151.90K
Category: pedagogypedagogy

Бастауыш сынып оқушысының зерттеу әрекеті арқылы функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары

1.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Диссертация тақырыбы:
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘРЕКЕТІ АРҚЫЛЫ
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ
Магистрант: Бигазина Перизат Курмангазиновна
Білім беру бағдарламасы: 7М01103 «Педагогика және психология»
Дайындық бағыты: ғылыми-педагогикалық
Ғылыми жетекші: Н.П. Албытова педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған
профессор
АСТАНА, 2023
1

2.

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘРЕКЕТІ АРҚЫЛЫ ФУНКЦИОНАЛДЫ САУАТТЫЛЫҒЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бастауыш мектепте функционалды сауаттылықты қалыптастырудың зерттелуі
1.2 Бастауыш сынып оқушысының зерттеу әрекеті арқылы функционалды сауаттылығын қалыптастырудың
педагогикалық шарттары
1.3 Бастауыш сынып оқушысының зерттеу әрекеті арқылы функционалды сауаттылығын қалыптастыру
мүмкіндіктері
ІІ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫСЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ ӘРЕКЕТІ АРҚЫЛЫ ФУНКЦИОНАЛДЫ САУАТТЫЛЫҒЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫС
2.1 Бастауыш сынып оқушысының функционалды сауаттылығының анықтау
2.2 Бастауыш сынып оқушысының зерттеу әрекеті арқылы функционалды сауаттылығын қалыптастыру бойынша
эксперимент жұмыстары
2.3 Бастауыш сынып оқушысының зерттеу әрекеті арқылы функционалды сауаттылығын қалыптастыру
жұмыстарының тиімділігін көрсету
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
1/11/2024
2

3.

Зерттеу
мақсаты
Бастауыш сынып оқушысының зерттеу әрекеті
арқылы
функционалды
сауаттылығын
қалыптастырудың
педагогикалық
шарттарын
теориялық негіздеу және оны әдістемелік
қамтамасыз ету
Зерттеу
нысаны
Бастауыш мектептің оқу процесі
Зерттеу
пәні
Бастауыш сынып оқушысының зерттеу әрекеті
арқылы
функционалды
сауаттылығын
қалыптастыру жағдайы
3

4.

Зерттеу болжамы
Егер бастауыш сынып оқушысының зерттеу әрекеті арқылы функционалды
сауаттылығы қалыптастырылуы теориялық негізделсе, оның педагогикалық
шарттары нақтыланса және әдістемесімен қамтамасыз етілсе, онда
жаңартылған білім беру мазмұнының мақсаттарына сәйкес бастауыш сынып
оқушысының зерттеу әрекетін дамыту тиімділігі артады, өйткені бастауыш
мектеп оқушысы кез келген жағдаятта ұтымды шешім қабылдап, өз пікірін
пайымдай алу нәтижесінде зерттеу әрекеті арқылы функционалды
сауаттылығын қалыптастыруға жағдай жасалады.
4

5.

Зерттеу міндеттері
1. Бастауыш
сынып
оқушысының
функционалды
сауаттылығын
қалыптастырудың ғылыми-теориялық зерттелуі;
2. Бастауыш сынып оқушысының зерттеу әрекеті арқылы функционалды
сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау;
3. Бастауыш сынып оқушысының зерттеу әрекеті арқылы функционалды
сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары негізінде
әдістеме дайындау, оны эксперименттен өткізу;
4. Бастауыш сынып оқушысының зерттеу әрекеті арқылы функционалды
сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары негізінде
ұйымдастырылған тәжірибелік жұмыстың тиімділігін анықтау,
ұсыныстар жасау.
5

6.

ТЕОРИЯЛЫҚ (әдістемелік, психология
педагогикалық әдебиеттерді зерттеу және
талдау әдістері)
Зерттеу
әдістері
ЭМПИРИКАЛЫҚ
(сұрау
әдістері:
сауалнама, сұхбат, әңгімелесу, бақылау,
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТ)
МАТЕМАТИКАЛЫҚ
(нәтижелерді
тіркеу, деректерді статистикалық өңдеу)
6

7.

Бастауыш сыныпта қалыптастырылатын
функционалды сауаттылық
1.
2.
3.
Оқу сауаттылығы
Математикалық сауаттылық
Ғылыми-жаратылыстану
сауаттылығы
Бастауыш сынып
оқушысының
сабақтағы зерттеу
әрекеті
Педагогикалық
шарттар
7

8.

Бастауыш сынып оқушысының
ғылыми жаратылыстану
сауаттылығының компоненттері
(Н.Ф.Виноградова бойынша)
Жаратылыстану
танымдық салалары
(TIMSS бойынша)
• мотивациялық
• білу
• мазмұндық
• әрекеттік
Ғылыми-жаратылыстану
сауаттылығы құзыреттілігі
(PISA бойынша)
• табиғат құбылыстарын ғылыми түсіндіру
• ғылыми зерттеу әдістерін қолдану
• қолдану
• қорытынды жасау үшін деректерді
интерпретациялау және ғылыми дәлел
пайдалану
• пайымдау
Педагогикалық
шарт
Ұғым
қалыптастыру
Сабақтағы ҒЖС
қалыптастыруға
жайлы орта
Мұғалімнің
әлеуеті
Зерттеу әрекетін
ұйымдастыру
Тапсырмалар
Мотивация

9.

Педагогикалық шарттар
Бастауыш сынып оқушысының зерттеу әрекеті арқылы функционалды
сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған кіріктірілген білім беру ортасын құру
Оқушыны
тақырыпты оқып
үйренуге
қызықтыру
Оқушының
зерттеу әрекетін
кезең-кезеңімен
ұйымдастыру
Пайымдау
дағдысын
қалыптастыру

10.

Педагогикалық шарттар
Бастауыш сынып оқушысының зерттеу әрекеті арқылы функционалды
сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған кіріктірілген білім беру ортасын құру
Оқушыны
тақырыпты оқып
үйренуге
қызықтыру
Оқушының
зерттеу әрекетін
кезең-кезеңімен
ұйымдастыру
Пайымдау
дағдысын
қалыптастыру

11.

Ғылыми жаңалығы
бастауыш сыныпта зерттеу әрекеті арқылы функционалды сауаттылығын
қалыптастырудың педагогикалық шарттары анықталады.
Зерттеудің теориялық маңызы
• Бастауыш сынып оқушысының зерттеу әрекеті арқылы функционалдық
сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негіздері анықталады.
• Оқу процесінде бастауыш сынып оқушыларының функционалды
сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары теориялық
тұрғыдан негізделеді.
• Бастауыш сынып оқушысының зерттеу әрекеті арқылы функционалды
сауаттылығын қалыптастыру мүмкіндіктері қарастырылады.
• Диссертациялық зерттеу барысында тәжірибелік зерттеу жұмысы
жүргізіледі.
11

12.

Зерттеудің практикалық маңызы
Жалпы орта білім беретін мектептердің 4-сыныбына арналған ғылыми
жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыруға және тексеруге
бағытталаған тапсырмалар жинағы әзірленеді;
Бастауыш сыныпта зерттеу әрекетін ұйымдастыру арқылы
функционалды сауаттылықты қалыптастыру әдістемесі ұсынылады.
12

13.

Зерттеудің
жетекші
идеясы
Педагогикалық шарттарды іздеу, негіздеу, орындалуын
қамтамасыз ету бастауыш сынып оқушысының зерттеу
әрекетін тиімді ұйымдастыруға әрі сол арқылы
функционалды сауаттылығын қалыптастыру процесін
жетілдіруге мүмкіндік береді.
13

14.

Зерттеу көзі
Зерттеудің
әдіснамалық
негізі
Педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік-мәдени, философиялық, әлеуметтікпедагогикалық әдебиеттерді, білім туралы заңнамалық құжаттарды талдау, Қазақстан
Республикасының Білім туралы Заңы, Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға
міндетті стандарты, жалпы орта білім беретін мектепте оқытылатын пәндердің оқу
бағдарламалары, сабақтардың мазмұнын жалпылау және талдау
Іс-әрекеттік тұғыр (А.Н.Леонтьев, С.Л. Рубинштейн);
Жүйелік тұғыр (Ш.Т. Таубаева, В.П. Беспалько);
Құзыреттілік тұғыр (К.С. Кудайбергенова, Б.Т. Кенжебеков, И.А. Зимняя);
Жеке
тұлғаға бағдарланған тұғыр (М.К.Акимова, Е.В.Бондаревская, И.П.Волков,
Л.В.Занков);
Зерттеушілік тұғыр (А. В. Леонтович, А. С. Обухов, А. Н. Поддьяков, А. И. Савенков, Н. Г.
Алексеев)
Функционалды сауаттылығы деңгейін анықтайтын және дамытатын тапсырмалар мен жаттығулар әзірлеу және әдістемелік
ұсыныстар жасау үшін А.И.Савенков Н.Ф.Виноградова, И.Логвина, С.С.Пичугин, А.Ю.Пентин, Г.С.Ковалева еңбектері:
TIMSS тест тапсырмаларының жинағы: 4-сынып. Ақпараттық-талдау орталығы: Нұр-Сұлтан, 2020;
International Association for the Evaluation of Educational Achievement (IEA) TIMSS 2019 Assessment Frameworks Ina V.S. M.and
M.O. Martin, Editors;
Мониторинг формирования и оценки функциональной грамотности. Москва, 2019
негізге алынады.
14

15.

Зерттеудің теориялық негізі
Функционалдық сауаттылық мәселесін зерттеген
М.Ж.Жадрина, С.Д.Мұқанова, И.И.Бим, Ф.Ш.Оразбаева, Е.И.Пассов, В.Л.Ляховицкий,
Н.Сауранбаев, С.Кеңесбаев, С.Жиенбаев, Т.Ахметов, Ғ.Бегалиев, А.Айдаров, Ж.Д.Адамбаева,
Б.Б.Құлмағамбетова, К.Ы.Сариева, М.М.Артықова, Слямхан М.М., Қайыңбай Ж.Т.
Бастауыш білім берудегі функционалды сауаттылық мәселелері
Н. Ф. Виноградова, Г.С.Ковалева, А.А.Леонтьев, И. Логвина, А. Ю. Пентин, Э.Г.Азимов,
А.Н.Щукин, т.б.
Зерттеу дағдысын қалыптастыру және бастауыш сынып оқушысының зерттеу әрекеті
Дж. Бруннер, А. Дистервег, Дж. Дьюи, Я. Коменский, Дж. Локк, Ж.-Ж. Руссо, И. Песталоцци,
С. Френе, Н.В. Бунаков, В.П. Вахтеров, Л.Н. Толстой, К.Д. Ушинский, П.А Завитаев,
М.Н.Скаткин, А.И. Савенков, Л.П. Виноградова, А.Н. Поддъяков, т.б Теориялықметодологиялық зерттеуге негіз болған еңбектер: А.Г. Асмолов, Л.С. Выготский, А.Н.
Леонтьев, С.Л. Рубинштейн, А.В. Запорожец, Л. И. Божович, П. М. Якобсон, В. А. Сластенин,
Байтұрсынұлы А., Аймауытов Ж. және басқалар.
Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістерінің мәселелерін ашуда қазақстандық
ғалымдардың еңбектері негізге алынды: А. С.Жупарова, А. К. Мыңбаева, Н. Р. Галимова, Ж. С.
Темербулатова, А. А. Нүсіпаева.
Білім сапасының өлшемдері
А.Қ. Құсайынов, Ж.А. Қараев, М.Ж.Жадрина, Т.Т.Галиев, Ж.Ү.Қобдикова
15

16.

Апробация және нәтижелерді енгізу
Зерттеу тақырыбы бойынша тұжырымдар теориялық және практикалық тұрғыда сыналды.
2022 ж. «А.Байтұрсынұлының еңбектерін ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру мақсатында
қолдану» тақырыбында «Оқыту, тәрбиелеу, жақсы көру: Қазақстандағы балалар жылы» тақырыбындағы ХІІІ
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында шебер сынып жүргізілді.
Зерттеудің кейбір нәтижелері ғылыми мақалалардың мазмұнына енді.
2022 ж. желтоқсан. Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті, «Ахмет
Байтұрсынов: тіл және әдебиет мәселелері» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының
жинағы. Тақырыбы: «Ахмет Байтұрсынұлының мәтіндері негізінде оқушының ғылыми-жаратылыстану
сауаттылығын қалыптастыру». Ташкент, 25 қараша, 2022 жыл.
2023 ж. сәуір. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, ғылыми-практикалық конференциясы.
Тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушысының зерттеу дағдысын қалыптастыру»
2023 ж. желтоқсан. «Қазіргі жоғары білім берудің даму перспективалары мен тенденциялары» атты
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті және С.
Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті. Тақырыбы: «Ғылыми-жаратылыстану
сауаттылығының негізінің бастауыш сыныптан бастап қалануының маңызы»
2022-2023 жж. Зерттеу әдіснамасы (сауалнама, ғылыми-жаратылыстану сауаттылығының бастапқы
диагностикасы, ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыруға және тексеруге бағытталған
тапсырмалар) НЗМ ДББҰ мектептерінің бастауыш 4-5 сыныптарында сыналды.
16

17.

Зерттеу кезеңдері
1 - талдау психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде аталған проблеманың зерттелуіне талдау
жүргізу: зерттеудің ғылыми аппараты айқындалады; бастауыш сынып оқушысының зерттеу
әрекеті арқылы функционалды сауаттылығын қалыптастыру бойынша эксперименттік жұмыс
бағдарламасы әзірленеді.
2 - айқындау кезеңі – айқындаушы эксперимент жүргізіледі; функционалды сауаттылығын
дамытуға, тексеруге бағытталған тапсырмалар жинағы, оқып үйренуге, зерттеуге қызықтыратын
тапсырмалар жинағы әзірленеді;
3 - қалыптастырушы – бастауыш сынып оқушыларының функционалды сауаттылығын
қалыптастыруға, тексеруге бағытталған тапсырмалардың тиімділігі эксперименталды түрде
тексеріледі.
4 - қорытынды – зерттеудің алынған нәтижелерін жалпылау, жүйелеу және түсіндіру жүзеге
асырылады, қорытындылар тұжырымдалады; есеп мәтіні рәсімделеді; бастауыш сынып
оқушыларының функционалдық сауаттылығының құрамдас бөлігі ретіндегі ғылыми
жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыру проблемаларын одан әрі зерттеудің
перспективалары айқындалады.
Зерттеу базасы: Астана қаласы әкімдігінің «Шейх Тамим бен Хамад Аль-Тани атындағы № 85
мектеп-лицей» ШЖҚ МКК
1/11/2024
17
English     Русский Rules