5.12M
Category: biographybiography

Шорман Би

1.

БАХЫТОВА ЖАНСАЯ,
Ю-21-3

2.

Жетес Қыстаубайұлы (1828, Қызылорда
облысы Арал ауданы — 1914, Арал ауданы)
— би, шешен.
Кіші жүз құрамындағы әлімұлы тайпасы, шекті
руының жақайым аталығынан шыққан. Жетес би
ел арасындағы даулы мәселелерді шешуде
тапқырлығымен, әділдігімен көзге түскен. Ол
халық қамын ойлаған болыс ретінде де ел
құрметіне
бөленген.
Жетес
бидің
Райым,
Шыбынды
болыстарын
басқарғаны
туралы
деректер бар. Оның билік кесімдері, шешендік
сөздері ел арасына тарап, “тілді би” атанған. Жетес
би туралы Қ.Салғариннің “Көмбе”, С.Толыбековтің
“Қазақ шежіресі” кітаптары мен “ Ел аузынан”
жинағында жазылған.

3.

ЖЕТЕС БИДІҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІ
Жетес би бір даумен Шектінің Назар, Жексей, Тілеу, Қабақ еліне барыпты. Ол елдің
Нияз деген биі етжеңді, семіз болса керек. Ал, Жетес шағын денелі, арық кісі екен.
Сөздің бір кезегінде Нияз Жетеске: - Уа, Жетесжан, дауылпаз деген құс болады, дауысы
жер жарады. Жанына барсаң қауқары ұлтарақтай кән болады дегендей, Жетес атың
жер жарады, мына тұрпатың жұдырықтай ғой, бұл қалай? - деп кекеткен болады. Сонда
Жетес оның сөзін бөліп: - Уа, Ниязеке, оныңыз рас. Бірназар мен Бекетті Сібірге
айдатқалы арлы Шекті - арық болды да, арсыз Шекті - семіз болды ғой, - депті. Жетестің
онысы 1855-58 жылдары Кіші жүз қазақтарының Ресей патшалығының отаршылдық
саясатына қарсы шаруалар көтерілісін басқарған Бекет Серкебайұлы, Ерназар
Қаржауұлы сияқты батырларды Нияз би ауылдарының жігіттері ұстап беріп, жер
аудартқанын тұспалдап айтқаны екен. Сол Бекет пен Ерназардың артынан Жетес би
қуып барады. Орынбор генерал-губернаторына ол тайсалмай кіріп барып өтінішін
білдіреді. - Мен патша ағзамға бұл арызынды жеткізейін, - дейді. - Сен еліңе қайта бер.
Ел дүрлікпесін. Сенің елге беделің бар, тыңдайды ғой. Оларды тыныштандыр. Сәтін
салса, көп кешікпей-ақ ол адамдарың еліне қайтып оралар. Генерал осылай уәде
береді. Жетес елге қайтып барады. Қаһарға мінген патша ол өтіншті тыңдасын ба, Бекет
пен Ерназарды он жылдан соттатып, Сібірге айдатып жібереді.

4.

ЖЕТЕС БИДІҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІ
Кезінде Жетес би Украина халқының ұлы кобзары Тарас Шевченкомен де кездесіп,
сырлас, мұндас болған тәрізді. Қазақ даласына жер аударылған Тарас Жетестің ауылы
Райым фортында біраз уақыт болған ғой. Екеуі осы тұста кездессе керек. Олай дейтін
себебіміз. Жетес би кей-кейде, реті келген жерде, сөз арасында Тарас өлеңдеріне мәндес
өлең тізбектерін айтып отыратын көрінеді. Бұған бір дәлел, ол егде тартқан кезінде кейінгі
жастарға ақыл-нақыл, өсиет сөздерді көбірек айтқан. Соның бірі: Ұйықтап өтсең өміріңде,
Ұйқың ешбір қанбаса, Өлгенің не, тірілігің не, Артыңда ізің қалмаса? - деген сөз. Кейін
байқасақ, бұл шумақ Тарас Шевченконың өлеңі екен. Кұлаққа сіңіп, көңілге жатталып
калған нақыл шумақты өз сөзіндей қылып айтып жүрген

5.

ЖЕТЕС БИДІҢ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІ
Көпшілік бас қосқан бір үлкен жиында Жетес шешеннің
тапқырлығын сынамақ болған бір беделді ақсақал: - Адамның,
жердің, сөздің, пікірдің сәні неде? - деген сауал қойыпты. Сонда
Жетес би: Адамның сені - өнер, білім, акылы, Жердің сәні жеміс, әнім, дақылы, Сөздің сәні - өнегелі нақылы, Пікірдің сәні ойландырар мақұлы,- деп жауап берген екен.

6.

ШОРМ АН Б И
Шорман Күшікұлы, Шорман би (1799, қазіргі Павлодар облысы
Баянауыл ауданы – 1837, сонда) – төбе би, аға сұлтан.

7.

ШОРМ АН Б И
Орта жүз арғынның ішіндегі Сүйіндік қаржас руынан шыққан[1]., өз еліне
танымал Сәтиұлы Күшік шешеннің ұлы. Шын есімі – Жұмабай. Қуандық
руының Қожы төре бастаған жігіттері қаржастардың жылқысын
барымталауға келгенде екі жақ сойылдасып, барымташылардан үш адам
(ішінде төренің өзі де бар) қаза тапқан. Мұны естіген Уәли хан
қаржастарға қыруар жылқы құн кеседі. Осы даулы, шешімі қиын мәселені
өз руының пайдасына шешіп шыққан 15 жасар Жұмабай “Бала би” атанып
кеткен. Бұл жөнінде өз еңбектерінде Ш.Уәлиханов та жазған. Осы
оқиғаның тағы бір нұсқасы Шоңмен байланысты баяндалады.

8.

ШОРМАН Б И
Жұмабай ханнан жеңіспен оралған соң Шоң оған Шорман атағын беріп,
қаржас руының төбе биі етіп тағайындаған. Ол төрелерге билік бермеу
мақсатымен сүйіндік арасынан хан тұқымын аластау жөніндегі Шоң
бидің саясатын қолдап, оны іске асыруға көмектескен. Жер дауын шешу,
жалпы қазақтарды жерге орналастыру мәселелері бойынша 1822
жылдан бастап Шоңмен бірге Батыс Сібірдегі отарлық әкімшілікке
бірнеше рет хат жолдайды. Шоңның тапсыруымен Тобыл, Омбы, Кереку,
Қызылжар қалалары мен Ірбіт, Үркіт (Иркутск) жәрмеңкелеріне барады.
Архивте Шорманның 1830 ж. Омбыға, 1832 ж. Тобылға барып,
губернаторға жолыққаны жөнінде дерек сақталған. Баянауыл округі
ашылғанда Шорман би аға сұлтанның орынбасары болып тағайындалды
да, Шоң қайтыс болғаннан кейін оның орнын басты. Алайда Шорман би
аға сұлтан міндетін бір жылдай ғана атқарып, келесі жазда дүние салды.
Мәшїүр Жүсіп Көпейұлының жазуы бойынша Шорман би Ақмырза өзені
Сілетіге құяр тұсына жерленген. Шорманның тұңғыш қызы Зейнеп –
Ш.Уәлихановтың анасы. Үлкен ұлы Шорманов Мұса белгілі адам болған

9.

ШОРМАН Б И
Күздің ызғарлы күнінде бір байдың бордақылап семіртіп, енді соямын
деп отырған көк биесі ұшты-күйлі жоғалады. Бай балалары ізге түсіп ары
қарайды, бері қарайды, ауыл-ауылға сұрау салады, дерегі шықпайды.
"Пәленше жылқы сойыпты", "түленшенің үйі жылқы сойып, кісі күтті"
деген сөзбен әлгі бай Қарқаралы аулының екі жігітінен сезіктеніп,
Шорман биге айтып шағынады. Би ол екі жігітті алдырады. Екеуінен
сұраса:

10.

ШОРМАН Б И
- Биеке-ау, кім жылқы соймайды дейсіз? Сойсақ, өз жылқымызды сойдық,
- деп, тән алмайды. Бай екілене түсіп:
- Осы екеуінің біреуі, қайсысы екеніне көзім жетпейді, - дейді.
Шорман екі жігіттің көзіне тіке қарап тұрыпты да, қара мұртты қоңқақ
мұрын жігітке:
- Сен өз атыңды сойыпсың, дұрыс па? - дейді. Әлгі жігіт қуанып кетеді:
- Иә биеке дәл айтып тұрсыз. Өзімнің күрең атымды екі айдай байлап
сойғаным рас. Сенбесеңіз терісі, малханада әлі жаюлы тұр. Ой,
қасиетіңнен айналайын биеке, дәл таптыңыз.

11.

ШОРМАН Б И
Шорман шегір көз ұзын тұраға қарап:
- Сен өз жылқыңды соймағансың, сойғаның мына кісінің бордақылап
отырған көк биесі, дұрыс па? - дейді. Ұзын тұра сәл бөгелеіп тұрады да:
- Ой, биеке-ай, онда бар көк бие, менде жоқ дейсіз бе, сойғаным өз бием,
- деп ерегісе түседі.
- Сен менімен ерегісе берме, - дейді Шорман би, - сенің мына кісінің көк
биесін бір түнде ұрлап сойғаныңды көзің де, сөзің де айтып тұр.
Шындықты мойындағанның айыбы жоқ. Ал мойындамасаң күнәсі көп.
Күнәкар болмаймын десең, менің тілімді ал?! Енді сөзді соза берсең,
артыңнан тағы бір ұрлығың "мен мұндалап" тұр. Жігітім, түсінесің бе, жоқ
па?

12.

ШОРМАН Б И
Би "көзің де, сөзің де айтып тұр", "тағы бір ұрлығың мен мұндалап тұр"
дегенде барып әлгі ұзын тұра: "бұл бидің көріпкел әулиелігі бар" деуші
еді, рас екен ғой. Қой болмас, шынымды айтып, кешірім сұрайын" дейді.
- Би-аға, айып етпеңіз. Бұл кісінің биесін көршім Николай екеуміз сойып
алғанымыз рас еді. Еті терісіне оралған күйі Николайдың үйінде сақтаулы
тұр. Осы қазір апарып бер десеңіз, апарып береміз, - деп жалыныпты.

13.

ШОРМАН Б И
Шорман бидің шыншыл, әділ билік айтатын және адамды бір көргеннен
танитын, бұрын-соңды не істеп жүргенін айтпай табатын көріпкел
әулиелік қасиеті, тапқырлық шешен сөздері жөнінде ел арасында
аңыздар көп. Оның бірқатары өзінің баласы Шорманұлы Мұсаның (18191885) архивынан, фольклоршы Мәшһүр Жүсіптің қолжазбаларынан
табылады
English     Русский Rules