2.41M
Category: medicinemedicine

Жер асты суларынын

1.

2.

Жер асты суы – жер қыртысын құрайтын тау
жыныстарының аралығындағы су.
Жер асты сулары қатты,сұйық және газ күйінде жер
бетінен төмен литосфера қабатында, тау жыныстарымен
бірге кездеседі. Олар өзен, көл теңіз және мұхит
суларымен бірге жер шарының гидросфера қабатын
құрап, жалпы су айналымына қатысады. Алғашқы
шөгінді тұнбалардың құрамындағы сулар кейінірек
шөгінді тау жыныстарының құрамында сақталып,
жинала береді. Осындай жолмен жер асты суларының
негізгі құрамы қалыптасады.

3.

Жер асты сулары инфильтрациялық (жерге
сіңу) жолмен атмосфералық сулардың есебінен
де көбейіп отырады. Кейде инфильтрациялық
және седиментациялық сулар аралас кездеседі.
Соның нәтижесінде тұщы және ащы сулар
құралады. Әдетте, жер қыртысының жоғарғы
қабаттарында әрі тұщы, әрі жас сулар,
тереңірек – минералды немесе ескі сулар, ал ең
төменгі қабаттарда – ащы немесе тұзды сулар
түзіледі.

4.

Жер асты сулары химиялық құрамына қарай
сілтілі, жұмсақ, қатты және қышқыл сулар
болып ажыратылады.
Ал минералды сулар – көмірқышқылды, күкіртті
- сутекті, радиоактивті және ыстық сулар болып
бөлінеді.
Көмірқышқылды сулар – жас вулкандық
аудандарда және тектоникалық жарықтар мен
жарықшақтар бойында көбірек кездеседі.
Күкіртті – сутекті сулар шөгінді тау
жыныстарымен бірге хлорлы-натрийлі,хлорлысульфатты және сульфатты сулар түрінде кездеседі.

5.

Радиоактивті сулар радонды және
радийлі
болып
кездеседі.
Олар
курорттарда бальнеологиялық (емдеу)
мақсатта, яғни шипа су ретінде
қолданылады.
Ыстық сулар (термалды) сулар жылы
(20-37ᵒ)С, ыстық (37-42ᵒ)С,өте ыстық
(42ᵒ)С болып ажыратылады.

6.

*

7.

1) Шөгінді тау жыныстарының (құм, малта тас, т.б.) кеуекқуыстарында кездескен жағдайда кеуек қуыс сулары.
2) Кристалданған немесе цементтелген тау жыныстарының
(гранит, құмтас т.б) жарықтары мен жарықшақтарында
кездескен жарықшақ сулары
3) Оңай ерігіш тау жыныстарының құрамында (ізбетас,
гипс, доломит және т.б.) кездессе карст сулары деп
ажыратылады.
*

8.

9.

Таужыныстардағы
жіктеулері бар.
су
түрлерінің
түрліше
С.И. Долговтың, В.А. Приклонскийдің, А.А.
Роденнің, E.M. Сергеевтің т.б. еңбектері арқылы
дәлелденген жіктеуді мына түрде ұсынуға болады:
I. Бу күйіндегі су.
ІІ. Физикалық байланыстағы су.
1) Берік байланысқан, адсорбтанған,
гигроскопиялық су (А.Ф. Лебедев бойынша).
яғни
2) Іркілдек байланысқан, босаң байланыскан
немесе жарғақ су (А.Ф. Лебедев бойынша).

10.

III. Еркін су.
1) Капилляр су: а) қуыстардың бұрыштарындағы су; ә)
салпыншақ су; б) нағыз капилляр су (капиллярлық
жиектер).
2) Гравитациялық су: a) сіңбе су (инфильтрация немесе
инфлюация арқылы); ә) сулы горизонттардың қанығу
аймақтарындагы су.
IV. Қатты күйдегі су (мұз түріндегі су).
V. Минералдарда химиялық байланысқан су: а)
кристалдаушы су; ә) цеолиттік су; б) түзілістік
(конституциялық) су.

11.

Бу күйіндегі су. Таужыныстардың қуыстарындагы
судың буы атмосферадағы су булары және
таужыныстардағы судың басқа да түрлерімен
динамикалық байланыста болады. Таужыныстардағы
судың қозғалуы оның серпімділігінің градиенті
жағдайында өтеді; қыста температураның маусымдық
ауытқуларының аймағында судың буы көбінесе
жоғары қарай қозғалады, ал жазда керісінше
жоғарыдан төмен қарай қозғалады.

12.

Физикалық байланыстағы су.
Физикалық байланыстағы су негізінен ұсақ дисперсті
сазды
минералдардың
жыныстарында
тараған.
Соңғыларының
бетінде
бұрыс
зарядты
электростатикалық өріс пайда болады. Қос зарядты
(дипольді) келетін су молекулалары минерал бетіне өзінің
оң заряды арқылы тартылады. Су молекуласынан басқа
минералдар бетіне қуыстағы су ерітіндісінің катиондары
да тартылады. Жыныстар бөлшектерінің бетіне бірнеше
мың атмосфера күшімен тікелей тартылған су
молекулалары жыныстар көлемінде буға ауысқан күйде
ғана қозғала алады. Қалыңдығы бір молекула өлшеміндей
осы су берік байланысқан немесе гигроскопиялық су деп
аталады. Белгілі бір грунттағы оның ең жоғары шамасы
ең жоғары гигроскопиялық ылғал сыйымдылық деп
аталады.

13.

Еркін су.
Капиллярлық суға ауырлық күші ықпал етеді, бірақ
гравитациялық күштен басым келетін капиллярлық
күштің әсеріне шалынады. Капиллярлық судың
мынадай түрлері болады: жыныс бөлшектерінің
түйісуіне жақын аралығында беттік керілу арқылы
ұсталып тұратын оқшауланған су (түйісу аралығының
суы немесе қуыстардың бұрышындагы су), төмен қарай
тамуға капиллярлық менискінің үйкеліс күші ұстап
тұратын салпыншақ су (әдетте, аэрация аймағының
жоғары бөлігінде кішкене жаңбырдан кейін пайда
болады), грунт сулары деңгейінің бет жағын ала
орналасқан капиллярлық жиекті су.

14.

Химиялық байланысқан су минералдардың құрамына кіреді және
оның мынадай түрлері болады:
1) кристалдаушы су әрбір минерал үшін су молекуласының
тұрақты сандық мөлшері түрінде кристалдық тордың құрамына
кіреді (мысалы, гипс CaSO4·2H2O) 300-400°C-ге дейін
кыздырғанда бұл су бөлініп шығады да, минералдардың
кристалдық торы қайта құралады.
2) Цеолиттік су молекула түрінде минералдардың кристалдық
торына кіреді, бірақ кристалдаушы суға қарағанда молекула саны
өзгермелі келеді.
3) Түзілістік (конституциялық) су минералдың кристалдық торына
(мысалы, слюдаларда) Н+ және ОН--тың иондары түрінде енеді.
400°C-тан жоғары температураға дейін қыздырғанда сутегі мен
гидроксил иондары бөлінеді. Бұл екеуі қосылып су молекуласын
түзеді.

15.

16.

17.

18.

19.

20.

Жайғасу тереңдігіне қарай жерасты
суларының классификациясы
1. Аэрация белдемінің сулары (қалқыма су)
2. Грунт сулары
3. Пластаралық сулар

21.

Қалқыма су кішігірім ойыстарда
атмосфералық жаңбыр мен қар немесе
тасыған өзен суларының топырақ қабатына
сіңуі нәтижесінде уақытша пайда болған
және жер бетіне ең жақын орналасқан сулар
болып саналады. Бұл сулардың тұрақты
болу-болмауына ауа-райының өзгерістері
үлкен әсерін тигізеді.

22.

23.

24.

25.

26.

27.

28.

29.

30.

31.

Жер асты суларының геологиялық әрекеттеріне
байланысты құрамында тұзы мол сазды жыныстардың
еріген бөлшектері сумен шайылып ағып кетеді де,
топырақ қабаты төмен шөгіп отырады немесе жылжып
ойысады. Мұндай әрекеттер суффозиялық (лат.
”суффозио”қазу)
процестер
деп
аталады.
Суффозиялық ойыстар онша терең болмайды. Құрамы
гипс немесе карбонатты цементпен цементтелген тау
жыныстарында цемент ролін атқарушы материалдар
сумен шайылып ерітінді түрінде ағып кетеді де,
жыныстардың жекелеген ұсақ бөлшектері механикалық
жолмен орын ауыстырады. Осындай әрекеттер
нәтижесінде жер бетінде кар, қазан-шұңқыр, табиғи
құдық т.б., ал жер астында үңгірлер мен апандар,
жарықтар мен жарылыстар пайда болады. Үңгірлерде
сталактиттер мен сталагмиттер түзіледі. Карстық
апан-шұңқырлар суға толып карстық көлдер пайда
болады.

32.

33.

34.

Кейде тау беткейлерінде, сазды жыныстардың
ауыр массалары салмақ күшіне қарай жылжып
ығысады немесе ойысу - сырғу әрекеттері
байқалады. Басқаша айтқанда сырғымалар пайда
болады. Олар сырғанау бетін құрайтын жазықтық
пен
горизонталь
жазықтық
аралығындағы
бұрыштың шамасына қарай жайпақ (5ᵒ дейін),
көлбеу (5ᵒ-10ᵒ), тік (15ᵒ-45ᵒ), аса тік (45ᵒ-тан
артық) болып ажыратылады. Сырғымалар
(сырғанау бетінің тереңдігіне қарай) беткі (1м дей), тайыз (5м –ге дейін), терең (20м –ге дейін),
өте терең 20м-ден астам болып бөлінеді.
English     Русский Rules