Similar presentations:
Көліктегі қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау практикасы
1.
8-тақырып: Көліктегі қылмыстыққұқық бұзушылықтар туралы
істерді қарау практикасы
2.
Жоспар:1)
Көліктегі
қылмыстық
құқық
бұзушылықтардың кең тараған түрлерін
саралау
2)
Көліктегі
қылмыстық
құқық
бұзушылықтар туралы істер бойынша
дәлелдемелер
және
дәлелдеудің
ерекшеліктері
3.
Нормативтік материалдар:1) «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» 1994
жылғы 21 қыркүйектегі ҚР Заңы.
2) «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі ҚР
Заңы.
3) «Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы
ҚР Заңы.
4) «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі ҚР Заңы.
5) Жол жүрісі қағидалары, ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 13
қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген.
6) «Жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану
ережелерін бұзуға байланысты қылмыстар жөніндегі істер
бойынша қылмыстық заңнаманы қолдану тәжірибесі
туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011
жылғы 29 маусымдағы №3 Нормативтік қаулысы.
4.
Көліктегі қылмыстық құқық бұзушылықтар – жолқауіпсіздігі немесе көлік құралдарын пайдалануда
қоғамдық
қатынастарға
қол
сұғушылық
нәтижесінде зиянды зардаптардың орын алуын
немесе орын алу мүмкіндігін қарастыратын,
қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті
әрекеттер (іс-әрекет немесе әрекетсіздік).
5.
ЕрекшелігіКөліктегі ҚҚБ жоғары қауіп көздерін
пайдаланғанда
немесе
олармен
жанасқанда жасалады және жоғары
қауіп көздерінің қауіпсіз қызмет етуін
қамтамасыз ететін ережелерді дәл
және мүлтіксіз сақтауды қажет етеді.
6.
Топтық ОБЪЕКТ –көліктің кез келген түрінің
қозғалыс және пайдалану
қауіпсіздігі
7.
Көліктің қауіпсіз қызмет етуінқамтамасыз ететін қағидалар
мен талаптарды бұзу
Нормалардың диспозициясы
БЛАНКЕТТІ болып табылады
8.
Объективтік жақӘрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік)
Зардап
Себептілік байланыс
9.
Көліктегі ҚҚБ жасау кезіндегі себептілікбайланыстың даму сатылары
1) Көлік қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз
ететін қағидаларды бұзу нәтижесінде зиянды
зардаптар туындауының абстрактілі мүмкіндігі
пайда болады
2) Апатты жағдай қалыптасады, алайда
субъект сақтық шараларын қолға алса,
зардаптар туындауының алдын ала алады
3) Техника толығымен субъекттің бақылауынан
шығады және тек қана жағдайға тәуелді болып
қалады
4) Зиян сөзсіз келтіріледі
10.
Субъективтік жақКінә
Абайсыздық
11.
СубъектСубъект
• Жалпы
• Арнайы
12.
Көліктегі ҚҚБ топтастыру1) Субъект бойынша:
- Көлік құралдарын басқарушы адамдар
тарапынан жасалатын ҚҚБ
- Өзге адамдар тарапынан жасалатын ҚҚБ
2) Тікелей объект бойынша
Көлікті пайдаланумен байланысты ҚҚБ
Көліктің қалыпты қызметіне қол сұғатын
ҚҚБ
13.
Көліктегі ҚҚБ топтастыру1) Көлік құралдарын басқарушы адамдар
тарапынан
жасалатын
ҚҚБ
(немесе
көлік
құралдарын
пайдалануға
байланысты
қылмыстық құқық бұзушылықтар) – ҚР ҚК 344-347,
357, 358, 360-баптары.
2) Көліктегі ҚҚБ өзге түрлері (немесе көліктің
қалыпты жұмысына қол сұғатын қылмыстық
құқық бұзушылықтар) – ҚР ҚК 348-356, 359баптары.
14.
Көліктегі ҚҚБ статистикасыЖылдар
Тіркелген ҚҚБ саны
2020 жыл
5508
2021 жыл
5441
2022 жыл
5297
2023 жыл
5292
15.
2023 жылы ең кең тарағанКөліктегі ҚҚБ
ҚР ҚК бабы
Саны
345-бап
3622
346-бап
1207
345-1-бап
284
347-бап
106
16.
Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісінемесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы
(ҚР ҚК 345-бабы)
Элемент
Объект
Белгі
Мәні
Негізгі
Механикалық көлік құралдарының қозғалысы
мен оны пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз
ету аясындағы қоғамдық қатынастар
Қосымша
Азаматтардың өмірі мен денсаулығы
Заты
Автомобиль, троллейбус, трамвай не басқа да
механикалық көлiк құралы
Әрекет
а) Жол жүрісі қағидаларын бұзу
ә) Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын
бұзу
Зардап
Адамның денсаулығына ауырлығы орташа
зиян келтiру
Себептілік
байланыс
Әрекет пен зардап арасында
Субъект
Арнайы
16 жасқа толған, ақыл-есі
құралын басқаратын адам
Субъективтік
жағы
Кінә
Абайсыздық
Объективтік
жағы
дұрыс,
көлiк
17.
ҚҚБ заты:Механикалық көлiк құралы – мопедтер
мен
рельстік
көлік
құралдарын
қоспағанда, қозғалтқышпен қозғалысқа
келтірілетін, өздігінен жүретін жол көлік
құралы. Ұғым тракторлар мен өздігінен
жүретін машиналар жол жүрісіне қатысқан
кезде оларға да қолданылады («Жол
жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі ҚР
Заңының 1-баб. 38-тарм.)
18.
ҚҚБ заты:Автомобиль
Троллейбус
Трамвай
Басқа да механикалық көлiк құралы
Цилиндрінің көлемі 50 текше сантиметрден аспайтын
іштен жану қозғалтқышымен не электр қозғалтқышпен
жабдықталған
және
ең
жоғары
конструктивтік
жылдамдығы сағатына 50 км аспайтын екі немесе үш
дөңгелекті көлік құралы – мопед механикалық көлік
құралдарына
жатпайды.
Мопедтерге
аспалы
қозғалтқышы бар велосипедтер, мокиктер, скутерлер
және осыған ұқсас сипаттамалары бар басқа да көлік
құралдары теңестіріледі (Норм қаулының 3-тарм.).
19.
Басқа да механикалық көлiк құралы (ҚР ҚК 3-баб8-тарм.): тракторлар, мотоциклдер, өздігінен
жүретін машиналар (экскаваторлар, автокрандар,
грейдерлер, катоктар)
20.
Әскери қызметші деген мәртебесі барадамның
абайсызда
адамның
денсаулығына ауыр зиян келтірген не оның
өліміне
әкеліп
соқтырған
Қазақстан
Республикасы Қарулы Күштерінің әскери,
арнайы немесе көлік құралын жүргізу
немесе пайдалану ережелерін бұзуы ҚР ҚК
463, 466-баптарының тиісті бөлігі бойынша
сараланады (Норм қаулының 5-тарм.).
21.
Жол қозғалысымен байланысы жоқ жұмыстардыорындау
кезінде
(мысалы,
тиеу-түсіру
жұмыстары, көлік құралдарын жөндеу және май
құю, құрылыс, жол, ауыл шаруашылығы және
басқа да көліктік емес жұмыстар өндірісі) көлік
құралдарын жүргізетін адамдардың ҚР ҚК 345бабында көрсетілген зардаптардың орын алуына
әкелген әрекеттері істің нақты мән-жайларына
қарай ҚР ҚК-нің белгілі бір жұмыстарды жүргізу
ережелерін, қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін
не жеке адамға қарсы қылмыстар үшін
жауапкершілік көздейтін тиісті баптары бойынша
саралауға жатады.
22.
Көліктегі ҚҚБ-тардағы себептілікбайланыс
Қылмыстық заң нормалары диспозицияларының
бланкеттік сипатын ескере отырып, айыпталушы ретінде
жауапкершілікке тарту туралы қаулыда, айыптау актісінде,
сот үкімінде (қаулысында) кінәлі адамның жол қозғалысы
немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерінің
бұзылған тармағына сілтеме жасай отырып, ережені
бұзған әрекеттерінің мазмұны ашылып көрсетілуі тиіс.
Орын алған қоғамдық қауіпті зардаптармен себептік
байланысы жоқ жол қозғалысы немесе көлік құралдарын
пайдалану ережелерін бұзу (мысалы, жүргізушіде жолкөлік оқиғасы кезінде жүргізуші куәлігінің болмауы)
аталған ҚҚБ-тардың объективтік жағын құрай алмайды
және айыптаудан алынып тасталуға тиіс.
23.
Көліктегі ҚҚБ-тардағы себептілікбайланыс
Қоғамдық қауіпті зардап көлік құралдарын жүргізген бірнеше
адамдар қатысқан жол-көлік оқиғасының салдарынан болса,
онда олардың әрқайсысының жол қозғалысының нақты қандай
ережелерін бұзғандығын, әрқайсысының әрекеттері мен
қоғамдық
қауіпті
зардаптардың
арасындағы
себептік
байланысты анықтау қажет.
Осы мақсатта қайсысының әрекеті басқа жүргізушілерге
қозғалыс үшін кедергі жасағанын немесе қауіп төндіргенін,
соңғылары басқа көлік құралымен немесе оның жолындағы
өзге де кедергімен соқтығысуды немесе оны басып кетуді
болдырмаудың техникалық мүмкіндіктерінің болғандығын
анықтау, сондай-ақ жүргізушінің көлік құралының қозғалысын
тұрақты бақылау мүмкiндiгін қамтамасыз ететін жылдамдықты
таңдауын міндеттейтін Жол қозғалысы ережелерінің тиісті
тармағын сақтағандығына да назар аудару керек.
24.
Көліктегі ҚҚБ-тардағы себептілікбайланыс
Егер жол-көлік оқиғасы кезінде туындаған
зиянды зардап бірнеше адамдардың бірлескен
әрекетінің салдарынан болып табылса, бірақ
олардың ішінде ҚР ҚК 345-бабында көрсетілген
көлік құралдарын жүргізушілер ғана емес,
басқалары
да
(мысалы,
жаяу
адамдар,
велосипедшілер және т.б.) болса, онда көлік
құралын жүргізген адамдарға ҚР ҚК 345-бабы
қолданылады, ал басқа адамдардың заңсыз
әрекеттері ҚК-тің 351-бабы бойынша саралауға
жатады.
25.
Арнайы субъектҚылмыстық құқық бұзушылық жасалған
уақытта 16 жасқа толған, механикалық
көлік құралын жүргізген және жол
қозғалысы немесе көлік құралдарын
пайдалану ережелерін бұзуға жол берген
адам
қылмыстық
құқық
бұзушылық
субъектісі болып танылады. Бұл адамда
жүргізуші куәлігінің, сол сияқты білімінің
және оны пайдалану дағдысының болуы
немесе
болмауы
қылмыстық
жауапкершіліктен босатпайды.
26.
ҚР ҚК 346-баб. 1-бөл.Элемент
Объект
Белгі
Мәні
Негізгі
Механикалық
көлік
құралдарының
қозғалысы
мен
оны
пайдалану
қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясындағы
қоғамдық қатынастар
Заты
Көлік құралдары
Объективтік
жағы
Әрекет
а) Көлік құралын басқару
ә) Көлiк құралын басқаруды беру
б) Көлік құралын басқаруына жол беру
Субъект
Арнайы
16 жасқа толған, ақыл-есі дұрыс адам:
а) көлiк құралын басқаратын, көлік
құралдарын
басқару
құқығынан
айырылған алкогольдік, есірткілік және
(немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі
ә) лауазымды адам
б) көлік құралының меншік иесі
Субъективтік
жағы
Кінә
Қасақаналық
27.
Объективтік жақКөлік құралын басқару – жүргізуші функциясын
орындау, яғни көліктің тиісті түрін оның қозғалысы
кезінде көлік құралы ретінде пайдалану.
Көлiк құралын басқаруды беру – көлiк құралын
басқаратын,
көлік
құралдарын
басқару
құқығынан айырылған алкогольдік, есірткілік
және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі
адамға
жүргізуші
функциясын
орындауға
техникалық мүмкіндік беру.
Көлік құралын басқаруына жол беру – осындай
адамға жүргізуші функциясын орындауға құхсат
беру.
28.
ҚР ҚК 346-бабында көзделгенҚҚБ-ның арнайы субъектісі:
16 жасқа толған, ақыл-есі дұрыс
+ көлiк құралын басқаратын
+ көлік құралдарын басқару құқығынан
айырылған
+ алкогольдік, есірткілік және (немесе)
уытқұмарлық масаң күйдегі адам
29.
ҚР ҚК 345-1-бабында көзделгенҚҚБ-ның арнайы субъектісі:
16 жасқа толған, ақыл-есі дұрыс
+ көлiк құралын басқаратын
+ алкогольдік, есірткілік және (немесе)
уытқұмарлық масаң күйдегі адам
30.
Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу(ҚР ҚК 347-бабы)
Элемент
Объект
Белгі
Мазмұны
Негізгі
Механикалық көлік құралдарының қозғалысы
мен оны пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз
ету аясындағы қоғамдық қатынастар
Қосымша
Азаматтардың өмірі мен денсаулығы
Заты
Көлік құралдары
Әрекет
Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу
Зардап
а) Адамның денсаулығына ауырлығы орташа
зиян келтiру
ә) Адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру
б) Адам өлімі
в) Екі немесе одан да көп адамның өлімі
Себептілік
байланыс
Әрекет пен зардап арасында
Субъект
Арнайы
16 жасқа толған, ақыл-есі
құралын басқаратын адам
Субъективтік
жағы
Кінә
Қасақаналық
Объективтік
жағы
дұрыс,
көлiк
31.
Қылмыстық жауаптылықтан босатудыңарнайы түрі:
Зардап
шегушiлерге
көмек
көрсетуге
байланысты жол-көлiк оқиғасы болған
жерден кетiп қалған адам осы бап бойынша
қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
32.
Басқаруға құқығы жоқ жүргізушінің көлiк құралынбасқаруына жол беру (ҚР ҚК 349-бабы)
Элемент
Объект
Белгі
Мазмұны
Негізгі
Механикалық көлік құралдарының қозғалысы
мен оны пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз
ету аясындағы қоғамдық қатынастар
Қосымша
Азаматтардың өмірі мен денсаулығы
Заты
Көлік құралдары
Әрекет
а) Көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ
жүргізушінің көлiк құралын басқаруына жол
беру
ә)
Тиiстi
санаттағы
көлік
құралдарын
басқаруға құқығы жоқ жүргізушінің көлiк
құралын басқаруына жол беру
Зардап
Адамның денсаулығына ауырлығы орташа
зиян келтiру
Себептілік
байланыс
Әрекет пен зардап арасында
Субъект
Арнайы
16 жасқа толған, ақыл-есі дұрыс, лауазымды
адам; көлік құралының меншік иесі немесе
өзге иеленушісі
Субъективтік
жағы
Кінә
Қасақаналық
Объективтік
жағы
33.
Көлiк құралдарын басқару құқығы тиiстiбiлiктiлiгi бар және денсаулығы туралы
медициналық
куәландырудан
өтiп,
белгiленген
үлгiдегi
құжаттар
тапсырылған адамға берiледi («ҚР көлік
туралы» Заңның 16-бабы)
34.
Кейс 1Көлік құралын басқарып келе жатқан Беков
жол
жүрісі
қағидаларын
бұзып,
жаяу
жүргіншіні қағып кетеді. Беков жәбірленушінің
қимылсыз жатқанын көріп, автокөлігінен
шыққанша жол-көлік оқиғасының куәсі болған
адамдар
жәбірленушіні
жолдың
шетіне
апарып,
медициналық
көмек
көрсете
бастайды. Оны көрген Беков көлігіне мініп, өз
шаруаларымен кетіп қалады. Жәбірленушінің
денсаулығына ауыр зиян келтіріледі.
Бековтың
әрекеттеріне
қылмыстыққұқықтық баға беріңіздер.
35.
Кейс 2Салихов бірнеше рет жұмысқа мас күйде
шыққаны
үшін
темір
жол
бастығының
бұйрығымен жұмыстан шығарылады. Өзінің
бұрынғы бригадирі Поповқа кек сақтаған Салихов
есірткілік мастық күйінде түнгі уақытта локомотив
депосына келіп, сүймен пайдалана отырып,
Попов жүргізетін локомотив кабинасындағы
барлық бақылау құралдарын істен шығарып
тастайды, алдыңғы терезесін сындырып, осы
көлік құралының ауа жүйесін бүлдіреді.
Салиховтың әрекеттерінде ҚҚБ құрамы бар
ма?
36.
Кейс 3«Opel» маркалы автокөлігін мас күйінде басқарып келе
жатып Примаков жол жүру ережелерін бұзады және
Любимова деген жаяу жүргіншіні қағып кетеді. Алған
жарақаттарынан жәбірленуші жол-көлік оқиғасы болған
жерде қайтыс болады. Примаковтың әрекеттері ҚР ҚК 345баб. 3-бөлігі бойынша сараланады.
Примаков жәбірленушінің отбасынан шын жүректен
кешірім сұрап, жерлеуге кеткен шығындарды толығымен
өз мойнына алады. Любимовтардың екі баласымен пәтер
жалдап тұрғанын білген соң, Примаков оларға екі бөлмелі
пәтер сыйлайды.
Қылмыспен келтірілген өтемақыны жеткілікті деп санаған
Любимованың күйеуі тергеушінің атына Примаковты
қылмыстық қудалауды тоқтатуды өтініп арыз жазады.
Примаковты ҚР ҚК 68-бабының негізінде қылмыстық
жауаптылықтан босату мүмкіндігі туралы мәселені
шешіңіз.