1.05M
Category: geographygeography

Экологиялық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау практикасы

1.

7-тақырып: Экологиялық қылмыстық
құқық бұзушылықтар туралы істерді
қарау практикасы

2.

Жоспар:
• 1.
Экологиялық
қылмыстық
құқық бұзушылықтардың кең
тараған түрлерін саралау
• 2.
Экологиялық
қылмыстық
құқық бұзушылықтар туралы
істерді қарау мен дәлелдеудің
ерекшеліктері

3.

Тақырып бойынша нормативтік
материал:
• ҚР Экологиялық кодексі, 2021 жылғы 2
қаңтарда қабылданған
• ҚР Жер кодексі, 2003 жылғы 20 маусымда
қабылданған
• ҚР Су кодексі, 2003 жылғы 9 шілдеде
қабылданған
• ҚР Орман кодексі, 2003 жылғы 8 шілдеде
қабылданған
• «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту
және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9
шілдедегі ҚР Заңы

4.

Тақырып бойынша нормативтік
материал:
• «Соттардың
кейбір
экологиялық
қылмыстар үшін жауаптылық жөніндегі
заңнаманы қолдануы туралы» ҚР Жоғарғы
сотының 2004 жылғы 18 маусымдағы №1
Нормативтік қаулысы

5.

• ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ҚЫЛМЫСТЫҚ
ҚҰҚЫҚ
БҰЗУШЫЛЫҚТАР – Қазақстан Республикасының
заңнамаларымен белгіленген экологиялық құқық
тәртібіне, қоғамның экологиялық қауіпсіздігіне
қол сұғатын және қоршаған табиғи ортаға немесе
адамдардың
денсаулығына
елеулі
зиян
келтіретін кінәлі жасалған қоғамдық қауіпті әрекет
(іс-әрекет немесе әрекетсіздік)

6.

• Экологиялық ҚҚБ объектісі – экологиялық
құқықтық тәртіп пен халықтың және
қоршаған табиғи ортаның экологиялық
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоғамдық
қатынастар

7.

• Экологиялық
ҚҚБ
объективтік
жағы
табиғатты
пайдалану
мен
қоршаған
ортаны қорғау ережелерін бесенді ісәрекетпен немесе әрекетсіздікпен бұзудан
көрінеді

8.

• Экологиялық ҚҚБ зардаптары – адам
денсаулығына зиян келтіру немесе
оның
қазасы,
жануарлар
мен
өсімдіктердің жойылуы, жер, су,
ауаның табиғи қасиеттерінің өзгеруі
құрамдар конструкциясы
бойынша материалдық

9.

Экологиялық ҚҚБ субъективтік жағы
КІНӘ
қасақаналық
абайсыздық

10.

Экологиялық ҚҚБ
түрлері
Жалпы
сипаттағы
Қоршаған ортаның
жекелеген
компоненттеріне
қол сұғатын
Жануарлар және
өсімдіктер
әлеміне қол
сұғатын

11.

Жалпы сипаттағы экологиялық ҚҚБ
• 324-бап. Шаруашылық немесе өзге де қызметке
қойылатын экологиялық талаптарды бұзу
• 325-бап. Экологиялық тұрғыдан әлеуетті қауіпті
химиялық немесе биологиялық заттармен жұмыс
істеу кезінде экологиялық талаптарды бұзу
• 326-бап. Микробиологиялық немесе басқа да
биологиялық
агенттермен
немесе
уытты
заттармен жұмыс iстеу кезінде экологиялық
талаптарды бұзу
• 342-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
режимiн бұзу
• 343-бап. Экологиялық залалды ремедиациялау
(жою) жөнінде шаралар қолданбау

12.

325-бап. Экологиялық талаптарды бұзу
Элемент
Объект
Белгі
Мәні
Тікелей
Экологиялық қауіпсіздік
Қосымша
Адам өмірі мен денсаулығы
Қоршаған орта
Заты
Экологиялық тұрғыдан әлеуетті қауіпті
химиялық немесе биологиялық заттар
Әрекет
ҚҚБ затын өндiру, тасымалдау, сақтау,
көму, пайдалану немесе олармен өзге
де жұмыс iстеу кезінде экологиялық
талаптарды бұзу
Зардап
Қоршаған ортаға айтарлықтай залал
келтіру
Адамның денсаулығына зиян келтiру
Субъект
Арнайы
Экологиялық
міндетті адам
Субъективтік
жағы
Кінә
Қасақаналық (тікелей немесе жанама)
Объективтік
жағы
талаптарды
сақтауға

13.

Экологиялық қауiпсiздiк – адамның,
қоғам мен мемлекеттің құқықтары мен
өмірлік
маңызды
мүдделерінің
қоршаған ортаға антропогендік және
табиғи
әсер
ету
салдарынан
туындайтын
қатерлерден
қорғалу
жағдайы

14.

Химиялық заттар –
• ыдырамайтын,
адам
ағзасымен
қоршаған ортаға ерекше әсер ететін
химиялық
улы
заттар;
ауыл
шаруашылығы
өндірісінде
пайдаланылатын
(өсімдіктерді
қорғаудың химиялық құралдары,
минералдық
тыңайтқыштар,
биостимуляторлар)
зиянды
химиялық қосындылар

15.

Биологиялық заттар –
• тірі организмдердің белгілі бір
топтарына
немесе
олардың
жасушаларының
жекелеген
топтарына
қатысты
ерекше
физиологиялық белсенділікке ие
химиялық заттар

16.

Экологиялық талаптар
• Ықтимал қауіпті химиялық заттарды
өндіру
мен
пайдалану
жөніндегі
операциялар
барысында
төмендегі
шаралардың
орындалуы
қамтамасыз
етілуге тиіс:
• 1) өндіру, сақтау, тасымалдау және
пайдалану процесінде қоршаған ортаға
әсер
етудің
шекті
жол
берілетін
белгіленген нормативтерін сақтау;
• 2)
оларды
қолданудың
халықтың
денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды
салдарларының алдын алу

17.

Қоршаған ортаға айтарлықтай
залал келтіру
• экологиялық
залалды
жою
немесе табиғи ресурстардың
тұтынушылық
қасиеттерін
қалпына келтіру үшін қажетті
шығындардың
100
АЕК-тен
асатын мөлшердегі құндық мәні
(ҚР ҚК 3-баб. 2-тарм.)

18.

Адам денсаулығына зиян келтіру
• Жеңіл зиян
• Орташа ауырлықтығы зиян
• Ауыр зиян
(ҚР ҚК 106, 107-баптары бойынша
қосымша саралау қажет емес)

19.

Қоршаған ортаның жекелеген компоненттеріне
қол сұғатын экологиялық ҚҚБ
328-бап. Суларды ластау, қоқыстау немесе сарқу
329-бап. Атмосфераны ластау
330-бап. Теңiз ортасын ластау
331-бап. ҚР континенттік қайраңы және ҚР
айрықша
экономикалық
аймағы
туралы
заңнаманы бұзу
• 332-бап. Жердi бүлдiру
• 333-бап. Жер қойнауын қорғау және пайдалану
қағидаларын бұзу
• 334-бап. Жер қойнауын өз бетінше пайдалану

20.

328-бап. Суларды ластау, қоқыстау немесе сарқу
Элемент
Объект
Белгі
Мазмұны
Тікелей
Су қорын тиімді пайдалану жөніндегі
қоғамдық қатынастар
Қосымша
Аадам өмірі мен денсаулығы
Жануарлар және өсімдіктер әлемі
Заты
Жербетi немесе жерасты сулары,
мұздықтар, ауыз сумен жабдықтау
көздерi
Әрекет
Ластау
Қоқыстау
Сарқу
Зардап
Қоршаған ортаға айтарлықтай залал
келтіру
Адамның денсаулығына зиян келтiру
Субъект
Жалпы
16 жасқа толған ақыл-есі дұрыс адам
Субъективтік
жағы
Кінә
Қасақаналық (тікелей немесе жанама)
Объективтік
жағы

21.

• ЖЕР ҮСТІ СУ ОБЪЕКТІЛЕРІ – шекарасы, көлемі
мен су режимі бар, құрлық бетінде оның бедері
нысанында сулардың тұрақты немесе уақытша
жинақталуы
• ЖЕР АСТЫ СУ ОБЪЕКТIЛЕРIНЕ мыналар жатады:
• 1) су тұтқыш аймақтар, тау-кен жыныстарының
жиектерi мен кешендерi;
• 2) жер асты суларының құрлықта немесе су астынан
табиғи шығуы;
• 3) жер асты сулары орындары мен учаскелерi;
• 4) жер қойнауының суландырылған учаскелерi
• 5) жер асты суларының бассейнi;

22.

Объективтік жағы
• ЛАСТАУ – су объектілеріне лас суды ағызу немесе
өзгеше жолдармен құю арқылы жербеті және жерасты
суларының, ауызсу көздерінің сапасын төмендетету,
су
объектілерінің
түбі
мен
жағалауларын
пайдалануды қиындатату
• ҚОҚЫСТАУ – су объектілеріне қатты, өндірістік,
тұрмыстық қалдықтарды тастау салдарынан су
объектісінің гидрологиялық жай-күйінің нашарлауы
және суды пайдалануға кедергі келтірілуі
• САРҚУ – белгілі бір аймақ шегінде жер беті су
ағысының ең төмен шегінің азаюы немесе жер асты
сулары қорының қысқаруы

23.

Жануарлар және өсімдіктер әлеміне
қол сұғатын экологиялық ҚҚБ
• 335-бап. Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын
немесе өсiмдiктерін заңсыз алу
• 336-бап. Балық қорларын қорғау қағидаларын бұзу
• 337-бап. Заңсыз аңшылық
• 338-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау қағидаларын бұзу
• 339-бап. Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек
кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ
пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың
бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу
• 340-бап. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе
зақымдау
• 341-бап. Ормандарды жою немесе зақымдау
• 342-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимiн бұзу

24.

Заңсыз аңшылық (ҚР ҚК 337-баб. 1-бөл.)
Элемент
Объект
Белгі
Мазмұны
Тікелей
Жануарлар әлемін қорғау және тиімді
пайдалану
жөніндегі
қоғамдық
қатынастар
Заты
Аңдар мен құстар
Әрекет
Заңсыз аң аулау
Қаруы
Жарылғыш
құрылғылар
немесе
жануарларды жаппай қырып-жоятын
өзге де құралдар
Авиа-, авто-, мотокөлік құралдары,
оның ішінде қарда жүретін техника не
шағын көлемді кемелер
Субъект
Жалпы
16 жасқа толған ақыл-есі дұрыс адам
Субъективтік
жағы
Кінә
Қасақаналық (тікелей немесе жанама)
Объективтік
жағы

25.

Мини-кейс
Маймақов
түнде
қара
күзен
өсіретін ферамаға жасырын кіреді.
Өзімен бірге алып келген дорбаға
ең ірі деген үш күзенді салып
алып,
күзетшілерге
көрінбей
қашадан секіріп кетіп қалады.
Маймақовтың
әрекеттеріне
қылмыстық-құқықтық
баға
беріңіздер.

26.

ҚҚБ заты
• адамның
тірлігіне
қатысы
жоқ
табиғат аясында емін-еркін тіршілік
ететін жабайы аңдар мен құстар

27.

• ЗАҢСЫЗ АҢ АУЛАУ – жабайы құстар мен
жануарларды аулау мақсатында аңду, олардың
ізіне түсу және аулаудың өзі.
• Қолында атылатын қаруы, қақпандары және
басқа да аңшылық құрал-жабдықтары, қасында
аңға
салатын
иттері
және
саятшылыққа
баулынған құстары бар адамның қасақана заңсыз
аңшылық жасау ниетімен аталған мән-жайлар
болған жағдайда аң-құс ауланатын жерлерде
болуын оның аң-құсты аулаған-ауламағанына
қарамастан заңсыз аңшылық деп тану қажет.

28.

• 1-КЕЙС. Ауылды жердегі алыс елді мекендердің
бірінде тұратын Осиповқа дәнекерлеу (сварка)
жұмыстарын жүргізу үшін тұз қышқылы қажет
болады.
Ол
университеттің
химия
факультетінде оқитын ұлы Володяға осындай
қышқылдың 0,5 л тауып, посылкамен үйге
салып
жіберуді
тапсырады.
Володя
университет лабораториясының меңгерушісінің
келісімімен 0,5 л тұз қышқылын шөлмекке
құйып
алып,
асқан
сақтықпен
өзге
сәлемдемелермен бірге посылкаға қаптайды да
әкесінің үйіне пошта арқылы жөнелтеді. Жолда
тұз қышқылы құйылған шөлмек сынып,
бірнеше посылкадағы құнды заттар бүлініп
қалады.
Байланыс
ұйымына
келтірілген
залалдың мөлшері 5 млн. теңгені құрайды.
• Аталған адамдардың жауаптылығы туралы
мәселені шешіңіз.

29.

• 2-КЕЙС. Шығыс Қазақстан облысының таулы
аудандардың бірінде қыстың
қарлы және
аязды болуы салдарынан ашыққан жабайы
бұғылар елді мекендерге келуді бастайды. Орта
мектептің
биология
пәнінің
мұғалімі
оқушылармен бірлесіп аудан орталығымен
шектесіп жатқан саябакта жабайы бұғыларға
арнап жемдеу орнын ұйымдастырады. Жемдеу
орнына келіп жүрген бұғылар қыстың аяғына
қарай адамдардан жасқанбайтын болып алады.
Әуесқой-аңшы
Көмеков
осы
жайтты
пайдаланып, түнгі уақытта жемге келген
бұғыны атып алады да үйіне апарып, азыққа
пайдаланады. Бір жабайы бұғының нарықтық
бағасы 270 мың теңгені құрайды.
• Көмековтың жауаптылығы туралы мәселені
шешіңіз.

30.

• 3-КЕЙС. Аэропорт қоймасының бірнеше жұмыскері
№4 қоймада жұмыс істеген соң әр жолы жүректері
айнып, әлсірейтіндеріне шағымданады. Дозиметрмен
тексергенде жүкшілердің киімдері радиоактивті екені
анықталады,
ал
қойманың
өзінде
аспаптың
көрсеткіштері шектен тыс жоғары болады. Азаматтық
қорғаныс күштері қоймадағы радиация көзі болып
тұрған
радиоактивті изотоптар салынған бірнеше
картон қорапшалар табады. Олардың кейбіреуінің
қаптамасы бұзылған болып шығады. Осындай
посылкаларды
бірнеше
жыл
бойы
Қорғаныс
министрлігінің «Жалын» кәсіпорны
ЭйрАстана
рейстерімен бір Ғылыми-зерттеу институтының атына
жолдап отырғаны анықталады. Посылкалар кәдімгі
жүк ретінде ресімделген және ешқандай ескретуші
жазбалармен белгіленбеген болып шығады.
• Кәсіпорын
және
авиаотряд
басшылығының
әрекеттеріне қылмыстық-құқықтық баға беріңіз.
English     Русский Rules