5.83M
Category: educationeducation

Критериалды бағалау: ерекшеліктері мен артықшылықтары

1.

Критериалды бағалау:
ерекшеліктері мен
артықшылықтары

2.

Критериалды бағалау — оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келетін
білм беру үдерісіне қатысушылардың барлығына алдын ала таныс , ұжым талқысынан өткен , нақты
анықталған өлшемдер арқылы оқушының оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген үдеріс.
Қалыптастырушы бағалау
Жиынтық бағалау негзінде жүзеге асады.
Критериалды бағалау жүйесінің мақсаты бағалау
критерийлерінің негізінде білім алушы лардың оқу
жетістіктері туралы шынайы ақпарат алу және оқу үдерісін
жетілдіре түсу үшін оны барлық қатысушыларға ұсыну.

3.

Білім алушы жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі
төменде қарастырылған міндеттерді шешеді:
-Әрбір білім алушының сабақ үдерісіндегі әр кезеңіндегі дайындық деңгейін анықтау;
-Білімді меңгерудің жыл аяғында ғана емес , күнделікті білім алудың даму динамикасын айқындауы;
-Білім алушының сабаққа қызығушылығының,белсенділігінің артуы; Бағаға теріс көзқарас- тың болмауы;
-Бiлім алушының білімінің жүйеленуі, есте сақтауы. Оларды табандылық пен шыдамдылыққа тәрбиелеуі;
-Білім алу барысындағы қиындықты, қателікті, білім олқылықтарын және оның себептерін дер кезінде
анықтауы;
-Бiлім алушының білім алу үдерісін қадағалап, дәл және жедел түрде сапалы білім алғаны жөнінде кері
байланыс ақпаратын алуы;
-Білім алушының барлық жұмыс түрлерін бағалауы;
-Білiм алушының білімін ағымдық және қорытынды бағалау;
-Баға сапасын арттыру;
Кpитериалды бағалау жүйесі білім алушының
белсенділігін арттыруды ,оқу үдерісінде жарыса,
бәсекелесе білім алуға қол жеткізеді.

4.

Критериалды бағалау
Кpитериалды бағалаудың басты
ерекшелігі: алдын – ала ұсынылған
бағалау шкаласы,анық, айқындылығы,
бағаның әділдігі, өзін бағалауға
мүмкіндіктің берілуі;
Критериалды бағалаудың тиімділігі: жеке тұлға емес,
оқушының жұмысы бағаланады, оқушы жұмысы алдын –
ала белгілі критерийлер бойынша бағаланады.
Критерийлер- оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын
өлшемдер, білім алушылар жұмыс барысында
орындайтын іс –әркеттер тізбесі.
Критериалды бағалаудың маңыздылығы: бағалау критерийлері нақты оқу
мақсаттарын айқындайды, сондықтан білім алушыларға баға оқып
зерделенген материал бойынша ғана қойылады, өздерінің оқу жетістіктерінің
деңгейін анықтау үшін және ата-аналарына осы ақпараттарды жеткізу үшін
білім алушыға нақты бағалау алгоритмі белгілі, білім алушының оқуға және
өзін-өзі бағалауға ынтасы артады.
English     Русский Rules