5.14M
Category: geographygeography

Геодезия туралы жалпы түсінік

1.

ГЕОДЕЗИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ
ТҮСІНІК

2.

ГЕОДЕЗИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Геодезия (грек. ge — жер және daі — бөлемін) —
Жердің пішіні мен мөлшерін, қабылданған координаттар
жүйесіндегі нүктелер орнын анықтаудың әдістері мен
тәсілдерін зерттейтін, жер бетінің планы мен картасын
салу, жер бетіндегі өлшеулерді жүргізумен айналысатын
Жер туралы ғылымдардың бір саласы.
Геодезия математика, физика,
астрономия, географиямен тығыз
байланысты.

3.

ГЕОДЕЗИЯНЫҢ ШЕШЕТІН БАСТЫ
МӘСЕЛЕЛЕРІ:
1. Жердің фигурасын, пішіні мен көлемін және сыртқы
гравитациялық тартылысын, яғни тартылыс күшін
анықтайды.
2. Берілген координаталар жүйесінде жер бетіндөгі
нүктелердің орнын анықтайды.
3. Жер бетінің картасы мен планын жасайды.
4. Жер бетінде құрылыстарды жобалау, салу және пайдалану
үшін өлшеу жұмыстарын орындайды.

4.

ГЕОДЕЗИЯ БІРНЕШЕ ӨЗІНДІК ҒЫЛЫМИ
ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ САЛАЛАРҒА
БӨЛІНЕДІ
Жоғарғы геодезия жердің және басқа планеталардың ПІШІНІ
мен көлемін зерттеу кезінде, сонымен қатар, гөодезиялық тірек
пункттерін құруда кездесетін есептерді шешуде қолданылады.
Топография кішігірім жер бетін түсіру және оның бейнесін
планда толықтырып көрсету әдістерін зерттейді.
Картография жер бетінің анағұрлым территориясының
бейнесін картаға түсіру әдістері мен оларды құру процестерін
және картаны түріне қарай бөліп, оны жасау мен көбейту
технологиясын зерттейтін геодезияның ғылыми саласы.

5.

Инженерлік геодезия инженерлік құрылыстың ізденіс,
жоба, салу және пайдалану кезеңдеріндегі геодезиялық
жүмыстардың әдістерін зерттеумен шұғылданады.
Ғарыштық геодезия - ғарышта жер серігі арқылы жердің
бейнесі мен оның бөліктерін фотоға түсіріп, оны арнаулы
әдістер мен аспаптар арқылы зерттейтін жұмыстың түрі.
Аэрофотогеодезия - аспаннан (әуеден) ұшақ арқылы
жердің бетін суретке (фотоға) түсіреді де, арнаулы аспаптар
мен қондырғылар арқылы түсірген фотографияны өңдеу және
талдау әдістерімен халық шаруашылығының маңызды
мәселелерін шешеді.

6.

Жер асты геодезиясы (маркшейдерия) - жер
астында және жердің жоғарғы қабаттарында жүргізілетін
арнаулы геодезиялық жұмыстар. Мысалы, шахтада, карьерде,
метро және т.б.
Су асты геодезиясы - кейінгі кезде геодезиялық
жұмыстар су астында жүргізіле бастады, олар теңіздің,
көлдердің, өзендердің түбін, оның рельефін зерттейді.

7.

АЭРОФОТОГЕОДЕЗИЯ

8.

ИНЖЕНЕРЛІК ГЕОДЕЗИЯ

9.

ГЕОДЕЗИЯНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Геодезия өте ерте заманда жер бетін шаруашылық мақсаттар үшін
зерттеу қажеттігі туған кезде пайда болды. Әсіресе, Ежелгі
Египетте геодезияның пайда болуы мен дамуына ерекше қолайлы
жағдайлар туды.
Геодезия атам заманғы Грецияда жоғары дамыған болатын, онда
геодезия теориялық жағынан негізделді. Оған бізге жеткен
Александриялық Геронның «Диоптрия туралы» және «Ауданды
өлшеу» атты кітаптары дәлел бола алады. Бұл кітаптарда
геодезиялық жұмыстар мен геодезиялық құралдардың
сипаттамалары келтірілген. Грек ғалымы Эратосфен (б.з.д. 274–
194 жылдар) Египетте жердің көлемін анықтады. Ол жер шарының
радиусы шамамен алты мың километр екенін анықтап берді.

10.

ГЕОДЕЗИЯНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
1609 жылы Г.Галилей
астрономиялық
дүрбіні ойлап тапты.
1611 жылы
голландық Снеллиус
триангуляция тәсілін
ойлап шығарды.
1731 жылы
Дж.Рамсден тұңғыш
рет теодолит
аспабын жасады.

11.

Геодезиялық жұмыстардың Ресейде ғылыми жолға қойылуы I
Петрдің дәуірінде жүзеге асырылды. Осы кезеңде
өнеркәсіптің, теңізде жүзудің, әскери істің және сауданың кең
дамуы геодезиялық өлшеулер мен карта жасауға жаңа
талаптар қойды. Осы мақсатпен мемлекеттің аз зерттелген
аудандарында түсіру жұмыстарын жасау үшін арнайы
экспедициялар жіберілді.

12.

XIX ғасырдың бірінші жартысында Ресейдегі геодезиялық
жұмыстардың ғылыми жағынан жоғары қойылуына көп еңбек
сіңірген атақты орыс астрономы және геодезисі, Пулков
астрономиялық обсерваториясының негізін салушы және
бірінші директоры В. Я. Струве болды.

13.

ГЕОДЕЗИЯ БҮГІНГІ ТАҢДА
Топографиялық-геодезиялық жұмыстардың және
картография өндірісінің мұнан әрі алға қарай дамуы
ғарыш техникасын қолданумен тікелей байланысты
болып отыр.

14.

Осы деңгейлік бетпен шектелген денені геоид дейді. Геоид –
толқын мен ағынның жоқ кезінде мұхиттардағы судың орта
деңгейі мен материктегі мухитпен жалғасқан шартты түрде
алынатын су деңгейінің фигурасы.

15.

Жердің фигурасына мейлінше жақын келетін эллипсоидты жер
эллипсоиды деп атайды.
Кейбір елдерде геодезиялық өлшеулерді өңдеу барысында
геодезиялық жұмыстардың нәтижелері бойынша шығарылған өз
эллипсоидтары колданылады; олар сол елдің немесе бірнеше елдің
территориясын толық, не ішінара қамтиды. Осындай эллипсоид
референц-эллипсоид деп аталады. Референц-эллипсоид дегеніміз
нақты бір елде геодезиялық өлшеулерді өңдеу үшін қолданылатын,
жер денесінде белгілі түрде бағдарланған, нақты көлемі анықталған
эллипсоид.

16.

а – үлкен жартылай өсі
в- кіші жартылай өсі
а= 6378245м
в=6356863м
Год
Үлкен жартылай
өсі, м
Кіші жартылай
өсь, м
Сығылу
Деламбр
1800
6 375 653
6 356 564
1:334,0
Вальбек
1819
6 376 896
6 355 833
1:302,8
Бессель
1841
6 377 397
6 356 079
1:299,2
Кларк
1880
6 378 249
6 356 515
1:293,5
Жданов
1893
6 377 717
6 356 433
1:299,6
Хейфорд
1909
6 378 388
6 356 912
1:297,0
Красовский
1940
6 378 245
6 356 863
1:298,3
Зерттеушілер

17.

GPS
a=6378,137км
f=1:298,25722356
ПЗ-90 ГЛОНАСС
a=6378,136км
f=1:298,257839303

18.

1. МҰХИТ
2. ЖЕР ЭЛЛИПСОИД
3. ТІК СЫЗЫҚТАР
4. ЖЕР
5. ГЕОИД

19.

Картадағы координат жүйесі

20.

Картада координата жүйесін көрсету

21.

СӨЖ ТАПСЫРМА
1. Геодезияның қазіргі заманда алатын орны.
Реферат
2. Геодезияның даму тарихы. Конспект
English     Русский Rules