Similar presentations:
Кескіндер - көріністер, тіліктер, қималар және шығарма элементтер. Инженерлік графика пәні
1.
Кафедра МеханикаТақырып: Кескіндер –
көріністер, тіліктер, қималар
және шығарма элементтер.
Инженерлік графика пәні
Барлық мамандық студенттеріне
арналған
Автор:
Абильгазин Б.И. аға оқытушысы
2.
Дәрістің жоспары1. Негiзгi, жергiлiктi және қосымша
көріністер;
2. Қарапайым тiлiктер;
3. Күрделi тiлiктер;
4. Қималар;
5. Шығарылатын элементтер.
3.
1 Негiзгi, жергiлiктi және қосымша көріністер1.1 Бейнелердiң орналасқан жердiң жүйесі
Кез-келген бұйымдағы сызбаның беттерi көрінетін және көрiнбейтiн графикалық
кескіндері бар. Бұл кескіндер заттың
алты қырлы қуыс кубқа тiк төртбұрышты
проекциялау арқылы болады. Куб қырлары проекциялның негiзгi жазықтықтары болып
табылады. Проекцияның негiзгi жазықтықтары бiр жазықтыққа оған алынған кескінімен
қоса бірлеседі (1.1 – сурет).
1.1-сурет – Проекцияның негiзгi жазықтықтары
4.
1 Негiзгi, жергiлiктi және қосымша көріністер1.2 Негiзгi көріністер
Түр – затты көрiнетiн бетiнің бiр бөлiгiн бақылаушыға қарай көрсетілген кескін деп
аталады. 2.305—68 ГОСТ проекциялардың негiзгi жазықтықтарындағы негiзгi түрлердiң
атауын төмендегідей қояды (1.2-сурет): 1 - алдыңғы көрініс(бас көрініс), 2 - үстіңгі көрініс, 3
- сол жақ көрініс, 4 - оң жақ көрініс, 5 - астыңғы көрініс, 6 - артқы көрініс.
1.2-сурет – Негiзгi көріністер
5.
1 Негiзгi, жергiлiктi және қосымша көріністер1.2 Негiзгi көріністер
Бөлшекті бас көрініс өлшем мен пiшiннің ең толық көрінісін беретіндей орналастыру
керек. Бас көрініс пен басқа негiзгi көріністер өлшем түсiрудi және мәтiндiк материалды
орналастыруды (қажет болған жағдайда) есепке ала отырып сызба жазықтығында тиiмдi
орналастырылған болуы керек. 1.3,а-суретте сызба жазықтығын дұрыс қолданбаған
бөлшек көрінісінің орналасқан жері және бас көріністегі сызба пiшiнiнің толық емес көрінісі
көрсетілген. Сол бөлшек көріністерінің көбінесе тиiмдi орналасқан жері 1.3,б-шi сурет
көрсетілген.
а)
б)
1.3-сурет – Бөлшек көрінісінің орналасқан жері
6.
1 Негiзгi, жергiлiктi және қосымша көріністер1.2 Негiзгi көріністер
Егер ұзын заттар (1.4,а-сурет) тұрақты немесе заңды өзгеретін көлденең қимасы бар
аумағы болса, заттарға сол аумақта орындалған қима сызығымен кескіндеуге болады
(1.4,б-сурет). Қима контуры жаппай жіңішке толқынды сызықтар арқылы орындалады.
а)
б)
1.4-сурет – Тілікті кескіндер
7.
1 Негiзгi, жергiлiктi және қосымша көріністер1.3 Жергiлiктi көріністер
Егер сызбаны орындау барысында шектелген жердегі зат бетiнің пiшiнін немесе
құрылысын анықтау қажет болса, онда осы шектелген жерінің ғана кескіні орындалады
және бұл кескін жергiлiктi көрініс деп аталады. Егер жергiлiктi көрініс басқа кескінмен
проекциялық байланыста орындалса, онда жергiлiктi көріністің үстінде стрелка мен жазу
көрсетілмейді (1.5-суреттегі бөлшек суретiнің сол жақ бөлiгіне қарау). Жергiлiктi көрініс
қима сызығымен көрсетілмеуі де мүмкін (мысалы, 1.5-суреттегі Б көрінісі). Егер көріністе
симметрияның осьі болса, онда оның жартысын көрсетуге болады (1.5-суреттегі А көрінісі).
1.5-сурет – Жергiлiктi көріністер
8.
1 Негiзгi, жергiлiктi және қосымша көріністер1.4 Қосымша көріністер
Қосымша көрініс проекциялардың негiзгi жазықтықтарының ешқайсына параллель
емес жазықтыққа кескінді проекциялау арқылы алынады. 1.6,а-суретте көлбеу бүйір бөлігі
бар бөлшек кескінделген. Үстіңгі көріністе тесігі бар бұл бөлік бұрмаланған түрде
кескінделінеді (1.6,б-сурет). Мұндай жағдайда бөлшектiң көлбеу элементтерi оған
параллель жазықтықтарына проекциялайды. Алынған қосымша көрініс, оған тек заттың бір
бөлігі ғана кескінделгенде жергілікті болып табылады (1.6,в-сурет), сондықтан ол тұтас
жіңішке сызықпен шектелінеді.
а)
б)
1.6-сурет – Қосымша көріністер
в)
9.
1 Негiзгi, жергiлiктi және қосымша көріністер1.4 Қосымша көріністер
Егер қосымша көрініс проекциялық байланыста орналаспаса, онда көру бағыты,
әрiппен бірге стрелка көрсетiлген болуы керек, ал көрініс үстінде «А көрініс» жазуы болады
(1.7,а-сурет). Қосымша көріністі бұруға болады. Бұл жағдайда жазудың оң жағына
«бұрылған» сөзі қосылады. «А көрініс» жазуын астын тұтас жіңішке сызықпен сызылады,
ал «бұрылған» сөзінің асты сызылмайды (1.7,б-сурет). Қосымша көріністерде өлшемдер
салына алады.
а)
1.7-сурет – Қосымша көріністер
б)
10.
2 Қарапайым тiлiктер2.1 Вертикаль фронтальді тілік
Егер фронталь проекция жазықтығына параллель болса, вертикаль тілік фронтальді
деп аталады. 2.1-суретте бөлшек фронтальді тiлiгiнің құрылуының мысалы көрсетілген.
Бөлшек проекцияның фронтальді жазықтығына параллель болатын А жазықтығына
бөлінген. Қима жазықтығының алдында орналасқан бөлшек бөлігі ойша жойылған, ал бас
көріністің орнында толықтай кескінделген қалған бөлігі бөлшектің фронтальді тілігі болып
табылады.
2.1-сурет – Вертикаль фронтальді тілік
11.
2 Қарапайым тiлiктер2.2 Вертикаль профильді тілік
Егер қима жазықтық профилді проекция жазықтығына параллель болса, вертикаль
тiлiк профилді деп аталады. 2.2-суретте профильді тiлiгiнің құрылуының мысалы
көрсетілген. Бөлшек проекцияның профильді жазықтығына параллель болатын А қима
жазықтығына бөлінген. Бұл жағдайда алынған профильді тілік сол жақ көрінісінің орнында
орналасқан.
2.2-сурет – Вертикаль профильді тілік
12.
2 Қарапайым тiлiктер2.3 Горизонталь тілік
Горизонталь тiлiктер деп
горизонталь проекцияға параллель болатын қима
жазықтығымен құрылған тiлiктердi айтамыз. 2.3-сурете бөлшек проекцияның горизонтальді
жазықтығына параллель болатын Р жазықтығына бөлінген. Бөлшектің үстіңгі жағы ойша
жойылған, ал қалған астыңғы жақ бөлігі проекцияның горизонталь жазықтығына
проекциялаған.
2.3-сурет – Горизонталь тілік
13.
2 Қарапайым тiлiктер2.4 Тiлiктердiң белгiлері
2.4-суретте екi вертикаль тiлiктер орындалған: қима жазықтықтары бөлшек
симметриясының жазықтықтарымен тұтас үйлеспейтін фронталь (А-А ) (2.4,а-сурет) және
профильді (Б-Б) (2.5,в-сурет). Ашық сызықтың штрихтары кескіннің контурын кесiп өтпеу
керек. Қима сызықтарының штрихтарына оларға перпендикуляр етіп қарау бағытын
көрсететiн стрелкалар қойылады. Тілік асты жазуы қима жазықтығы көрсетілген тире
арқылы екі әріп жазылады (2.4,б-сурет).
а)
б)
2.4-сурет – Тiлiктердiң белгiлері
в)
14.
2 Қарапайым тiлiктер2.4 Тiлiктердiң белгiлері
Стрелкалар қима сызығының штрихының сыртқы шегінен 2-3 миллиметр қашықтықта
орналасады. 2.305—68 ГОСТ бойынша бұл стрелканың пiшiні мен өлшемі 15-суретке
сәйкес орындалуы керек. Әр стрелка жанында біркелкі бас әріп қойылады. Әрiптiк белгiнің
қарiп өлшемi сол сызбада қолданылатын өлшемдi цифр сандардың өлшемінен шамамен
екi есе көбірек болуы керек [(856—78 СЭВ СТ) 2.316—68 ГОСТ].
2.5-сурет – Тiлiктердiң белгiлері. Стрелка
15.
2 Қарапайым тiлiктер2.4 Тiлiктердiң белгiлері
Бiр кескінде көріністің бір бөлiгi мен тiлiктiң бір бөлiгiн қосуға болады. Қосылған көрініс
пен тілік бөліктерінде көрінбейтін контур сызықтары әдетте көрсетілмейді. Егер көрініс пен
тiлiк симметриялы фигура болып көрінсе (2.6,б-сурет), онда симметрия осьі болып
табылатын жіңішке нүктелі штрих сызықтарымен бөлінген көріністітің жартысы мен тiлiктiң
жартысын қосуға болады. Тiлiктiң бiр бөлiгi көрініс бөлігі мен тілік бөлігін бөлетін
симметрия осьінен оң жақта (2.6,а-сурет) немесе астыңғы жақта орналасады (2.6,в-сурет).
а)
б)
2.6-сурет – Көріністітің жартысы мен тiлiктiң жартысы
в)
16.
2 Қарапайым тiлiктер2.4 Тiлiктердiң белгiлері
Көрініс пен тілік симметриялық бөліктерін қосқанда, егер симметрия осьімен қандай да
бір сызық проекциясы сәкес келсе, мысалы қабырға (2.7-сурет), онда көрініс тіліктен
симметрия осьінен солға (2.7,а-сурет) немесе оңға (2.7,б-сурет) қарай сызылатын тұтас
толқынды сызықпен бөлектенеді. Симметриялық емес фигура болып көрінетін көрініс пен
тіліктің бiр кескінде қосылған кезде, көрініс бөлігі тілік бөлігінен тұтас толқынды сызықпен
бөлектенеді (2.7,в-сурет).
а)
б)
2.7-сурет – Көрініс бөлігі мен тілік бөлігі
в)
17.
2 Қарапайым тiлiктер2.5 Жергiлiктi тiлiктер
Егер бұйымның құрылымын тек жеке шектеулі жерде анықтау қажет болса, онда
жергiлiктi деп аталатын тілікті қолдануға болады. Жергiлiктi тiлiкті шектейтін сызық тұтас
толқынды сызықпен сызылады. 2.8,а-суретте бөлшектің кейбір элементтерінің құрылысы
анықталған жергiлiктi тiлiктің мысалы көрсетілген. Егер жергiлiктi тiлiк айналу денесі болып
табылатын және ось сызығымен кескінделген зат бөліктерінде орындалса, онда жергiлiктi
тiлiк пен көрініс осы ось сызығымен бөліне алады (2.8,б-сурет).
а)
б)
2.8-сурет – Жергiлiктi тiлiктер
18.
3 Күрделi тiлiктер3.1 Күрделi тiлiктер – сатылы
Қима жазықтықтардың сатылы тiлiгін орындау барысында бір жазықтыққа қиыстырады
және сатылы тілік қарапайым болады. Сатылы тiлiктегi бүгілме орындарында екі қиманы
бір бірін бөлетін сызықтар көрсетілмейді. Екі немесе одан да көп қима жазықтықтармен
құралған күрделi тiлiк сатылы деп аталады. Сатылы горизонталь тiлiктiң мысалы 3.1,асуретте көрсетілген. Мұндай тiлiгі бар бөлшектiң сызбасы 3.1,б-суретте көрсетілген.
Сонымен қатар қима сызығында бір қима жазықтығынан екіншісіне ауысу орнын көрсететін
бүгілмелері бар. Қима сызығының бүгілмесі қима сызық штрихтары сияқты дәл сондай
жуандықта орындалады.
а)
б)
3.1-сурет – Күрделi горизонталь сатылы тiлiк
19.
3 Күрделi тiлiктер3.1 Күрделi тiлiктер – сатылы
3.2,а-суретте үстіңгі көріністе сатылы қима сызығымен орны белгіленген (3.2,б-сурет),
үш қима жазықтығымен орындалған фронтальді сатылы тіліктің мысалы көрсетілген.
Күрделi тiлiктер басқа көріністермен проекциялық байланыстан тыс орналастыруға болады
(3.2,в-сурет). Профилдi сатылы тiлiктер ұқсас орындалады.
а)
б)
в)
3.2-сурет – Күрделi фронталь сатылы тiлiк
20.
3 Күрделi тiлiктер3.2 Күрделi тiлiктер – сынық
Сынық тіліктер – затты параллель емес, қиылысатын жазықтықтармен қию барысында
алынған тіліктерді айтамыз. 3.3,а-суретте иінтірек 2 қиылысатын қима жазықтықпен
бөлінген, олардың бірі фронтальді жазықтық болып табылады. Солға қарай орналасқан
қима жазықтық қиылысу сызығы айналасында фронтальді қима жазықтықпен қосылғанша
бұрылады. Қима жазықтығымен қоса оның ішінде орналасқан бөлшек қима фигурасы
бұрылады. 3.3,б-суретте көрнекілік үшін байланыс сызықтары және бұрылыстан кейінгі
бөлшек бөлігінің орны түсірілді. Бұл құрылымдарды сызбада көрсетпейді.
а)
б)
3.3-сурет – Күрделi сынық тiлiк
21.
4 Қималар4.1 Қиманың тіліктен айырмашылығы
Қима деп бір немесе бірнеше жазықтықтармен затты ойша бөлгенде алынған фигура
кескіндерін айтады, қимада қиюшы жазықтықта не орналасса, сол көрсетіледі. Қиманы
қолдану сызбаны орныдау барысында графикалық жұмысты азайтады. 4.1-суретте қима
мен тілік арасындағы айырмашылық көрнекі көрсетілген.
4.1-сурет – Қима мен тілік
22.
4 Қималар4.2 Оңашаланған және қабаттасқан қималар
Қималар олардың сызбада орналасқанына байланысты оңашаланған және
қабаттасқан болып бөлінеді. Оңашаланған қима сызба жазықтығының бос орнында (4.2,асурет) немесе зат кескінінің тілігінде (4.2,в-сурет) орналасады. Қабаттасқан қималар тиісті
зат кескінінде орналасады (4.2,б-сурет). Оңашаланған қималарды қолдану ыңғайлырақ
болады. Олардың контуры жуан сызықпен сызылады (4.2,а-сурет). Қабаттасқан қима
контуры тұтас жіңішке сызықпен сызылады. 4.2-суреттегідей көрсетілген жағдайда
симметриялы қима фигурада қиюшы жазықтықтың орны көрсетілмейді.
а)
б)
в)
4.2-сурет – Оңашаланған және қабаттасқан қималар
23.
4 Қималар4.2 Оңашаланған және қабаттасқан қималар
Тілікте немесе қабаттасқан қимада орналасқан симметриялы емес қима үшін қиюшы
жазықтық орны стрелкалармен бірге қима сызығымен көрсетіледі, алайда әріптер
қойылмайды (4.3,а және 4.3,б-сурет). Қалған басқа жағдайларда қиманы орындау қиюшы
жазықтық орны қарау бағыты стрелкалармен көрсетілген қма сызығымен көрсетілу керек,
ал қиманың өзінің үстінде жазу жазылады (4.3,в).
а)
б)
в)
4.3-сурет – Оңашаланған және қабаттасқан қималар
24.
4 Қималар4.3 Оңашаланған қималар
Қиюшы жазықтықтың тесік немесе қуыспен шектелген айналу беті осьімен үйлескенде,
тесік немесе қуыс контуры қимада толықтай көрсетіледі, әйтсе де бұл контур қиюшы
жазықтықта орналаспаған (4.4,а-сурет, К стелкасы), яғни қима тіліктей болады. Егер
қиюшы жазықтық дөңгелек емес тесіктерден өтсе (4.4,б-сурет) және қималар бөлек
бөліктерден құралса (4.4,в-сурет), онда қима тілікпен ауыстырылуы қажет (4.4,г-сурет).
а)
б)
4.4-сурет – Оңашаланған қималар
в)
г)
25.
5 Шығарылатын элементтерШығарылатын элементтерді қолданғанда тиісті кескін орнын шығару сызығында
шығарылатын элементтердің реттік нөмірі римдік сан белгісі бар тұйық жіңішке сызығымен
(шеңбер немесе сопақша) көрсетеді (5.1-сурет). Шығарылатын элемент үстінде
шығарылатын элементте орындалған сол сан және масштаб көрсетіледі (масштаб әртүрлі
болуы мүмкін). Шығарылатын элемент тиісті кескінде көрсетілмеген толықтырулары болуы
мүмкін және оның оның мағынасы одан ерекшелену мүмкін. Мысалы, кескін көрініс болуы
мүмкін, шығарылатын элемент – тілік болуы мүмкін.
5.1-сурет – Шығарылатын элементтер
26.
Бақылау сұрақтары1. Сызбада көріністер қалай аталады және олар қалай орналасады? Қандай
кескінді бас көрініс деп атайды? МЕСТ 2.305-68;
2. Қандай көріністерді қосымша көріністер деп атайды? Олар қандай жағдайда
қолданылады жене сызбада олар қалай кескінделеді? МЕСТ 2.305-68;
3. Қандай көріністі жергілікті көріністер дейді, қандай жағдайда қолданады,
сызбада қалай кескінделеді? МЕСТ 2.305-68;
4. Тілік деген не? Тілік қандай мақсатта колданылады? МЕСТ 2.305-68;
5. Қандай жағдайда көрініс пен тіліктен кескін салынады? Көрініс пен тілік қандай
сызықпен бөлінеді? МЕСТ 2.305-68;
6. Қима деген не? Қималардың түрлері қандай? МЕСТ 2.305-68;
7. Қандай қималар жиі қолданылады және неліктен? МЕСТ 2.305-68.
27.
Қолданылған әдебиеттер тізімі1. Жаңабаев Ж. Инженерлік графика (Сызба геометрия, машина жасау сызуы).
Оқұлык / Ж.Жаңабаев. Экономика, - Алматы. 2012. – 507 бет.
2. Ыбраев А. Инженерлік графика. Техникалық жоғары оқу орындары
мамандықтарының студенттеріне арналған оқулық. Алматы: «Білім» баспасы, 2011.224 бет.
3. Дінасылов А.Д. Конструкторлық құжаттарды орындаудың жалпы ережелері:
Оқу құралы /А.Д. Дінасылов, Э.А.Яхъяев, Е.М.Мажиев,-Алматы: АЭжБУ, 2016. –
131б.
4. Б.И. Абильгазин, Поверникова С.Д. Основы машиностроительного черчения
в инженерной графике: Учебное пособие / Б.И. Абильгазин., С.Д. Поверникова;
Карагандинский государственный технический университет.- Караганда: Изд-во
КарГТУ,2017.-102с.
5. Абилгазин Б.И., Поверникова С.Д. Инженерлік графикадағы машинажасау
сызбаларының негіздері: Оқу құралы / Б.И. Абильгазин., С.Д. Поверникова;
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті. – Қарағанды: ҚарМТУ баспасы,
2018 – 104 б.
6. Рахымбаева Г.Ж. Сызба геометрия: Оқу құралы / Г.Ж. Рахымбаева; Қарағанды
мемлекеттік техникалық университеті. - Қарағанды: ҚарМТУ баспасы, 2016– 98 б.