НОРВЕГИЯ
Норвегия
Саяси жүйесі
Халқы
Экономикасы
1.00M
Category: geographygeography

Норвегия болып табылады

1. НОРВЕГИЯ

2.

3. Норвегия

Солтүстік Еуропаның Скандинавия түбегінде батыс
жағалауды барынша иемденіп жатқан ірі елдердің
бірі — Норвегия болып табылады. Атлант
мұхитынан соғатын суық желдің әсері бар, батыстағы
таулы қыраттың қытымыр аязы үстемдік құратын өлке
қатарынан үш елмен шекаралас
орналасқан: Ресеймен — 196 км, Финляндиямен —
727 км, ал Швециямен — 1619 км шекарасы шектесіп
жатыр.

4.

Корольдіктің жер аумағы — 386
960 км2 құрайды. Бұл жағынан келгенде
Норвегия Скандинавия елдері ішінде екінші
орында.
Норвегияның жер қыртыстарын сөз етсек,
солтүстіктен басталған аласа таулар легі
оңтүстікке қарай биіктеп, таулы өлкеге
айналып сала береді. Мемлекеттің ең биік
нүктелері — Галлхейпиген (2469 m) мен
Глиттертинн (2452 m) шыңдары боп
есептеледі.

5. Саяси жүйесі

Норвегия — демократиялы конституциялық монархия
болып табылатын мемлекет. 1991 жылдың 17 қаңтарынан
бері мемлекет королі — Харалд V.
1814 жылы қабылданып, көптеген рет өзгерістер мен
толықтыруларды бастан кешірген ел конституциясына
сай, корольдің уысына елдің үш билігі бірдей берілген.
Министрлер кабинеті Премьер-министр мен 16
министрден құралады. Үкіметбасыға елдің атқарушы
билігі табысталған.
Стортинг аталатын ел парламентіне 169 депутат
мүше бола алады.
Корольдікте көппартиялық жүйе мықтап қалыптасқан.
Норвегияның белді партиялары қатарына — «Норвегия
жұмысшылар партиясы», «Социалистік солшылдар
партиясы» және «Орталық партия» жатады.

6. Халқы

Халық саны жер аумағына қарай шаққанда аз және
қоныстануы да әркелкі. Айталық соңғы жасалған халық
санағы бойынша елде 4 миллион 574 мың халық тұрады. Ал
осы аз халықтың үштен бірі — бір Осло-Фьорд аймағына
ғана шоғырланған. Ал өзге ірі қалалардағы халықтың
қоныстануы төмендегідей: Берген (224 мың), Тронхейм (145
мың), Ставангер (106 мың), Берум (98 мың). Ал елдің қалған
бөлігі халық өте сирек қоныстанған аймақ болып саналады.
Елдегі бала туу — 11,89% құраса, адам өлімі — 9,51%.
Елдегі балалар өлімі ең төменгі деңгейде. Және
статистикалық мәліметтерге сүйенсек, әрбір төртінші норвег
ауылдық жерді мекен етеді екен.
Норвегияның негізгі халқы — германиялық біртекті ұлт. Ал
елдің солтүстігінде жалпы саны 20 мыңға жуық саам
халқы мекен етеді. Елде норвег тілінің екі түрі кездеседі —
букмол және нюнорск.

7. Экономикасы

Норвегияның экономикасы жөнінде алып-қашпа әңгімелер
көп. Бұған себеп — үлкен мұнай қорына иелік ете тұра,
корольдіктің сыртқы саяси ойында аса белсенділік
танытпауында жатыр. Дегенмен, қазіргі таңда ІЖӨ индексі
бойынша Норвегия әлемнің ең бай мемлекеттерінің
қатарында. 1970 жж. басталған Солтүстік теңіз кенішіндегі
мұнай мен газ өндірісі елді Батыс Еуропа нарығындағы ең
ірі мұнай шығарушы мемлекет қатарына шығарып, әлемдік
саудаға мұнай шығарудан 2-ші (Сауд Арабстаннан кейінгі)
орынға көтеріп тастады. 2005 ж. ІЖӨ 194,7 млрд. АҚШ
долларын немесе жан басына шаққанда 42,4 мың АҚШ
долларын құрап, Норвегияны үздіктер тізбегіндегі 17
орынға шығарса, 2006 жылы корольдік тағы да бес сатыға
жоғарылап, 12-ші орынға көтерілді.

8.

Ел экономикасындағы негізгі сала — мұнай
мен газ өндірісі. Алайда елдегі энергия
көзі осы мұнайдан алынып отыр деу —
жаңсақ.
Өйткені
Норвегия
мұнайы
түгелімен экспортқа шығарылады. Ал
энергияны олар су көзінен алады. Алдағы
уақытта
оған
«этанол»
аталатын
химиялық қосалқы энергия көзін қосу —
жоспарда. Бұл дегеніңіз — қалдықтарды
қайта өңдеу арқылы оны бензинге
араластырып, таза экологиялық энергия
шығару деген сөз. Норвегия үкіметі химия
технологиясына қатты мән береді.
English     Русский Rules