Similar presentations:
Жер кыртысынын геологиялык курылымдары
1.
ЖЕР ҚЫРТЫСЫНЫҢ ГЕОЛОГИЯЛЫҚҚҰРЫЛЫМДАРЫ
2.
ЖЕР ҚЫРТЫСЫНЫҢ ДАМУ ПРОЦЕСІ АЙРЫҚША КҮРДЕЛІЛІГІМЕНСИПАТТАЛАДЫ ЖӘНЕ ОЛ ӘРТҮРЛІ ФОРМАДА ЖҮРУІ МҮМКІН.
ГЕОТЕКТОНИКАДА ТІК ЖӘНЕ КӨЛБЕУ БАҒЫТТЫ ТЕКТОНИКАЛЫҚ
ҚОЗҒАЛЫСТАРДЫҢ РӨЛІН ӘРТҮРЛІ БАҒАЛАУҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ЕКІ
БАҒЫТ БАСЫМ БОЛЫП КЕЛДІ.
Тектоникалық құрылымдардың дамуы
тұрақты көлбеу қозғалыстарға байланысты
деген постулатқа негізделген бұл бағыт
фиксизм деген атқа ие.
Геологиялық ғылымның дамуы көлбеу
қозғалыстардың басымдығына байланысты
деп есептейтін бұл бағыт мобилизм деп
аталады.
3.
КОНТИНЕНТТЕРДІҢ НЕГІЗГІ ҚҰРЫЛЫМДЫҚЭЛЕМЕНТТЕРІНЕ:
континенттік платформалар
жылжымалы белдеулер (эпиплатформалық
орогендер, қатпарлы белдеулер мен рифттер)
тереңдік жарылымдар
4.
Континенттік платформалар аумағы миллиондаған км2болатын орасан зор аудандарды алып жатады және қалыңдығы
30-45 км континенттік қыртыстан тұрады. Олардың
ауқымындағы литосфераның қалыңдығы 150-200 км
шамасына, ал кейбір деректер бойынша 400 км. Платформалар
тегістелген төмен немесе тегістаулы бедерімен, тектоникалық
қозғалыстарының шамалылығымен, нашар
сейсмикалылығымен, жанартау әрекетінің болмауымен немесе
сирек білінуімен, төмен жылу тасқынымен сипатталады. Олар
континенттердің орнықты және баяу алқаптары. Платформалар
аумағының бір бөлігі теңіздер суымен жабылған (мәселен
Балтық, Ақ, Азов теңіздері). Платформалар құрылысында екі
құрылымдық этаж: іргетас және тыс (жабын) бөлінеді.
5.
Жасы, құрылысы және даму тарихыбойынша континенттік платформалар екі
топқа:
көне – іргетасы прекембрийлік
жас – іргетасы негізінен фанерозойда
қалыптасқан платформаларға жіктеледі.
6.
КОНТИНЕНТТЕРДІҢ ЖЫЛЖЫМАЛЫ БЕЛДЕУЛЕРІКЕЛЕСІДЕЙ БӨЛІНЕДІ:
Қатпарлы белдеулер – ұзындығы мыңдаған километрге
және ені әдетте 1000 км-дей сызықтық планеталық
құрылымдар. Олар шалғай-континент немесе континент
аралық жағдайда орналасып, континенттік платформаларды
ажыратады және жиектейді.
Эпиплатформалық орогендер (континентіштік ороген
белдеулері) ұзақ уақыт бойы платформа болып келген
аумақтар орнында жаралады. Яғни олар қалыпт
аспай тұрып, дамудың платформалық сатысы болады.
Осыған байланысты олар туынды орогендер деген атауға ие
болған, ал нәтижесінде пайда болған бұл құрылымдарды
платформалардың тектоникалық белсенділенуі деп атайды.
7.
Тереңдік жарылым терминін 1945 жылы А.В. Пейве жерқыртысының аймақтық және планеталық жарылымдары
үшін ұсынған. Тереңдік жарылымдар үлкен ұзындыққа
және терең салынымға ие, олармен ұзақ уақыт ағымында
қарқынды тектоникалық, магмалық және метаморфтық
процестер байланысты. Бірақ тереңдік жарылымдар деген
ілім алғаш 1911 жылы У. Хоббс жариялаған еңбекте пайда
болған. Ол мұнда жер бедерінің негізгі бағыттары және
көптеген тектоникалық құрылымдар Жердің айналу осіне
қатысты заңдылық бойынша бағдарланған
жарылымдардың (линеаменттердің) бастапқы торабына
байланысты екенін көрсеткен.
Қию тереңдігі бойынша қыртыстық, литосфералық және
мантиялық тереңдік жарылымдар бөлінеді.
8.
ҮЗІЛІП-ЖЫЛЖЫҒАН ТАУЖЫНЫСТАРЫҚАБАТТАРЫ:
Жер қыртысында жүретін әр түрлі тектоникалық қозғалыстар
таужыныстары қабаттарының біртұтастығын бұзып, үзіліп
жылжыған таужыныстары қабаттарын, жарықтар және
жарылымдар туғызады.
Алғашқысында тектоникалық күштер жарылып үзілген
қабаттарды бір-біріне қарағанда белгілі бір бағыттармен
ауыстырады, екіншісінде мұндай ауысулар кішігірім ғана
немесе тіпті байқалмайды да, ал жарылымдар болса
аймақтық роль атқаратын ірі геотектоникалық элемент,
сондықтан да ол мұнда қаралмайды. Үзіліп жылжыған
таужыныстары қабаттарын қысқаша жарылысты бұзылыстар
немесе ауысулар деп атайды.
9.
Жарылысты бұзылыстар жіктемесі көп жылдықгеологиялық зерттеулер нәтижесінде
қалыптасты. Оның негізін қалағандар Ресей
ғалымдары геологтар П.К.Соболевский (1925)
және Г.Д.Ажгирей (1966). Сонымен жарылысты
бұзылыстар алты негізгі топқа бөлінеді:
лықсымалар, ығыспалар, ысырмалар, ажыраулар,
бастырмалар мен жамылғылар.
Лықсымалар дегеніміз, жылжу жазықтығы
бойымен үстіңгі қанаты төмен ауысып ығысқан
жарылысты бұзылысты айтамыз.
10.
1-СУРЕТ. ЛЫҚСЫМА ЭЛЕМЕНТТЕРІ.11.
Лықсымаларда мынандай элементтерді бөлугеболады. лықсымалар жіктелуі: лықсымалар бірнеше
белгілер көмегімен ажыратылады: ыдыратқыш құлау
бұрышына, бұзылған таужыныстары созылымына
қарай және т.б.;
а) ыдыратқыштың құлау бұрышына байланысты:
жайдақ < 30 дейін, шұғыл < 30-80, тік < 80 жоғары;
ә) бұзылған таужыныстар созылымына қарай а)
бойлық, б) қиғаш, в) көлденеңді
2-сурет. Лықсымалардың бұзылған таужыныстары созылуына қарай
бөлінуі.
12.
Б) ыдыратқыштар мен бұзылған таужыныстар арақатынастарына қарай үйлесімді және үйлесімсіз
3-сурет.Үйлесімді (а) және үйлесімсіз (б) лықсымалар тік қимада
в) қанатарының жылжу бағытына байланысты тура,
кері, топсалы және цилиндрлі болып бөлінеді.
Лықсымалардың өзара орналасуына байланысты
параллелді, радиалді және қауырсынды болып
келеді.
13.
Топталған лықсымалар менығыспалар:
Лықсымалар мен ығыспалар көлемді
аймақты қамтыған жүйелі топтар
күйінде де кездеседі. Лықсымалар
мен ығыспалар арқылы бөлініп
ауысқан таужыныстары блоктары
грабендер және горстер деп
аталатын құрылымдар түзеді.
14.
Грабендер (нем. ор, шұңқыр ) лықсымаларнемесе ығыспадардан пайда болған, ортаңғы
бөлігі төмен түсіп, көтеріңкі шеткі
бөліктеріне қарағанда жас таужыныстарынан
тұратын құрылымдар (4-сурет). Сөйтіп
грабендер жарықтар арқылы ортаңғы бөлігі
шеткі бөліктермен салыстырғанда төмен
түсуімен сипатталады. Грабендер жай және
күрделі болып бөлінеді. Жай грабен екі
лықсыма немесе ығыспадан, ал күрделісі
көптеген жарықтардан құралады.
15.
Горсттер (нем. төбе, қырқа). Лықсымаларнемесе ығыспалардан пайда болып
көтеріңкі орналасқан ортаңғы бөлігі,
шеткі бөліктеріне қарағанда көне
таужыныстарынан құралған құрылымдар
(30-сурет). Сөйтіп горстердің
айырмашылығы оның ортаңғы бөлігі
көтеріңкі, шеткі бөліктері түсіңкі келеді.
Горстерде грабендер сияқты жай, күрделі,
шөгінді түзілуден соңғы және шөгінді
түзілумен қатар пайда болғандар болып
бөлінеді.
16.
4-сурет. Грабендер (1.1) мен горстердің (2.2) қимадағы құрылысы.17.
Ысырмалар деп-жылжуы ыдыратқыш жазықтығыбойымен горизонталь бағытта өтетін, жарылып
үзілген қабаттарды айтады. (5-сурет).
5-сурет. Ысырма түрлері: а) тік бағытты, б) көлбеу, в)
көлденең, г) сол жақты, д) оң жақты, н) бақылаушы,
қалың сызық ыдыратқыш.
18.
Ысырмаларды лықсымалар мен ығыспаларданажырату біршама қиындық туғызады.
Ысырмалардың үзілген қанаттар ауысуын сырғу
жосылмалары арқылы анықтайды. Мұнда олар
ыдыратқаш бетінде горизонталді жағдайда болып
келеді.
Картада бейнеленген ысырмалар, лықсымалар мен
ығыспалардан қанаттарының ығысу ерекшеліктеріне
байланысты ажыратылады. Ығыспаларда қанаттары
үзіліс болмағанға шейінгі қалпына әкелгенді, үзілген
құрылымдар шеті бір-бірімен жымдаса қосылып
бұрынғы құрылым толық, бүтін түріне ие болады (6сурет), ал лықсамалар мен ығыспаларда мұндай
жағдай байқалмайды.
19.
6-сурет. Пландаайырмашылығын
бойынша).
лықсыма (а)
көрсететін
мен ысырманың (б)
схема (А.Е.Михайлов
20.
Бастырмалар- үстіңгі қанаты көлбеу бұрышпен
(60 кіші) жылжу жазықтығы бойымен астыңғы
қанатын баса орналасатын, ығыспалар сипатты
қатпаралр түзуімен бірге пайда болған үзілулер
айтамыз. Бастырмалар қатты (өте) қысылған көлбеу
немесе төңкерілген қатпарларда дамиды.Бірыңғай
таужыныстарда түзілген қатпарларда бастырулар
қатпардың топсасында, ал әртүрлі жыныстарыдың
пайда болғандарында қанаттарында байқалады.
Ыдыратқыш бұрышының әр түрлігіне байланысты
бастарманың а) тік шұғыл, б) жайдақ, в)
горизонталды түрлері көрсетілген (7-сурет).
21.
7-сурет. Бастырмалардың түрлері: а) тігі, б) жайдағы, в)көлденеңді, қалың сызық ыдыратқыш.
22.
Жамылғылар. Тектоникалық жамылғылар немесешарьяж деп аса жайпақ горизонталдық немесе
толқынды жазықтар арқылы ауысқан ірі
бастырмаларды айтамыз.
Жамылғылар күрделі қатпарлы облыстарда жиі
байқалады. Олар Альпіде, Аппенинде, Гималайда,
Карпатта, Кавказда, Алтайда, Оралдың батыс
беткейінде кеңінен дамыған. Жылжып ауысқан
қабаттар таужыныстар массасын, орасан зор
бүтіндей қатпарлы кешендерді қамтиды (8-сурет).
Жамылғыларда ауысқан аспалы қанаттар жыныстары
аллохтон, ал орнында жылжымай қалған төсеніш
(астыңғы) қанатын автохтон деп атайды.
23.
8-сурет. Шығыс Альпідегі жантайған қатпарларда дамығанжамылғы. (В.В.Белоусов бойынша).
24.
Назарларыңызғарахмет!