Similar presentations:
3 сабақ ТОПЫРАҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ (1)
1.
ТОПЫРАҚ ЖӘНЕОНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН
ҚҰРЫЛЫМЫ
2.
Бүгінгі сабақта:топырақ құрамын, түрлерін анықтап,
құрылымын графикалық түрде ұсынуды
үйренесіздер
3.
Мақсатқа жету үшін білуіміз қажет:Топырақ дегеніміз не?
Топырақтың құрылымы
қандай?
Топырақ қалай түзіледі?
Топырақ кескіні дегеніміз не?
Топырақ Жердің өзге сфераларына
қалай әсер етеді?
4.
Топырақ дегеніміз не?Табиғаттың ең ғажайып туындысы және оның барлық
байлықтары арасындағы ең құндысы
Жер қыртысының жұқа жоғарғы құнарлы қабаты топырақ деп
аталады.
5.
Топырақтың пайда болуыБұл күрделі табиғи зат
микроорганизмдер
тау жыныстары
саңырауқұлақтар
жер бедері
өсімдіктер
климат
жануарлар
6.
Топырақтану ғылымының негізін салушыТопырақ – атмосфера, литосфера және
биосфераның өзара байланысы кезінде
түзілетін ерекше табиғи компонент.
Оның іліміне сәйкес, топырақтың түзілуі –
бұл табиғи компоненттердің өзара
әрекеттесуінен белгілі бір қасиеттерге ие
дербес табиғи дене қалыптасатын күрделі
үдеріс.
Василий Васильевич
Докучаев
7.
Топырақ пен өсімдік арасындағытығыз қарым-қатынас
Топырақ – өзінің органикалық дүниесі, газы, суы
және температуралық режімі бар табиғи кешен.
Күннің жер бетіне беретін жылуының барлығы
топырақ арқылы өтеді.
Күндізі Күн сәулесімен қыздырылып, түнде
жылуын керісінше ортасына береді.
Осылайша топырақ пен
өсімдік арасында
тығыз қарым қатынас
жүреді.
8.
Топырақ түзуші факторларАналық тау жынысы
Жер бедері
Климат
Кеңістік пен уақыт
Өсімдіктер мен жануарлар
Адамның шаруашылық
әрекеті
9.
Топырақ –Биокосты зат
Топырақ – табиғаттың биокосты заты. Оның құрамында
минералды қосындылармен (тау жыныстары) қатар
органикалық қосындылар (шірінділер) да болады.
Өсімдіктердің тамыр жүйесі, топырақта тіршілік ететін
жануарлар, микроорганизмдер секілді тірі организмдер
топырақтың ажырамас бөлігін құрайды. Топырақта су, ауа
және суда еріген заттар болады. Су мен ауа қатты зат
бөлшектері арасындағы тесіктерді толтырады.
10.
Топырақ қабаттарының пайда болуы1
Үгілу
2
Топырақ арасындағы органикалық және минералды
қосылыстардың орын ауыстыруы
3
Қарашіріндінің пайда болу үдерістері
Топырақ өте баяу қалыптасады. Оның қалыңдығы
100 жылда 0,5-2 см-ге жетуі мүмкін.
11.
Аналық тау жынысыТау жыныстары температураның ауытқуы, жел, ылғал және тірі
организмдердің әрекеті әсерінен бүлініп, аналық тау жынысы
түзіледі.
Аналық тау жынысы борпылдақ болатындықтан, күннің әсерінен
тез жылиды. Ол ылғалды жақсы ұстайды, бұл өсімдіктердің өсіпөнуіне және микроорганизмдердің көбеюіне жағдай туғызады.
12.
Күзге қарай өсімдіктер қурап, шіри бастайды және топырақ жануарлары(жәндіктер, жауын құрттары) және микроорганизмдер (бактерия
саңырауқұлақтары) өңдеп шығаратын органикалық заттар бөледі.
Олар өсімдіктердің қураған бөліктерін үгітіп, езіп, қарашірікке
айналатын органикалық заттар өңдеп шығарады.
13.
Қарашіріктің пайда болуыҚарашірік – қоректік заттарды қамтитын топырақтың құнарлы
қабаты. Топырақ жамылғысын түзуде климаттың да зор маңызы
бар.
Климаты құрғақ әрі ыстық жерлерде жауын-шашын аз
болатындықтан өсімдік те азаяды. Өсімдік азайса, қарашірік те аз
түзіледі.
14.
Аязды күндердің топыраққа әсеріАязды кезеңдерде топырақтың түзілуі тоқтайды, ал қуаңшылық
кезеңде баяулайды. Топырақтың түзілуіне жер бедері де ықпал
етеді.
Таулы аудандарда аналық тау жыныстары жартастан-жартасқа
сырғып, төмен тегіс бетке жылжиды. Жер бедеріне қарай бірдей
ендікте түзілетін топырақ түрі әртүрлі келеді.
15.
Мәселен, қырқалар мен ойыстарға күннің жылуы біркелкітүспейді, сондықтан өсімдік пен топырақтағы
микроорганизмдер саны да әркелкі болады.
Табиғатта топырақтың түзілуі өте ұзаққа созылатын
құбылыс және ол климатқа әрі табиғи аймаққа
байланысты болады.
16.
ТапсырмаТопырақтың түзілуі мен құрамы неліктен
әркелкі болып келеді? Себебін түсіндіріңіз.
17.
Жауабы:себебі, оның түзілуіне көптеген факторлар әсер етеді.
Күн сәулесінің әркелкі таралуы, жылу мен ылғалдың
әркелкілігі және ондағы өсімдік жамылғысы,
жануарлармен микроорганизмдер топырақтың
құрамына тікелей әсер етеді.
18.
ТапсырмаТау жыныстарының топырақ түзілуінде
қандай маңыздылығы бар?
19.
Жауабы:тау жыныстары көп жағдайларда үгілу арқылы
топыраққа сіңеді, араласады. Олар жел арқылы,
су арқылы өзгерістерге ұшырап, орын ауыстырады.
20.
ТапсырмаТопырақ түзуші факторларды графикалық
түрде ұсыныңыз.
21.
Жауабы:Топырақ түзуші факторлар
Аналық тау жынысы
Жер бедері
Климат
Кеңістік пен уақыт
Өсімдіктер мен жануарлар
Адамның шаруашылық
әрекеті
22.
Қорытынды:Топырақ құрамын, түрлерін анықтап,
құрылымын графикалық түрде ұсынуды
үйрендіңіздер.