Similar presentations:
10 кл -3 апта- 1 сабақ- Жүйке жасушасы
1.
Тарау: 10.2B Жүйке жүйесі,қозғалыс және биофизика
Сабақ тақырыбы:
Жүйке жасушасының құрылысы және қызметі
Оқу мақсаты:
10.1.7.1 жүйке жасушасының құрылысы мен
қызметі арасында байланысты орнату
2.
Сабақ мақсаты:Жүйке жасушасының құрылысы және қызметі
арасындағы байланысты орнату
Бағалау критерийлері:
-Жүйке жасушасының құрылысын біледі
-Жүйке жасушасының құрылымына байланысты
қызметін сипаттайды
3.
Кіру билетіШығу билеті
4.
Жүйке жүйесінің маңызы• Әр мүшенің жұмысын басқарады.
• Әр түрлі мүшелердің бір-бірімен үйлесімді жұмыс істеуін
қамтамассыз етеді.
• Организмнің қоршаған ортамен байланысын жүзеге
асырады.
• Сезім мүшелерімен тығыз байланыста жұмыс істейді.
• Жүйке жүйесінің негізгі қасиеті- қозу, тітіркену және өткізу.
5.
Нейронның құрылысыНейрондар – сырттан сигналды қабылдап, жүйке
импульсін тудырып, оны басқа жасушалар,
бездер мен бұлшықеттерге өткізуге бейімделген
жүйке жүйесінің қызметтік бірлігі
6.
7.
Дендриттер- Нейрон денесінен таралған қысқа өсінділер
- Сыртқы ортаның әртүрлі тітіркендіргіштерінің әсерін сезу
- Сигналдарды сомаға өткізу
- Импульстің туындауына қатысу
- Нейрон денесіне кіретін сигналдарды туғызатын стимулдар
реакциясын қабылдайды
- Басқа нейрондардың дендриттері, денесі, аксонымен
байланысып, сигналдың таралуын қамтамасыз етеді
- Сингналдың қабылдану және таралуы үшін беттік ауданын
ұлғайтады
8.
Нейроннан нейронға жүйке импульсініңберілу жолы
9.
Аксон- Аксонның тарамдалған талшықтарында жүйке ұштары
кездеседі
- Жүйке сигналының бір мезетте бірнеше нысана- жасушаларға
өтуін ұамтамасыз етеді.
- Денесінде туындаған импульмті өз бойымен тасымалдап, басқа
нейронға немесе дене жасушасына өткізуге қабілетті
- Ұзын, ақ түсті, біреу
- Ұштары тарамдалған
- Аксондар бірігіп жүйкелер түзеді
- Ақ болуы миелиннің болуынан
- Нейрон денесіне аксонның жалғасқан жерін аксон төбешігі
дейді
- Аксон төбешігінде сигналдардың жиналуынан импульс
туындайды
10.
11.
МиелинМиелин – нәруыз бен фосфолипидтен тұратын
ақшыл түсті зат. Миелинді қабық аксонды
қоршайды.Оны ШЖЖ де Шванн жасушалары
түзеді.
Миелинді қабық қызметі:
- Аксонды қоршап, қорғау
- Аксонды сыртқы ортадан оқшаулау
- Импульстің өтуін жылдамдату
Миелин —әрбір 1,5-2 мм сайын үзіліп Ранвье
белдеушесіне айналады. Белдеушелердің арасында
Шванн торшаларының ядроларын көруге болады.
12.
13.
Ранвье белдеушелері- Аксонның миелинсіз бөлігі
- Нейрон мембранасында деполяризация
- Мен поляризацияның кезекпен қалыптасуы
арқылы жүйке импульсінің аксон бойымен
өтуін қамтамасыз ететін белдеушелер.
- Әрбір Шванн жасушаларының арасында
кездеседі
14.
Нейрондар арасындағы байланыс-Дендрит арқылы қабылданған сигнал нейронның денесі арқылы аксонға өтеді.
-Барлық нейрон аксонының ұшында синапс орналасады.
-Импульс жүйке және басқа жасушаларға өтуін қамтамасыз ететін жүйке
жасушалары мен арасындағы байланыс.
Мысалы: Бұлшықет жасушасына өтетін болса, ол жиырылып, бір қозғалыс жасайды.
Нейрон дендриттен алған сигналды денесіне жинақтап, аксон арқылы өткізіп,
синапсқа жеткізеді
15.
Нейрон құрылысы16.
Бір Шванн торшасы тоғызға дейін талшыктарды қаптап түруы мүмкін. Сыртқыбіріктіруші бәріне ортак дәнекер ұлпалық кабық —эпиневриямен қапталған
нейронның топталған өсінділерін нервтер деп атайды. Талшықтың эпиневрияның
ішіне қарай бағытталған периневрия деп аталатын өсінділері нерв талшығын ұсақ
талшықшаларға бөледі, ал әрбір талшықтың ішкі ұсақ талышықтарының
сыртында дәнекер ұлпалық байланыстырушы қабығы — эндоневриясы болады.
Миленденген талшықтардың
көлденең қимасының және
осында талшықтардың
аймағының суреттері.
Нерв импульстерін орталык жүйке жүйесіне тасымалдайтын нервтерді сенсорлық
немесе афференттік, яғни сезгіш немесе орталыкка тепкіш нервтер (иіс, дәм сезу
көру, есту нервтері, т. б.) деп, ал орталықтан периферияға тасымалдайтын нервтерді
(көзді козғаушы) эфференттік, яғни козғаушы немесе орталыктан тепкіш нервтер
дейді.
Аралас нервтер (мыс., бет, тіл,
жұтқыншақ, барлык жұлын
нервтері) импульстерді екі бағытта
тасымалдайды.
17.
Сенсорлы нейронНейрон түрі, нейрон сипаттамасы
Нейронның денесінде нәруыз синтезделумен байланысты рибосомалар тобы— Ниссль денешіктері және Гольджи
аппараты орналаскан. Нейронның аксоплазмасында эндоплазмалык ретикулум, митохондриялар, нейрофибрилдер т.
б. органеллалар жайғасады.
18.
Нейрон түрлеріЖүйке жасушасы — нейрондар
Қабылдағыштар (рецепторлар)
Нерв серпілістерін
орталық жүйке жүйесіне
(миға және жұлынға)
тасымалдайтын нейрондар
афференттік немесе
сенсорлык нейрондар,
Сезгіш нейрондар
Көптеген жағдайда афференттік
нейрондар эфференттік
нейрондармен аралык нейрондар
арқылы байланыстырылады.
Ал орталык жүйке жүйесінен
импульстерді эффекторларға
таситын нейрондар
эфференттік немесе
моторлык нейрондар деп
аталады
19.
Рефлекторлық доғаның жүру схемасыЖүйке түйіні
Рецептор
жұлын
Сезімтал нейрон рецепторларда
туған қозуды орталыққа
жеткізеді. Бұлар жұлын
түйінінде, артқы мүйізінде,
мидың барлық бөлімдерінде
кездеседі.
сезгіш нейрон
(орталыққа тепкіш)
Қондырма нейрон
Қозғалтқыш нейрон
(орталықтан тепкіш)
Қозғалтқыш нейрондар жүйке серпіністерін
орталықтан шеткі ағзаларға апарады. Олар
жұлынның сұр затының алдыңғы және бүйір
мүйіздерінде, ми қыртысының қозғалтқыш
өңірлерінде (зоналарында) ми бағанының
ядроларында орналасқан.
бұлшықет
(жұмыс атқарушы мүше)
Аралық нейрондар сезімтал
нейрондардан шыққан
мағлұматтарды (серпіністерді)
қозғалтқыш нейрондарға жеткізеді.
Онда тежелу нейрондары да болады.
20.
Жүйке жасушалары (нейроциттер) - өсінділіжасушалар.
Өсінділерінің санына байланысты жүйке жасушалары:
бірөсінділі (униполярлы), жалған бірөсінділі (псевдоуниполярлы),
екіөсінділі (биполярлы) және көпөсінділі (мультиполярлы) болып
бірнеше топқа ажыратылады.
21.
Нейрондардың түрлері22.
Биполярлы нейрондар - біраксоннан және бір дендриттен
тұратын сенсорлы нейрон, ол
жасуша денесінен шығады.
Биполярлы нейрондар - сенсорлық
нейронның ең көп таралған түрі.
Ол ауырсыну сонымен қатар
температура, дәм, проприоцепция
(дене қалпы) және висцеральды
ағзалардың белсенділігі туралы
ақпарат береді.
23.
Өсінділердіңжасушалары:
санына
байланысты
жүйке
• бірөсінділі (униполярлы)
•жалған бірөсінділі (псевдоуниполярлы)
•екіөсінділі (биполярлы)
•көпөсінділі(мультиполярлы) болып ажыратылады.
Униполярлы нейроциттер – жануарлар эмбрионында,
сезгіш нейрондарда
Псевдоуниполярлы
түйіндерінде
жүйке
жасушалары
–
жұлын
Биполярлы нейроциттер – көздің торлы қабығында, ішкі
құлақта, иіс сезу мүшесінде
Мультиполярлы нейроциттер – мида, жұлында, көптеген
сомалық, вегетативтік жүйке түйіндерінде орналасады.
24.
25.
ОЖЖ-орталық жүйке жүйесіПЖЖ -перифериялық жүйке жүйесі
26.
Кіру билетіШығу билеті
27.
Сабақ мақсаты:Жүйке жасушасының құрылысы және қызметі
арасындағы байланысты орнату
Бағалау критерийлері:
-Жүйке жасушасының құрылысын біледі
-Жүйке жасушасының құрылымына байланысты
қызметін сипаттайды