4.23M
Category: historyhistory

Германдық «әлеуметтік-нарықтық шаруашылық» ерекшеліктері қандай

1.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ТОО «Арес PetroTehnic Жоғарғы колледжі»
Дүниежүзі тарихы
Сабақ тақырыбы: Германдық «әлеуметтік-нарықтық
шаруашылық» ерекшеліктері қандай?
Оқытушы: Даулетбаева Гулбану Сагынбаевна
[email protected]
Tel 8701-538-91-91
Атырау 2024

2.

• Мақсаты:
Жаһандану
жағдайындағы
экономикалық
интеграцияның маңызын бағалау.Әлемнің жетекші
және дамушы мемлекеттеріндегі халықтың өмір
сүру деңгейіне әсер ететін факторларды анықтау.ХХ
ғасырдың екінші жартысындағы әлемнің жетекгі
елдеріндегі әлеуметтік дамудың ерекшелігін талдау.
• Сабақ бойынша сөздер мен терминдер:
Конференция,репарация,территория,округ,бундестрат,
марка,бундестаг,канцлер,федеративті,демократиялық,
реформа,рейхмарка.

3.

•Сабаққа шолу:
• Білуі керек:
Германдық «әлеуметтік-нарықтық шаруашылық» ерекшеліктерін,екінші
дүниежүзілік соғыстан кейінгі Германияның жағдайын,Маршалл жоспарының
негізгі түсінігін.
•Үйренуі керек
Танымдық қызығушылықты дамыту
Шығармашылық қабілетін дамыта білу
• Негізгі түсініктер:
Конференция,реформа,демократиялық,федеративті,рейхмарка,
Маршалл жоспары.
Сабақтын жоспары.
1.Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жағдай
2.ГФР құрылуы
3. ГДР құрылуы
4.Ақша реформасының жүзеге асырылуы
5.Маршал жоспары
6.Даму үдерісінің қалыптасуы

4.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жағдай
Екінші дүниежүзілік соғыстан Германия жеңілгеннен соң
1945 жылы 17 шілде мен 2 тамыз аралығында өткен
«Потсдам» конференциясында одақтастар бұл елді төрт
басты аймаққа бөлді.Үш батыс аймақта АҚШ-тың,
Ұлыбритания мен Францияның әкімшіліктері болды,ал
шығыс
аймақта
кеңес
әскери
әкімшілігі
болды.Германияның
тізе
бүккенін
қабылдай
отыра,барлық
басшы
аймақтардағы
қызметтерді
үйлестіру үшін төрт жақты бақылау кеңесі құрылды.

5.

Екнші дүниежүзілік соғыстан кейін Германиядағы
ықпал ету аймақтары
Ұлыбритания
Франция
КСРО
АҚШ

6.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жағдай
Германияға екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қайтадан
бейбіт өмір бастау оңайға соқпады.Елдің саяси құрылысы
өзгерді.3,2-4,7 млн әскери адам мен 1,4-3,6 млн бейбіт
тұрғыны қырылды.Германияға соғыста зардап шеккен
мемлекеттерге репарация төлеу белгіленіп,тұрақты армия
ұстаута шек қойылды және ол өзінің жаулап алған
территорияларынан айырылды.Польшаға Силезняның бір
бөлігі,Шығыс Померания,Шығыс Бранденбург, Данциг,
Щецина округының шығысы, Шығыс Пруссияның бір
бөлігі берілді.Онымен қоса ықпал ету аймақтарына бөлінді.

7.

ГФР құрылуы
1946 жылы 2 желтоқсанда ағылшын және американ аймақтары
біріктірілді.1948 жылы оған француз аймағы қосылып,үш
аймақ құрылды.1948 жылы КСРО-ның бұрыңғы одақтастары
Батыс Герман маркасын шығарды. 1949 жылы олар осы
мемлекетке арналған Конституцияны жасады.Батыстағы
басқыншылық үш аймақтың аумағында жікшіл мемлекет
Германия Федеративтік республикасы (ГФР) құрылды.ГФРның уақытша астанасы-Бонн қаласы болды. Парламент
бундестаг деп аталатын төменгі палатадан жене бундестрат
деп аталатын жоғарғы палатадан тұрды. Батыс Герман
үкіметін Конрад Аденауэр басқарды.

8.

ГФР канцлері Конрад
Аденауэер
1949-1963 жж.
Батыс маркасы

9.

ГДР құрылуы
Бұған жауап ретінде Кеңес Одағы 1949
жылы 7 қазанда Герман Демократиялық
Республикасын (ГДР) жариялады. Оның
астанасы-Берлин қаласы болды.1955
жылы ФРГ НАТО-ға мүше болса, ал
ГДР Варшава Шартты ұйымына мүше
болды. 1961 жылы 13-23 тамызда екі
метрлік Берлин қабырғасы тұрғызылып,
ол Берлинді екі бөлікке бөлді.К.
Аденауэр 1963 жылга дейін канцлер
болып,кейін оның орнына Л. Эрхард
келді. Ал 1966 жылдан бастап
К.Кизингер басқарады.
Л. Эрхард

10.

Осылайша 1949жылы 23 мамырда Герман Федеративтік
Республикасы жарияланса,1949 жылдың 7 қазанында
Герман Демократиялық Республикасы жарияланады.

11.

Ақша реформасының жүзеге асырылуы
Акша реформасының шеңберінде жүзеге асырылған шаралар:
• Рейхсмарканын (RM) орнына бірыңғай ақша бірлігі ретінде жаңа неміс
маркасы (DM) енгізілді.
• Әрбір тұрғын 1:1 бағамы бойынша 60 марканы ауыстыру құқығын алды,
жинақтардың үлкен бөлігі жойылды,қалғандары шоттарда тоқтатылып
тұрды.
• Жалақыны, зейнетақыны және пәтерақыны қамтитын ағымдағы
төлемдер 1:1қатынасында қайта есептелді.
• Барлық кәіспорындар әрбір жұмысшыға 60 неміс маркасы есебінен
бастапқы соманы алды.
• Кәсіпорындардың өзара міндеттемелері 1:10 қатынасында кайта
есептелінді.
• Мемлекеттің рейхмаркасымен көрсетілген барлық міндеттемелер
ешқандай өтемақысыз жойылды.
Осындай бағытта ақша реформасы жүзеге асырылды.

12.

Маршал жоспары
Бастапқыда 1947 жылы жарияланған Маршалл
жоспары Батыс Еуропа елдеріне Екінші
Дүниежүзілік соғыстан кейін қалпына келтіруге
көмектесетін АҚШ-тың экономикалық көмек
бағдарламасы болды. Ресми түрде Еуропалық
қалпына келтіру бағдарламасы (ERP) деп аталды,
ол көп ұзамай оның құрушысы Маршалл
жоспары ретінде белгілі болды, Мемлекеттік
хатшы Джордж Маршалл.
1947 жылдың 5 маусымында Маршаллдың
Гарвард университетінде сөйлеген сөзінде
жоспардың басталуы жарияланды, бірақ ол 1948
жылдың 3 сәуіріне дейін заңға қол қойылған
болатын. Маршалл жоспары төрт жылдың ішінде
17 елге 13 миллиард доллар көмек көрсетті.
Нәтижесінде, Маршалл жоспары 1951 жылдың
аяғында өзара қауіпсіздіктің жоспарына
ауыстырылды.
Джордж Маршалл

13.

Маршалл жоспары келісімшартының жүргізілуі

14.

Даму үдерісінің қалыптасуы
Көп жұмыс істеген шахтерлерге 60 жастан зейнетке шығуға
болатын
мүмкіндік
болды.Мүгедектерге,
жетімдерге,
көпбалалы отбасыларга,зейнеткерлерге көмек көрсетіле
бастады.Сақтандыру өтілі 35 жыл болған жағдайда зейнетке
шығу жасын 65-ке дейін қысқартылды.Адамдардың
саналылығын, дербестігін және өз ал-ауқаты үшін
жауапкершілігін арттыру «Өнеркәсіптік еңбек адамдарын
науқастануы бойынша сақтандыру туралы», «Өндірістегі
жазатайым оқиғалардан сақтандыру туралы»,«Мүгедектігі
және қартаюы бойынша сақтандыру туралы» Заңдар
қалыптасты.4 миллионға жуық жұмыс іздеушілер елге
келді.Осылайша
елге
халыққа
жақсы
жағдайлар
жасалынып,ел жағдайы жақсарып,дами түсті.

15.

Әдебиеттер мен оқу құралдары:
Акишев К.А История археологических исследований в
Центральном Казахстане (ХVІІІ-первая половина ХХ вв.)
Маргулан А.Х. , Акишев К.А. , Кадырваев М.К. , Оразбаев
А.М. Древняя культура Центрального Казахстана. -Алма-ата:
Наука, 1966. -428 с.
Интернет желісі
English     Русский Rules