтер
8. Ауыл тарихы
9.Отбасылық туралы жазылған ( бейнебаян)
history