Similar presentations:
Психоанализ. Фрейд адамның психологиялық өмірі
1.
Психоанализ2.
ПсихоанализПсихоанализ — XX ғ. мәдениетіне зор әсер еткен австриялық ғалым З. Фрейд
қалыптастырған психологиялық ілім. Фрейд адам психикасының үш құрылымнан: Ол, Мен,
Жоғарғы Меннен тұратыны туралы идеяны ұсынды. Көмескі сана өткеннен мұраланған
психиканың терең қабаты ретінде көрініс табады. Оның қойнауларында адамның жасырын
жан сезімдері, құмарлықтары мен ынта-назары ұялаған. Бұл құрылым «ләззаттану
принципін» басшылыққа алады. Фрейд оларды «қайнаған құмарлықтардың қазаны» деп
атайды. Адамның саналы Мені — Ол мен (көмескі сана) қоршаған дүние арасындағы
делдал. Бұл құрылым «шындық принципін» басшылыққа алады, оның мақсаты — адамның
көмескі санасына ықпал ету. Адам Мені Оны (көмескі сананы) өзіне бағындыруға тырысады,
алайда кейде өзі Оның (к.с.) ықпалында болады. Жоғарғы Мен орындалуды, мәдени тиым
салуларды бейнелейді. Жоғарғы Мен ұят ретінде, немесе көмескі кінә сезімі ретінде адам
Меніне үстемдік етуі мүмкін. Көмескі санада белгілі бір жағдайларда сана аймағына шығып
кететін әлементтер болады. Мен қабылдау мен қозғалыс органдарының жүйесін бақылайды.
Жоғарғы Мен сублимация арқылы Эдип комплексін шешкеннен кейін пайда болатын ең жас
құрылым. Тиым салынған либидо импульстары (жыныстық қуат) мәдени шығармашылық
қайнар көзі мен құпиясы. Мәдениет адамды жүйке науқасы (неврозға) ұшырататын тиым
салулар жүйесі ретінде көрініс табады, ал екінші жағынан шығармашылық фантазия және
оның рәміздік бейнеленуі арқылы либидо энергиясының (қуатын) босатуға (сыртқа
шығаруға) мүмкіндік береді.
3.
Фрейд адамның психологиялық өмірі туылған соң басталады деп санайды,ал жаңа туған сәбиді ол «tabula rasa» (таза тақта) деп атайды. Кейде ол
организмнің анықталмаған бейімділігі туралы, тіпті адамның түс көруі мен
қиялында орын алатын филогенездік сипаттағы, өзіне тән архаикалық еске
түсірулер туралы айтады. Фантазия психикалық процесстер
динамикасында инстинкті құмарлықтар шешуші рөл атқарады деп санайды.
Оларды Фантазия психикалық және тәндік аймақтарды байланыстыратын
күштер ретінде қарастырады. Ол жыныстық құштарлықтар мен эгоның
жыныстық емес, өзін-өзі қорғау инстинктілері кіретін бастапқы дуализм
туралы идеяны алға тартты. Ол жыныстық инстинкт — либидоға көп көңіл
бөледі. Ол жыныстық құмарлықтың бастауы балалық шақта жатқандығын
байқады. Фантазия адам бойындағы агрессивтілікті жеке инстинкт деп
қарастырады. Оның бастауы сүйек еттерінде жатыр, ал оның мақсаты —
талқандау. Кейінгі еңбектерінде фантазия екі тұрлі инстинктер бар деген
болжамды алға тартты: олардың бірі тіршілікті сақтауға бағытталса,
басқасы тіршілікке қарсы әрекет етеді, оны неоорганикалық күйге қайтаруға
талаптанады. Оның түпкілікті қорытындылары «Психоанализ очерктері»
еңбегіндегі баяндалған өлім инстинктінің рөліне қатысты. Мұндағы
махаббат инстинкті (эрос) мен өлім инстинктінің (танатос) дихотомиясы
психоанализ теориясының басты тақырыбына айналды.
4.
Фантазия психоаналитикалық теориясын оның шәкірттерімен ізбасарлары: А. Адлер, В. Раих, О. Ралк, К.Г. Юнг, Ш.
Френчи т.б. қабылдап, кейіннен оған түзетулер енгізді.
Психоаналитикалық теорияны XX ғ. «ғылыми
мифологиясы» деп атайды. Өйткені оның өкілдері
мифологиялық материалдармен жұмыс істеді.
Психоаналитикалық теория миф, ритуал, дін т.б.
мәдениет аспектілерін мәдениеттанулық зерттеудің
құрамдас бөлігіне айналды. Көптеген көркем
шығармашылық тұжырымдары көмескі сананың
психоаналитикалық теориясына негізделді. Олар адам
әрекетінің осы саласындағы түс көрудің, фантазияның,
интуиция мен еркін ассоциациялардың айырықша рөлін
негіздеуге талпынады.
5.
6.
Зигмунд Фрейд өмір жолы жайлы мәлімет алу әжептеуір қиын. ЗигмундФрейдті тұлғалық деңгейде көтерген көптеген биографиялық очерктер
мен кітаптар бар. Алайда осы шығармалардың көбінде авторлардың бір
жақты пікірге бой алдыратындықтарын байқаймыз. Мысалы, бұл мәселе
жайлы А.М.Рудкевич былай жазады: Австриялық дәрігер психолог Зигмунд
Фрейд ең атақты психологтардың біріне саналады. Ол 1856 жылы 6
мамырда Фрейбурк қаласында, қарапайым тері сатушының отбасында
дүниеге келген. Психологиялық талдаудың негізін қалаушы. 1860 жылы
Фрейдтер отбасы Венаға көшеді. 83 жыл өмірінің 80 жылын Зигмунд осы
қалада өткізеді. Үлкен отбасында 8 бала болды, бірақ Зигмунд өзінің
алғырлығымен,таңқаларлық ақылымен,кітапқа деген құмарлығымен
ерекшеленді. Сол себепті оған ата-анасы жақсы жағдай жасауға
тырысты. Сабақ орындау барысында оған ешкім кедергі жасамау
мақсатында, Зигмунд әрқашан керосинді шаммен оқитын, ал басқа
балалары шам арқылы оқитын. 17 жасында гимназияны өте жақсы
аяқтап, әйгілі Вена университетіне оқуға тапсырады. Университетте
атақты профессорлар дәріс береді. Сол жерде оқып жүріп Зигмунд Фрейд
студенттік одаққа қосымша тарих , политика, философия жайлы үйрену
мақсатында кіреді. Бірақ көбірек оны жаратылыстану ғылымдары
қызықтырады. Биология және физика, жаратылыстану принципі
бойынша нақты тәжірибелі маман ретінде қалыптасты.