Similar presentations:
Эмпириялық әлеуметтану
1.
Эмпириялық әлеуметтану2.
Ал Гарвард университетінде Бизнес мектебінің профессорыЭльтон Мэйоның (1870-1949) арқасында индустриялық әлеуметтану
дамыды. Оның өкiлдерi әлеуметтiк құрылымды, кәсiпорындағы
еңбек ұйымдарындағы, фирмадағы адамдардың еңбек қатынастарын
зерттеумен айналысады. Бұл зерттеулердiң негiзгi мақсаты –
өндiрiстiң және еңбектiң тиiмдiлiгiн көтеру үшін тәжірибелiк
кепiлдеме жасау болып табылады.
Индустриялық әлеуметтану ХХ ғасырдың 20-жылдарының соңы
мен 30-жылдардың басында бастапқы ғылыми менеджмент iлiмiнiң
негiзiнде пайда болды. Ғылыми, менеджменттiң негiзiн әйгiлi
американдық инженер – зерттеушi және өндiрiстi ұйымдастырушы
Фредерик Уинслоу Тейлор (1856-1915) салған.
Индустрияның дамуына байланысты өндірістегі шағын
топтардағы қарым-қатынасты зерттеуде Я.Морено социометрия
әдісін ұсынды.
3.
ХIХ ғасырдағы әлеуметтанулық ағымдар жаңа ғылымның іргетасын қалады.Осы мектептердің бәріне тән ортақ белгі – теориялық мәселелерге көбірек көңіл
бөлу болды. ХХ ғасырдың басында теориялық тым басым болуына қарсы
эмпириялық ағым пайда болды.
Эмпириялық
мектеп екі бағытта: академиялық пен қолданбалы бағытта
дамыды. Біріншісі тікелей жеке салалардағы әлеуметтік мәселелерді зерттесе,
екіншісі осы зерттеулерді белгілі бір мәселені шешуде пайдалануды
ұйымдастыру керек болды. Осылайша ғылымда әлеуметтік инженерия деген
ұғым пайда болды.
4.
Эмпириялық әлеуметтанудың дамуына үлес қосқан Чикаго мектебі дегенатпен белгілі америкалық ғалымдар Смолл, Винсент, Хендерсон, Томас, Уорд,
Самнер, Гидденгс, Росс, Кули. Бұл мектептің негізін салған – Р. Парк. Парктің
әлеуметтік-экологиялық ілімі қоғамның жеке құбылыстарын, қоғамдастықтарын
зерттеуге негіз болды. Мысалы, Эрнст Берджесс (1886-1966) дамытқан қала
социологиясындағы қолданбалы зерттеулер күні бүгінге дейін өзектілігін
жоғалтқан жоқ. Оның 1923-1924 жылдары жасаған Чикаго қаласының әлеуметтік
зерттеулер «картасы» бойынша қала 75 «табиғи зонаға» және үш мың локальды
қауымдастықтарға бөлінеді. Берджесс ішкі бақылау, талдау, құжаттарды талдау,
сұқбат әдістерін пайдаланды.
5.
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағыамерикалық әлеуметтану мен эмпириялық
әлеуметтану ерекше орын алды. Америкалық
эмпириялық әлеуметтануда айрықша орын
алатын жұмыс – «Европа мен Америкадағы
поляк шаруасы» деген еңбек. Оның
авторлары – У.Томас пен Ф. Знанецкий.
6.
Қайталанатын зерттеулердiң ерекше түрi - панельдiк зерттеу.Кез келген әлеуметтанулық зерттеудi бастамас бұрын оның бағдарламасы
жасалуы тиiс. Зерттеу бағдарламасы тиянақты баяндалған екi бөлiмнен тұрады:
1. Әдiснамалық бөлiмде зерттелiнетiн мәселе, негiзгi объектi мен пәні
анықталады, зерттеудiң мақсаты, мiндеттерi көрсетiледi, негiзгi ұғымдар
түсіндіріледі, болжамдар жасалады.
2. Әдiстемелiк бөлiмде зерттелiнетiн жиынтық анықталып, мәлiметтердi
жинау әдiстерi көрсетіледі. Алғашқы социологиялық мәлiметтердi жинақтаудың
бірнеше негізгі әдістері бар.
7.
Құжаттарды талдау. Бұл - бақылау мүмкiнемес тарихқа айналған өткен оқиғалар туралы
мәлiмет алуға мүмкiндiк беретiн әдiс.
Көбiнесе
мұндай
құжаттар
ретінде:
хаттамалар, шешiмдер, мақалалар, хаттар,
өмірбаяндардың мәтiндерi алынады. Осы
әдiстi алғашқы болып қолданғандар деп
америкалық социологтар У.Томас пен
Ф.Знанецкий ’’Европа мен Америкадағы
поляк шаруасы’’ деген зерттеуді айтуға
болады.
8.
Сұрау – алғашқы мәлiметтердi жинақтау әдiсiнiң ең кең тараған түрi.Сұрау барысында социолог әлеуметтiк процеске тiкелей қатысы бар
тұлғамен жұмыс iстейдi. Арнайы дайындалған сұрау жүргізуші социолог
интервьюер, ал ақпарат беруші респондент деп аталады. Бұл әдiс тiкелей
бақылау қиындық туғызатын тұлғааралық қарым - қатынастарды
зерттеуге мүмкiндiк бередi. Әлеуметтанулық зерттеудегi негiзгi мәселе –
зерттелiнетiн жиынның репрезентативтiлiгiн қамтамасыз ету, себебi
мәселенiң жан-жақты қаралуы үшiн саналуан әлеуметтiк топтардың
өкiлдерi қатысуы тиiс. Алынған мәлiметтердi өңдеуде математикалықстатистикалық әдiстер қолданылады.
Социологиялық сұрау салудың екi негiзгi түрi бар: сауалнама және
сұхбат.
9.
Сауалнаманы респонденттiң яғни жауап берушiнiң өзi толтырадынемесе сауалнама алушымен отырып толтырады. Сауалнама түрлерiне
қарай жеке және топтық болып бөлiнедi. Топтық сауалнама бiр мезгiлде
көптеген адамның пiкiрiмен танысуға мүмкiндiк бередi.
Сауалнаманы сырттай жүргiзу әдiстерiне пошталық, телефонмен,
БАҚ арқылы сұрау салу жатады.
Сауалнаманың негізгі құралы – анкета. Анкета дегеніміз орта есеппен
отыз-қырық сұрақтан құралған, машинкамен немесе компьютермен
көбейтілген жауап парағы.
10.
Ашық сұрақтар дегеніміз респонденттің өз жауабы, ал жабықсұрақтарда жауаптың бірнеше нұсқасы көрсетіліп, респондент солардың
ішінен біреуін таңдауы қажет болатын сұрақтар. Аралас сұрақтар
берілген жауаптың нұсқаларымен қатар респонденттің өз ойын білдіруге
мүмкіндігі бар сұрақтың түрі. Мұнда сұрақ жауаптарының соңында
Басқасы деген жол қалдырылуы керек.
- Дихатомды сұрақтар “иә” және “жоқ” деген екі жауаптан тұрады.
- Бағалау шкалалары бойынша сұрақтар. Респондентке қандайда бір
жағдайды немесе құбылысты өзі үшін маңыздылығына байланысты
бағалауға тура келетін сұрақтар. Мұндай сұрақтар «Сіз үшін
маңыздылығы?» «Сіз қалай бағалайсыз?» немесе «балдық жүйемен
бағаңызды берсеңіз» деп қойылады.
11.
Бағалау шкалалары:Өте маңызды-маңызы бар-азғана маңыздылығы бар-маңызды емес.
Толық келісемін - келісемін деуге болады - келіспеймін деуге
болады- мүлдем келіспеймін- жауап бере алмаймын
Өте жақсы-жақсы-қанағаттанарлық-нашар-өте нашар.
Он немесе бес балдық жүйе бойынша 1 ден (5) 10 дейін бағалаңыз.
Бұл жерде 1 өте төмен, 5 немесе 10 өте жоғары.
- Жанама сұрақтар. Кейде тіке сұрақтарды қою қиындығы туындаған
жағдайда немесе оларды тікелей сұрау арқылы нақты жауап алу
мүмкін болмаса жанама сұрақтар қойылады. Сұрақтар келесідей
жасалуы мүмкін. «Сіз осы пікірмен келісесіз бе?», «Қалыптасқан
пікірге байланысты...», «Ал сіз бұл туралы не ойлайсыз?»
12.
Жағдайлық сұрақтар. Респонденттің берілген жағдайдағы ісәрекетін білу мақсатында қойылатын сұрақтар. Негізінен олармынандай формада жасалады.“Егер сіз ... болсаңыз, Сіз не істер
едіңіз?”, “Сіз бұл мәселені қалай шешер едіңіз”.
- Атқаратын қызметіне байланысты: сүзгіш сұрақтар, бақылау
сұрақтары, қақпан сұрақтары.
Сүзгіш сұрақтар нақты жауап беретін респондентті таңдауға
көмектеседі, басқаша айтқанда зерттеліп отырған мәселеден хабары
жоқ адамды сұрастырудың мәні жоқ деуге болады.
13.
Бақылау сұрақтары респондент жауабының шынайылығын тексерумақсатында қолданылады. Бақылау сұрақтары негізгі сұрақтармен
жұптасып қойылады және олардың арасында өзге бес-алты сұрақ болуы
шарт. Себебі, респондент әрбір сұраққа жауап берген кезде алдыңғы
сұрақтың ықпалында болады.
Қақпан сұрақтардың міндеті де алынған ақпараттың шынайылығын
дәлелдеу. Бірақ бақылау сұрақтарынан айырмашылығы қақпан
сұрақтарда берілген ақпараттың қателігінде.
14.
Сұхбат өте тиiмдi де ұтымды әдiс. Бiрақ ол қымбат тұрады, себебiуақыт алады, сондықтан сұқбат көбiне iрi мамандар, басшылардың,
сарапшылардың арасында ғана жүргiзiледi.
Бақылау – социологиялық мәлiметтердi жинақтаудың әдiстердiң
iшiндегi ең қарапайым түрi. Ол iштей және сыртқы болып екiге бөлiнедi.
Социологиялық зерттеудiң тағы бiр түрi – эксперимент. Ол объектiнiң
қалыпты күйiн эксперименттi, яғни белгiлi бiр әлеуметтiк ортаны жасау
арқылы өзгерту.
15.
Кілтті сөздер:әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасы
респондент
интервьюер
іріктеме
сауалнама
сұхбат
контент талдау
эксперимент.