26.47M
Category: musicmusic

№57_К_Қасымұлы_бастған_ұлт_азаттық

1.

Қазақстан тарихы
К.Қасымұлы бастған ұлт-азаттық
көтеріліс 1837-1847 жылдары
Таунар Ұлан

2.

Сабақтың мазмұны:
1
3
Кенесары тұлғасы
Ұлы жүзге
ауысуы
2
4
Көтерілістің
басталуы
Жеңілісі

3.

Кенесары хан 1802-1847 жылдары

4.


Қазақ хандығының соңғы
ханы (1841–1847 жылдары)
Шыңғыс ханның 27-ұрпағы,
Абылай ханның немересі.
Әкесі Қасым төре саяси
көзқарастарының
қалыптасуына әсер еткен
адам
Кенесары бала кезінен-ақ ат
құлағында ойнады,
құралайды көзге атқан
мерген болды.
Ресей зерттеушісі Л.Мейер
«Кенесарыға көзсіз ерлік
тән еді» деп жазды.
Кенесары сұлтан дәулетті
оның жеке иелігінде 6
мыңға дейін жылқысы
мен 2 мыңдай ұсақ малы
болған.

5.

Н.Коншин
«Түркістанда сұлтан Қасым Абылайханов пен оның
ұлдары Саржан мен Есенкелді қаза тапқаннан
кейін, қазақтар қозғалысын олардың інісі
Кенесары Қасымов басқарды. Біз қазақтардың
барлық тайпалары мен жүздерін саяси жағынан
біріктіруді армандаған, шын мәнінде, бүкіл қазақ
ұлтының «батыры» болған басқа ешкімді де айта
алмаймыз. Жеке басының батырлығымен, ерекше
ерік-жігерімен көзге түсті және өте мықты
саясаткер де еді. Далада ол хан болып саналды
және 1844 жылдан Түркістан билеушілері де оны
осы дәрежеде таныды. Кенесарының жақтастары
үш жүзде де көп болды.Ол орыстарға қарсы
партизандық соғысты өте табысты жүргізіп, өздерін
өмірі ұстатпайтын жасақтар құра білді».

6.

Л.Мейер
«Біздің даладағы билік соңғы уақытқа дейін өзін
қырғыз халқы мойындаған бір адамның қолында
шоғырланды. Бұл адам жоғарыда аты аталған
сұлтан Кенесары Қасымов еді. Ол өзінің әкесі сияқты
Сібір даласын ұзақ уақыт бүлікте ұстады және біз
көріп отырғандай орынбор даласында да өзін ана
жақтағыдай халықтың қорғаушысы санайды...
Жалпы оның адамдарды өзіне тарта білетін ерекше
қабілеті бар. Сондықтан оның адамдары тек
қырғыздар емес, әр жақтан жиналған, тіпті бірнеше
орыс қашқындары да бар...»

7.

Көтерілістің
мақсаты
Патшалық Ресейдің құрамына қосылып
үлгермеген аймақтардың дербестігін сақтау;
Қазақ жерлерін бекіністер мен жаңа округтік
билеу арқылы жан-жақты отарлауды тоқтату;
Қоқандықтардың тепкісіндегі Оңтүстік өңірдегі
қазақтарды босатып, оларды Қазақ хандығына
қосу.

8.

Аумағы - Бүкіл Қазақстан

9.

Қолдаушы топтар
Бұқара халық
80-нен астам қазақ ақсүйектері:
Батырлар: Наурызбай- сенімді серігі, інісі,
Ағыбай, Иман(Амангелді Имановтың атасы),
Жоламан Тіленшіұлы, Бұқарбай, Бұғыбай,
Аңғал батыр, Жеке батыр Байсейіт батыр,
Сұраншы батыр.
Туған қарындасы - Бопай ханым
Көтеріліске қатысқан басқа ұлт өкілдері:
орыс Николай Губин- Наурызбай сұлтанның
атқосшысы, татар Әлім Ягудин- Әскери кеңестің
мүшесі, өзбек Сейдаққожа Оспановдипломатиялық қызметке ханның атынан
басшылық етті.

10.

Көтеріліс барысы
1837 жылы қарашада Петропавл қаласынан шыққан
Ақтау бекінісі казактарына алғаш рет шабуыл жасады.

11.


1838 жылы 26 мамырда (тамызда) Кенесары
сарбаздары Ақмола бекінісіне шабуыл жасады. 6
күн бойы қоршауда ұстап, өртеп жіберді.Ақмола
бекінісін аға сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы
мен әскери старшина Карбышев бастаған отряд
қорғады.Кенесарының даңқты батырларының бірі
Басықара бекініске басып кірді, ерлікпен қаза тапты.
Бекініске Ағыбай, Иман, Бұқарбай батырлардың
сарбаздары басып кірді.

12.


1838 жылы күзінен қозғалыс Кіші жүзді шарпып,
оған би Жоламан Тіленшіұлы қосылды.
1841 жылы тамызда Кенесары қолының
Ташкентке шабуылы жұқпалы аурудың
таратылуынан тоқтатылды.

13.

Ресей империясының қауіптенуі
1842 жылы
Орынбор генерал – губернаторы
Обручев
тапсырмасымен Сібір әскери шебінен
Сотников әскері жіберілді. Кенесарының ауылына
қарақшылық
шабуыл
жасап,
ханның
әйелі
Күнімжанмен бірге он адамды тұтқындады.

14.

Ресей империясының қауіптенуі
1843 жылы маусымда І Николай патша старшина
Лебедевтің 300 казактан тұратын тобын жіберуге
келісім берді.
1843 жылы тамызда Сұлтан Жантөреұлы,
Айшуақұлы, полковник Герн, Бизанов бастаған 5
мыңдық топ ұйымдастырылды.
Кенесарының басын кескенге 3 мың сом
белгіленді.

15.

Ресей империясының қауіптенуі
1844 жылы 21 шілдеде көтерілісшілер сұлтан
Жантөреұлының тобын қоршап, 44 сұлтанды мерт
қылды.
Кенесарыға қарсы күресте дәрменсіздігі үшін
войсковолық старшина Леведев Орынборға
шақырылып, сотқа берілді.

16.

Кенесарының патша үкіметіне қойған талаптары
• 1838, 1842 жылдары Батыс Сібір генерал-
губернаторы князь Горчаковқа және І Николайға
арналған хатында қойған талаптары:
Қазақ жерлеріндегі Ақтау бекінісі мен Ақмола округтік
приказдарды жою;
Абылай хан кезіндегі қазақ жерлерінің дербестігін
қалпына келтіру;
Салық жинауды тоқтату.

17.

Қазақ хандығының қалпына келтірілуі
1841 жылдың қыркүйек айында үш жүздің
өкілдері бас қосқан жиында Кенесары Қасымұлы
хан сайланды.
Билер сотын жойып, хандық сотты енгізді.
Арнайы қаржы тобын құрды
Алым-салық төлеудің тәртібін ретке келтірді.Зекетмал өсірушілер, ұшыр- егіншілер төлейтін салық.
20 мың сарбаздан тұратын тұрақты әскер
жасақтады. Мергенбасы басқаратын ерекше
жасақ құрды. Хан өз әскерлеріне ерекше айырым
белгілерін енгізді
Барымтаға шек қойды
Дипломатиялық қызмет ұйымдастырды.
Ерекше көңіл бөлген саласы егіншілік болды.
Керуендерді тонауға тыйым салды және
керуендердің қорғалуын қамтамасыз етті.

18.

Орыс елшілігі
1845 жылы сәуірде Долгов пен Герн бастаған
елшілік ханның ордасына келді. Кенесарыға
қойылған талаптар:
1. Патша үкіметі белгіленген шектеулі аймақта ғана
көшіп қонуға тиіс болды
2. Кенесары соғыс қимылдарын толық тоқтатып
Ресейге бағынуға тиіс болды
3. Кенесарыға қылмыстық істерді қарауға рұқсат
берілмеді
4. Орынбор ведмоствосына қарайтын қазақтардың
барлығы Ресей империясына 1сом 50 тиын түтін
салығын төлеп тұруға міндетті болды

19.

Орыс елшілігі
Екі жақ бір-біріне талаптарын мойындата
алмағандықтан , келіссөздер тоқтатылды.
1845 жылы Ырғыз (алғашқыда Орал деп аталды) ,
Торғай ( алғашында Орынбор деп аталды)
бекіністерін Кенесары көтерілісіне қарсы әскери
күзет пункті ретінде салынды.

20.

Көтерілістің Ұлы жүз
аумағына ауысуы

21.


Қоқан хандығына қарсы күресте Жанқожа
Нұрмұхамедұлы батырдың көмегіне сүйенді.
1845 жылы қазан, қарашада көтерілісшілер Созақ,
Жүлек, Жаңақорған бекіністерін алды.
1846 жылы Меркіні қолға қаратты.

22.


Ұлы жүздің Сұраншы, Байсейіт, Тайшыбек
батырлары қолдау көрсетті.
Кенесарының жер ауыстыруына байланысты Қоқан
хандығы мен Бұқара әмірлігі оған қарсы одақ
құрды.
Қытайға елшіліктер жіберіп көмек сұрады. Бірақ
Қытай үкіметі Ресеймен қарым-қатынасымызды
бүлдіріп аламыз деген қауіппен өтінішінен бас
тартты.

23.

Қырғызстан аумағындағы
қимылдары

24.


Көтерілісшілер қырғыз жеріне жақын келді. Бұл кезде
қырғыздар Қоқан хандығының ықпалында болды.
Кенесары хан солтүстік қырғыз манаптарының өзіне
бағынуын талап етті. Бұл талап патша үкіметімен және
Қоқан хандығымен күресте күш біріктіру қажеттігінен
туған еді.
патша үкіметі қырғыздарды Кенесарыға айдап
салды.

25.

Хан қырғыздарға арналған үндеуінде
« Менің мұнда келгенімнің
мақсаты, сендермен жауласу,
қан төгісу емес, қайта
қазақтар мен қырғыздардың
басын қосып, оларды күшейту,
қоқанның қол астынан бөліп
алу, қоқандықтардың
қысымынан құтқару болып
табылады»-деп жазды. Бірақ
қырғыздар хан сөзіне құлақ
аспады.

26.

Жеңіліс
1847жылы сәуірде Кенесары 10мың әскерімен
қырғыз жеріне басып кірді
Сұлтан Рүстем мен Сыпатай би өз әскерін
Кенесарыдан бөліп алып кетіп, жасақ әлсіреді.
1847жылы Майтөбе түбіндегі шайқаста Кенесары 32
сұлтанмен бірге қаза тапты
Ханның қапылыста қалай қаза тапқанын ақын
Нысанбай
Жаманқұлұлы
«НаурызбайҚаншайым» дастанында баяндайды.

27.

Л.Мейер:
«Олар қырғыздармен үш тәулік бойы ерлікпен
шайқасты, Сібір қырғыздары( Орта жүз
қазақтары) көмекке келіп жетер деген үмітте
болды. Бірақ патша үкіметінің жергілікті өкімет
билігінің басшылары олардың келетін жолын
бөгеп, тосқауыл қойып үлгірген еді. Үшінші
тәулік дегенде көтерілісшілердің бір бөлігі
қоршауды бұзып шығып, құтылып кете алды.
Ханның көптеген сенімді серіктері түгелдей
дерлік өлтірілді. Ханның өзі бірнеше
сұлтандарымен бірге тұтқынға алынды және
азапты жазаның салдарынан қаза тапты»-деп
жазды.

28.

Көтерілістің жеңілу себебі
Ресей
билеушілерінен
жеңілдіктер
алған
ақсүйектердің бір бөлігінің орталықтанған феодалдық
мемлекет құруға мүдделі болмауы.
Руаралық қайшылықтар.
Кенесарының өзін қолдамаған ауылдарға қаталдық
көрсетуі.

29.

Тарихи маңызы
ХІХ ғасырдағы барлық Қазақстан жерін
қамтыған аса ірі отаршылдыққа қарсы
бағытталған азаттық көтеріліс.
Патша үкіметінің Қазақстан жерінде отарлау
саясатын жүргізіп отырғанын дәлелдеді.

30.


Әкесі Кенесары ханның бастаған ісін оның ұлы
Сыздық сұлтан 1837-1910 жылдары жалғастырды.
Ханның қазасы үшін кек алу мақсатында Қырғызстан
аумағына бірнеше рет әскери жорық жасады.
Ресейлік ғалымдар Кенесарыны «бүлікшіл сұлтан»,
«Қырғыз даласының Митридаты» деп атап, оның ісәрекеттеріне жағымды баға берді.

31.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Сабақ аяқталды,
Келесі жүздескенше!
English     Русский Rules