Similar presentations:
Логистиканы ақпараттық қамтамасыз етуді дамытудағы заманауи бағыттар
1.
Эссе:Логистиканы
ақпараттық
қамтамасыз
етуді
дамытудағы
заманауи
бағыттар
Автор: Атаханов Бөріхан
2.
Жаһандану процесінің қарқынды дамуына байланысты логистикалыққызметтердің заманауи ақпараттық технологиялармен қамтамасыз етілуі
бәсекеге қабілеттілікті арттыру және жұмыс барысын жеңілдету үшін
стратегиялық маңызды боп саналады.
Бұл эссенің мақсаты – ақпараттық технологияның логистикалық
қызмет секторына ықпалын талдау және аталған екі ірі сектордың
интеграциялық дамуының заманауи бағыттарын анықтау.
Мұндағы логистикалық қызметтерді ақпараттық қамтамасыз ету ісі
компьютер құрылғылары, бағдарламалар, ІТ технология, ғаламтор желісі
және өзге де электронды ақпаратты сақтау, өңдеу, құру процесі мен
инфрақұрылымынан тұрады.
Сонымен:
• Логистика саласының қатысушылары үшін ақпараттық қамтамасыз
етудің заманауи бағыттары қандай?
• Қайсы технологиялар ақпараттық қамтамасыз етудің жетекшілері
саналады?
Осы және өзге де сұрақтарға жауап беру үшін эсседе жаһанның ең үздік
компанияларының тәжірибесі мен зерттеу институттарының пікірлерін
пайдаландым.
Эсседе фактілер алынған әдебиеттерді сәйкес абзац соңында көрсеттім
және әр абзацта берілген ақпарат жайлы өз ойларымды тұжырымдадым.
Бүгінде логистикалық операцияларды ақпараттық технологиялардың
(ғаламтор, компьютерлік бағдарламалар, технологиялар, т.б.) көмегінсіз іске
асыру мүмкін емес.
Ақпараттық технологиялар, тіпті, логистикалық кәсіпорындардың
бизнес-құрылымы мен сипатын да өзгертті. Мысалы, америкалық FedEx,
United Parcel Service (UPS), Amazon онлайн логистикалық компаниялары
меншігінде ешқандай көлік, қойма, ауыр техникалары және тауарлық қоры
жоқ. Алайда олар ақпараттық технологияларды диспетчерлік қызмет ретінде
қолдана отырып, логистика сферасына жаңа серпін берді.
[факт алынды: 1-әдебиет]
3.
Ақпараттық эволюция дистрибьютерлік логистикалық компанияларды даайналып өтпеді. Мысалы, ақпараттық технологияларды енгізудің
көшбасшысы
Walmart
дүкендер
желісі
келесідей
ақпараттық
жаңалықтарды енгізе алды:
• Тұтынушылардың шешім қабылдау және қозғалу алгоритмдерін
бақылайтын және қорытындылайтын құрылғылар;
• Кәсіпорындағы ішкі-сыртқы барлық операцияларды ҚАЗІР/ОСЫНДА
принципі бойынша жинақтайтын бағдарламалық құралдар;
[факт алынды: 2-әдебиет]
Сол секілді, көптеген дамыған елдерде кәсіпорындардың ішкі қоймалары
және қоймалық кәсіпорындар ішкі-сыртқы операцияларын заманауи
ақпараттық технологиялармен қамтамасыз етіп, кадрлық, техникалық
және ресурстық шығындарды азайтпаған жағдайда бәсекелестікке
шыдай алуы екіталай.
Аталаған мысалдардан бөлек, онлайн сауда алаңдарының көбеюі,
төлемнің де онлайн жасалуы шағын және орта бизнестегі бизнесмоделдердің революциясы мен жаңа моделдердің пайда болуына алып келді.
Ал елімізде ақпараттық логистиканың заманауи бағыттарын енгізу
процессі баяу жүруде, дегенмен ТМД елдерімен салыстырғанда прогресс
жүруде деп айтсақ болады. Сөзімізге дәлел, трансұлттық корпорациялармен
терезесі тең жұмыс жасап жатқан отандық кәсіпорындар әлдеқашан 3PL,
RFID, Agile, Lean технологияларын сәтті орнатып үлгерген.
Сонымен, логистикада ақпараттық жүйе және оның технологиялары
соңғы онжылдықта өте қарқынды темппен өзгерді.
Ақпараттық технологиялар дәстүрлі логистикадағы көптеген кедергілерді
жойып, жаңа мүмкіндіктер ашқанымен, оның қарқынды дамуы және
жылдам өзгеріп отыруы логистикалық компаниялардың алдына
ақпараттық технологиялық бағыт таңдауда икемді болу міндетін қоюда.
Өйткені, Stock зерттеу институтының эксперттерінің айтуынша,
компаниялардың сәтсіздігіне, көп жағдайда, ақпараттық технологияға дұрыс
мән бермеу себепші болады.
[факт алынды: 4-әдебиет]
4.
Сол себепті, жаһандық, соның ішінде қазақстандық логистикалықкомпаниялар бәсекелестікке қабілетті болу үшін осы мәселелені көптеп
талқылауы тиіс.
Қазақстандағы логистиканы дамытудың бір кілті – ақпараттық
технологияларды меңгеру – Қазақстандағы логистикалық жүйенің әлем
елдерімен терезесі тең дамуға жол ашады.
Қорытындылай келе, логистикалық компанияны сәтті жолмен ақпараттық
қамтамасыз ету – компания табыстылығының кепілі деп тұжырымдауға
жоғарыдағы қысқаша мысалдар дәлел бола алады.
1. Пайдаланылған әдебиеттер.
1) Olavarrieta S. Ellinger A.E. «Resource-based theory and strategic logistics research»: 27.
2) Colla E. Dupuis M. «Research and managerial issues on global retail competition»: 30.
3) https://www.tandfonline.com/ Статья: Information technology developments of logistics
service providers in Hungary.
4) «Doctoral Research in logistics and logistics-related areas»: 22