Similar presentations:
Пәні дәріс
1. Психология ПӘНІ ДӘРІС №1- тақырып. Психология ғылым ретінде. Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі психологияның міндеттері мен
орны.Аға оқытушы, педагогикалық
ғылымдарының магистрі
Жұмалиева Гүлмира Сайынқызы
2.
Дәріс тезистері1. Психология пәні және зерттеу
объектісі.
2. Психологияның негізгі даму кезеңдері
3. Психологияның арнайы және
қолданбалы салалары
4. Психологияның зерттеу әдістері.
5. Психика ұғымы және сана
3. Дәріс мақсаты
Психология пәні оның зерттеуобъектісі, міндеттері мен ғылым
ретінде қалыптасуы, зерттеу
әдістері мен психика, сана
туралы білімін қалыптастыру
4.
Психология психикалыққұбылыстардың пайда болуы,
даму, қалыптасу
заңдылықтарын зерттейтін
ғылым.
Психикалық құбылыстар –
сыртқы дүние заттары мен
құбылыстарының мидағы
әртүрлі бейнелері
5.
Психикалыққұбылыстар
Психикалық
процестер
(таным процестері
түйсік, қабылдау,
ойлау, сөйлеу,зейін,
ес т.б.)
Психикалық
қалыптар(кейіп)адамның көңіл –күйі:
абыржу,үрейлену,
зерігу, сергектік,бел
сенділік т.б.
Психикалық
қасиеттер(темперамент,мінез,
қабілет,сенім, дүние
танымы, қызығу
шылығы)
6. Психикалық процестер
Сыртқы дүние заттары менқұбылыстарының мидағы
түрлі бейнелері
7. Психикалық процестер Таным процестері: - түйсік, қабылдау; - зейін мен ес; - ойлау, сөйлеу ; - қиял, елес Эмоциялық- ерік
процестері:-Эмоция, сезім
-ерік-жігер
8.
Психикалық қасиеттер – бірадамды екінші бір адамнан
ажыратуға негіз болатын
ең маңызды, ең тұрлаулы
ерекшеліктер.
9.
Психикалық қасиеттерМінез
Қабілет
Темперамент
Дүние танымы
Сенімі
Талғамы
Қызығушылығы
10.
Психикалықкейіп (қалып) –
адамның түрлі
көңіл-күйінің
тұрақты
компоненттері
(шабыт, зерігу,
үрейлену,
абыржу,
сергектік,
белсенділік т.б.).
11.
Психология пәні• іс-әрекет субъекті ретіндегі адам,
• өзін өзі реттеуіне қажет тұлғаның
жүйелі өз сапалары;
• адам психикасының қалыптасуы
заңдылықтары;
• адамның болмысты бейнелеу
қабілеттері және оны тануы;
соның нәтижесінде өзінің сырттай
дүниемен өзара ықпалдасты
байланыстарын реттей алуы.
12. Психологияның негізгі міндеттері:
психикалық құбылыстардысапалық тұрғыдан зерттеу
;
психикалық құбылыстардың
қалыптасуы мен даму барысын
талдау
13.
Психикалық құбылыстардыңфизиологиялық тетіктерін
зерттеу;
азаматтардың дүниетанымдық
көзқарасын, темперамент
ерекшеліктерін, қабілетін
жетілдіру.
14.
Психологияның негізін қалаушыларАристо
тель
Жан туралы ғылыми түсінік осы ежелгі гректердің
әмбебап ғалымының есімімен байланысты.
В.Вундт
Осы ғылым саласында экспериментті тұңғыш енгізген
осы неміс ғұламасы.
Демокрит
Психика оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп
түсіндірді.
Платон
“Жан мәңгі өлмейді,өшпейді” деп есептеді
Әбу Насыр ал Дүние материядан құралады,ол жойылмайды,бір түрден
Фараби екінші түрге көшіп,өзгере береді,жан денеден бұрын өмір
сүрмейді,бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да
алмайды деп материалистік тұрғыдан өз ойын
пайымдаған.
Фома
Жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір
Аквински сүретіндігі жайлы пікірлерді ары қарай дамытушы.
15. Психология ғылымының негізгі даму кезеңдері
16. І - кезең
Психология – жан туралы ғылымретінде.
Бұл психологияға екі мың жылдан
астам уақыт бұрын берілген
анықтама.
Ежелгі адамзат жан бар деген
ұғыммен өзіне түсініксіз барша өмір
құбылыстарын дәйектеуге
тырысқан.
17. ІІ - кезең
Психология сана туралы ғылымретінде.
ХVІІ ғасырда жаратылыстану
ғылымдарының дамуымен басталды.
Ойлау, сезіну, ниеттеу қабілеттерін сана
деп аталды. Негізгі зерттеу әдісі адамның
өзін-өзі бақылап
(интроспекция), фактілерді сипаттауы
болды.
18. ІІІ - кезең
Психология мінез-құлық туралығылым ретінде.
ХХ ғасырдан басталады.
Психологияның міндеті – тікелей
көруге болатын құбылыстарды
бақылау, яғни мінез-құлықты,
адамның реакциялары.
Адамның қылығын тудыратын
түрткілер есепке алынбады.
19. ІV - кезең
Психология – психиканыңзаңдылықтары мен
механизмдерінің
фактілерін зерттейтін
ғылым ретінде.
20.
Қазақ психология тарихынзерттеумен көптен айналысып
журген көрнекті психологғалым Жарықбаев Құбығыл
Бозайұлы Қазақстанда
психология ғылымының
қалыптасуы мен даму тарихын
үш кезеңге бөліп қарастырады.
21.
Қазақстанда психологияғылымының қалыптасуы мен
дамуы
I-кезең – кеңес
үкіметіне дейінгі
қазақ
психологиясыбұл психология
ғылымының
бастауы (15-20ғ.)
II- кезең
марксистік
кеңестік
психология
(1920-1990)
III- кезең –
егеменді,
тәуелсіз
Қазақстандағы
ғылыми
психология
дамуының жаңа
кезеңі(1991-2006)
22.
Ойшыл- ғалымдар, еңбектеріӘбу-Насыр
әл-Фараби
“Әлемнің екінші ұстазы” данышпан ғалым. Психология
ғылымына арнаған “Ақыл- ой туралы”, “Темперамент туралы”,
“Түс көру туралы ”, “Жанның мәні туралы” т.с. еңбектері
Жүсіп
Баласағұни
“Тіл адамның даңқын асырады”, “Адам ол туралы бақыт
табады”, “Жақсы болғың келсе жаман сөз айтпа”, “Тіл адамға
жапа шектіреді” деген мақал- мәтелдерінің психологиялық мәнін
ашып берді
Төлеген
Тажібаев
Тұңғыш психолог, ғалым, академик. Ол Қазақстанда психология
ғылым саласында тұңғыш рет 1939 жылы Ленинград қаласында
кандидаттық дисертация қорғады.
Мағжан
Жумабаев
Қазақ
топырағында алғаш рет 1922 жылы “Педагогика”
оқулығын жазды. II- тарауы психология мәселеріне арналған
Жүсіпбек
Аймауытов
Қазақ
топырағында
тұңғыш
“Психология”оқулығын жазды.
1926
жылы
Құбығыл
Жарықбаев
Қазақстанда алғаш “Мектеп” баспасынан қазақ
“Психология” оқу құралы 1962 жылы жарық көрді
тілінде
рет
23. 1.Жалпы психология 2.Еңбек психологиясы 3.Педагогикалық психология 4.Медициналық психология 5 Заң психологиясы 6.Əскери
Қазіргі заманғы психологияның негізгісалалары:
1.Жалпы психология
2.Еңбек психологиясы
3.Педагогикалық психология
4.Медициналық психология
5 Заң психологиясы
6.Әскери психология
7.Әлеуметтiк психология
8.Жас сатыларының психологиясы
9.Арнайы психология
10.Салыстырмалы психология
11.Спорт психологиясы
12.Сауда психологиясы
24.
Психология салаларыЖiктеудiң негiзгi принципi - психиканың iс-әрекетте
даму принципi.
Жалпы психология мiндетi психологияның әдiснамалық
проблемалары мен тарихын,
психикалық құбылыстар пайда
болуының, дамуының және
болмысының жалпыланған
заңдылықтарын ғылыми нақтылау.
25.
Еңбек психологиясы - адамныңқоғамдық өнiмге бағытталған
әрекетiнiң психологиялық
ерекшелiктерiн, еңбектi ғылыми
ұйымдастырудың психологиялық
тараптарын зерттейді. Салалары:
инженерлiк
авиация
ғарыштық психология
26.
Педагогикалық психология қызметiадамды оқыту мен тәрбиелеудiң
психологиялық заңдылықтарын ашу.
Оның бөлiмдерi:
оқу мен тәрбие психологиясы,
мұғалiм психологиясы,
дамуы жетiмсiз балаларды оқытутәрбиелеу психологиясы.
27.
Медициналық психология дәрiгер қызметi менсырқат адам мiнез-құлығының психологиялық
мәнiн зерттейдi.
Салалары:
нейропсихология – психикалық
құбылыстардың ми физиологиялық
құрылымдарымен байланысын айқындаушы;
фармакопсихология- емдiк дәрiлердiң
адамның психикасына ықпалын белгiлеушi;
психотерапия- науқасты емдеуде
қолданылатын психикалық әсерлердi;
психогигиена және психопрофилактика психикалық аурулардың алдын алу.
28.
Заң психологиясы құқықжүйесiн iске асыруға
байланысты психикалық
мәселелердi қарастырады.
Оның салалары:
қылмыскер психологиясы,
үкiм шығару
орындаушы психологиясы
29.
Әскери психологияадамның соғыс
жағдайындағы қылықәрекетiн; қолбасшымен
оның билiгiндегi сарбаз
арасындағы қарымқатынастың психологиялық
тараптары, әскердi
рухтандырушы үгiт-насихат
психологиясының әдiстерiн
30.
Әлеуметтiк психологияадамдардың әртүрлi ұйымдасқан
ресми немесе ұйымдаспаған,
бейресми топтарда көрiнiс беретiн
психикалық болмысын зерттеумен
шұғылданады.
31.
Жас сатыларының психологиясыжеке адамның әртүрлi психикалық
процестерi мен психикалық
қасиеттерiнiң онтогенезiн зерттейдi:
балалар психологиясы,
жас өспiрiмдер психологиясы,
ересек адамдар психологиясы
кәрiлiк психологиясы
(геронтология).
32.
Арнайы психология:олигофренопсихология (ақыл-ойы
кемдер),
сурдопсихология (кереңдер),
тифлопсихология (зағиптер).
Салыстырмалы психология психикалық өмiрдiң
филогенетикалық (бiртұтас даму)
формаларын зерттейдi.
33.
Қазiргi заман ғылыми психологиясында әдiстердiң4 тобын қарастырады:
Ұйымдастыру əдiстерi:
1.Салыстыру əдiсi (әрқандай топты жасы,
қызметi т.б. бойынша салыстыра, зерттеу);
2. Лонгитюд əдiсi (бiр адамды не адамдар
тобын ұзақ уақыт аралығында қайталап,
зерттеу);
3.Комплекстiк əдiс (зерттеуге әртүрлi
ғылымдар өкiлдерi қатысып, бiр объектiнi
жан-жақты, әртүрлi құралдармен зерттеу).
Мысалы, жеке адамның физиологиялық,
психологиялық және әлеуметтiк тұрғыдан
даму байланысы.
34. Эмпирикалық əдiстер.
•Эмпирикалық әдiстер.1. Бақылау мен өзiндiк бақылау,
2. Эксперименталды (лабораториялық,
табиғи, қалыптастырушы) әдiстер;
психологиялық
3.Болжау (психодиагностика): тест, анкета,
сұрақ беру, социометрия, интервью,
әңгiмелесу әдiстерi; шығармашылық,
iс-әрекет өнiмдерiн талдау әдiстерi;
өмiрбаянымен танысу
35.
Деректердiөңдеу әдiстерi:
сандық (статистикалық) жəне
сапалық (алынған материалды топқа
жiктеу, талдау) əдiстерi.
Реттеу - түзету әдiстерi:
аутотренинг, топ тренингi,
психотерапиялық ықпал ету əдiсi,
оқу-үйрету əдiсi.
36.
37.
Психика – тіршілік дамуының белгілібір сатысында тірі организм мен
сыртқы ортаның өзара қатынасын
білдіретін бейнелеудің айрықша түрі
Психиканың алғашқы ең қарапайым
түрі жәндіктерге тән.
Психиканың ең жоғарғы формасы –
адамның санасы.
Сана –адамның қоғамдық тарихи
дамуының жемісі
38.
Психика – айналадағы объективтікшындықтың біздің жоғары сатыда
жетілген жүйке жүйемізде бейнеленуі.
Адам дүниені бейнелеудің ең жоғарғы
сатысы – санаға ие болады.
Сана – тек адамға тән қасиет.
Психика,сана – материяның ең жоғарғы
түрде дамыған жемісі және әрекеті.
39.
Адам санасы – оның іс - әрекетімен мінез –құлығын реттеудің
ұғымдық тетігі. Сана адамның
іс - әрекетке келуіне себептік
ықпал жасап, әрі бағдар бере
отырып, сол іс - әрекетте
қалыптасады және көрінеді.
40.
Адамның психикалық ісәрекеті және оның психикасыбірдей уақытта үш өзара
байланысты денгейде қызмет
етеді: бейсана, астар сана,
ашық сана.
41.
Бейсана деңгейі – адамда, жануар лар әлемінде тума инстинтктті –рефлекторлы қалыптасады.
Бұл деңгейдегі барша әрекетқылықтар биологиялық тетіктер
арқылы реттеледі.
Олардың бәрі биологиялық
қажеттеліктерден туындайтын
әрекеттер(қоректену, қорғану,
ұрпақ қалдыру).
42.
Астар сана деңгейі – жекетұлғаның тәжірибесінде
жалпыланып, автоматтық
күйге енген әрекет-қылық
формалары- ептіліктері,
дағдылары, әдеттері,
сезімдік көрегендігі
(интуция).
43.
Ашық сана деңгейі – бұлтұлғаның білімдері мен
мәдени әлеуметтену
саласы.
Ол көп жағдайларда адамның
тума, табиғи құмарлықтары
мен әдеттерін қадағайлайды,
әрі шегеріп отырады.
44. Бақылау сұрақтары
1.Психологияғылымы нені зерттейді?
2.Психологияның негізгі саларын
атаңыз.
3.Психологияның зерттеу әдістері
дегеніміз не?
4.Қазіргі психология ғылымның
алдында тұрған басты міндеттерге
тоқталыңыз
45. Пайдаланатын әдебиеттер:
1.Құдиярова А.М.Қарым-қатынас психологиясы
(Ортақтасу): оқу құралы/ А. М. Құдиярова. Алматы: Шуғыла, 2006. -40 б.
2.Бап –баба С. Жалпы психология: оқу құралы/ Бап –
баба С. - Алматы: Заң әдебиеті, 2007, 2009. – 268 б.с. – Библиогр.: 255-260 б.
3.Алдамұратов Ә.Жалпы психология: оқулық/ Ә.
Алдамұратов. -Алматы: Эверо, 2011. -216 б.
4.Көбекова Ж.С. Психология негіздері: оқуқұралы/
Ж. С. Көбекова. -Караганда: АқНұр, 2013. -190 б.
5.Сейталиев К.Жалпы психология: оқуқұралы/ К.
Сейталиев.- Алматы: Білім, 2007,2012.- 360 б.