Similar presentations:
Платформалар. Курлыктардан жер кыртысына оту
1.
ПЛАТФОРМАЛАР.ҚҰРЛЫҚТАРДАН МҰХИТҚА ӨТУ
ЗОНАСЫНЫҢ ЖЕР
ҚЫРТЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
2.
МАҚСАТЫ: ЖЕР ҚЫРТЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫНЗЕРДЕЛЕУ.
Жоспар:
1. Континенттік платформалар.
2. Литосфера тақталары тектоникасы.
3. Тереңдік жарылымдар.
3.
Континенттік платформалар аумағы миллиондаған км2 болатынорасан зор аудандарды алып жатады және қалыңдығы 30-45
км континенттік қыртыстан тұрады. Олардың ауқымындағы
литосфераның қалыңдығы 150-200 км шамасына, ал кейбір
деректер бойынша 400 км. Платформалар тегістелген төмен
немесе тегістаулы бедерімен, тектоникалық қозғалыстарының
шамалылығымен,
нашар
сейсмикалылығымен,
жанартау
әрекетінің болмауымен немесе сирек білінуімен, төмен жылу
тасқынымен сипатталады. Олар континенттердің орнықты және
баяу алқаптары. Платформалар аумағының бір бөлігі теңіздер
суымен жабылған (мәселен Балтық, Ақ, Азов теңіздері).
Платформалар
құрылысында
екі
құрылымдық
этаж: іргетас және тыс (жабын) бөлінеді.
Жасы, құрылысы және даму тарихы бойынша континенттік
платформалар екі топқа: көне – іргетасы прекембрийлік, және жас –
іргетасы негізінен фанерозойда қалыптасқан платформаларға
жіктеледі.
4.
Континенттердің жылжымалы белдеулері арасындақатпарлы белдеулер, эпиплатформалық орогендер
және рифттер бөлінеді.
Қатпарлы белдеулер – ұзындығы мыңдаған километрге
және ені әдетте 1000 км-дей сызықтық планеталық
құрылымдар. Олар шалғай-континент немесе континент
аралық
жағдайда
орналасып,
континенттік
платформаларды ажыратады және жиектейді (Тынық
мұхит, Орал-Охотск, Жерорта теңізі, Солтүстік-Атлант,
Арктика белдеулері).
Бұрынырақ оларды геосинклиндер немесе геосинклинороген, қатпарлы геосинклин белдеулері деп атап
келген, ал қазіргі әдебиетте жай қатпарлы немесе
орогендік белдеулер деп атайды. Мұнда бастапқы
(немесе
бұрынғы
терминология
бойынша
эпигеосинклиндік) орогенез негізінен төмен батқан теңіз
шөгінділері жиналған режимді тікелей алмастырады.
5.
Ол геосинклиндер деп аталған, қатпарлы жүйелер заңдылықДж. Дана
бойынша қарқынды төмен батқан және шөгіндіжиналған
сызықтық зоналардың эволюциясы нәтижесінде пайда
болады деген түсінікке негізделген. Геосинклиндер туралы
ілім Америкада ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда
болған (Дж. Холл, 1859; Дж. Дана, 1873), ал ары қарай оны
көптеген ғалымдар дамытқан. Геосинклиндер туралы ілім
аясында олардың біртіндеп теңіз алаптарының керісінше
қатпарлы құрылыстарға (орогенге) айналуының біршама
жетік концепциясы жасалған.
Бірақ кейінгі ғылыми жаңалықтар, әсіресе мұхит геологиясы
саласында, бұл түсініктің бірқатар міні анықталған (мұхит
алаптарының даму геодинамикасын теріс сипаттау, көлбеу
қозғалыстардың – керілу мен сығылудың маңызды рөлін жоққа
шығару, актуализм әдісін қолданбау, артық детерминизм – тек
қана геосинклиндердің даму сұлбасын басшылыққа алу және
т.б.) және принциптік актуальдық концепцияны жасауға
объективтік алғышарттар жасалған. Бұл концепция әлем
геологтары арасында кең қолдауға ие болған литосфера
тақталары тектоникасыдеп аталады.
6.
Литосфера тақталары тектоникасы тұрғысынан қатпарлы белдеулер (геосинклиндер)дамуын фиксистік түсіндірудің орнына (фиксизм мұны тікелей белдеулер астындағы
мантияда болатын процестерді тек қана тік бағытты тектоникалық қозғалыстар
басымдығымен және керілу мен сығылу елеулі орын алмайтындығымен түсіндіреді) бұл
процесте бастапқы себеп ретінде литосфера тақталарының жылыстауы қабылданады.
Жылыстау алдымен керілуге және континенттік қыртыстың жаңа жаралымдар жасап
ажырауына
және
мұхиттық
типті
қыртыстың
ұлғаюына
–
рифтогенез бен спрединг(литосфераның керілу және мұхит алаңының жаңа магмалық
материал келуіне байланысты ұлғаю процесі) жаралуға әкеледі, ал содан кейін
сығылуға
мұхит
қыртысының
континенттік
қыртыс
астына
енуіне
–
субдукцияға (астырмаға), аккрецияға (тектоникалық блок-террейндердің және аралдоға
құрылыстардың
континенттер
шалғайына
бірігуіне)
және
коллизияға
(континенттердің бір-бірімен, континенттің аралды доғамен соқтығысуына және т.б.)
әкеледі. Осының нәтижесінде бұл белдеуде оған тән барлық құбылыстар – қатпарлану,
метаморфизм, гранитизация және таужаралу орын алады.
Қатпарлы белдеулер өздерінің геологиялық тарихында (дамуының белгілі бір сатысында)
белсенді континент шалғайлары және континентаралық кеңістік болған. Оның күрделі
құрылысы енжар шалғайлар элементін, шалғайлық терең сулы теңіздерді, тысдоғалық
және доғааралық пен доғаалды ойыстары бар арал доғаларын, тереңсулық науаларды
(бұрын осылардың барлығы жекелеген геосинклиндер және геоантиклиндер ретінде
сипатталған), мұхит орталық жоталарды, микроконтиненттерді (орталық массивтерді)
қамтып, олар кейін конвергенция (бірігу) нәтижесінде қатпарлы-орогендік құрылыстарға
айналған.
7.
мұхиттық рифтогенезсубдукция
жер рифтогенезі
аккреция
коллизия
8.
Өтпелізоналар континенттер мен мұхиттар
арасында немесе континент шалғайларында
Әлем мұхитының 20 % шамасын қамтиды. Өтпелі
зоналар ерекшеліктеріне олардың жер қыртысы
ауқымында
өтпелі
типті
ретінде
дамып,
субмұхиттыққа және субконтиненттікке бөлінетіні
жатады.
Өтпелі зоналар ауқымында енжар, белсенді және
трансформдық континенттік шалғайлар бөлінеді.
Енжар континенттік шалғайлар Атлант және Индия
мұхиттарының көп бөлігіне тән, бірақ олардың кейбір
бөлікшелерін қоспағанда (Атлантикадағы Кариб
және Скотия теңіздері, Индия мұхитындағы Андаман
теңізі). Мұндай шалғайлар Солтүстік Мұзды Мұхитқа
және Тынық мұхиттың арктикалық бөлігіне де тән.
Енжар
шалғайлардың
айрықша
ерекшелігіне
сейсмикалық және жанартаулық белсенділігінің
төмендеуі жатады. Енжар шалғайлар құрылысында
басты
үш
құрылымдық
(және
тиісінше
геоморфологиялық) элемент: қайраң (шельф),
континенттік беткей және континенттік табан
бөлінеді.
Тынық мұхиттағы өтпелі зоналар
9.
Белсенді континенттік шалғайлар Тынық мұхитБелсенді континенттік шалғайлар
жақтауларына және Атлант мұхиты (Кариб теңізі,
Скотия теңізі) мен Индия мұхитының (Андаман
теңізі)
бөліктеріне
тән.
Олар
енжар
шалғайлардан жерсілкіну ошақтарының жоғары
концентрациясы бар белсенді сейсмофокустық
зоналары (субдукция зоналары) болуымен
айрықшаланады. Бір тақтаның екінші тақта
астына
батуы
жүретін
бұл
зоналармен
магматизм,
қатпарлы-бастырмалы
деформациялар
және
метаморфизм
де
байланысты. Сейсмофокустық зоналар белсенді
шалғайларды мұхиттан шектейді және әртүрлі
бұрышпен континент жаққа еңістеніп, 600-700
км тереңдікке дейін қадағаланады. Бұл зоналар
сондай-ақ
оларды
зерттеген
және
осы
феноменді табуға әрі зерделеуге еңбек сіңірген
ғалымдар құрметіне Беньоф, ЗаварицкийБеньоф, Беньоф-Вадати зоналары деп те
аталады.
10.
Трансформдықконтиненттік
шалғайлар
енжарлармен
және
белсенділермен
салыстырғанда
шамалы
таралған.
Оларға
Африканың Атлант шалғайындағы
(Гвинея
шығанағының
солтүстік
жағалауы), Солтүстік Американың
(Ньюфаундленд
аралы
ауданы),
Оңтүстік
Американың
(Фолкленд
үстіртінің оңтүстік шеті), сондай-ақ
Солтүстік
Американың
тынық
мұхиттық шалғайы (Калифорния)
және Алеут аралдар доғасының
Командор сегменті жатады. Осы типті
шалғайда
континенттің
немесе
архипелагтың жағасында параллель
бір
немесе
бірнеше
жақын
орналасқан жарылымдар созылады.
Солтүстік Американың тынық
мұхиттық шалғайы
11.
Мұхиттүбінің ең ірі құрылымдық элементтеріне мұхит орталық жоталар (МОЖ),
біршама орнықты алқаптар – мұхиттық платформалар (тақталар) және трансформдық
жарылымдар жатады.
Мұхит орталық жоталар (МОЖ) жалпы ұзындығы 60 мың км шамасындағы планеталық
жүйе жасайды және барлық мұхиттарды қиып өтіп, олардың түбінің 1/3-дей бетін қамтиды.
Мұхиттық қыртыс жоталар ауқымында минимал қалыңдыққа ие, ал кей жерлерінде тіпті
жоқ болады; литосфераның қалыңдығы әдетте 30 км шамасынан аспайды.
Мұхиттық тақталар – ірі аудандық құрылымдар, мұхит орталық жоталар табаны және
континенттердің суасты шалғайлары аралығындағы кеңістікті қамтиды. Олар біршама баяу
тектоникалық жағдайымен, қалыпты жылу ағынымен вулканизмнің шектеулі білінімімен
айрықшаланады, іс жүзінде бейсейсмикалы.
Трансформдық жарылымдар МОЖ-ды және спрединг осьтерін планда бір-бірімен
салыстырғанда жүздеген, кейде мыңнан асатын километрге ығысқан жекелеген
сегменттерге жіктейді. Дербес ығыспа жылжулар рифт зоналармен қиылысы
аралығындағы тек орталық кесінділерде орын алады. Ығысу бұл кесінділерден тыс
жерлерде бір бағытта, бірақ әртүрлі жылдамдықпен жүреді. Түп бедерінде трасформдық
жарылымдар кертпештер түрінде көрініс табады, олардың биіктігі кейде 1 км-ден асады
және олардың бойымен тереңдігі 1,5 км-дей тар шатқалдарға созылады. Жарылымдар
бойымен жанартау әрекетінің гидротермалар және мантияның серпентинденген
таужыныстарының протрузиясы білінімдері байқалады.
12.
мұхиттық платформаларТрансформдық жарылымдар
13.
Тереңдік жарылымдардың ең ірілері (магистралдары) МОЖ-ды жәнеабиссал жазықтарды ғана қиып қоймайды, сондай-ақ көршілес
континенттер ауқымына да жалғасуы мүмкін. Олар ұзындығы кейде
бірнеше мың километрге жетсе (Тынық мұхиттағы Мендосино,
Меррей, Клиппертон жарылымдары), ал оларды бойлайтын мұхит
ойпаңдарының тереңдігі 7-8 км болады). Мұхит орталық жоталардың
трансформдық жарылымдар қиылысында ең ірі жанартау
құрылыстары пайда болады, олар көбінесе су бетінен аралдар
түрінде асып тұрады (Исландия, Азор аралдары, Пасхи аралы және
басқалар).