552.58K
Category: psychologypsychology

Кәсіби қазақ тілі Менеджер және ұйым (1)

1.

Сабақтың тақырыбы:
Менеджер және ұйым

2.

3.

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.Мәтін мазмұнына сай
сұрақтар дайындаңыз.
Іскерлік қарым-қатынастар мәдениеті
Кез-келген қарым-қатынас өзінің құрылымымен емес, формасымен ерекшеленеді. Қарым-қатынас формасы - бұл
адамдардың қарым-қатынас процесі. Қарым-қатынас формасын таңдаудағы ең бастысы, «достарынды жуын қылып алмай,
ал жауларында дос қылу» (Инге фон Ведемайер).
Бұл жағдайда қарым-қатынастың сапасы, яғни оның мәдениеті туралы айтылып отыр. Осыған байланысты қарымқатынастың келесі компоненттерін ажыратуға болады:
Коммуникатор - қарым-қатынасты орнататын адам, ақпаратты жеткізетін;
Аудитория - ақпаратты қабылдап алатын адамдар;
Хабарлама - айтылатын ақпарат (ақпараттың құрылымы);
Қарым-қатынас құралдары - техникалық құралдар, оның көмегімен ақпарат тыңдаушысына жеткізіледі.
Көп жағдайда іс оң нәтижеге жету үшін қарым-қатынастың құрылымы, яғни оның мағыналы болуы әсер етеді. Бірақ
оңтайлы таңдалған қарым- қатынас формасы ұйымның көздеген мақсатына жетуіне әсер етеді. Бірақ түрлі жағдайларда
қарым-қатынас формасы әртүрлі болады. Осыған байланысты қарым-қатынас формасының екі түрін ажыратуға болады:
Жанама - делдал арқылы, телефон, факс және т.б. арқылы
Тікелей - әңгімелесушімен тікелей қарым-қатынасқа түсу, яғни көзбе- көз. Тікелей қарым-қатынастың артықшылықтары
көп, себебі әңгімелесушіні тікелей қабылдап және оның мінез-құлқын көруге қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда
коммуникацияның екі типі қолданады: вербальды (сөйлеу) және вербалды емес (дауыс тембрі және т.б.).
Вербалды коммуникация қарым-қатынаста басымдылыққа ие, сондықтан да көркем сөйлей білу менеджер беделінің
ажырамас бөлігі болып табылады. Әдетте, адамдар қызыл тілді емес адамдарға қызуғышылығын жоғалтады да, көркем
сөйлей білетін адамдарға сеніміне кіріп кетеді. Сөз - жүректің қан-тамыр жүйесіне әсер ететін қоздырғыш сияқты.

4.

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.Мәтін мазмұнына сай
сұрақтар дайындаңыз.
Басшы туралы көзқарас (әсіресе ең бірінші) сөздерді қолдана біліп сөйлеуіне байланысты қалыптасады
(«Умен ты или глуп, велик ты или мал, не знаем мы, пока ты слово не сказал» Саади). Басшының сөйлеуін
қанағаттандыратын талаптар әртүрлі. Мұнда қарапайымдылық пен жеткізе білу, көркемділігі мен
эмоцианалдылығы, интонация, дикция және т.б.
Кейбір менеджерлердің жетістікке жетуі, ал кейбіреуінің күйреуін түсіну үшін, ұйымның қарымқатынасындағы ақпараттың рөлін анықтап алу керек. Ақпарат екі категорияға жіктеледі:
Функционалды - ұйымдағы белгілі-бір топқа өздерінің функцияларын жүзеге асыру үшін беріледі. Ол
саясат туралы ақпарат, ұйымның мақсаты мен міндеттері, директивалар және т.б. Ол фирмада әртүрлі
бағытта (вертикалды немесе горизонталды) жеткізіледі. Мұндай ақпаратпен алмасу дәстүрлі формальды
қарым-қатынас деп аталады, себебі ұйымның ресми каналдары арқылы беріледі.
Бағалық - қызметкерлердің дәрежесіне байланысты, олардың бір-бірін қабылдау арқылы жүретін қарым қатынас. Бағалау ақпараттарының жүру каналдары әдетте қызметі үшін марапаттау, ұйымның іс-әрекетіне
айтулы үлес қосқаны үшін алғыс хаттары арқылы беріледі.

5.

2-тапсырма. Сөйлемдегі тұрлаулы және тұрлаусыз
мүшелердің астын сызыңыз.
Ақша - тауарлар мен көрсетілген қызметтердің өлшемі болып
табылады. Ол кез келген тауарлар мен көрсетілген қызметтерге
айырбасталатын ерекше тауар. Ертеде ақша орнына жібек пайдаланылған.
Жібекті патшалар мен хандарға тарту еткен. Кейін ақшаның орнына алтын,
күміс сияқты бағалы заттар келді. Ал қазір қағаз ақшалар пайдаланылады.
Сенің жеке шаруашылығың бар. Оны сен өзің жүргізесің.Шаруашылықты
жүргізгенде үнемшіл бол. Шаруашылығыңды жүргізген кезде айналаңдағы
адамдармен санаса біл. Банкирлер адамдардың жинақтарын молайтуға
көмектеседі. Олардың бұл әрекеті адамдардың жағдайын жақсартуға әсер
етеді.

6.

3-тапсырма. Сөйлемдегі тұрлаусыз мүшелердің
астын сызыңыз.
Валюта - белгілі бір елде қабылданған ақша жүйесі және сол елдің
ақша өлшемі. Тұрақты валюта - алтынмен немесе басқа құнды
заттармен қамтамасыз етілген бағасы бар валюта. Дүние жүзінің
валюталары үш топқа бөлінеді:
1. Басқа валюталарға айырбасталатын.
2. Тұйық валюта, бұл тек сол елдің өз шекарасында ғана жүреді.
3. Шектелген валюта, ол кейбір басқа валюталарға ғана
айырбасталады, белгілі валюталық аймақта қызмет етеді. Қазір
көптеген елдерде кағаз ақша валютасы пайдаланылады.

7.

4-тапсырма. Жай сөйлемдерге тұрлаусыз мүшелерді
қойып толықтырыңыз.
Іскерлік кездесулер................................................................................қажет.
..............................................................................................келіссөз жүргізді.
Ипотекалық компания ............................................................................берді.
Іскер адам.........................................................................уақытты үнемдейді.
Бухгалтерия бөлімі................................................................................төледі.
Тұтыншылар..............................................................................жабдықтайды.
Кәсіпкерлер бәсекелесі......................................................................күшейді.
Өнімді..................................................................................................өндіреді.
Іскерлік қарым-қатынас......................................................болып табылады.

8.

Үй тапсырмасы:
Менеджер және ұйым (презентация)
English     Русский Rules