5.91M
Category: biologybiology

Абайдың «Толық адам» ілімі және бүгінгі жастар

1.

Дәріс 5. Абайдың «Толық адам» ілімі және бүгінгі жастар
Абай Құнанбаев
( 1845-1904 )

2.

3.

4.

Көкірегі - сезімді, көңілі – ойлыға бәрі анық.
Хакім Абай.

5.

Ғылымның даму үдерісіндегі басты тұлға – адамның өзі. Адамның қатысуынсыз ғылымның
қалыптасуы, дамуы мүмкін емес. Адам өзін түсінуге, өз мүмкіндіктерін айқындауға және келешегін
болжауға ерте заманнан талпынып келеді. Адам өзін дамыту арқылы рухани, мәдени белестердің
сатыларынан өтіп, жеке тұлға болып қалыптасады. Яғни, адамның даму барысында білім, ғылым және
мораль философиясы жатыр.
«Адам ғылыммен құрдан-құр айналыспайды. Адамның өмірі әр түрлі проблемалар және күрделі
мәселелермен тығыз байланысты. Оларды меңгеру үшін адамға білім керек, ал осы білімді
қалыптастыру ғылыми қызметтің мақсаты». Адамзат баласы білім мен ғылымды игеруде ақиқатты
ашып, өмірдің заңдылықтарының айқын бейнесін жасайды. Бірақ бұл табиғатпен қоғамға байланысты.
Қоғамсыз адамды, адамсыз қоғамды елестету мүмкін емес. Осы тұрғыда қоғамның басты тірегі – адам
мәселесі жайлы көптеген ойлар туындайды.

6.

Ең негізгісі, дана Абайдың «Толық адам»
ілімі. Өз өлеңдерінде:
Абай – данышпан, хакім, қазақтың идеалы. Шығыстан
да, Батыстан да ілім-білім жиған данагөй сол білімнен
адамзат биігіндегі өз ойын қорытып шығарды.
Анықтап айтқанда, әл-Фарабидің философиялық
ғылым көздері, Жүсіп Баласағұнидың мораль
философиясы, Қожа Ахмет Ясауи, Сүлеймен
Бақырғанидың
сопылық
ілім
негіздері,
т.б.
ғұламалардың еңбектері арқылы өз іліми мектебін
жасақтады.
«Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз,
Артық ғылым кітапта,
Ерінбей оқып көруге»,
– деген Абай ойлары хакімнің ғылымбілімге үлкен мағына бергенін дәлелдейді.

7.

Абай ілімі бойынша, әуелі «жарым адамнан» «адам»
сатысына көтеріліп, сонан кейін ғана «Толық адам»
сатысына жетуге болады.
Бұл саты – көпшілік қауым көтеріле алмайтын, тек қана
ұмтылатын меже, рухани жаңғырудың нысанасы ғана.
Ерекше қасиеті бар адамдар ғана көтерілетін өте жоғары
деңгей.

8.

Абай былай деп бiлдiредi: «Ендi бiлiңiздер, ей
перзенттер! Құдай тағаланың жолы деген жол
Алла тағаланың өзiндей ниһаятсыз (шексiз,
өлшеусiз) болады. Оның ниһаятына ешкiм
жетпейдi. Бiрақ сол жолға жүрудi өзiне шарт
қылып кiм қадам басты, ол таза мұсылман, толық
адам делiнедi».
Осылай Абай толық адамның негізгі шартын береді.
Ол шарт – Құдай тағаланың шексіз жолында жүруді
өзіне шарт қылып қадам басу. Абай сопылық
философиядан алынған «толық адам» түсiнiгiн
осылай деп бередi.

9.

«Адам» мен «толық адамның» айырмашылығы

10.

«Адам» мен «Толық адамның»
рухани дәрежесі ғана емес, мақсаттары
мен өмірге көзқарастары да бөлек.
«Адам» Абайдың екінші сүюіне
«Адамзаттың бәрін сүй бауырым
деп» деген адамзатты сүю қағидасына
ұмтылады.
Данышпан оларды «Біріңді, қазақ,
бірің дос көрмесең, істің бәрі – бос»
деп бірлікке, өзара сүйіспеншілікке
үйретеді.
Ал «толық адам» үшінші сүюге
Алланың Өзін сүюге ұмтылады.
Оларға Абай «Сен де сүй ол Алланы
жаннан тәтті» қағидасын береді.
Бұл таза рухани деңгей.

11.

Адам сатысы Алла Тағаланың жаратқандарын сүюге
ұмтылып гуманизм, адамгершілік деңгейінде болса, ал
толық адам Жаратқанның Өзін сүюге ұмтылып,
рухани жаңғырудың шыңына ұмтылады. Бұл – таза
рухани
деңгей.
Рухани
жаңғырудың
бұл
деңгейіндегілер әлемнің ықпалынан толық шығады.
Адамдар қоғам өмірімен тығыз байланыста болса, ал
екіншілер, керісінше, көпшіліктен бөлектенуді,
өзімен-өзі жеке болуға ұмтылады. Ол өмірді өзінің
мақсатына жету құралы ретінде ғана пайдаланады.
Шәкәрім бұл деңгейге жеткенде тауға кетіп, қоғамнан бөлек
өмір сүрген. Абай да жекеленуге ұмтылды, бірақ қоршаған
ортасы оған мүмкіндік бермеді. Оның «Мен бір жұмбақ
адаммын, оны да ойла» деген сөзі оның осы ішкі сырын
білдіргендей болады.

12.

Толық адам – рухани жаңғырудың шыңы, өзінің рухани болмысын тануы. Өзін-өзі тану дегеніміз өзінөзі білу емес. Абайдың «Ақыл мен жан – мен өзім, тән – менікі» дегенін біліп, біз өзімізді бірден
жан ретінде тани алмаймыз. Өзін білу мен тану, екеуі екі басқа, арасы жер мен көктей алыс. Білу
дегеніміз тек қана хабар, ақпарат дейтін болсақ, тану дегеніміз сол ақпаратты сезіну, бойға сіңіріп,
түйсік арқылы өзіндік қасиетке айналдыру. Өзінің жан екенін тану дегеніміз – өзінің жан екенін
сезініп, рухани қасиет алып, жанша әрекет ету деген сөз, яғни адамның толық өзгеруі.

13.

Өзін жан екенін тану деңгейіне тек қана тәжірибе
(практика) арқылы жетуге болады. Өзін-өзі танудың жолы
пікір және зікір болып екіге бөлінеді.
Біріншісі – адам өзінің ой-өрісін пайдаланып әлемде болып
жатқан хикметтер туралы, болмысты құрайтын элементтер
туралы пікір (фікір) жасау. Сөйтіп, ол әлем заңдылықтарын
ой-өріс, ақыл-есі арқылы түсініп, Абсолютті таниды.
Екіншісі – барлық ой-өрісті ішкі дүниеге, жанға, Құдайдың
нұрына, не болмаса зікір арқылы Жоғары Жанға
шоғырландыру (медитация). Пікір әдісінде көңіл
Жаратушының жаратқандарына ауса, ал зікірде көңіл
Жаратушының Өзіне ауады. Бірінші әдісте адам өзінің бес
сезімін толық пайдаланады, ал шоғырландыру әдісінде,
керісінше, сезімдерді олардың объектілерінен бөліп, барлық
сезімдерден бас тартады. Сонда психикалық қуат нәзік
рухани сезімдерге беріліп, рухани болмысты сезінуге
мүмкіндік береді.

14.

Адам өмірінің екі мақсаты бар.
Бiрiншiсi,
өзiнiң
материалдық
құмарлықтарын
қанағаттандыру.
Екiншiсi, рухани құмарлықтарын қанағаттандыру. Абай
біріншісін – «тән құмары» десе, екіншісін – «жан құмары»
дегені айтылды.
Жан құмары мақсаты – Алла тағаланың разылығы үшін
әрекет жасау. Іс-әрекет Абсолюттың бір көрінісі.
Сондықтан, жаман, не жақсы болмайды. Іс-әрекет қозғалыс
түрі ғана. Мақсатқа байланысты ол жақсы, не болмаса
жаман іс-әрекет болып бөлінеді.

15.

Толық адам болудың жолын Абай былай деп береді:
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста.
Сонда толық боласың елден бөлек.
«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстау» тек нәпсімен
күресе білетін адамның ғана қолынан келеді.
Осылай ол елден бөлек болып, толық адам деңгейіне
көтеріледі.

16.

Философияның аса қажеттті зерттеуді талап ететін нысандарының бірі– адам мәселесі. Адам
мәселесі – философияда әлі күнге дейін толық шешімін таппаған маңызды тақырыптардың бірі.
Ерте замандағы ғұлама ойшылдардың адам туралы пікірлері, адамның дүниедегі орны мен
атқаратын қызметі жайында біраз тұжырымдар айтқан. Соның бірі грек ойшылы Протагор: «Барлық
заттың өлшемі – адам » деген.
Неміс философы Фридрих Ницше «Мәңгілік қайталаным» еңбегінде: «Өзін қоғамнан, құқық
және адамгершілік ұстанымдардан жоғары қоятын адам – асқан адам» деген идея негізінде терең
философиялық ұғымды зерделеген.
Қытайдың әбден жетілген адам негізінде көне Қытай философы Лао Цзы: «Басқаларды білетін
адам – ақылды, өзін танып білген адам – данышпан» деген пәлсапалық қанатты сөздер қалдырған.

17.

Ал, қазақтың ұлы ойшылы хакім Абай былай деген: «Атаңның баласы болма, адамның
баласы бол». Данышпан ақын Абайдың нақты философиялық тұжырымдары жоқ, бірақ өз
шығармаларында адам мәселесі, адамгершілік құндылықтары, мораль философиясын көркем
бейнелеген. Ақын өлеңдері мен қара сөздерінде өмірдің бар болмысы мен шындығының көрініс
табуын адамгершілік ілімімен байланыстырған. Өйткені ақынның ұзақ іздеп, тереңнен толғап тапқан
танымы – «толық адам» ілімі.
Діни-философиялық ойдың даму тарихында «толық адам» ілімі ежелгі антика дәуірінің
философтары –Сократ, Платон, Аристотельдің танымынан іргесі қаланған. Сократ пен Платон «адам»
ұғымын нақтылап бір жүйеге келтіріп, тиянақты ойлар білдірсе, ал Аристотель толық адам ілімінің
басты нысанына адамгершілік құндылықтар мен қайырымдылық, ізгілік мәселелерін қарастырған.
Аристотель пікірінше, терең мағыналы, ең биік игілік, адамның адамгершілік құндылығы –
қайырымдылық пен ізгілік негізінде түсіндірілген. Адамзат баласы өзін қоршаған ортаға қайырымды
болу арқылы адамдықтың биік шыңына жетеді деп ойлаған. Қайырымдылық пен адамгершілікті егіз
тұрғыда қарастырып, бірінің бірінсіз бар болуы, болмысқа айналып кетуі мүмкін емес деп түйінді
тұжырымдар айтқан.

18.

«Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан». Осындай атаумен Ел газеті «Егемен Қазақстанда»
мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың маңызды мақаласы жарық көрді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан»
атты мақаласында нақты міндеттер қойып: «Біз Абайдың «толық адам» тұжырымын қайта
зерделеуіміз керек.
Бұл бағытта ғалымдарымыз тың зерттеулерді қолға алуы қажет. «Толық адам» концепциясы,
шындап келгенде, өміріміздің кез келген саласының, мемлекетті басқару мен білім жүйесінің, бизнес
пен отбасы институттарының негізгі тұғырына айналуы керек деп есептеймін», деді.

19.

Алдымен, ұлы ақын неге «толық адам» іліміне келді деген сұраққа жауап іздеп көрелік.
ХІХ ғасыр – Ресей патшалығының қазақ даласын отарлауының күшейген кезі. Ел
билігіне болыстық жүйенің енгізілуі – қазақ халқының мінез-құлқына үлкен өзгерістер
әкелді.
Ел адамдарын бір-біріне айдап салу, ортаға майлы жілік тастап, билікке таластырып
қою (болыстық сайлау), содан туындап жататын әр алуан жағымсыз мінездерді одан
сайын күшейту, пара беру мен пара алу, күншілдік пен арыз жазу, жағымпаздану,
сатқындық, берген парасын елден үстемелеп қайтарып алу үшін жаныға жанталасып,
түрлі әрекеттерге бару – өзге де толып жатқан ұсақтану мен ұлттық рухтан айырыла
бастауды Абай өз заманында терең сезінді.

20.

Абайдың «Болыс болдым, мінеки» өлеңінде уақыт, қоғам шындығының бет-бейнесі
көрінеді. Жағымпаз, иілімпаз болыс – ел қамын ойлайтын тұлға емес. Жеке басы үшін халық, ұлт
мүддесін ойланбай сатып жіберетін пақыр. Ел тұтқасын ұстаған адамдар осылай азғындаса, ел
болашағы не болмақ? Отаршылдықтың дендей еніп жатқан осындай сұмдықтарына қандай тосқауыл
қоюға болады? Халықты жамандықтан сақтап қалудың жолы қандай? Отаршылдықтың бетін қайтарып тастайтын қазақ даласында күш жоқ. Ондай күшті ұлы ақын таба алмады.
Міне, осы ретте Абай халықтың берік сенімі мен мықты рухы ғана өзін сақтап қалатынын
түсінді. Ол үшін халықты, жас ұрпақты соған бағыттайтын ілім қажет деп ойлады. Абай шығыс
философиясына ден қоя отырып, оны өз тарапынан толықтырып, тереңдетті.

21.

Қазіргі уақытта біз неге Абайдың «толық адам» іліміне қайта ден қойып
отырмыз? Үстем идеологиялы кеңестік кезең қанша дегенмен, тұйық, оқшауланған
қоғам болды. Қазіргі уақыттың ерекшелігі – жаһандану үдерісі өте күшті жүріп
жатыр. Мұның жақсы жақтарымен қатар, өзге елден келіп жатқан көптеген жат
ағымның, теріс идеологияның, дәстүр-салтымызды, наным-сенімімізді бұзатын
жағымсыз ықпалдардың күшейіп тұрғанын жасыра алмаймыз. Оларға қалай төтеп
беруге болады? Қалай өзіміздің ұлттық менталитетімізді сақтаймыз? Тағы да Абайға
жүгінуіміз керек.

22.

Абайдың «толық адам» ілімі «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінен бастау алады. Ондағы
«бес асыл» мен «бес дұшпанның» негізі, профессор М.Мырзахметұлы айтпақшы, шығыс ойшылы
Ғұламаһи Дауанидің (XV ғ.) шәкірті Жүсіп Қарабағидың (XVIII ғ.) «Рисаласындағы» екіге бөлінетін
жан азығынан (жанның пайдалы азығы, жанның зиянды азығы) негіз алады. Онда шын сенім,
жомарттық, ғылыми түсінік пен күншілдік, жалған сенім қарама-қарсы қойылады.
Абайдың дүниетанымында бұл ой тереңдетіліп, адам бойына қажетті «бес асыл қасиет» пен
«бес дұшпан» нақтыланады. Әлбетте, оқушылар, бүгінгі студенттер Абайдың бұл ғибратын мектеп
қабырғасынан жаттап өседі. Бірақ бұл жеткіліксіз, әрбір жас өзінің дүниетанымының қалыптасуында
Абай айтқан «жанның пайдалы тамағымен» сусындауға саналы түрде бет бұрғанда ғана толық адам
жолына түсе алады.

23.

Абай сипаттаған толық адам кім? Абай «жүректі» жырлайды. Былайғы қазақтың
жүрек туралы ұғымы «жүректі адам», «батыл адам», дегеннен аспайтынын айта келіп,
оған тың мағына үстеп, рақым, шапағаттың қайнар көзі деп философиялық тұрғыдан
мән береді. Ақыл, қайрат, жүректің бірлігінде жүректі бірінші орынға қояды.
17-қарасөзінде жүректі сөйлетіп: «қан менен тарайды, жан менде мекен қылады...
әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады»
деп сөйлетеді.
Біреуінің күні жоқ біреуінсіз,
Ғылым сол үшеуінің жөнін білмек, – деп ғылымға ден қоя отырып:
Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек, – деп ой қорытады.

24.

Мұндағы «ыстық», «нұрлы», «жылы» эпитеттеріне ақын терең мағына үстеген. Ақылдың
өзін «нұрлы ақыл», «суық ақыл» деп бөлген ақын жоғарыдағы қара сөзінде айтқандай, әділет,
нысап, ұят, рақым, мейірбаншылықтың ұясы жүрекке бірінші орынды беруі, соған ішкі қуатты,
ақыл-ойды билетуі – адамзатты гуманизмге шақыруы және әрбір адамның бойында
мейірбандықтың, адамдықтың үстем болуын қалауы еді. Әрине, Абайдың бұл философиялық
дүниетанымының ұлы ойшыл, ғалым әл-Фарабиден бастау алып жатқанын білеміз.
«Жүрек басты мүше, мұны тәннің ешқандай мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді, бірақ
мұның үстемдігі бірінші емес, екінші, өйткені ол барлық басқа мүшелерді билейтін болса, оның өзін
жүрек билейді», деп ой түйетін Фараби де жүректі бірінші орынға қойған болатын.

25.

Қазіргі қоғам, уақыт, шындығы керек, адамдар арасындағы мейірбандықтың
азайып бара жатқан кезі болып көрінеді. Байлық, ақша билеген заманның
қаншалықты қатыгезденіп бара жатқанын бүгінде көкірегінде сәулесі бар әр адам
сезінеді. Әсіресе, күні кешеге дейін коммунистік идеологияның құрсауында болып,
кенеттен мол байлықты иеленіп шыға келген қоғамның бір бөлігі қазіргі уақытта
өздерін жер бетіндегі құдай санайды.
Ал халықтың көп бөлігі тақыр кедейленіп барады. Қоғамдағы үлкен қайшылық та
осыдан туындап жатуы мүмкін. Міне, осындай күрделі кезеңде Абай адамдар
арасындағы мейірбандықты жырлайды.

26.

Абай айтқан үш сүю – имани гүлді толық адам ілімінің темірқазығы етіп ұсынады. Мұның
мәні неде? Тағы да белгілі абайтанушы М. Мырзахметұлының ғылыми тұжырымына ден қойып
көрелік. Ғалымның айтуынша:
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй Алланы жаннан тәтті, – деп, жаратушы түп иесін пендесінің махаббатпен сүюі
қажет деуі – бірінші сүю.
Екінші сүю – «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп».
Үшінші сүю – «Және сүй хақ жолы деп әділетті».
Кеңестік дәуірде «құдайсыздық» идеологиясына сәйкес ғалымдар, абайтанушылар Абайдың
бірінші сүюін ашық, нақты айта алмады.

27.

М. Әуезовтің өзі «Абайдың діні – ақылдың, адамгершіліктің діні» деп жанамалай айтты.
Бұл ретте, Абай ешқандай түсіндіруді қажетсінбей, бірінші сүюдің негізін дәл, нақты
айтып тұрған жоқ па?! Адамзатты махаббатпен жаратқан жаннан тәтті Алланы сен де
сүй дейді.
Ал Алла – мұсылмандық жолы. Міне, қазіргі тәуелсіздік заманның ең басты
жетістігі жалаң идеологияның құлы болмай, Алланы сүюге, оған мінәжат етуге толық
жол ашып берді. Абай ілімі ескірген жоқ, қайта заманның талабымен өрлей түсті.
Қазіргі уақытта дін – апиын емес, дін – имандылық негізі. Қазіргі жастардың, бүгінгі
замандастардың арасында дінге бет бұру бар. Бұл да тәуелсіздіктің берген жемісі деп
қабылдасақ, бұл да Абайдың «толық адам» ілімінің де жасампаздығының белгісі.

28.

Абайдың екінші сүюі – «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» те қазіргі Қазақстанның басты
мемлекеттік бағытының бірі. Қазақстан – қазір көп диаспоралы мемлекет, көп ұлттың өкілдері осы
жерде туып-өсіп, өмір кешіп жатыр дегенмен, «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген өрелі
ұстаным бізден бастау алуы керек те, олардың тарапынан да Абайдың ілімін терең түсінуін талап ету
қажет. Тәуелсіздіктің алғашқы күрделі кезеңінде еліміздің іргесі шайқатылмай шығуының өзі Абай
ілімінің жасампаздығының белгісі деп қарастыруымз қажет.
Кеңес Одағы ыдырауының барысында және тәуелсіздігіміздің елең-алаңында өз ішімізде неше түрлі іріткі салғыш, ірге бөлгіш пиғылдар оянып, сын сағаты туған кезде ел тізгінін ұстай
отырып, тарихи тұрғыдан қалыптасқан көпэтностылық пен көпконфессиялық жағдайын бірінші
кезекте ескеру қажеттігін аңғардым. Бір жағынан сепаратистік әрекеттер бой көтергені байқалса,
екінші жағынан ұлтшылдық дабыл қаққан аласапыран кезеңдерді бастан өткеруге тура келді.

29.

Сондай күрделі ахуалда түсіністіктен татулыққа, ымырадан ынтымаққа қол жеткізу арқылы
ғана тұтастығымызды сақтадық. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді» дейді екен дана бабаларымыз. Қазір айтуға оңай, сол уақытта біз «қайтсек, бір жағадан бас, бір
жеңнен қол шығарамыз» деп арпалыса жүріп, елдігіміздің шаңырағын шайқалтпай ұстап қалдық.
Тұрмыс тапшылығын да бір тай қазаннан ас ішкендей бірге еңсердік. Ол қазақтың кең қолтық, ақ
жүрек мейірбандығының және Алтай мен Атырау арасын сол қазақпен араласа жайлаған өзге
ұлттардың Абай өнеге етіп қалдырған бауырластығының арқасында жүзеге асты», деп жазады.
Міне, Абай ілімінің практикалық мәні деп осыны айтуға болатын шығар.
Ал Абайдың үшінші сүюі – «Және сүй хақ жолы деп әділетті» деуі – әділдікті, адамдықты
жақтаған гуманистік ой-толғамының биігі. Әділет, шапағат, мейірім – Абай жырлаған «жүрек жылуы».
Әрине, Абайдың «толық адам» ілімін мұнымен шектеп қоюға болмайды. Ақынның өлеңдерінде
жырланған адамдықтың күрделі мәселелерінің барлығы «толық адамға» жетудің жолы, алғышарттары
болып табылады.
Сол себепті Абайды оқу, оның ілімін өзіңнің ішкі жан дүниеңде қорыту, өмірде ұстанымға
айналдыру – ел ертеңі болар жастардың басты парызы болмақ. Абай адастырмайды, Абай мына
жалған дүниенің мәнін түсіндіреді.

30.

Абай атамыз ақындық өнерге 40 жасынан асқанда құлай беріліп,
өмірінің соңына дейін созылған 20 жылдық әдеби қызметінде
8000 өлең жолы мен 45 нақыл сөзін жазып қалдырды. Ол нақыл
сөздер “Абайдың қара сөздері”- деп аталады.
Осы 45 қара сөзінің ішінде 38 – сөзіне тоқталайық.
38-қара сөзі.
Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес.
Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады.
Хикмет сөздер өзімшіл наданға айтқанда, көңіл уанғаны да болады, өшкені де болады.
Кісіге біліміне қарай болыстық қыл; татымсызға қылған болыстық өзі адамды бұзады.
Әкесінің баласы – адамның дұшпаны.
Адамның баласы – бауырың.
Ер артық сұраса да азға разы болады.
Ез аз сұрар, артылтып берсең де разы болмас.
Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамдықтың қарызы
үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың.

31.

Абай отыз жетінше қара сөзінде нақыл сөздерді тізеді.
Нақылдардың барлығы дерлік адам бойындағы адамшылық
қасиеттерді ардақтауға бағытталған. "Адамның адамшылығы істі
бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес", – дейді
Абай.
Жалпы, қара сөзде ақын адам бойындағы қайратсыздық,
заманның адамға әсері, білімге талпыныс, достық, тіленшілік, білгенді
үйрету сынды тақырыптарды қозғайды. "Адам баласын заман өсіреді,
кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі виноват", – деп әр
адамның заманға, заманның адамға әсерін сөз қылады. Осылайша, Абай
заманды қалыптастыратын адамдардың өздері екендігін, сондықтан,
әркім өзін дамытуға, өзін тәрбиелеуге күш салуы керектігін меңзейді.
Ол, сонымен қатар, "Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам
мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім", – деп, адамның кез
келген уақытта өзін қолына алып, түзеле алатындығын айтады. "Бақпен асқан
патшадан Мимен асқан қара артық; Сақалын сатқан кәріден Еңбегін сатқан
бала артық", – деп, білімге құштарлықты, адал еңбекті насихаттайды. Абай,
осылайша, қара сөзінде қоғамдағы олқылықтарды сынап, ұрпаққа,
замандастарына жақсылыққа апарар жолды меңзеп, әсер етуге тырысады.

32.

Елбасымыз мақаласында: Бізге, Абай айтқандай, артық мақтанға салыну, өзгені қор, өзімізді
зор санау, дау қуу әсте жараспайды. Әр қадамымызды анық басып, әлемде және елімізде болып жатқан
оқиғаларды байыппен сараптай білуіміз қажет. Тұрақтылық пен дамуымыздың кепілі болған татулық пен
бірлікті бәрінен жоғары қойған абзал. Мемлекет мүддесін көздесек, әуелі сабақтастық сақталып, төгілген
тер мен атқарған еңбектің далаға кетпеуін ойлайық. Осындай саясат жүргізген кезде ғана барлық
стратегиялық мақсаттарымызға қол жеткізіп, Қазақстанды озық дамыған мемлекеттердің қатарына қоса
аламыз.
Біз Абайдың «толық адам» тұжырымын қайта зерделеуіміз керек. Бұл бағытта ғалымдарымыз тың
зерттеулерді қолға алуы қажет. «Толық адам» концепциясы, шындап келгенде, өміріміздің кез келген
саласының, мемлекетті басқару мен білім жүйесінің, бизнес пен отбасы институттарының негізгі тұғырына
айналуы керек деп есептеймін.
Абай шығармашылығына арқау болған тақырыптың бірі – масылдықпен күрес. Ақын үнемі
уайымсыз салғырттыққа, ойын-күлкіге салынбай, сергек болуға үндейді. Оны ұдайы еңбек арқылы шыңдап
отыруды құп көреді. Сонымен қатар орынды әрекеттің уайым-қайғыны жеңетінін дәлелдеп, масылдықпен
күрестің психологиялық қырларына терең бойлайды. Қазір біз көп айтып жүрген эмоционалды
интеллектіге де сол тұста назар аударды. Мақтан мен масылдық психологиядан арылып, қайраттанып еңбек
етуді, талаптанып білім іздеуді насихаттаған.

33.

Абай өлеңдеріндегі «Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей», «Тамағы тоқтық, Жұмысы
жоқтық, Аздырар адам баласын», «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап» –
деген қазыналы ойлар бәрімізге жақсы таныс. Әр адам осы түйінді тұжырымдарды санасына берік
тоқып, өзінің тынымсыз, адал еңбегімен айналасына үлгі болуы керек. Біз Абайдың «толық адам»
тұжырымын қайта зерделеуіміз керек.
Ғұлама Абай – қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Ол күллі адамзат
баласына ақыл-ойдың жемісін сыйлады. Абайдың ақындық қуатының терең тамырына үңілген
зерттеушілеріміз оның қазақ фольклорынан, Шығыс пен Батыстың сөз өнерінен, орыс әдебиетінен,
тарихи еңбектерден сарқылмас нәр алғанын айтады. Абайдың асқан ойшылдығы оның діни талғамтанымынан да айқын көрінеді. «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз ешуақытта жалған болмас»,
дейді. Бұл ой-тұжырымға Шығыс пен Батыс философтарының еңбектерін терең біліп, зерттеп,
зерделеп барып жеткені анық.
Ал отыз сегізінші қара сөзінде Аллаға деген көзқарасын толық білдіреді.
Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі
құндылық. Жалпы, өмірдің қай саласында да Абайдың ақылын алсақ, айтқанын істесек, ел ретінде
еңселенеміз, мемлекет ретінде мұратқа жетеміз. Абай арманы – халық арманы. Халық арманы мен
аманатын орындау жолында аянбағанымыз абзал. Абайдың өсиет-өнегесі ХХІ ғасырдағы жаңа
Қазақстанды осындай биіктерге жетелейді.

34.

Елбасы мақалында айтылғанның барлығы өте орынды деп санаймын. Мұнда, Абайдың
«толық адам» концепциясын басты назарға алып, әлеуеттің әрбір саласына қолдануымыз керек
екенін баса айтады. Абайды қазақтың басты тұлғалық бренді ретінде қалыптастыруға шақырып, осы
орайда, 500-ден астам іс-шара ұйымдастыру керектігін жазған.
Президент мақаласында шығарманы бес бөлікке бөліп, әрқайсысын Абайдың ойлы
афоризмдерімен ұштастырған. Ұлы ойшылдың қазақты қайтсек жақсартамыз деген ұстанымы
негізге алынған.
Ұлттық болмыстың бірден бір тірегі ақыл мен сана болғандықтан, ғылым мен білімге зор
көңіл бөлінбек. Әсіресе педагогтардың мәртебесі, бала тәрбиесі, тіл тақырыптарын қозғай отырып,
кемел ұрпақ қалыптастыруды Абай салған сара жолмен байланыстыру керектігі айтылады.
Сондай-ақ, мақалада «халық үніне құлақ асатын мемлекет» құру үшін Ұлттық қоғамдық
сенім кеңесінің құрылғандығын сөзге тиек еткен. Президент саяси жаңғыру процесіндегі жалаң
ұрандар арқылы билікке жеткісі келетіндерді сынайды.

35.

Олай болса, Елбасымызды қолдап, Ұлы даланың –
Ұлы Абайын оның Ұлы сөздерін жерге тастамайық!
Бар күшімізді рухани жаңғыру кезеңіне бағыттайық!

36.

Пайдаланылған дерек көздері:
Қазақ әдебиеті. 04.08.2017

37.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
English     Русский Rules