118.36K
Category: managementmanagement

Өндірістік құрылымның негізгі көрсеткіштері және оларды жетілдірудің жолдары

1.

Өндірістік құрылымның негізгі көрсеткіштері
және оларды жетілдірудің жолдары

2.

Жоспар:
1. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы туралы түсінік.
2. Өндірістік құрылымды анықтайтын факторлар
3. Өндірістік құрылымды жетілдірудің негізгі факторларына мыналар жатады
4. Өндірістік құрылымды жетілдірудің келесідей негізгі бағыттарын атап өтуге болады

3.

1.Кәсіпорынның өндірістік құрылымы туралы түсінік.
«Кәсіпорынның өндірістік құрылымы-бұл кәсіпорынның өлшемдері,
құрамы, саны және өндірістік бөлімшелердің үлес салмағы, сондай-ақ
олардың учаскелері мен жұмыс орындары өзара байланысты өндірістік
процесті ұйымдастыру нысаны. Орындалатын процестер мен қызмет
түрлеріне қарай: Негізгі өндірістік, қосалқы, көмекші цехқа, өнеркәсіптік
емес шаруашылықтарға және басқару қызметтеріне бөлінеді.

4.

2.Өндірістік құрылымды анықтайтын факторлар
Кәсіпорын қызметінің мазмұны мен сипаты оның жекелеген қызметтері сияқты
оның дамуының сыртқы және ішкі шарттарымен анықталады. Сыртқы жағдайларға:
қабылданған шаруашылық жүргізу жүйесі (нарықтық, орталықтандырылғанжоспарлы, аралас), оның құқықтық негізі, мемлекеттік реттеу дәрежесі, әдетғұрыптар мен дәстүрлер жатады. Ішкі факторлар өз әсерінің сипаты бойынша өте көп.
Олардың кәсіпорынның жұмыс істеуіне әсер ету дәрежесі бойынша оларды үш топқа
бөлуге болады.
«Өндірісті ресурстық қамтамасыз ету факторлары. Оларға өндірістік
факторлар (ғимараттар, құрылыстар, жабдықтар, көлік құралдары, Шикізат пен
материалдар, отын мен электр энергиясы, жұмыс күші және т.б.) жатады, яғни
барлығы онсыз өнім шығару өндірісін ұйымдастыру мүмкін емес.
Экономикалық және техникалық дамудың қажетті деңгейін қамтамасыз
ететін факторлар (ҒТБ, еңбек пен өндірісті ұйымдастыру, біліктілікті арттыру,
инновациялар).
Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің коммерциялық
тиімділігін қамтамасыз ететін факторлар (маркетинг, жарнама және т. б.))

5.

3.Өндірістік құрылымды жетілдірудің негізгі факторларына мыналар
жатады:
1. Өнім көлемі. Кәсіпорын неғұрлым ірі болған сайын, оның өндірістік цехтарының
саны көп болмақ, ағындық жүйе күшті және мамандырылған цехтардың саны шағын
кәсіпорындарға қарағанда көп болады.
2. Пайдаланылатын материалдардың сипаттамасы. Өндірістік үрдістің орындалу
барысында өнім сапасын арттыру мақсатымен материалдардың көп түрі
қолданылатын болса, онда өндірістік құрылым да күрделі болады.
3. Өндірісті шоғырландыру, мамандандыру және кооперациялау деңгейі мен
нысандары. Өндірісті ұйымдастырудың
шоғырландыру, мамандандыру және
кооперациялау түрлерінің деңгейін арттыру кәсіпорынның өндірістік құрылымын
жеңілдетеді, өндірістік үрдісті өндірістік-техникалық жабдықталуын арттырады.
4. Қолданылатын техника, технология және өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру
нысандары. Бұл кешенді фактор
дербес секциялардың бөліну қажеттілігін
туғызады.

6.

4.Өндірістік құрылымды жетілдірудің келесідей негізгі бағыттарын
атап өтуге болады:
1. Кәсіпорыннан негізгі өндірістің жеке бөлімдерін бөліп шығару, мысалы тігін
өндірісінде дайындау-пішу өндірісін жеке кәсіпорын ретінде бөліп шығару. Бұл
тігін өндірісін дамыту үшін өндірістік алаңдардың босауына, оны басқа
мақсаттарға пайдалану мүмкіндігінің пайда болуына, ұжымның әлеуметтік
мүддесін тезірек қанағаттандыруға, кооперациялық оңайлануына ықпалын
тигізеді.
2. Өндірістік кәсіпорындарды заттық белгісіне қарай мамандандыру өндірістік
құрылымның біркелкі болуын қамтамасыз етеді. Бірыңғай өнім өндіруді жеке
кәсіпорында шоғырландыру өнімділігі жоғары құрал-жабдықты қолдануға,
басқару
аппаратын қысқартуға, өндірісті
ұйымдастырудың прогрессивті
нысандарын қолдануға көмектеседі.
3. Қосымша және қосалқы өндірісті жеке кәсіпорын ретінде еншісін беріп бөліп
шығару немесе өндірістік-кәсіпорын шеңберінде орталықтандыру. Мұның өзі
қосымша және қосалқы өндірісті шоғырландыруға,оның тиімділігін арттыруға
әсерін тигізеді.
4. Аз өнім өндіретін кәсіпорындарда цехсыз жұмыс істеуді ұйымдастыру.
Кәсіпорынның өндірістік құрылымын жетілдірудің әрбір бағыты немесе оны
жүзеге асырудың жан-жақты шаралары кәсіпорынның нәтижелерін жақсартуға
көмектеседі.
English     Русский Rules