Similar presentations:
6-дәріс
1.
6-тақырып. Қылмыстылықты болжауЖоспар:
1. Криминологиялық болжау түсінігі
2. Кримнологиялық болжауға қолданылатын мәліметтер
3. Криминологиялық болжаудың мақсаттары
4. Криминологиялық болжау кезеңдері
Криминологиялық болжау – қылмыстылықтың жағдайы мен
динамикасын
және
оның
бөлек
ерекшеліктерін,
факторларын,
қылмыстылықтың салдары мен күрес шараларын болжауды құрастырудың
заңдылығын зерттейтін криминологияның саласы.
Криминологиялық болжам жасау кезінде мынадай мәліметтерді
қолдану керек:
- Қылмыстылыққа тұрақты және қарқынды әсер ететін әлеуметтік
құбылыстардың жағдайы мен үрдісін сипаттайтын кем дегенде 10 жылға
арналған зерттеу нәтижелері мен статистикалық мәліметтер;
- Болжам жасалатын уақытқа арналған осы құбылыстардың
жағдайының алдағы өзгерістері туралы мәліметтер;
- Қылмыстылықтың жағдайы, құрылымы мен динамикасы, сондай-ақ
қылмыскерлер, аумақтық орналасуы, қол сұғушылықтың обьектісі, ниеті мен
тәсілдері және т.б. сипаттайтын кем дегенде 10 жылғы зерттеу нәтижелері
мен статистикалық мәліметтер;
- Осы кезеңдегі қылмыстық-құқықтық шараларын және алдын алу
шараларын қолдану тәжірибесінің үрдісі, құрылымы, көлемін сипаттайтын
зерттеу нәтижелері мен статистикалық мәліметтер;
- Қылмыстылықпен күресті ресурстық қамтамасыз ету және
ұйымдастыру, құқықтық реттеу және олардың қылмыстылық көрінісіне әсері
туралы 10 жылға және болжам жасау аралығындағы ӛзгерістертуралы
мәліметтер;
- Болжамды дайындау кезінде 1-3 жылдық мәліметтерді салыстыру
арқылы қоғамдық көзқарастың жағдайы туралы мәліметтер;
- Қылмыстық әрекеттердің жаңа нысандары мен тәсілдері,
қылмыстардың жаңа түрлері туралы мәліметтер;
-Аймақаралық және мемлекетаралық сипаттағы қылмыстар туралы
мәліметтер;
- Іргелес мелекеттер мен аралас аймақтардағы қылмыстылық және
онымен кҥрес жағдайы мен болжау туралы ақпараттар;
2.
Криминологиялық болжаудың төмендегідей мақсаттары мен міндеттерібар:
1. Қылмыстылықтың алдағы уақыттағы дамуын, осының негізінде теріс
заңдылықтар мен үрдістерді анқтау, оларды қажетті бағытқа өзгертудің
әдістерін іздеуді сипаттатайтын көрсеткіштерді анықтау;
2. Келешекке арналған жоспарларды әзірлеу үшін маңызды мәнге ие
барлық жағдайларды анықтау;
3. Қылмыстылықпен күрестің жалпы тұжырымдамасын дайындау;
4. Қылмыстылықтың болашақтағы жағдайы, деңгейі, құрылымы,
динамикасындағы мүмкін өзгерістерді анықтау;
5. Осы өзгерістерге әсер ететін жағдайларды анықтау;
Криминологиялық болжаудың негізгі кезеңдеріне жатады:
1. Болжам алды бағыт – мақсат, міндет, болжам, уақыт және т.б.
анықтау;
2. Қылмыстылық және онымен күрестің дамуын анықтайтын
құбылыстар мен процестер туралы мәліметтер жинау;
3. Іздестіру - шешуге жататын өзекті мәселелерді анықтауға әсер ететін
процестер мен факторларды есепке ала отырып, керекті нұсқаларды таңдап
алу;
4. Нормативті болжам – сипатын, көлемін, шаралардың құрылымын,
ресурстарын анықтайтын нормативтерге қарай отырып, анықталған
мәселелерді шешудің қҧралдарын қолдану;
5. Болжамның негізділігін бағалау;
6. Қылмыстылықпен күрестің және күрес жағдайларын оңтайландыру
туралы ұсыныстарды әзірлеу.
Болжам үш түрге: криминология ғылымын, қылмыстылықты және
жекелеген қылмыстық әрекетті болжау деп бөлінеді. Мерзімі бойынша:
қысқа мерзімді – 1 айдан 1 жылға дейін, орта мерзімді – 1 жылдан 5 жылға
дейін, ұзақ мерзімді – 5 жылдан 15 жылға дейін арналған болжамдар болып
бөлінеді.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi Қазақстан
Республикасының Кодексі 2014 жылғы 3 шiлдедегі № 226-V ҚРЗ.Каиржанов
Е.И. Криминология. –Алматы: 2017
2. Нәбиев Ж.Н. Криминология (қылмыстану) емтиханға әзірлік оқу
құралы. – Орал: М.Өтемісов атындағы БҚМУ редакциялық баспа орталығы,
2013. – 84 б.
3.
3. Алауханов Е.О. Криминология: Оқулық. – Алматы: Жеті жарғы,2005.
4. Ж. Т. Кабдуллин, Б. Х. Олжабаев, К. Т. Кабдулина,
Қылмыснама:Электрондық оқу құралы.-Павлодар. 2019.-1 эл. опт. диск