Similar presentations:
Медиацияга жалпы тусiнiк
1.
Орындаған: Камал Мади2.
2011 жылдың 28 қаңтарында ҚазақстанРеспубликасының «Медиация туралы» Заңы
қабылданды. Бұл Заң Қазақстан Республикасында
медиацияны ұйымдастыру саласындағы қоғамдық
қатынастарды реттейді оны жүргізу қағидаттары
мен рәсімін, сондай-ақ медиаторлардың
мәртебесін айқындайды. «Медиация» сөзі латын
тілінен аударғанды делдал, екі тарапты мәмілеге
келтіруші үшінші тұлға деген мағынаны білдіреді.
Медиация тәсілі сот жүйесіндегі тазалықты, әділ
төрелікті қамтамасыз етудің бірден- бір жолы
болмақ, яғни, тарапты қанағаттандыру негізінде
жүргізілген келіссөз рәсімі. Медиация деген
сөздің мағынасын екі жақты татуластыру
рәсімі деп түсіндіруге болады.
3.
Медиатор міндеті:1.Медиация процедурасы өткізілместен бұрын екі жақтың
келісімін алу;
2. Медиация процедурасы барысында жақтарға
медиацияның құқығын, мақсатын, міндеттерін түсіндіру;
4.
5.
ҚР үкіметі айқындайтын тәртіппен бекітілетінмедиаторларды даярлау бағыты бойынша оқытудан
өткенін растайтын құжат (сертификаты) болуы тиіс
6.
7.
8.
9.
Медиация туралы келісімге қол жеткізгеннен кейін, егер іссотта қаралса, ол сотта бейбіт келісім секілді мақұлданады.
Дауласушы тараптар медиация туралы келісім- шарт және
сотқа дейінгі тәртіппен жанжалды реттеу туралы келісім
жасаған жағдайда, келісім дауласушы тараптар оны ерікті
түрде орындауға міндеттеледі дегенді білдіреді. Ауыр емес
және орташа ауырлықтағы қылмыстар бойынша
жәбірленуші тарапқа келген залалдың орнын толтыру және
оларды татуластыру арқылы дауды реттеу туралы келісім
жасау әрі қарай қылмыстық қудалауды тоқтататын жағдай
болып табылады, яғни Қазақстан Республикасы
Қылмыстық кодексінің 67 бабы бойынша іс тоқтатылады.
10.
Медиация — бұл екі тарапты татуластырудың ең төте жолы.Қазақылығымызға салсақ, медиацияның бітімгершілік екенін жақсы
түсінеміз. Қоғамды жаңғыртуда медиацияның рөлі маңызды екенін бұрынғы
елбасы Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласында
ерекше атап көрсеткен болатын. Осыған орай, Н.Ә.Назарбаев елімізде
медиацияны дамытуды Қазақстан Халқы Ассамблеясына тапсырған еді.
Нәтижесінде, Қазақстан Халқы Ассамблеясы жанынан Медиация кеңесі
құрылды. Өңірлердегі Достық үйлерінде 17-ден астам медиация кабинеттері
ашылды. Ассамблея мен Жоғарғы сот арасында өзара ынтымақтастық түзілді.
Бүгінде осы бағытты ұстанғанның барысында 13 мыңнан астам іс
бітімгершілікпен шешілсе, 3207 іс сотқа жетпей шешімін тапқан. Бір
ескеретін дүние, медиация арқылы азаматтық, еңбекке қатысты және
отбасылық жанжалдарға қатысты дау-шарларды шешу жеңілдеп келеді. Бұл
ретте тілдескен мамандардың басым бөлігі болашақта медиацияның қоғамға
берер пайдасы мол екенін алға тартып отыр. Мәселен, заңгер Жасұлан
Мақсұтов: «Медиацияның не екенін халық бүгінгі таңда ұғынды. Қазақстан
Халқы Ассамблеясы жанынан құрылған Медиация ұйымдары екі тарапты
татуластыруға барынша күш салып келеді. Мұның, әсіресе, ұлттар
арасындағы бітімгершілікті дамытуда маңызы зор. Сондықтан, өз басым
медиацияның болашағы бар екеніне сенемін. Болашақта медиация бағытын
өңірлік жерлерде дамыту қажет деп есептеймін» деді.
11.
Медиацияның маңызыБіріншіден, соттарға түскен
істердің санын азайтады.
Екіншіден, қоғамды бірлестірудің маңызы
артады. Екі тарапты да қанағаттандырып,
бітім айту азаматтық қарым-қатынасты
нығайтады.
Үшіншіден, ерікті медиаторлар өз білімдерін
арттыру арқылы заңдық сауаттылығы
тереңдей түседі. Осы арқылы олар қарапайым
халыққа түсіндіру жұмыстарын қарапайым
тілде жеткізе алатын болады. Бұдан
шығатын қорытынды — заңның нормалары,
талаптары халықтың арасында түсінікті
бола бастайды.
12.
Қысқаша айтқанда, медиация кімдікі дұрыс,кімдікі бұрыс екенін анықтауға емес, өзара тиімді
шешімді табуға бағытталған. Яғни,
жанжалдасушы тараптар сотқа дейін де, сот
барысында да кәсіби бітімгерге жүгінеді. Ол дауды
тыңдаған соң, тиімді шешімді ұсынады.